ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.04.2024
Просмотров: 16
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ойын-бұл балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бірі. Ойын барысында балалар өздерін еркін сезінеді, қызығушылық танытады, тапқырлық танытады. Ойын барысында бала қуаныш пен реніш сезінеді. Ойын баланың ойлау қабілетін дамытады, сөздік қорын толықтырады, әртүрлі дағдылар мен қабілеттерді игереді, қиындықтарды жеңуге, төзімділікке үйретеді.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыру, өткен тақырыпты меңгеру, осы білімнің оның санасында сақталуы үшін жұмыс жасау. Яғни, ойынның тақырыптық мазмұны басты назарда болуы керек. Тек осы жағдайда ойын оқушылардың ойлау қабілетін дамытады, білім беру мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді.
Адамзаттың көпжылдық ойын тәжірибесі ойынның тәрбиелік құндылығын дәлелдеді. Ғалымдар ойынның пайда болу құпиясын жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның пайда болуы туралы көптеген пікірлер бар.
Ойын-бұл өмірде пайдасыз көрінгенімен, өте қажет құбылыс. Сабақта тиімді қолданылатын ойын формалары- оқушылардың мұғалімнің түсіндірме материалдарын жемісті, сапалы меңгеруінде сенімді көмекші бола алады. Өйткені, бастауыш сынып оқушылары өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте құштар. Балалар тез сергек болады, тапсырмаларды тез және қызықты орындайды.
Ойын технологиясы бастауыш сыныптарда қазақ тілін үйренуде ерекше орын алады. Әр сабақтың тақырыбына сәйкес келетін ойындарды қолдану оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасын және назарын арттырады. Негізгі мақсат-ойын әрекеті арқылы тілдік материалды игеру, сөздік қорын байыту, дамыту.
Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды меңгеру мүмкіндіктері кеңейтіледі. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жоғалады, оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артады. Адамның жасына қарамастан, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Жас баланың ойлау қабілеті ойын арқылы дамиды. Ойын барысында бала адамгершілік қасиеттерді, өмірге деген көзқарасты, қызығушылықты қалыптастырады. Ойынның көмегімен сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.
Қазақ тілі сабағындағы ойын технологиясының мақсаты оқушылардың сабақта үйренген сөздерін ауызекі сөйлеуде, күнделікті қарым-қатынаста дұрыс қолдануға үйрету. Барлық сыныптарда «Жыл мезгілдері» деген модуль бар. Мен өз сабақтарымда (нәтиже сабақта) көптеген ойын түрлерін қолданамын.
Ойын :«Кім жылдам?»
Тапсырма: Жыл мезгілдерінің аттарын дұрыстап жаз.
-
зжа -
қсы -
текмкө -
зкү
Бұл ойынды жеке, топ бойынша өткізуге болады. Бұл ойын оқушылардың буынға дұрыс бөліп оқу дағдысын дамытады. Оқушылардың қызығып ойнайтын ойыны «Адасқан айлар».
Төрт қорап дайындайсыз. Әр қорап сыртында жыл мезгіліне сай сурет болады, ай аттарын ауыстырып саласыз, оқушы әр айды жыл мезгіліне сай тауып салады. Бұл ойынды уақытпен ойнатуға болады. Ойын оқушының тез оқу, қимылдау дағдысын қалыптастырады. Мұғалім оқушының ай аттарын, жыл мезгілін есінде қалай сақтағанын бағалайды.
«Адасқан төлдер» ойыны.
Төрт түлiк мaлдың суреттерi тaқтaдa iлулi тұрaды және суреттердiң қaсындa жaнуaрлaрдың өз бaлaлaры суреттелмеген. Сoнымен бaлaлaр төрт түлiк мaлдың қoзысын, бoтaсын, бұзaуын, құлынын тaуып тaқтaғa шығып жaзaды. Бұл oйын бaлaлaрдың тез oйлaну, дұрыс жaзу дaғдылaрын қaлыптaстырaды. Сaбaқтaрдa қoлдaнaтын oйын элементтерi oқушылaрдың белсендiлiгiн aрттырып, oлaрды ынтaлaндырaды, теoриялық бiлiмдерiн прaктикaдa қoлдaнуғa үйретедi. Кез- келген oйын элементi сaбaқтa екi түрлi мaқсaтқa бaғыттaлaды. Oның бiрiншiсi – oқушының сaбaққa қызығушылығын, ынтaсын aрттыру, тiлiн дaмыту, екiншiсi – oқушылaрды тaпқырлыққa бaулып, зейiнiне, oйлaу қaбiлетiн aрттырaды. Oйын элементтерiн қoлдaнa oтырып мұғaлiм oқушылaрдың сaбaққa деген қызығушылығын, зейiнiн aрттырaды.
Сабақтарда мен сараланған әдістерді, ауыспалы тапсырмаларды, өзін-өзі бақылауды, өзара бақылауды қолданамын. Сондай-ақ, сабақта жеке, жұптық, топтық жұмыстарды да жүргіземін. Мен өз оқушыларыма қарапайымнан күрделіге үйретемін, оқушыларды белсенді оқу процесіне шебер тартамын. Оның барлығы оқытудың әртүрлі әдістері қолдану негізінде жүзеге асырамын. Атап айтсам бағдаршам әдісі, кім жылдам әдісі, фишбоун әдісі, бесбармақ әдістерін қолданамын. Бұл әдістер оқушыларға өте ұнайды. Негізі көбіне сабақтарымда жиі қолданатын әдіс тәсілім ойын технологиясы.
Мектеп - менің өмірім, ал балалар - менің қуанышым.
Бала - біздің болашағымыз, еліміздің болашағы. Балаларды тәрбиелей отырып, мен оларды бақытты, өзіне сенімді, алға қойған мақсатына берік, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, қазіргі ақпараттық ғасырда өмірге дайын азамат пен азаматшалар болып қалыптасатынына сенімдімін.
Әдебиеттер тізімі:
-
М.Жайлауова, З.Сексенбаева. Дидактикалық ойындар және
оларды пайдалану // Бастауыш мектеп, 2004, №6. -Б. 28-30 -
Калкенова А. Оқытудағы ойынның ролі//Қазақстан мектебі.- 2007 №3. -
Штерн В. Психология раннего детства.- М.-1993.- 88 б. -
Тунгатова, Н. А. Ойын технологиясының педагогикалық түсініктері / Н. А. Тунгатова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 5.1 (347.1). — С. 12-13. — URL: https://moluch.ru/archive/347/78384/ (дата обращения: 07.02.2022). -
Жексенбаева Ү.Б., Игенбаева Б.Қ., Ниязова Г.Б. Оқушыларды зерттеушілік оқытудың технологиясы.-Астана, 2006.- 48б -
Қаңтарбай С.Е. «Болашақ мұғалімдерді оқу әрекетін тәрбие міндеттері мен үйлестіру құралы ретінде қалыптастыруға даярлау» //«Білім мен тәрбие беру үдерісіндегі этномәдени құндылықтардың рөлі мен маңызы»атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.-Ақтөбе, 2009.-468б.