Файл: Л. Ж. Ахметова, С. Ж. Нурушева теректі ауданы, Ааты жюббм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.04.2024
Просмотров: 55
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта , техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының
облыстық оқу-әдістемелік кабинеті
Қызықты математика
Бастауыш сыныптарда математика пәні бойынша факультатив курстар бағдарламасы
2 – 4 сыныптар
Орал, 2016
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта , техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының
облыстық оқу-әдістемелік кабинеті
Хаттама №1 4.03.2016
Құрастырғандар:
Л.Ж.Ахметова , С.Ж.Нурушева –Теректі ауданы, Аңқаты ЖЮББМ
Пікір жазғандар:
М.К.Ажгалиев – БҚИТУ-нің доценті,п.ғ.к.
А.М.Бородулина – Теректі АБББ –нің әдіскері
Бұл бағдарлама бастауыш білім беру деңгейінің Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты негізінде әзірленді.
Бағдарлама бастауыш сынып мұғалімдеріне қосымша білім беруде әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.
І.Түсінік хат ------------ 4бет
II. Күнтізбелік жоспарлар
1. 2-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар----------------------------5бет
2. 3-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар---------------------------- 6бет
3. 4-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар------------------------------7бет
ІІІ. Сыныптар бойынша сабақ жоспарлары
1. 2-сыныпқа арналған сабақ жоспарлары ---------------------------8-26бет
2. 3-сыныпқа арналған сабақ жоспарлары ---------------------------27-37бет
3. 4-сыныпқа арналған сабақ жоспарлары ---------------------------38-51бет
ІV.Дидактикалық материалдар ---------------------------------------------52-64бет
V.Пайдаланылған әдебиеттер-----------------------------------------------65бет
Түсінік хат
Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің Орта білім берудің (бастауыш) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2-4 сыныптардың «Қызықты математика» қосымша курсына аптасына 1 сағаттан,
барлығы 34 сағат бөлінген.
«Қызықты математика» қосымша курсының басты мақсаты:
Баланың танымдық қызығушылығын арттыру, функционалдық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа бейім құзыретті тұлғаның дамуына, логикалық ойлауды қалыптастыру болып табылады.
« Қызықты математика» қосымша курсының міндеттері:
- Математиканы үйренуге ынтасын арттыру, оқушыларды қызықтыру әрекеттерін қалыптастыру.
- Ойын дәлелді жеткізе білуге жаттықтыру.
- Математикалық сөйлеуді, логикалық ойлауды дамыту.
- Шығармашылық ізденіске жетелеу.
- Кез-келген есепті өз көзқарасы бойынша өзгертіп шығаруға жаттықтыру.
- Талдау, жинақтау, ұқсастықты табу,ерекшелікті ажырату әрекетін дамыту.
- Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
«Қызықты математика» бағдарламасы тапсырманы әр түрлі тәсілдермен шешуге, логикалық ойлауға, оның тереңдігі мен икемділігін қарқынды дамытуға ықпал етеді. Әртүрлі жолдармен есеп шығарудың негізін әзірлейді, тұлғалық –бағыттық тәсілді жүзеге асыруға ықпал етеді. Түрлі жолдармен есепті шешу оқушының өз бетінше айналысуына қосымша мүмкіндік туғызады,күнделікті өмірдегі кездейсоқ жағдаяттардан жол табу қабілеттерінің дамуын қалыптастыратын әрекеттерді дамыту бағытын ұстанады.
Күтілетін нәтиже:
- Оқу іс-әрекеттерін өз бетімен жоспарлауды, бақылауды орынды қолдануға үйренеді
- Әртүрлі кесте бойынша есеп құрастыруға жаттығады
- Шамаларды салыстыра білуге үйренеді
- Кез-келген есепті өз көзқарасы бойынша шығаруға дағдыланады
- Өз ойын дәлелдей білуге жаттығады
- Проблемалық жағдаятты шеше алады
- Шығармашылықпен жұмыстана бастайды
Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі: «Қызықты математика» қосымша курсы бағдарламасы
34 сағатқа (аптасына 1 сағат) есептеліп құрылған.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар– 2 сынып
« Логика »
Аптасына 1 сағат Жылына 34 сағат
№№ | Тақырыбы: | Сағат саны | Өтілетін уақыты |
1 | Логика әлеміне саяхат. | 1 | |
2 | Логикалылық есептер - 1 | 1 | |
3 | « Апта күндері » өлең жаттау | 1 | |
4 | Теңдеу шығару тиімді тәсілі – 1. | 1 | |
5 | Заңдылықты сақтап сандар табу | 1 | |
6 | Қай фигура жетіспейді? | 1 | |
7 | Сандар арқылы сөз жасыру | 1 | |
8 | Математикалық домино | 1 | |
9 | Қандай сандар жетіспейді ? | 1 | |
10 | Өлеңді есептер | 1 | |
11 | Сиқырлы шаршылар | 1 | |
12 | Математикалық жұмбақ санамақтар | 1 | |
13 | Логикалық есептер -2. | 1 | |
14 | Мұқият орында ! ( бояу ) | 1 | |
15 | Математикалық эстафета | 1 | |
16 | Сандары бар мақал –мәтелдер | 1 | |
17 | Геометриялық пішіндер. Олеңдер. | 1 | |
18 | Санайық,есептейік,ойланайық ! | 1 | |
19 | Математикалық спринт. Тест. | 1 | |
20 | Қалып қойған санды тап. | 1 | |
21 | Сандар қатарын жалғастыр.... | 1 | |
22 | Мұқият орында ! ( бояу ) | 1 | |
23 | Сиқырлы шаршылар | 1 | |
24 | Математикалық диктант спринт | 1 | |
25 | Логикалық есептер | 1 | |
26 | Қызықты математикалық сайыс | 1 | |
27 | Айырмашылығын тап! | 1 | |
28 | Шығармашылық тапсырмалар | 1 | |
29 | Логика ( дәптер – 2 ) | 1 | |
30 | Айырмашылығын тап! | 1 | |
31 | Өздік жұмысы | 1 | |
32 | Шығармашылық тапсырмалар | 1 | |
33 | Қызықты тапсырмалар | 1 | |
34 | Қорытындылау. Тест. | 1 | |
Барлығы: 34 сағат.
Күнтізбелік- тақырыптық жоспар 3-сынып
« Қызықты математика»
Аптасына 1 сағат Жылына 34 сағат
№ | Тақырыбы | Сағат саны | Уақыты |
1 | Сандарды цифрмен жаз | 1 | |
2 | Өрнек құр,мәнін тап | 1 | |
3 | Логикалық тапсырмалар | 1 | |
4 | Бағдарлама бойынша мәнін тап | 1 | |
5 | Кім жүйрік ? | 1 | |
6 | Кестені толтыру | 1 | |
7 | Теңдеу құр және оны шеш | 1 | |
8 | Теңдік тура болатындай жақша қой | 1 | |
9 | Көбейту кестесімен теңдеуді шешу | 1 | |
10 | Сиқырлы төртбұрштар | 1 | |
11 | Теңдікті жалғастыр | 1 | |
12 | Кесте толтыру | 1 | |
13 | Ауызша есептеу | 1 | |
14 | Өрнектің мәнін тап | 1 | |
15 | Құпия сандар | 1 | |
16 | Өрнек құр,салыстыр | 1 | |
17 | Жақшасыз өрнектер | 1 | |
18 | Салыстыру | 1 | |
19 | 6 санына көбейту және бөлу | 1 | |
20 | Амалдардың орындалу реті | 1 | |
21 | Сандарды орналастыр | 1 | |
22 | Бұрыштың түрлері | 1 | |
23 | Есеп шығару | 1 | |
24 | Есепті екі тәсілмен шығару | 1 | |
25 | Өрнек құр және оқы | 1 | |
26 | 8 бен 9 санының кестесі | 1 | |
27 | 10 мен 100сандарына көбейту және бөлу | 1 | |
28 | Кім тапқыр ? | 1 | |
29 | Теңдеуді тексеру | 1 | |
30 | Көлем | 1 | |
31 | Дөнгелек сандарды көбейту, бөлу | 1 | |
32 | Қалдықпен бөлу | 1 | |
33 | Баған түрде есептеу | 1 | |
34 | Ойна да, ойла! | 1 | |
Күнтізбелік- тақырыптық жоспар 4-сынып
«Математика әлемі»
Аптасына 1 сағат Жылына 34 сағат
№ | Тақырыбы | Сағат саны | Уақыты |
1 | Натурал сандар | 1 | |
2 | Көп таңбалы сандарды салыстыру | 1 | |
3 | Уақыт өлшем бірліктер | 1 | |
4 | Арифметикалық амалдар | 1 | |
5 | Қызықты үшбұрыштар | 1 | |
6 | Күрделі теңдеулерді шешу | 1 | |
7 | Разрядтық қосылғыштарға жіктеу | 1 | |
8 | Теңдеу арқылы шығарылатын есептер | 1 | |
9 | Жоғалған сандарды табу | 1 | |
10 | Бөлудің ерекше жағдайлары | 1 | |
11 | Көлемді табу жолдары | 1 | |
12 | Қалдықпен бөлу | 1 | |
13 | Логикалық есептер 1 | 1 | |
14 | Өрнектердегі амалдардың орындалу реті | 1 | |
15 | Атаулы сандар | 1 | |
16 | Қызықты тапсырмалар | 1 | |
17 | Амалдарды орындау | 1 | |
18 | Математикалық спринт (тест) | 1 | |
19 | Фигуралардың периметрі мен ауданын табу | 1 | |
20 | Бөлінгіштік белгілер | 1 | |
21 | Логикалық есептер 2 | 1 | |
22 | Үлестер | 1 | |
23 | Өрнектер жазу және олардың мәнін табу | 1 | |
24 | Ұзындық өлшем бірліктері | 1 | |
25 | Шеңбер және дөңгелек | 1 | |
26 | Сандардың римдік жүйесіндегі жазылуы | 1 | |
27 | Ребустар шешу | 1 | |
28 | Масса өлшем бірліктері | 1 | |
29 | Қозғалысқа берілген есептер | 1 | |
30 | Үш таңбалы сандарды көбейту, бөлу | 1 | |
31 | Шамаларды салыстыру | 1 | |
32 | Аудан өлшем бірліктері | 1 | |
33 | Теңдеулерді шешу | 1 | |
34 | Байқа, тап, түзе! | 1 | |
Математика. 2- сынып
С\ тақырыбы: Математикалық санамақтар.
С\ мақсаты: Ауызша тез санау қабілеттерін дамыту; қосу және азайту кестелерін жаттауға дағдыландыру; бірнеше сандарды ретімен қосуға үйрету.
С\ барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
15
1. Хатты қандай жәшікке саламыз?
11
12
13
14
6+4+2 8+2+3 4+6+1 1+9+4 3+7+5 14 - 4+3
5+5+2 2+8+3 3+7+1 5+5+4 4+6+5 18 - 8+4
7+3+2 1+9+3 9+1+1 6+4+4 2+8+5 13 - 3+5
ІІ. Мағынаны тану. Математикалық санамақтар.
Табақта 15 алма,
Қолымда 4 алма,
Барлығын қосқанда,
Болады неше алма?
Екеуін бердім апама,
Екеуін бердім атама,
Үшеуін алды інім,
Нешеуі қалды өзімде?
(12 алма)
6 алманың екеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады?
(4 алма)
11 Түйе, 5 жылқы,
2 Сиыр,1 ешкі,
2 Қоян, 3 түлкі,
Болды сонда нешеуі?
(24)
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ, 5 ешкі,
4 Қозылы, 2 қой
Бәрі нешеу айта ғой?
(17)
Математикалық_спринт.'>ІІІ. Толғаныс. Математикалық спринт. ( бір ұзынша қиылған парақ қағазға жауаптар жазылады. Әр жауап жазылған сайын парақтың шеті бүктеледі.)
-
11 пиязды аршу керек. 3 пияз аршылды. Аршылмаған неше пияз қалды? -
Картоп пен пияз бірге 15 кг тартады. Картоптың массасы 7 кг. Пияз неше кг тартады ? -
Әжесі 16 сәбіз және 8 қызылша сатып алды. Қызылшаның сәбізге қарағанда нешеуі кем ? -
6 мен 9 сандарының қосындысын тап. -
13 саны – бұл 7 және неше ? -
49 –ды 1- ге арттыр. -
Азайғыш – 14, азайтқыш- 8. Айырманың мәні нешеге тең. -
2 ондық 3 бірліктен тұратын сан. -
47 - бұл неше ондық, неше бірлік ? -
80 –ді 60- қа кеміт.
IV. Тексеру. Бағалау.
Математика. 2- сынып
С\ тақырыбы: Санайық , есептейік , ойланайық !
С\ мақсаты: тірек білімдерін жетілдіру; ондықтан аттау арқылы қосу және азайту тәсілдерін қайталау; сандардың ондық және бірліктер құрамы арқылы қосу және азайту; сандардың құрамын пысықтау; теңдеу құру; қосу мен азайту кестесін жаттату.
С\ барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
1. Қосу кестесін қайталау.
11
12
13
14
15
( оқушылар кезекпен шығып , карточкалар сурып, жазылған санға қосу кестесін айтып беру керек )
ІІ. Мағынаны тану.
Есептер шығару:
3. Бірінші күні – 7 ? бет ( барлығы )
Екінші күні – 3
Ш.: 7 + 3 = 10
Ж.: екі күнде 10 бет оқыды
4. Қазақ тілінде – 4 10 кітап
Орыс тілінде – ?
Ш.: 10 – 4 = 6
Ж.: орыс тілінде 6 кітап
5. Тұрды – 10 автобус
Шығып кетті - 4
Қалды - ? ( Неше автобус қалды ? )
Ш.: 10 – 4 = 6
Ж.: 6 автобус қалды.
ІІІ. Толғаныс.
Самат –
Ербол – ұзын
Дәулет –
Кім ең ұзыны ? Ең ұзыны – Самат Кім ең қысқасы ? Ең қысқасы – Дәулет
Қорытындылау. Бағалау.
Математика- логика 2- сынып
С\ тақырыбы:Апта күндері.
С\ мақсаты: Апта күндерінің атауын,неше күннен тұратынын есте сақтау.
С\ барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
1. Сәл дем алып, тынып ал
Тақпақ тыңдап ұғып ал.
Апта деген ағайдың
Жеті бірдей ұлы бар,-