Файл: Л. Ж. Ахметова, С. Ж. Нурушева теректі ауданы, Ааты жюббм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 58

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
:

1- қатар:

а) Циркке– 56 билет ?, есе артық

Театрға - 8 билет ?, есе кем

Ш: 56 : 8 = 7

Ж: циркке амфитеатрға қарағанда 7 есе артық билет сатылды.

театрға партерге қарағанда 7 есе кем билет сатылды.

2- қатар:

ә) Циркке - ?, 7 есе артық

Театрға – 8 билет

Ш: 8 х 7 = 56

Ж: Циркке 56 билет сатылды.

3- қатар:

б) Циркке -56 билет ? билет

Театрға – 8 билет

Ш: 56 + 8 = 64Ж: Барлығы 64 билет сатылды.



      • Қатармен жұмыс:

1 2 3

1-қатар: (6+10) : 2+5 = 13

3 1 2

2-қатар: 50+(98-90)*2 = 66

3 1 2

3-қатар: 850-(2*6+120) = 718

Бағалау.




Дидактикалық материалдар
Математикалық сөзжұмбақтар

Сөзжұмбақ “ Еркем – ай ”

Көлденеңінен : 1. Қой өз төлін қалай еркелетеді ?

2. Сиыр өз төлін қалай еркелетеді ?

3. Мысық қалай еркелетеді ?

4. Түйе баласын жақсы көргенде қалай атайды ?

5. Жылқы қалай жақсы көреді ?

6. Ешкі қалай жақсы көреді ?

7. Қабан қалай жақмы көледі ?

8. Ит қалай жақсы көреді ?

ҚОСЫЛҒЫШ

Жауаптары: 1. Қоңырым , 2.Торпағым , 3.Соқырым , 4. Боташым , 5. Құлыным , 6. Лағым , 7. Торайым , 8. Күшігім.
Сөзжұмбақ “ Халық шығармашылығы ”

Тігінен: 1 Қазақ қаздарының бұрымына тағатын әшекейі.

2 Өнер саласы .

3 Заттарды нақыштаудағы нақты өрнек түрі.

4 Үрлеп тартылатын аспап.

5 Зергерлердің затты әсемдеу әдісі.

6 Айт мейрамында айтылатын ән.

Ш Е Ң Б Е Р

Жауаптары: 1.Шолпы, 2.Театр, 3.Таңдай, 4.Сыбызғы, 5.Бедерлеу, 6.Жарапазан .
Сөзжұмбақ “ Туыстық атаулары ”

Көлденеңінен: 1. Ағайынды адамдардың әйелдері .

2. Бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балаларының туыстық атауы

3. Әйел адамының жасы кіші туысы.

4. Құда-құдағиларға киім ретінде берілетін сыйлық.

5. Қыз беріп, қыз алған екі елдің күйеу мен келінге қатысы.

6. Күйеу мен келіннің ата-енелері .

7. Ата-ана үшін баласының әйелі.


БӨЛІНДІ

Жауаптары: 1. Абысын, 2. Бөле, 3. Балдыз, 4. Киіт, 5. Қайын, 6. Құда, 7. Келін.

Сөзжұмбақ “ Бөлгіш ”

Көлденеңінен: 1. Бөлудің компаненті .

2. Аласаға қарсы ұғым

3. 5*10 нешеге тең болады .

4. Бөлудің компаненті .

5. Геометриялық фигура .

6. Геометриялық фигура .

БӨЛГІ Ш

Жауаптары: 1. Бөлгіш, 2. Биік, 3.Елу, 4. Бөлінгіш, 5. Тікбұрыш, 6. Шеңбер.

Сергіту сәттері

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп- кішкентай ағаштар

Үп- үлкен боп өседі.

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ

Сағаттың тіліндей

Иіліп оңға бір

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір

Оң аяқ, сол аяқ

Оң аяқ, сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Орнымыздан тұрамыз

Қолымызды ұрамыз

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Оңға – солға бұрылып

Орнымызды табамыз

Біз орманда келеміз

Күн бұлттанды

Жаңбыр жауды

Жаңбыр қайта жауды

Күн басылды

Қабағымыз айдай ашылды.

Шаршаса қолымыз

Оңымыз, солымыз

Былай – былай ойнаймыз

Күш жігерді жинаймыз

Санамақтар

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақтар тереді,

Кездесті міне керекті

Екеуі – қайың астында

Біреуі – терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте

Тоқылған салса себетке?

Алты қонжық орманға,

Бара жатты қорбаңдап.

Әрі қарай бармады,

Жауабын тез айт

Қанша қонжық кетті алда?

Алдында есік күшік отыр,

Күнге төсін тосып отыр.

Тағы бірі келді шауып,

Қатарласты ебін тауып.

Енді қанша күшік болды?

Пісіп тұрған төрт алмұрт

Қызығатын көрген жұрт

Екі алмұртты бұтақтан

Алып жеді Мұратхан

Қанша қалды алмұрттан?

Зауза қоңыз болған екен,

Бұта түбін қылған мекен

Ұл мен қызы, әке, шеше,-

Сонда қоңыз нешеу екен?

Төменде үш қаз ұшады

Үшеуі бұлтты құшады

Өзеннен көрдік екеуін

Айтшы, қаз нешеу екенін?

Тиін отыр арбада

Жаңғақ сатып базарда

Түлкі бикеш пысыққа

Торғай менен қонжыққа

Ұзын құлақ көжекке

Мақтап қойып жаңғағын

Салып берді алғанын

Сонда тиін неше жаңғақ сатты?

Қасқыр қақты қақпаны



- Ашыңдар, тез! – айтқаны

Сол-ақ екен лақтар –

Титтей – титтей шұнақтар

Жан – жағына жүгірді,

Жасырынып үлгерді:

Бірі – төсек астында

Бірі – пештің қасына

Бірі – сәкі астында

Бірі – керует астына

Бірі – тапқыр керемет

Отыр бөшке түбінде

Қанша лақ бар бұл үйде?

Табақта 15 алма,

Қолымда 4 алма,

Барлығын қосқанда,

Болады неше алма?

Екеуін бердім апама,

Екеуін бердім атама,

Үшеуін алды інім,

Нешеуі қалды өзімде?

(12 алма)

6 алманың екеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады?

(4 алма)

11 Түйе, 5 жылқы,

2 Сиыр,1 ешкі,

2 Қоян, 3 түлкі,

Болды сонда нешеуі?

(24)

Бір-бірімен жарысқа

Төрт аю, бір арыстан

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу, кім білді? (8)
Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бары? (6)
Түйе, бота маң басқан.

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (15)
Дүкеннен мен кітап алдым

Оның және қабын алдым

Үш дәптер,төрт қарындаш,

Өшіргішті тағы алдым

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бары. (10)

Бақшаға жақсы аға

Көп-көп ойыншық келді алып

Бір балық,екі есек,үш үйрек

Төрт түлік,бес бүркіт

Алты арғымақ,жеті жарғанат

Болма еспке сен шорқақ

Бақшаға жақсы аға

Ойыншық әкелді қаншама? (28)

Мақал – мәтелдер

Есепсіз дүние жоқ.

Мың қосшыға бір басшы.
Бір ит көріп үреді,

Бір ит еріп үреді.

Бір жаман мың қолды ірітер,

Бір құмалақ бір қарын майды шірітер.

Бір жылға қоян терісі де шыдайды.
Ер жігіт бір күнде бір кісілік,

Бір күнде мың кісілік.
Екі кісі бейім тұрса,

Есті кісі кейін тұрады.
Жігіт бір сырлы,

Сегіз қырлы болсын.
Бір кісі мың кісіге олжа сала.

Бір кемеге мінгеннің жаны бар.
Біректі бірлі жығар,

Білімді мыңды жығар.
Бір ел ауылға екі елі қақпақ.
Мыңның түсін танығанша,

Бірдің атын біл.
Мың асуға бір тосу.
Бір тәуекел бұзады,

Мың қайғының қаласы,

Бір жақсы сөз бітірер,


Мың көлдің жарасын.
Қонақ бір күн қонса күт,

Екі күн қонса жұрт.
Бір адам – самал,

Екі адам – амал,

Үш адам – жамал,

Төрт адам – қамал.
Бір күн дәмін тартқанға

Қырық күн сәлем.
Бір аяқ қымыздың

Екі аяқ желі бар.

Бір күндік жолға шықсаң,

Үш күндік жол азық аз.
Бір тал кессең, он тал ек.
Шын – бір сөз,

Өтірік – мың сөз.
Екі кісі ығысса,

Бір кісілік орын бар.
Еріншектің ісі –екі.
Төртаяқтыға бота тату.

Екі аяқтыда бажа тату.
Ер кезегі үшке дейі
Ер көрмейтін деген жерін

Үш көреді.

Ат баспаймын деген жерін

Үш басады.
Досыңды үш күнге сынама,

Үш жыл сына.
Аңанды меккеге үш арқалап барсаң да,

Қарызыңнан құтыла алмайсың.
Түйеге мінген қазақ,

Төрт ауыз өлең біледі.
Ер қаруы – бес қару.

Бесік баласы бес түлейді.
Айдағаның бес ешкі,

Ысқырғаның жер жарар,
Жақсы әке жаман балаға

Қырық жылдық ризалық...
Қырықтың бірі қыдыр.

Ұлға отыз, қызға қырық үйден тию.
Алты жасар бала атқа мінсе,

Алпыстағы шал алдынан шығар.
Жетімнің қарны жетеу.
Жеті рет өлше,

Бір рет кес.
Жігітке жеті өнер де аз,

Жетпіс өнер көп емес.
Жеті атасын білмеген,

Жетімдіктің салдары.
Жұт жеті ағайынды.

Жетіскен жеті шапан киеді.
Семіздің аяғы сегіз.

Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.
Қырық кісі бір жақ,

Қыныр кісі бір жақ.
Ел құлағы елу.
Елу жылда ел жаңа,

Жүз жылда қазан жаңа.
Алпыс күн тасыған су,

Алты күнде қайтар.
Алпысқа келгенде

Алты ағаң болсын,

Жетпіске келгенде,

Жеті інің болсың.
Сексенде сегіз байлық

Сегіз жарлық.

Жүзден біреу шешен,

Мыңнан біреу көсем.
Күйеу – жүз жылдық,

Құда мың жылдық.
Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді.
Екі құзғын таласса,

Бір қарғаға жем түсер.
Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені,

Жігіттің құны жүз жылқы,

Ары – мың жылқы.
Он адам жүрген жерде із қалады,

Жүз адам жүрген жерде – соқпақ.

Мың адам жүрген жерге жол қалады.
Екі жақсы қосылса,

Өлгенше дос болады.

Екі жаман қосылса,

Өлгенше өш болады.
Екі баланың ортасындағы бір шал бала болады,

Екі шалдын ортасындағы бір бала дана болады.

Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас.
Бас екеу болмай мал екеу болмас.
Екі жақсы бас қосса,

Бірін – бірі қия алмас,

Екі жаман бас қосса,

Кең орынға сия алмас.
Төрт аяқтыда бота тату,

Екі аяқтыда бажа тату.
Ер жігіт бір күнде бір кісілік,

Бір күнде мың кісілік.
Екі кісі бейім тұрса,

Есті кісі кейін тұрады.
Ер бір рет өледі,

Қорқақ мың өледі.
Жігіт бір сырлы,

Сегіз қырлы болсын.
Бір кісі мың кісіге олжа салар.
Бір мезетте мінгеннің жаны бар.
Біректі бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.
Бір ел ауылға екі елі қақпақ.
Мыңның түсін таығанша

Бірдің атын біл.
Мың асуға бір тосу.
Бір тәуекел бұзады,

Мың қайғының қаласын,

Бір жақсы сөз бітірер,

Мың көлдің жарасын.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

Алпыстағы атаңды жыққанша,

Алтындағы атанды жық.
Он екі айда он үш той.


Қызықты әзіл -есептер

1.Келесі қандай ай ?

Х – 1 = 1

АҚПАН

18 – 2Х = 10

СӘУІР

48 = 5Х+ 3

(? ) ҚЫРКҮЙЕК

2.Логикалық сергіту.