Файл: П авлодар облысы білім беру басармасы Білім беруді дамытуды инновациялы орталыы Халыаралы зерттеулер форматындаы функционалды сауаттылыты дамытуа арналан .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 27

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

П авлодар облысы білім беру басқармасы

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Халықаралық зерттеулер форматындағы

функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тест тапсырмалары


Тестовые задания по развитию функциональной грамотности в формате международных исследований

Павлодар-2018

Қазақстандық білім беру модернизациясының тиімділігі көбінесе мониторингтік зерттеулер мен бағалау технологиясының аясында алынған объективті мәліметтерді пайдалану деңгейіне тәуелді болып отыр.

Алынған кең көлемді ақпарат жоспарланған және қол жеткізген нәтижелердің арақатынасын белгілеуге, шешімдер шығаруды талап ететін аса маңызды мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтер әлемдік білім беру жүйесінде қазақстандық білім сапасын анықтауға қатысты болжамдар жасауға бағыттайды.

Білім мазмұнын жаңарту аясында мектепте білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр. Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады. Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (ОЖСБ) аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ тапсырмаларына қосылды.

Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі. Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы (физика, химия, биология, география).


Оқу сауаттылығы – білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, оқығанын өмірлік мақсатында жүзеге асыруы үшін пайдалануы бағаланады.

Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы – жаратылыстану ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген қорытынды жасай білу қабілеттері.

Математикалық сауаттылық
1.ФУДЗИ ТАУЫНА ШЫҒУ
Фуджи тауы Жапониядағы белгілі сөнген жаңартау болып табылады.


1-сұрақ: ФУДЗИ ТАУЫНА ШЫҒУ
Фуджи тауы жыл сайын 1-ші шілдеден 27-ші шілдеге дейін ғана адамдар үшін ашық. Осы уақытта Фуджи тауына шамамен 200 000 адам көтеріледі. Фуджи тауына күніне орта есеппен шамамен қанша адам көтеріледі?

A) 340

B) 710

C) 3400

D) 7100

E )7400

Математикалық аймағы: сандық

Мәнмәтін: әлеуметтік

Әрекет түрі: талдау

Сұрақ түрі: жабық

Деңгей: 3

Жауабы: С

2. БАКТЕРИЯЛАР
Жер бетінде мекендейтін өте ұсақ тірі организмдер – бактериялар. Алғаш рет голландиялық натуралист Антони ван Левенгук бактерияларды оптикалық микроскоп арқылы көрген және 1676 жылы сипаттаған, ол оларды "анималькули" – микроскопиялық тіршілік деп атады. "Бактериялар" атауын 1828 жылы Христиан Эренберг енгізген. Бактериялар бөліну арқылы көбейеді - әр секунд сайын әр бактерия екіге бөлінеді, өз кезегінде олар тағы секундына екі еселенеді.
2-сұрақ: БАКТЕРИЯЛАР

Орта есеппен 1 м2 адамға шамамен 80 000 әртүрлі микроорганизмнен келеді. Ауданы 0,002 м2 – ге қанша микроорганизмнен келетінін анықтаңыз.
Математикалық аймағы: сандық

Мәнмәтін: тұлғалық

Әрекет түрі: қолдану


Сұрақ түрі: жабық құрылымдағы жауап

Деңгей: 2

Жауабы: 160


3-сұрақ: БАКТЕРИЯЛАР
Тірі ағзаға түскен бактерия 20 минуттан кейін екіге бөлінеді, олардың әрқайсысы келесі 20 минутта тағы екіге бөлінеді және т.с.с. Тәулік соңында бір бактериядан пайда болған бактериялар санын табыңыз. Берілген кестені қолданып, алынған санның қалай оқылатынын жазыңыз.



Математикалық аймағы: сандық

Мәнмәтін: тұлғалық

Әрекет түрі: талдау

Сұрақ түрі: жабық құрылымдағы жауап

Деңгей: 6

Жауабы: Барлық бактериялар саны: 4 722 366 482 869 645 213 695. Бұл сан келесідей оқылады: 4септиллион 722 сектиллион 366 квинтиллион 482 квадриллион 869 триллион 645 миллиард 709 миллион 213 мың 695.
3. ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ
4-сұрақ: ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ

Ержан жуынатын бөлмеде қабырғаға плита желімдемекші болды. Дүкенге келгенде плиталардың әртүрлі өлшемді және әртүрлі бағада сатылатынын байқады.

Сәйкестендір:


Плита өлшемі

Бір плитаның ауданы

Бір плитаның бағасы

  1. 30х50 см

  2. 20х25 см

  3. 20х40 см

А) 0,05 м2

В) 0,08 м2

С) 0,15 м2

D) 108 тг

E) 210 тг

F) 60 тг



Жауабы:

1) –

2) –

3) –


Математикалық аймағы: кеңістік пен формалар

Мәнмәтін: тұлғалық

Әрекет түрі: интерпретация

Сұрақтың типі: ашық

Деңгей: 5

Жауабы: 1-С,Е 2-А,F 3-В,D

5-сұрақ: ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ

Ержан жуынатын бөлменің қабырғаларына плитка жапсырмақшы болды.

Жуынатын бөлме ұзындығы – 3м, ені – 2м және биіктігі – 2,5м тікбұрышты параллелепипед қалпында. Бөлменің плитка жабыстырылатын қабырғаларының аудандарын анықтаңдар. Қабырғалардың бірінде ені - 1м және биіктігі - 2м есік бар екенін ескеріңдер.

3 м
2,5 м


2 м



  1. 25 м2

  2. 23 м2

  3. 21 м2

  4. 24 м2

  5. 26 м2


Жауабы:___________



Математикалық аймағы: кеңістік пен формалар

Мәнмәтін: тұлғалық

Әрекет түрі: интерпретация

Сұрақтың типі: ашық

Деңгей: 5

Жауабы: В

4. ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ
Павлодардың элиталы ауданында заманауи балалар бақшасы салынуда. Ойын бөлмесінің еденіне төсеу үшін паркет плиталары қолданылмақшы.


6- сұрақ: ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ

Ойын залының 5,75м ×8м өлшемді еденіне паркет плиталарын төсеу жұмысын орындау керек. Паркет плиталары тікбұрышты үшбұрыштар, параллелограммдар, теңбүйірлі трапециялар пішіндес. Плиталардың өлшемдері суретте көрсетілген.


20

15 15 20
Бұл жұмыс үшін үшбұрыш, параллелограмм, трапецияның (барлығы) қанша саны керек? Бұл есепті шешу үшін қажетті есептеулер тізбегін орындаңыз:

1.

2.

3.

4.

5.

6.
Математикалық аймағы: кеңістік пен форалар

Мәнмәтін: әлеуметтік

Әрекет түрі: қолдану

Сұрақтың типі: еркін - жауаппен

Деңгей: 6

Жауабы: Паркетті бір қатарға орналастыру үшін параллелограмм мен трапеция кезек салынады, ал үшбұрыш бір қатарда екеу ғана болады. Бір қатарда ені бойынша екі үшбұрыш пен сегіз-сегізден параллелограмм мен трапеция қойылады.
5. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРА
7- сұрақ: ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРА

Үшінші текше қызыл түспен боялған. Қанша текшенің екі жағы боялған?

А) 6

В) 1

C) 8

D) 12

E) дұрыс жауабы жоқ
Математикалық аймағы: кеңістік пен формалар

Мәнмәтін: тұлғалық

Әрекет түрі: талдау

Сұрақ түрі: жабық

Деңгей: 2

Жауабы: D

8- сұрақ: ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРА
Қыры 2см болатын шаршылардан құрастырылған геометриялық фигуралардың тізбегі төменгі суретте көрсетілген. 6-шы орында орналасқан текше қанша кішкене текшелерден тұрады?





А) 81

В) 125

C) 216

D) 289

E) 400
Математикалық аймағы: кеңістік пен формалар

Мәнмәтін: тұлғалық

Әрекет түрі: талдау

Сұрақ түрі: жабық

Деңгей: 5

Жауабы: С


6. СҮТ
9- сұрақ: СҮТ

Наурыз айында сүттің бағасы бірдей болды, бірақ «Лидер» дүкенінде сәуір айында сүт 40%-ға арзандады, ал «Гринвич» дүкенінде алдымен 20%-ға арзандап, содан кейін сүттің бағасы тағы да 25%-ға арзандады. Қай дүкенде сүттің бағасы арзан?

А) екі дүкенде сүттің бағасы бірдей.

В) «Лидер» дүкенінде арзан

C) «Гринвич» дүкенінде арзан

D) мәлімет жеткіліксіз

E) салыстыру мүмкін емес
Математикалық аймағы: сандық

Мәнмәтін: әлеуметтік

Әрекет түрі: салыстыру

Сұрақ түрі:қарапайым, жауап таңдау арқылы

Деңгей: 1

Жауабы: А

7. АЙНАЛМАЛЫ ЕСІК

Айналатын есік үш ішкі есіктен тұрады, ішкі есіктер дөңгелек кеңістіктің ішінде айналады. Ішкі диаметр 2 метрден (200см) құрайды. Үш есікті бөліп тұрған тақтайшалар дөңгелек кеңістікті үш тең секторға бөледі.



10-сұрақ: АЙНАЛМАЛЫ ЕСІК

Есік бір минутта 4 рет толық айналым жасайды. Әрбір секторға 2 адамнан сыяды. 30 минут ішінде ғимаратқа кіретін адамдардың ең көп санын анықтаңыз.

А) 60

В) 180

С) 240

Д) 720

Е) 340
Математикалық аймағы: сандық

Мәнмәтін: ғылыми

Әрекет түрі: талдау

Сұрақ түрі: қарапайым, жауап таңдау арқылы

Деңгей: 4

Жауабы: Д


8. НӨМІРЛЕНГЕН ОРЫНДЫҚТАР

Концертте аудиториядағы барлық адамдарға сахнаның жақсы көрінісін беру үшін залдағы орындықтар арасында бос орын қалдырылып қойылған. Ол төмендегі жоспарда көрсетілген.



11-сұрақ: НӨМІРЛЕНГЕН ОРЫНДЫҚТАР
Алдыңғы тоғыз қатардағы орындықтардың жалпы саны қанша?
А) 77

В) 86

C) 87

D) 90

E) 82
Математикалық аймағы: сандық

Мәнмәтін:әлеуметтік

Әрекет түрі: талдау

Сұрақ түрі: қарапайым, жауап таңдау арқылы

Деңгей: 1

Жауабы: В


Орын 26

Орналасқан жері