Файл: П авлодар облысы білім беру басармасы Білім беруді дамытуды инновациялы орталыы Халыаралы зерттеулер форматындаы функционалды сауаттылыты дамытуа арналан .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 30

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

28-сұрақ: НАЙЗАҒАЙ – АПАТТЫ ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСЫ

Неліктен найзағай күн күркіреумен бірге жүреді?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жауабы: Оқушылар ауадан электр зарядттары өткен кезде вибрацияға ұшырайтынын білулері қажет. Найзағай өте жоғары температуралармен қоса жүреді, сол себептен қасындағы ауа қатты қызады. Ыстық ауа көлемін ұлғайтады, сол себептен вибрация күші де көбейеді. Ал күннің күркіреуі найзағайдың зарядтарының ыдырау кезіндегі бөлінетін дыбыстық вибрация.

Сұрақ түрі:Ашық

Құзыреттілік:ғылыми қолдану

Қолдану аясы:География мен физика

Контекст: Жаһандық
29-сұрақ: НАЙЗАҒАЙ – АПАТТЫ ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСЫ

Н айзағайдың пайда болуының дұрыс логикалық тізбектілігін ретімен орналастырылған жауабын белгілеңдер

A

Күн күркіреуі естілді, жақын арада найзағайды көреміз

B

Найзағай жарқырады, күн күркіреді, жаңбыр жауды

C

Қатты күн күркіреді, аспанда найзағай жарқырады, сол сәтте аспанда қара бұлттар төнді
Жауабы B. Оқушылар дұрыс тізбекті анықтап жарықтың таралу жылдамдығы дыбыстың таралу жылдамдығынан жоғары екенін білулері керек.

Сұрақ түрі:жауабын таңдау

Құзыреттілік:жауаптарды анықтау

Қолдану аясы:Қоршаған орта

Контекст: Жаһандық

Қиындығы:Түсіну. Талдау

3 0-сұрақ: НАЙЗАҒАЙ – АПАТТЫ ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСЫ
Дамир кадрда найзағай мен күн күркіреу арасындағы уақытты тіркеді. Бұл уақытқа қарап найзағай Дамирден қандай арақашықтықта орналасқанын анықтауға бола ма?

Жауабы: Ия, ьолады. Оқушылар дыбыстың таралу жылдамдығы шамамен 330 м/с. Екенін білу керек, сондықтан көбейте отырып арақашықтық 1980м тең екенін есептей алады.

Сұрақ түрі:Құрастырмалы жауап

Құзыреттілік
:ғылыми қолдану

Қолдану аясы:География мен математика

Контекст: Әлеуметтік

Қиындығы:Қолдану


11. ЖАҢБЫРЛЫ БУДАҚ БҰЛТ
31-сұрақ: ЖАҢБЫРЛЫ БУДАҚ БҰЛТ
Сурет бойынша будақ бұлттардың қарқынды даму фазасын анықтаңыздар.



Жауабы. Оқушылар суреттерді салыстырады, талдау жасайды. Максималды фазасында будақ бұлттарда жоғары турбуленттілік байқалады, сол сеюбептен жоғары және төмен бағытталған ауа ағымдары пада болады. Жаңбырлы будақ бұлттардың қарқынды даму процессі неғұрлым қарқынды жауын шашын, дауылды жел, күн күркіреу және найзағаймен сипатталады.

Сұрақ түрі:Жауапты таңдау және ғылыми түсіндіру

Құзыреттілік:ғылылыми дәлелдемелерді қолдануу

Қолдану аясы:Жаратылыстану ғылыми зерттеулер

Контекст: Жаһандық

Қиындығы:Талдау

12.БҰЛТТАРДЫҒЫ ИНТЕНСИВТІ ТУРБУНЛЕНТТІЛІК
32-сұрақ: БҰЛТТАРДЫҒЫ ИНТЕНСИВТІ ТУРБУНЛЕНТТІЛІК

Метеорологиялық жағдайды талдау және бағалау кезеңінде, әуе кемесінің экипажы ұшар алдында мынандай негізгі аэросиноптикалық материалдармен таныса алады: жералды синаптикалық картасы, ұшу деңгейінің топографиялық барикалық картасы, максималды желдер картасы, радиоокациялық бақылау карта-схемасы (найзағай болған жағдайда) карта-схема суретте көрсетілгін.



Бұлттардығы интенсивті турбунленттілік қауіпінен қандай рейстер тоқтатылуы мүмкін?

A

Мәскеу - Сидней

B

Астана - Минск

C

Абуджа - Додома

D

Вашингтон - Мехико

E

Киев -Брюссель

F

Джакарта - Сингапур



Жауабы: С, F.Авиация үшін найзағайдың ең қорқынды әрекеті аймақтарын анықтай алулары тиіс. Статистика бойынша назағай экватор маңында құрлық үстінде қатты болады. Полюстерге қарай найзағай әрекетінің баяулауы температура мен ылғалдылықтың төмендеуіне байланысты. Карт абойынша Африканың үстінде орталық бөлігінде найзағай әрекетінің ең жоғары көрсеткіші байқалады.Найзағай авиация үшін өте қауіпті құбылыстардың бірі. Найзағайдың қауіпі: жоғары турбуленттілік, жоғары қаюбаттарда ауа температурасы төмен күшті мұз басі мүмкіндігі, ұшақтың найзағаймен зақымдалуы, қарқынды нөсер жауын-шашын.

Сұрақ түрі:Жауапты таңдау және ғылыми түсіндіру

Құзыреттілік:ғылғылыми дәлелдемелерді қолдануу

Қолдану аясы: Қауіп көздері мен тәуекелдік

Контекст: Әлеуметтік

Қиындығы:Бағалау

17. РЕАКТИВТІ ҚОЗҒАЛЫС

Берілген мәліметті оқып төменгі сұрақтарға жауап беріңіздер

Дененің бір бөлігі одан қандайда бір жылдамдықпен бөлінген кездегі қозғалысын реактивті қозғалыс деп атайды.
Реактивті қозғалыс принципі сағатына бірнеше мыңдаған километр жылдамдықпен қозғалатын ұшақтарды, жердің жасанды серіктерін, планетааралық саяхат жасайтын ғарыш зымырандарын жасауға мүмкіндік туғызды.

Ғ арышқа алғашқы қадам жасау белгілі ғалым К.Э.Циолковскийден басталады десек болады. Циолковскийдің илеялары оның 1903 жылғы шыққан «Әлемдік кеңістікті реактивті құралдармен зерттеу» еңбегінде көрініс тапты.
Қарапайым зымыран жану камерасы бар отын толтырылған камерадан тұрады. Отынның жануы кезінде жоғары температураға дейін қызған жоғары қысымдағы газ сопло деп аталатын ерекше пішіні бар камерадан үлкен жылдамдықпен атқылап шығады. Мәре алдындағы зымыранның сыртқы қабығымен және отынымен қоса есептегендегі массасы М болсын. Онда газ сыртқа атқылап шыққаннан кейінде денелер жүйесінің қорытқы импульсі өзгермейді. Массасы М-m болатын зымыран қабығы модулі бойынша тең, бірақ газ импульсі бағытына қарама – карсы бағытталған (М-m)v2 импульс алады, v2 зымыран қабығының жылдамдығы. Сонда mv1=-(M-m)v2 болады.


Ал бұдан, осы күнгі зымырандар көп сатылы болып жасалады, яғни оның әр сатысының отын қоры, тотықтандырғышы және реактивті қозғалтқышы бар болады. Бірінші сатыдағы отынның барлық қоры түгел жанып біткенде, ол бөлініп қалады. Осыдан кейін екінші және үшінші саты массаларының қосындысына тең зымыран бөлігі қозғалады. Массаның азаюы екінші, одан кейін үшінші сатыдағы отынды үнемдеуге және зымыранның жылдамдығын одан әрі қарай арттыруға себептеседі. Егер зымыранның қайтып жерге оралуы жоспарланған болса, онда үшінші саты қосылдардың алдында ғарыш кемесі 180
0 – қа бұрылады. Үшінші сатыдағы жану өнімдері зымыранның қозғалыс бағытына қарама – қарсы бағытталған импульс береді, ал бұл оның жылдамдығының азаюына, яғни тежелуіне әкеледі.

Біздің Қазақстанды өзінен-өзі бірінші ғарыш  мемлекеті деп санауға болады. Бірінші жер серігі бізден ұшты. Бірінші кісі, адам баласы ғарышқа аттанды біздің жерден.

Сонымен бірге, реактивті қоғалыстардың адам өмірдегі алатын орны адамдардың гептилмен улануы үлкен мәселе тудыруда.Таза күйіндегі гептилдің у екенін әркім-ақ біледі. Әсіресе ең қатерлісі «Протон-К» зымырандары болып саналады.Оның отын багіне толтырылған 500 тонна гептил көтерілген бетте түгел жанып кетпей, 2-3тоннасы ұшып өткен жолында ауа арқылы, желмен жүздеген метр жерге жайылып, топырақ, өсімдік, су көздеріне түседі. Олар төмен түсіп құлдылап келе жатқанда сұйық отын ретінде қолданылатын гептил төгіліп-шашылып, ауаны, жер мен суды улайды. Одан тараған уландырғыш заттар төңіректегі 130 елді мекеннің үстінен себелеп өтеді.


47- сұрақ: РЕАКТИВТІ ҚОЗҒАЛЫС

Қандай мақсатпен зымырандар көпсатылы болып жасалады?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жауабы: Зымырандар көп сатылы болып жасалады, яғни оның әр сатысының отын қоры, тотықтандырғышы және реактивті қозғалтқышы бар болады. Бірінші сатыдағы отынның барлық қоры түгел жанып біткенде, ол бөлініп қалады. Осыдан кейін екінші және үшінші саты массаларының қосындысына тең зымыран бөлігі қозғалады
48-сұрақ: РЕАКТИВТІ ҚОЗҒАЛЫС

Зымыран қалай қайтып жерге оралады, тежеледі?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жауабы: Егер зымыранның қайтып жерге оралуы жоспарланған болса, онда үшінші саты қосылдардың алдында ғарыш кемесі 1800 – қа бұрылады. Үшінші сатыдағы жану өнімдері зымыранның қозғалыс бағытына қарама – қарсы бағытталған импульс береді, ал бұл оның жылдамдығының азаюына, яғни тежелуіне әкеледі.
49- cұрақ: РЕАКТИВТІ ҚОЗҒАЛЫС

Медузаның қозғалыс принципін қалай түсіндіруге болады?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жауабы: Реактивті қозғалыс принципіне негізделген


50- cұрақ: Зымырандарда отын ретінде пайдаланатын зат:

А. Гептил

В. Тротил

С. Бензин

D. Керосин

Жауабы: А. Гептил

51- сұрақ: РЕАКТИВТІ ҚОЗҒАЛЫС

Зымыранның багындағы отын мөлшері

А. 400 тонна

В. 500 тонна

С. 550 тонна

D. 300 тонна

Жауабы: В. 500 тонна

52- сұрақ: РЕАКТИВТІ ҚОЗҒАЛЫС

Төменгі келтірілген пайымдауларды әр қатардан «иә» немесе «жоқ» деп айналдыра сызыңыздар

Бірінші ғарыш серігі Қазақстаннан ұшты

Иә/жоқ

Реактивті қозғалыс импульстің сақталу заңына негізделген

Иә/жоқ

Ғарышқа алғашқы қадам жасаған белгілі ғалым Королев

Иә/жоқ