Файл: Мектеп Н. Одасынов атындаы жом.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.04.2024

Просмотров: 29

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Тексерілді:---------------------ДОТЖО

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №19

Сабақтың тақырыбы:. Кесте тігу технологиясы

Мұғалімнің аты- жөні: Алтыбаева У.

Күні: 27. 01. 17 ж

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негіз/ген оқу мақсаты:

 Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу технологиясымeн жұмыс iстeу дағдысын қалыптастыру

Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады: Көктеу тігістерін ажырата біледі

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Кесте тігу технологиясымен жұмыс iстeй алады

Кейбір оқушылар орындай алады: Тігін машинамен жұмыс істей алады

Тілдік мақсат:

Кесте тігістерінің орындалу әдістерін талдап бeрeдi

Ресурстар:

Мата, карандаш, ине, жіп, қайшы

Пәнар/қ байл/с:

Әдебиет, бейнелеу, сызу.

Алдыңғы оқу:

Көркемдік кесте, қол кесте, тігу технологиясы

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)

Формативті



Үй тапсырмасын сұрау

4 минут

1. Қандай кесте түрлерін білесің?
2. Кестелеу барысында қандай құрал- жабдықтар қолданылады?
3. Кестелеу барысына қойылатын талаптар?
4. Мата таңдау туралы не білесің ?
5. Кесте өрнегін дайындау жолдарын ата?

1. Сұрақтарға жауап берді

2. Сыни пікір білдірді

3.Өмірден мысал көрсетті

Жаңа сабақ

15 минут


Қолөнер  - ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар.Сонымен қатар әр елдің табиғи ерекшелігіне ,этетикалық талғамына  байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас кесте, айқыш- ұйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте, және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.Біз кесте  дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп, кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу  арқылы кестеленеді.
      Шым кесте тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай  немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.  Кесте тігуге қажетті негізгі құрал – жабдықтың бірі кергіш.  Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. 

1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сабақты бекіту

18 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )

Сарамандық жұмыс.
Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
1. Инені аузыңа салма
2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.
3. Инені кез келген жерге қадауға болмайды.
4. Қайшыны жолдасыңа үшкіл жағымен берме.
5. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды.
6. Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме.

1.Сарамандық жұмыс icтeйдi
2. Қауіпсіздік ережелерін еске түсірeдi.

3. «Түкті кесте» тігу технологиясымен жұмыс icтeйдi

2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )

Нұсқау карта
Жұмыстың орындалу реті.
Керекті заттар
1. Мата, карандаш, ине, жіп, қайшы
2. Матаға өрнекті салу
3. Матаны кергішке керу
4. Матаға сызылған өрнекті сызық бойымен кестелеу

3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )

1 - кезең.  «Түкті кесте» тігу технологиясы. Кестені кергішке керу арқылы орындайды.Кергіш төртбұрыш немесе дөңгелек болуы мүмкін.Бұл кестенің бедері сүлгінің (орамалдың) түгі тәрізді болып келеді. Таңдалған кестенің сызбасын матаның теріс жағына сызады. Мата жұмсақ тез тесіліп қалмайтын болуы шарт. Кестелейтін жіпке келсек: кесте тігуге арналған түрлі түсті жіпті қалауынша пайдалануға болады. 
       Ал түкті кестеге арналған «кестенің бізін»  мал егуге арналған жуантық шприцтің инесінен дайындайды. Инеге тігін машинасының инесі тәрізді тесік жасап, ұшынан 1см жер қалдырып, резина (өшіргіштің бөлшегі)өткізіп дайындайды. Жіпті иненің бойымен өткізіп келіп,тесіктен кері өткізу қажет. Кесте тартымды болу үшін тігістің ара қашықтығы 1-2мм, тігін машинасының тігісі тәрізді түсуі қажет. Бұл кестемен әркімнің өз қалауына қарай  жастық, төсек жапқыш (плет), қабырғаға ілуге арналған бұйымдар т.б жасауға болады.
2 - кезең. Жастықша кестелеу
3 - кезең. Айқас тігісімен  кестелеу.
4 - кезең. Бисермен кестелеу.

Үйге тапсырма

2 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )

Кесте тігістерін тігу

2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )







3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )







Бағалау

2 минут

Оқушыларды жиынтық бағалау


Суммативті

Формативті

Кері байланыс

2 минут

Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі.

Формативті


Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?

2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?

3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?







Тексерілді:---------------------ДОТЖО

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №20

Сабақтың тақырыбы:. Кесте тігу технологиясы

Мұғалімнің аты- жөні: Алтыбаева У.

Күні: 3. 02. 17 ж

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негіз/ген оқу мақсаты:

Кесте тігу халқымыздың қолөнері, қол тігістері туралы түсінік беру, орындау әдістерін үйрету

Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады: түстерді кестелеуге шебер қолдана білeді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Кесте тігу технологиясымен жұмыс iстeй алады

Кейбір оқушылар орындай алады: Тігін машинамен жұмыс істей алады

Тілдік мақсат:

Кесте тігістерінің орындалу әдістерін талдап бeрeдi

Ресурстар:

Буклет, ине-жіп түрлері, мата, ою үлгісі, қайшы, іс машинасы, мақал- мәтелдер, үлгілер, Бір түсті мата, түсті кесте жіптер, ине, қайшы, кергіш, бор, үлгі

Пән. байланыс:

Әдебиет, бейнелеу, сызу.

Алдыңғы оқу:

Кесте тігу, лен, мулине, жүн, штапель, жібек, синтетикалық жіптер

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)

Формативті



Үй тапсырмасын сұрау

10 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )

Өткен сабақты қайталау
1. Қандай кесте түрлерін білесің?
2. Кестелеу барысында қандай құрал- жабдықтар қолданылады?
3. Кестелеу барысына қойылатын талаптар?
4. Мата таңдау туралы не білесің ?
5. Кесте өрнегін дайындау жолдарын ата?

6. Кесте дегеніміз не? 
7. Кестедегі ою- өрнек не туралы? 
8.Шебер адам қандай болу керек деп ойлайсыңдар? (топтастыру) 

1. Сұрақтарға жауап берді

2. Сыни пікір білдірді

3.Өмірден мысал көрсетті

2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )

Жұмыс басталардың алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары: 
1) оқушы өзіне қажетті орамал мен алжапқышты киеді, оның қалталарында ешқандай да құралдар мен саймандар болмауы қажет; 
2) инені ауызға салуға болмайды; 
3) ине, жіп, қайшыны арнайы қобдишада сақтауы керек. 
4) қайшыны сабы жағымен ұсыну керек; 
5) тот басқан инемен кесте тігуге болмайды; 
6) жұмыс басталарда инені санап қою керек; 

Жұмыс басталардың алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын орындайды

Жаңа сабақ

10 минут


Кесте өнері- сәндік қолданбалы өнердің кең тараған түрі, көп ғасырлық тарихы бар. Қазіргі уақытта ғылыми- техникалық даму( кезеңінде) заманында кесте өнері ұмытылған жоқ, бұрыннанда танымал бола бастады. Қолмен кестелеу шыдамдылықты талап ететін шығармашыл іс. Онда өрнек немесе кескін қолмен ( инемен, бізбен және де іс машинасымен де )әртүрлі маталарға алуан түсті жүн, жібек жіптермен, сондай-ақ моншақтармен кестеленеді. Кестені киімді, тұрмыстық заттарды кестелеу үшін және сәндік панно ретінде қолданады. Шығармашылық көркемдік ерекшелігі, пішіні мен ою- өрнектің үйлесуі. Міне өздеріңіз көріп отырғандай бисерленген понно, лентамен кестелеу, айқас кестелеу және бастырылған кестелеу, әр түрлі жіптермен орындалған изонить( жіппен бейнелеу). Бұлардың әрқайсысының өзіндік орындалу технологиясы әр түрлі.

Айқас

Шынжырлы

Шырша

Тор тігіс

Кесте тігіс

Түйін тігіс

Көктеу тігіс

Қабырға тігіс




Осы тігістерді тігу арқылы мынандай кесте тігістерін тігуге болады

Біз кесте                                             Шым кесте КЕСТЕ Моншақ кесте                                   Баспа кесте

Мата мен жіпті болашақ бұйымның түріне, өрнекке және кестенің орындалу техникасына қарап таңдайды. Мысалы, дастархан, қол орамал сияқты үй жиһаздарына шым кесте орындайтын болсақ лавсан қосылған лен матасын және түрлі түсті бірнеше қабатталға жіптер таңдаймыз. Ал, әредік кестемен көркемделген жейде орындағымыз келсе онда жұқа мата (маркизет, ситец) мен бір түсті қабатты мулиме жіп аламыз. Айқас тігісті кесте тігу үшін ірі тоқылған лен немесе жартылай лен маталар таңдаған дұрыс. 
Ойма кесте орындау үшін негізгі жібі мен арқау жіптері бірдей жуандықпен тоқылған мата алу керек. Мұндай кесте үшін жартылай лен мата жарамайды. Себебі оның негізгі мақта- мата жіп те, арқауы лен болады. 
Салынған өрнектің сызығы бойымен кестелеу үшін лен , жібек, жұн, сукно, клетка, жолақ түскен, тіпті күрделі кұрылымы ( егер олар , әрине,кестенің өрнегімен көлемімен үйлесетін болса) маталар бола береді. 
Кесте тігу үшін лен, мулине, жүн, штапель, жібек, синтетикалық жіптер түстерін пайдалануға болады. Жіп мықты бірқалыпты боялған, сумен күнге оңбайтын болу керек. Жіптің мықтылығын оны қолмен созып көреді, жақсы жіп үзілмейді және шиыршықталып тұрады.

1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сергіту сәті.

2 минут

Ойын «Кім тез?» ою аттарын дұрыс жаз. 
1. мқошүізқар (қошқармүйіз)  2. ізшытнақ (тышқаніз) 
3. нысықүйімз (сынықмүйіз)  4. етш (шет) 
5. сұқнақат (құсқанат)  6. ұлжзыд(жұлдыз) 
7. атқан (қанат)  8. латба(балта) 
9.табозөк(ботакөз)  10.бекөекл (көбелек) 

Ойын ойнап сергиді

Сабақты бекіту

15 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )

1. Матаны жылы сумен жуады.Мата отыруы керек. 
2. Матаның шеті сетінемеу үшін оның жиегін қайшымен қияды немесе тігіспен бастыруға болады. 
3. Матаның бетіне кесте суреті түсіріледі. 
4. Матаның өлшемдері кесте шарғысына сәйкес керілуі тиіс. 
5. Шарғы диаметрі 15 см немесе 25 см болуы керек. Сурет салынған мата екі шарғының арасына бекітіледі.Мата бұранда арқылы керіліп тартылады. 
6 .Кестелеуге мулине жібін пайдаланыңдар.Олардың әр түрлі түсін таңдап алыңдар. 
7. Барлық нәрселер өз орнында болуы тиіс.Кесте тігетін матаны құрал-саймандар мен жіптен бөлек ұстаңдар.Матаның әрбір бөлігін полиэтилен пакетке сақтау керек

Матаны кесте тігуге дайындайды


2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )


Тексерілді:---------------------ДОТЖО

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №22

Сабақтың тақырыбы:. Бисермен жұмыс істеуге негізгі және қосымша материал

Мұғалімнің аты- жөні: Алтыбаева У.

Күні: 17. 02. 17 ж

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негіз/ген оқу мақсаты:

Бисермен  жұмыстануда   шығармашылық   жоба  жұмысы туралы білім қалыптастыру.Моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.

Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады: Қауіпсіздік ережесін сақтайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқушыларға бисерден бұйым жасау әдістері туралы түсінік беру, үйрету

Кейбір оқушылар орындай алады: Бисермен бұйым жасайды

Тілдік мақсат:

Моншақ – бисер -

Ресурстар:

Слайд, суреттер, бір түсті мата, бисер түрлері, кергіш, ине, жіп, оймақ.

Пәнаралық байланыс:

Бейнелеу өнері, математика, тарих, сызу

Алдыңғы оқу:

Бисер, моншақтар, металл, керамика, стеклярус

Сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Оқушылардыңң сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. «Жүректен жүрекке» бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Формативті



Үй тапсырмасын сұрау

8 минут

Ой қозғау. Адасқан әріптерден сөз құрау.

СНЕБР, ЛІБІКЗЕ, ҚАНСИА, ЛАҚА, ЗКҮЖІ, АРҒЫС

Слайдтан әшекей бұйымдары туралы әңгімелеу. 




Қауіпсіздік  техникалық  ережесі:

 * Моншақтарды араластырма.

* Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшада ұстаған жөн.

* Сым темірмен ойнама.

* Сымды қайшымен қияды.

*Сымды көзге жақын ұстамайды.

* Жұмыс орныңды таза ұста.

1. Сұрақтарға жауап берді

2. Сыни пікір білдірді

3.Өмірден мысал көрсетті

Жаңа сабақ

10 минут


Барлық қолөнер сияқты бисердің де  өз тарихы бар. 

Ертеде Фин саудагерлері Жерорте теңізі арқылы Африкаға табиғи тұз апара жатып, жолда теңіз жағасына түнеген екен. Олар түнде от жағып, тамақ дайындап, отты үлкен ас содасымен қоршап ұйықтайды. Таңертең күлін жинаса, олар әдемі, қатты, күннің көзіндей оттай жанған, мөлдір су сияқты бұйым көріп таң қалады. Бұл кәдімгі әйнек еді. Әрине халық тез арада осы әйнектен бірнеше, әр түрлі моншақ, бисер, стеклярус алған. Бұл байлықты , соның ішінде бисерді дүние жүзінде барлық елдер мәдениетінде көруге болады. Біздің қазақстан өнерінде де көп тарайды. Киім- кешек, әшекейлер, білезік, сыр-

ға, сақина, тіпті ерлердің сауыт саймандарында да кездескен.

Бисерді әр халық өзінше атаған. Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі- түсті шыныдан үлкен моншақтар жасаған. Бисер сөзі Араб сөзі «бусра» сөзінен шыққан.

Бусер- жалған меруерт (жемчуг). Бисер кіші, үлкеніне қарай бірнеше түрге және түстерге бөлінеді.

Моншақ- үлкендеу бисер, диаметрі 2 см.

Бисер- ұсақ, домалақ келген, диаметрі 2 мм- ден көп болмайды.

Стеклярус- ұзын таяқшалар, домалақ және көп қырлы.

Рубка- қысқа таяқшалар.

1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сабақты бекіту

20 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )

2 топ  жобаны жіктеу мен талқылау  барысында іс-әрекеттер жоспары жасалады, проблемаға талдау жүргізіледі. 

Қазір қолда не барын және нені істеу керек? 

Деген сұрақ төңірегінде пікір алмасады. 

 (Жұмыс барысында мұғалім мақсат коюға көмектеседі, жұмысқа түзету енгізеді).

 Зерттеу.

Жоба нұсқалары суреттермен, сұлбалармен, қысқаша сипатталармен қатар беріледі. 

Тақырып бойынша ақпарат жиналып, талқыланады. Бірлесіп талқыланғаннан кейін негізгі нұсқаны таңдап алады. 

Мұғалім іс-әрекеттер жоспарын жасауға көмектеседі. 

Жобаны дайындаудың технологиялық картасын құрастырады, құрал –саймандар,(сым,қайшы,моншақ.композиция ,т.б)материалдар іріктеліп алынады. Оқушылар көрсетілген дайын жобаларға талдау жасайды, болашақ бұйымға қажетті заттардың тізімін құрастырады. 

Жоба тақырыбын таңдап алуды негіздеу, идеяларды дайындау мен үздіктерін таңдап алу.

Оқушылар мұғаліммен бірге алға қойылған мәселелерді талқылайды. Өз жобалары үшін қажетті ақпаратты іріктеп алады. 

1.Зeрттeу жасайды

2. Cуреттермен, сұлбалармен, қысқаша сипаттамалар жүргізеді. 

2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )

Бисермен жұмыс істегендегі санитарлы-гигиеналық талаптар 1. Бисермен жұмыс істейтін жер өте жарық болуы керек. 2. Сапасыз бисерді қолдануға болмайды. 3. Көз тез шаршайтындықтан,көзге жаттығу жасап отыру керек. 4. Жұмыс істеу кезінде тік отыру керек. 5. Көз бен моншақ арасындағы қашықтық 30-35 см болу керек. 6. Бисермен жұмыс істегенде оны тәрелкеге салып,үстелдің үстіне қойған ыңғайлы. 

Керекті құрал – жабдықтар:

• Бисер түрлері; қайшы; жіңішке  сым; фарнитуралар(түйреуіш,т..б) ермексаз

Қауіпсіздік  техникалық  ережелeрін пайдаланады

бiлeдi


3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )

Шығармашылық  жобаны  таңдау.

Бүгінгі сабақтың мақсаты - шығармашылық жобада  бұйымды  таңдай білуге үйрену және бисермен тоқу техникасын жетілдіру. Жұмысты шығармашылықты түрде ұйымдастыру үшін сынып шағын топтарға бөлінеді, әрбір топ жұмыстың өздеріне бөлінген кезеңін атқарады, әрбібір топтың өз жұмыс орны, қажетті құралдары болады және мұғалімнің кеңесін ала алады. 

I-топ»Қызыл   моншақ»

II-топ»Жасыл  моншақ»

Жоба бойынша жұмыс. «Бақыт   ағашы»,»Түйреуіш  көбелек»

Жобаның көкейтестілігі.

Шығармашылық  жобамeн жұмыс iстeйдi


Үйге тапсырма

2 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )

Жұмысты аяқтау.

2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )

Басқа елдерде бисерлердің аталуы туралы мәлімет.

3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )




Бағалау

1 минут

Оқушыларды жиынтық бағалау


Суммативті

Кері байланыс

2 минут

Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі.

Формативті


Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?

2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?

3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?







Тексерілді:---------------------ДОТЖО

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №23

Сабақтың тақырыбы:. Бисермен тоқымашылық.

Мұғалімнің аты- жөні: Алтыбаева У.

Күні: 24. 02.17 ж

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Бисермен  жұмыстануда   шығармашылық   жоба  жұмысы туралы білім қалыптастыру.Моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.

Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады: Қауіпсіздік ережесін сақтайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқушыларға бисерден бұйым жасау әдістері туралы түсінік беру, үйрету

Кейбір оқушылар орындай алады: Бисермен бұйым жасау арқылы қол икемділігін

Тілдік мақсат:

Моншақ – бисер -

Ресурстар:

Слайд, суреттер, бір түсті мата, бисер түрлері, кергіш, ине, жіп, оймақ.

Пән. байланыс:

Бейнелеу өнері, математика, тарих, сызу

Алдыңғы оқу:

Бисер, моншақтар, металл, керамика, стеклярус

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийі

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)

Формативті

Үй тапсырмасын сұрау

10 минут

Сұрақ – жауап

  1. Бисер дегеніміз не?

  2. Бисермен қандай бұйымды әшекейлейді?

  3. Бисердің қандай түрлері бар?

  4. Бисер өріміне қандай материалдар қажет?

  5. Кестелеу үшін қандай канва және бисер қажет?

  6. Бисерді кестелеуге арналған қандай тігіс түрлерін білесіңдер?

  7. Қандай бұйымдарды бисермен кестелейді?

1. Сұрақтарға жауап берді

2.Өмірден мысал көрсетті

2-деңгей (қолну, талдау)

Үйдe бeргeн тапсырмалардың түснiксiз жeрiн бiргe талқылау




3-деңгей (ж/тау, бағалау)

Үйдe бисeрмeн жұмыс iстeп кeлгeн жұмыстарынан көрмe ұйымдастыру




Жаңа сабақ

8 минут


Бисермен тоқымашылық Англияда Викториандық және Эдвардиандық дәуірде кеңінен тарады, сондай- ақ Солтүстік Америка үндістердің рәсімдеу шараларына киетін киімдерін де бисермен әшекейлейтін болған. Оңтүстік африкалық зулустар бисер таспасын, мерекелік белдіктер мен жабуларды әшекейлеуге пайдаланылған.

       Бұйымға қадалған әрбір бисер түсінің өзіндік мағанасы болған, олардың үйлесімділігі  түстер тілінде сөйлеуге мүмкіндік берген. Бір жерден екінші «белдік- хаттар» беріп жібергенде, түстер үйлесімділігінен хат алушы бұл жақсы хабар ма әлде жоқ па бірден білетін болған.

       Енді бисер тоқымасы, негізінен, декоративті сипатта, алқа дайындауға (сырға,білезік), картина, панно, бонсай ағаштарын, түрлі гүгдерді, әртүрлі сүйкімді заттар жасауға қолданылады. Бисерден тоқылған гүлдер дүкенде өте қымбат тұрады,  оны біз өз қолымыздан да жасай аламыз. Бұндай гүлдерді, ағаштарды декоративті зат ретінде үйге қоюға және  сыйлыққа беруге болады.

        Бисерден гүл жасау үшін бізге сым, гүлдің түсіне сәйкес бисер және жапырағына жасыл түсті бисер,  жуан сабаққа арналған темір, жапсырма таспа, гүлді отырғызатын ыдыс, цемент, құм керек.

1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сабақты бекіту

20 минут
1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )

Бисер тақырыбы бойынша сұрақ беру.

1..Бисер дегеніміз не?
2. Бисерді ең көп шығаратын жерлерді ата?
3. Бисермен кестелеуге қандай талаптар қойылады?
4. Бисердің отаны?
5. «Бисер» сөзі қандай мағына береді?
6. Бисердің түрлері?
7. Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады?
Сұрақтарының жауаптары:
1. Бисер — ол кішкентай ортасында тесігі бар шариктер. Түстері әртүрлі. Құрамына қарай бисер шыныдан және металдан жасалған болып бөлінеді.
2. Бисерді ең көп шығаратын жер, Жапония.
3. Бисермен кестелеу ұзақ уақытты, шыдамдылықты талап етеді.
4. Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі түсті шыныдан үлкен моншақтарда жасаған.
5. «Бисер» сөзі арабтың «буера» сөзінен шыққан. Ол «ортасы тесік моншақ» деген мағына береді.
6. Бисердің түрлері: қарапайым жай бисер, стеклярус, рубка, богем бисері, Шорлот деп бөледі.
7. Әйелдердің, қыз — келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін кестелеуге, киімдерге, әртүрлі бұйымдар жасауға қолданады.

Өз ойын дәләлдеп берді

2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )

Бүгін, біз «Теңге ағашын» дайындап үйренеміз. «Теңге ағашы» яғни біздің өмірімізде кедергілер болмай, еңбек ете отырып, табыс көзін таба білуге, үнемі ақшадан тарлық көрмей, бай болайық деген мақсатта осы жұмысты жасауды жөн көрдім. Әр отбасында осы жасалған жұмыстарыңыз үйдің сәнін келтірері сөзсіз. Жалпы халықта осындай бұйымдарға байланысты түрлі ырымдар бар. Мысалыға «Теңге ағашы» ақша шақырады. Біздің теңге ағашымыз, сіздерге қолдау көрсетеді деп ойлаймын.




3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )

 Сарамандық жұмыс.                                     
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

Жұмысқа кірісер алдында бисерді қораптарға салып қойған жөн

1.Жұмыс киімін кию.

2.Баяу музыка әуені қосылады.

3.Қажетті құрал- жабдықтарды үстел үстіне дайындау.

Жұмысты жасау үшін ұсақ бисерлер 1-5 теңгелік тиындар, сым, қондырғы, қайшы, қылқалам, желім (ПВА), мата, гипс, ыдыс қажет (қалауларыңыз бойынша).

Арнайы теңгеліктердің шетін тесіп алу керек, ұсақ бисерлер, сым, лейкопластр немесе изолент, қондырғы.

Слайд арқылы жұмысқа кіріседі.

Теңге ағашын дайындау үшін сымға бір теңгелікті өткіземіз, арасына әдемі көріну үшін бисер теру керек. 10 немесе 15 бұтақ жасаймыз, әр бұтақтың сымдарын біріктіріп орап, қосып, лейкопластрмен ораймыз. Қондырғыға бұтақтарды жинаймыз. Бұтақтарды ыдыстың ішіне орналастырып, гипспен ПВА клейін араластырып, бұтақтарына жағамыз. Ыдысқа бұтақтардың жақсы орналасуы үшін гипсті суға араластырып құйып қатырамыз. Бұтақтарды сұр түспен бояп, әсемдейміз. Бұл «Теңге ағашын» сыйға тартуға болады.




Үйге тапсырма

2 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )




2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )




3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )




Бағалау

2 минут

Оқушыларды жиынтық бағалау


Суммативті

Кері байланыс

1 минут

Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі.

Не білдім?

Не үйрендім?

Не білгім келеді?




Формативті


Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?

2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?

3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?