Файл: Естай атындаы орта мектеп дістемелік зірлеме Математикалы апталыты таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Естай атындағы орта мектеп

Әдістемелік әзірлеме
Математикалық апталықтың тақырыбы:

«Математика - қызықты да сырлы әлем»

Материалды дайындаған: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы

Естай атындағы жалпы білім беру

мектебінің жоғары санатты математика

пәні мұғалімі

Ахметова Айсұлу Омаровна

Математикалық апталықтың тақырыбы: «Математика - қызықты да сырлы әлем»

Апталықтың ұраны : Оқы, біл, Үйрен!

Апталықтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ізденуге , алған білім қорларын пайдалана білуге баулу;

Тәрбиелік: тиянақтылыққа, жауапкершілікке, баулу, еңбек сүйгіштік, төзімділік , шыдамдылық қасиеттерін шыңдау;

Дамытушылық: Өз ойын еркін жеткізе білу, білім қорын молайту,өз мүмкіндігін пайдаланып шығармашылық бағытта жұмыс істеуге дағдыландыру, оқығанын білгенін,естігенін үйренгенін берік есте сақтауға дағдыландыру.

Көрнекілік:

Жүргізу әдісі: топпен, жекелей.

Жоспары:

1-күні . Эстафеталық жарыс.

2-күні. «Жұлдызды сәт».

3-күні.Не?. Қайда?. Қашан?.

4-күні. Көңілділер,тапқырлар отауы.

5-күні. Ауызша журнал - Тарихи мәліметтер.

6-күні . Айтыс.- Математикалық сандар айтысы

1-күні . Эстафеталық жарыс.

Эстафеталық жарыста оқушылардың математикадан білім деңгейін көрсету мақсатында қатысушыларға жас ерекшелігін, сыныбын ескере отырып тапсырмалар дайындалады. Жарысқа 5-6 оқушыдан тұратын екі топ қатысады. Алдын-ала топ жетекшілері тағайындалады. Топ жетекшілері өздерінің эмблемасын дайындайды, әр топтың аты, ұраны, өлеңі болады. Тапсырма жазылған парақша топ жетекшісіне беріледі,жарысты екі топтың жетекшілері бастайды, тапсырманы орындап болған соң әрқайсысы өз тобының келесі оқушысына береді. Тапсырмалар топтағы әр оқушыға жекелей нақты аты-жөнін көрсете жазылады,себебі қатысатын оқушылар әр сыныпты қамтитындықтан,берілетін тапсырма оқушының сыныбы бойынша өтілген оқу бағдарламасы негізінде құрылады. Жарысты ұйымдастыру барысында әділ қазылар алқасы тағайындалады, мұғалім мен бірге оларда төреші болып, жекеоқушылардың білімін бағалайды, соның негізінде топтың жалпы ұпайы анықталады, жоғары ұпай жинаған топ жеңімпаз деп танылады

2-күні. «Жұлдызды сәт».

Нұсқау: «Жұлдызды сәт» сайысын 3 тур негізінде ұйымдастырып өткізуге болады. 1-тур танымдық ой өрісін анықтайтын сұрақтар түрінде құрылып, тестік жауабы жазылған интеративті тақтада көрсетіледі. 2- тур оқушының математикалық есептеу дағдысын анықтайтын практикалық есептен; 3- тур финал. шығармашылық қабілетін анықтайтын тапсырма негізінде құрылады. Алдын ала « жұлдызшалар дайындалады, әр дұрыс жауапқа 5 «жұлдызша» таратуға болады. 1- тур нәтижесі бойынша көп жұлдызша жинағаны келесі турға өтеді, соңында жеңімпаз ойыншы финалға өтеді. Ойынға 4 оқушы қатысады.


1-тур тапсырмалары.

1.Математикадан «Ұлы математика курсы» атты оқулық жазған қазақтың ғалым профессоры кім?

А) Ә. Ермеков. В) Ә. Бөкейханов . С) М. Әбділдин .

2. Қазақтың халық әдебиетінің дамуына үлес қосқан және «Есеп құралы» арифметикалық оқу құралын араб харібінде жазған кім?

А) Қ. Бекхожин. В) М Дулатов. С)М. Жұмабаев.

3. 14- 15 ғасырда өмір сүрген Орта Азия математигі Ақсақ Темірдің немересі Самарқандта обсерватория ашқан кім?

А) Әл – Фараби. В) Әл- Каши . С) Ұлықбек.

4. «Пішіндеме» атты оқулық жазған қазақ ғалымы кім?

А) Е. Омаров. В)А. Байтұрсынов. С)Қ. Сәтбаев.

5.π мәнінің 150 ондық таңбасын анықтаған ғалым кім?

А) Пифагор . В) Диофант . С) Л . Эйлер

2-тур тапсырмалары.

2- тур. Оқушының математикалық есептеу дағдысын анықтайтын практикалық есептен құрастырылады.

3-тур тапсырмалары

« Математика» сөзінен жаңа сөздер құру.

Қортынды:Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаз анықталып , марапатталады.

3 – күні. Тақырыбы: Не? Қайда? Қашан?

Мақсаты: оқушыларды ізденуге үйрету, білімді өздігінен жинақтауға баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Жүргізілу , ұйымдастырылу тәртібі: Не? Қайда? Қашан?-«Білгірлер»отауы/Клуб»Знатоки»/ телебағдарламасының негізіне сәйкестендіріліп құрылған. Ойынға екі топ қатысады. Ойыншылар саны 10-12 аралығында болғаны қолайлы. Әр топтың жетекшісі таңдалынып бекітіледі. Әр қатысушыға жеке өз мүмкіндігін көрсете алатындай қатысушы санына сәйкес сұрақтар дайындалады. Ойынға түсетін сұрақтар конвертке салынады және нөмірленеді.

Сұраққа жауап беру үшін 1 минут уақыт беріледі. Стол үстінде конверттер шеңбер бойымен орналастырылады және ортасында бағыттауышы болуы керек, оқушы соны айналдырғанда қай конверт тұсына бағыттап көрсетілсе сондағы сұрақ талқыға шығады, жауабын топ болып ,ақылдасып , біреуі түсіндіреді. Арасында музыкалық үзіліс болып тұрады, онда оқушылар домбыра сүйемелдеуімен әндер орындайды.

Викториналық сұрақтар:

№1. «Алгебра» сөзі қай тілден алынған?

Жауабы: Әл- жебр деген араб сөзінен шыққан.

№2 . «Ақыл ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек» авторы кім?

Жауабы: Г. Галилей.

№3. Арифметиканы ғылым ретінде түсіндіріп баяндаған кімдерді білесің?

Жауабы: Эратосфен, Евклид, Диофант.

№4. Музыкалық үзіліс.

№5. Қазақтың үй тұрмысында қолданылатын сандық геометриялық фигура ретінде не?

Жауабы: параллепипед.

№6 Қазақтың тұңғыш арифметикаға арналған оқулығын кім жазған?



Жауабы: М Дулатов.

№7 . Музыкалық үзіліс.

№8. 1 қадақ ұғымын қазақ халқы не үшін қолданған?

Жауабы: 410 г мөлшеріндегі өлшем ретінде қолданған.

№9. Квадриллион не?

Жауабы: құрамында 24 нөлі бар сан.

№10 Миллион сөзі қашан шыққан?

Жауабы: 1500 жылы Италияда қолданылған.

№11. Бұл не? / конверт ішіне кітаб мұқабасы негізін бейнелейтін «кітапша» және оның қандай кітаб болуы мүмкін екендігін анықтайтын сызбалар жазылуы , сызылуы керек сол арқылы оқушы анықтай алады. /

Жауабы: біздің эрамыздан бұрынғы III – ғасырда жазылған грек математигі Евклидтің « Бастамалар» кітабы.

12. Жетіқарақшы қашан көрінеді?

Жауабы: Ол – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1,8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлды- зының сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады.
Жетіқарақшы наурыз, сәуір айларында жақсы көрінеді.

Қортынды:

Соңында жеңімпаз топ анықталынады. Ойын барысын, апталық барысында, тағайындалған әділ - қазы алқасы бағалап, қортындысын шығарып отырады.
4- күні. Көңілділер,тапқырлар отауы

Көңілді тапқыштар жарысына екі топ « Зерде», «Зерек» қатысады.

Жарыстың мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа, тез ойлануға, өзінің және топтың мақсатын қорғай білуге баулу, шығармашылық мүмкіндігін дамыту.

Ойын жарыс түрінде жүргізіледі Жарыстың шарты: әр топтың өзінің төсбелгісі, әні, ұраны болу керек,арнайы қарсылас топ бір-біріне өлең шумағымен сәлемдесу арнайды, сол сияқты сәлемдесу әділ қазылар алқасына да және көрермендерге де арналуы мүмкін.

Жоспары:

  1. Топтардың таныстыруы.

  2. «Көңілді санамақтар»..

  3. Топ жетекшілерінің сайысы.

4)Ойымды жалғастыр сайысы.

5)Ребус шешу.

6) Қорытындылау.

Жарыстың жүргізілу барысы:

1- Жүргізуші : Құрметті оқушылар, қонақтар бүгін біз сіздермен бірге Математикалық КТО тамашаламақпыз.

2- Жүргізуші : Бүгінгі сайысқа « Зерде», « Зерек» екі топ қатысады Жарыс барысын саралап отыру үшін әділ қазылар алқасын сайлап алуымыз керек. Әділ –қазылар сіздер бүгінгі сайыстың әділ бағасын берер деп сенеміз.

  1. Жүргізуші : Сайысты бастау үшін ортаға Зерек тобын шақырамыз./ортаға әр топ саппен шығады, атын ,ұранын таныстырады /

Біздің топ: ЗЕРЕК.

Біздің ұран: ОҚЫ, БІЛ, ҮЙРЕН; ЖАМАННАН ЖИРЕН.

Біздің ән: 1. Білімге сүйеніп, ерекше күйге еніп,

Жарысты бастаған тобыма қарашы


Жарысқа келгенде, алдыңа жан салмас

Жеңісті біздерден ешкім де ала алмас

ҚАЙЫРМАСЫ :Мектептің біз ұланымыз

Есепке біз жүйрік

Тайсалмай шық , Зерек тобы

Жарысуға қарсы топпен.

2.Жігерін жанытып, білімін танытып

Келдік біз ортаға намысты ту қылып

Сеніммен жеңіске ие боп кетем деп,

Ән салдық әуелей даланы жаңғыртып.

ҚАЙЫРМАСЫ:

Сәлемдесу : « Зерек» тобынан қарсылас топқа.

Хош келдің Зерде тобы

Жарысуға Зерекпен

Апталықты жақсы бастап

қуанышпен аяқтайық

Зерек тобынан Зерде тобына

Жалынды мың сәлем!

Сәлемдесу : Әділ -қазылар алқасына

Уақыт бөліп біздер үшін

Тамашалап көрдіңіздер

Жетістікпен , кемшілікті

Әділ сынап баға беріңіздер

Әділдікке істерімен баулыған

Әділ -қазы алқасына

«Зерек» тобынан мың сәлем!

  1. Жүргізуші: Ортаға екінші топты «Зерде» тобын шақырамыз.Олар өздерінің тобымен сахнаға сап түзеп кіреді тобын, ұранын таныстырады , өлеңін шырқайды.

Тобымыз:»Зерде»!

Ұранымыз: Есепшіл біз жас ұлан, зерделі боп жүреміз!.

Әніміз:

1.Білімін танытып, жігерін жанытып

Біз келдік ортаңа баршаңды қуантып

Сайыстың межесі, жеңістің жебесі

Қолда деп сенеміз бүгінгі белесте.

Қайырмасы:

Әділдік қыраны шарықта

Адалдық, бірлікке шақыра

Көрермен сенеді «Зердеге»

Зерденің қуаты сендерде

2. Біз топпыз үнемі жеңіспен көз ашқан

Жеңістің жолында жасыман сөз бастар

Сеніммен жеңіске ие боп кетем деп

Ән салдық, осылай даланы жаңғыртып.

Қайырмасы:

3. Жеңілсең Зерегім жасыма

Жеңдім деп және де тасыма

Сабырлы жетер де мұратқа

Сабырсыз қалмай ма ұятқа.

Сәлемдесу қарсылас топпен:

Бәрекелді Зерек жандар

Кездерің жоқ жасыған

Ұшқыр ойға біз дағы

Құрметпенен бас ұрған

Бұл ізденіс құп алар

Үлкен кіші қуанар

Әрқашанда осылай

Сынасуға сайысқа « Хош келдіңіз» дейміз біз!.

Сәлемдесу әділ- қазылар алқасына:

Армысыздар әділ- қазы алқасы

Әділдік сұрап сіздерден

Тілек қылар баршасы

Сынасуға сайысқа шықты Зерек, Зерделер

Сайысқанды бағалап

Қортындысын көретін

Әділ баға қоятын

Әділ қазы алқасына мың сәлем!

2-жүргізуші : Сіздердің барлықтарыңыз1- тапсырмадан сүрінбей өттіңіздер,өз топтарыңыздын намысын қорғап шықтыңыздар . Енді кезек 2- тапсырма. «Көңілді санамақтар». Сіздер тез өздеріңіздің тапсырмаларыңызды орындап , жауабын айтуға тиістісіздер. / Төмендегі өлең шумақтары әр топқа таратылып беріледі/


Түйе, бота маң басқан Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан Төрт аяғын тең басқан

Бие бар құлын емізген Шұнақ құлақ бір ешкі

Қос ешкі туған егізден Қос лақты қос ешкі

Үш қозы мен екі қой Төрт қозылы екі қой

Бәрі қанша ойлап қой. (15) Бәрін бірге санап қой. (15)

«Кәне есептеп тапшы»

Біздің үйде қалада

Түрлі-түрлі маман бар

Мен айтайын даралап

Кәне сендер санаңдар

Талай алған бәйгені

Бір ақын әйгілі,

Екі ғалым- биолог,

Үш инженер геолог,

Білер жаста, кәріде

Төрт тамаша дәрігер,

Бес белгілі артист бар,

Алты шофер- таксист бар.

Берер бізге көп тәлім,

Жеті көрші мұғалім.

Бізге киім тігуші,

Сегіз тәтей тігінші.

Зәулім үйлер салатын

Тоғыз маман құрлысшы,

Жастар үлгі алатын.

Он құрметті жұмысшы,

Бәрін қосып санаңдар.

Үйде қанша маман бар.? Жауабы: 55 маман бар.

1-жүргізуші: Сіздердің барлықтарыңыз есепке жүйрік , тез есептей алатын алғыр екенсіздер. Ендігі кезек топ жетекшілеріне келді. Сіздер бір-бірлеріңізбен сұрақ алмасып,берілген сұрақтың жауабын айтасыздар./ 3- тапсырма орындалады/

3 тапсырма. Топ басшылары сұрақ алмасады, жауабын береді.

2-жүргізуші: Міне топ басшылары да өздеріне артылған сенімді ақтап шықты деп ойлаймын. Енді келесі 4- тапсырмаға назар аударайық.

4-тапсырма. ««Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

7. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді).

1-жүргізуші: Сіздердің барлықтарыңыз мақалды біледі екенсіздер. Келесі тапсырмаға көшейік. Ол 5- тапсырма Ребус шешу.

5- тапсырма Ребус шешу. Әр топ қарсыласына математикалық ойлы сөз жасырылған ребус ұсынады . Нақыл сөздің авторын білсе бірге айтады. Мына нақыл сөздерді жасыруға болады.

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М.В.Ломоносов)

6. Қортынды жасалынады . Жеңген топ анықталынады.
5-күні . Ауызша журнал- « Тарихи мәліметтер»

Ескертпе:

« Ауызша журнал» оқушылардың математикадан тарихи мәліметтерді де оқуына, танысуына мүмкіндік береді. Әр сыныпта белгілі бір тарауды өткеннен кейін оларға« Тарихи мәліметтер» арналады. Көбіне оқушылар оған мән бермейді