Файл: Естай атындаы орта мектеп дістемелік зірлеме Математикалы апталыты таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тамашаға қарайық

Талабыңды ашатын

Өзіңді ойға салатын

Айтыс дәстүр жаңғырсын

Ойымыз жыр боп таңға ұрсын

Білмек болсаң сырымды

Мен айтайын жырымды

Санау менен басталған

Сонау ерте заманда

Бірлік болса өмірде

Жалғасады тірлігің

Сенің менсіз күнің жоқ

Екеуміз бірге көлдейміз

Жеке тұрсақ шөлдейміз

Сөзіме құлақ сал деймін

«Нөл» жауап сөзі:

Сөзіңе құлақ салайын

Танығаның меніде,

дұрыс болған шырағым

Ал тыңдасаң мені де тарқатайын шерімді

Айтылмаса сөз жетім

Тыңдаушысыз мен жетім

Сөзіме құлақ сал құрбым

Санды нөлге бөлмеймін

Бөлгенді жөн көрмеймін

Білмесең енді біліп қой

Ешқандай үлес бермеймін

Нөлді санға бөлемін

Бөлгенді жөн көремін

Нөл-нөлден үлес беремін

Қосылып санды өсірмей

Шегеріп санды өшірмей

Көрсеткіш болсам қай санға

Бірлікке қана кешірім

Әділ кеңес құрамын

Әділдік менің ұраным

Қашанда әділет болсын деп

Теріс сан мен оң санның

Іргесін бөліп тұрамын

Ал , кәнекей «Бірлік жан»

Осыған дауың барма екен.

«Бірдің» жауап сөзі: Сөзіңе құлақ саламын

Танығаның мені де ,

Дұрыс болған шырағым.

Көп мақтасаң өзіңді

Кемістігің байқалар

Нөл деген құр атағың

Жоқпен бірге пара- пар

Ал мен кіші болсамда

Білдіремін бір затты

Санға қосса «бірді»

Көбейгені тірлігі

Саннан «бірді» шегерсең

Азаяды несібең

Ешкімге намыс бермеймін

Санасады менімен

Көбейтуде, бөлуде

Сен сияқты өшірмен

Көрсеткіш болсам кей санға

Санасады бәріде

Сый құрметпен әлі де.