Файл: Естай атындаы орта мектеп дістемелік зірлеме Математикалы апталыты таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 21
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
. Ал апталыққа қатысушы оқушы осының бәрін ескеруі қажет. Тарихи мәліметтерді дайындау кезінде жас ерекшелігі, сыныбы ескеріледі. Төменде 6 сынып оқушылары дайындаған тарихи мәлімет берілді.
Санау жүйелері және теріс сандар туралы тарихи мәліметтер
Сан ұғымы – математика ғылымындағы ең негізгі ұғымдардың бірі.
Адамзат мәдениет есігін аша бастағанда математикадағы ең бірінші амал нәрселерді санау болды.
Нәрселерді санаудың нәтижесінде натурал сандар шыққан. Сандарды белгілеу үшін жасалған таңбалар цифрлар деп те аталады. Цифрлар:1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 0. Бұл цифрлар алғашқыда Үнді (Индия) елінде қолданылған, бірақ Еуропаға бұл цифрларды арабтар әкелген. Осыдан бұл цифрлар араб цифрлары деп аталған. Осындай цифрлардан сандар құрастырылып, олар белгілі бір тәсілмен аталып таңбаланған. Сандардың аталуының және таңбалануының жалпы тәсілін санау жүйесі деп атайды. Австралия және Полинезия тайпалары бір мен екі сандарынан үшті, төртті, бесті, алтыны құрастырған. Алтыдан артық сандарды «көп» немесе «сан жетпес» сандар деген. Мысалы: бірді – урапун, екіні- оказа, үшті- оказа- урапун, төртті- оказа- оказа, бесті- оказа- оказа- урапун, алтыны- оказа- оказа- оказа деген. Дүниені, табиғат құбылыстарын зерттеудегі қажеттіліктен адамзат сандарды атаумен қатар, жазуға да үйренген. Әр түрлі халықтар цифрларды әр түрлі таңбалармен белгіленген. «+» және « -« таңбаларын бірінші рет 1489 жылы чех ғалымы Я.Видман енгізген. Одан кейін көбейту таңбасы енгізілген. Көбейту амалының «×» таңбасын 1631 жылы ағылшын математигі Уильям Оутрет (1574-1660) , ал «*» таңбасын 1698 жылы неміс ғалымы Г.В.Лейбниц (1646-1716) енгізен. Бөлу амалының «/» таңбасын алғаш рет, 1684 жылы неміс ғалымы Г.В.Лейбниц енгізген, ал бөлу амалын бөлшек түрінде жазудың «-» таңбасы У.Джонстың (1675-1749) еңбектерінде пайдаланылған. Теңдік («=») белгісін 1557 жылы ағылшын дәргері Роберт Рекорд енгізген. Теңсіздік (< және >)белгісін Гарриот Томас (1560-1621) енгізді .
Римдіктерде бестік жүйемен санау қалыптасқан. Сандарды Рим цифрларымен жазуда осы бестік жүйе қолданылған :бір –I, бес-V, он- X, елу- L, жүз- C, бес жүз-D, мың-M таңбаларымен белгіленген. Рим цифрларымен жазуда қосу, азайту принциптері қолданылады. Қазіргі кезеңдерде қолданылатын халықаралық санау жүйесі –ондық жүйе.
Үнді математиктері де теріс сандарды VІІ ғасырда ғана қолдана бастады. Ал Еуропада теріс сандарды ХІІ –ХІІІ ғасырларда ғана қолдана бастады. Француз математигі Рене Декарт (1596-1650) 1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берді.
6- күні .
Айтыс.
Айтыс қазақтың ежелден келе жатқан өнері Айтыс өнері арқылы шешендікке, ой- өрісін жетілдіруге, өздігінен ізденуге, өнерге баулуға болады. Айтыс мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылады. Айтысты өткізу үшін дауыс, айту мәнері жақсы домбырада ойнай білетін оқушы таңдалынып алынады. Оқушымен алдын –ала дайындық жасалады. Айтыс тақырыбын математиканы сандар әлемінде оның қыр –сырын түсіну үшінде, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында да ұйымдастыруға болады. Айтыс мәтінін өзім құрастырам және қабілеті бар деген оқушыларға дайындауға беремін. Төменде оқушылармен жүргізілген айтыстың жоспары берілді.
Жоспары:
1. Математикадағы ұлы тұлғалар жайлы айтыс
/Айтыскер қыздар Кожахметова Гүлсім , Турғанбекова Толғанай/
2.« Салақ жаман оқушы мен тәртіпті жақсы оқушының айтысы»
/Айтыскер қыздар : Рахымжанова Балжан, боздаева Айнур/
3. «Рационал сандар –оң және теріс сан айтысы»
4.«Нөл мен бірдің айтысы»
Айтыстың беташарын жүргізуші ашады:
Кел, келіңдер балалар
Тамашаға қараңдар
Шақырады сіздерді
Үлкені мен кішісін
Математика әлемі
Шақырады біздерді
Өнер білім керек қой
Талап ,мақсат алдыңа қой
Есеп білсең өмірде
Ұтылмайсың , ұтасың
Заман қазір есепті
Алға тартып кеңінен
Нарық заңы қатал ғой
« Есеп» керек бәріне
Ел дәулетін артырар
Үміт арттық сіздерге
Есеп сүйгіш өрендер
Шақырайық ортаға
Қыздарымды айтыскер
Гүлсім және Толғанай
Айтыскер қыздарымыз ортаға шақырылады.
Толғанай:
Ассалаумағалейкум халқым менің
Иіліп сәлем беру салтым менің
Математика апталығы құтты болсын
Ойлары оқушылардың жаңалыққа толсын
Әрқашан еңбектері жемісті боп
Ежелгі гректердей мықты болсын
Талай ғалым тер төккен біздер үшін
Оқып , білсін , үйренсін ғылым үшін
Үйреніңдер білімді ,іздеңіздер
Ал достым айтыскер Гүлсім деген
Екеумізде әр топтың басшысымыз
Жауап берші бірнеше сауалыма
Хабарың барма сенің тарихи мәліметтен
Сүйікті алгебра пәніміз
Қай уақытта әлемге әйгілі болған
Алғаш рет алгебраны зерттеп жазған
Білсең кім, айтшы достым аты –жөнін
Гүлсім:
Ассалаумағалейкум халқым менің
Иіліп сәлем беру салтым менің
Басталды міне апталықта
Жыр –шашуды мен дағы ала келдім
Ат қойдық тобымызға «Зерде» атты
Зерделеп отырсын деп әрбір затты
Бұл топта есепші мен әншілер бар
Кеудесі алаулаған, жалындаған
Зерденің әрқашанда орны бөлек
Баршаңа басын иіп тұрар ерек
Зерекпен енді міне сайысуға
Дайын тұр көкке ұшатын қырандай боп
Ал достым сауалыңа жауабым дайын менің
Сұрадың алгебра жайлы мәліметті
Айтайын мәлім етіп жауабын бұл сұрақтың
Алгебра пәніміз IX ғасырда әйгі болған
Алғаш рет алгебраны зерттеп жазған
Білсем мен әл- Хорезми болған еді
Қарсылас Толғанайым қалың қалай?
Отырмысың айтысуға жаның қалмай
Білсең сен сұрағыма жауап берші
Пифагор кім, неліктен ғылымда аты қалды?
Толғанай:
Жауабыңа сүйсіндім замандасым
Сен де оңай беріспес жеңісті қолдан дедім
Сауалың орынды, ізденгенің көрінді
Кім білмейді атақты Пифагорды
Теоремасы үшбұрышқа қойылды
Ашқан жаңалық теоремасы үшін
Ертеде 100 өгіз де сойылды
Жауабыма толса көңілің
Азда болса сұрағыма уақытыңды бөлгін
Хабарың барма сенің теңгелерден
Ақын , жырау, күйші, батыр бейнеленген
Қазақтың төл ақшасы теңгелерден
Айтшы білсең 20 мен 10 теңгеде
Бейнеленген кім 100 теңгеде?
Гүлсім:
Сауалыңа жауабым дайын құрбым,
Кім білмейді қазақтың төл теңгесін
Кім білмейді Абайдай ұлы ақынды
Бейнесі бедерленген 20-қ төл теңгеде
Алгерамен әлемге әйгі болған
Төл теңгеде бейнесі жарқыраған
Әл- Фараби есімін кім білмейді
1 теңге мен 100 теңге белгісінде аты қалған
Білгенімді жасырман , айтайын ойды анығынан
10 теңгеде бейнесі бар шоқ жұлдызымыз Шоқан аға ғой.
Жауабым көңіліңе ұнаса
Сауалым бар өзіңе ұнаса
Біз міне 21-ғасыр ұрпағымыз
Ойлансаң ой тоқтатып, өткен күнге
Бабалар ерте кезде санауды
Есептеуді қалай білді?
Толғанай:
Бабалар ерте кезде санағанда
Ұсақ таспен , есепшот пайдаланған
Кейіннен тәжрибе толыққан соң
Абакты есеп шоттай ойластырған.
Гүлсім :
Жарайсың, айтыскер ақын құрбым
Жүйріктігің айтыста көрінді тым
Осыменен аяқтайық енді біз
Келесі кездескенше аман болыңызшы, сіз.
Жүргізуші: Сіздердің ендігі тамашалайтыныңыздар:
« Салақ жаман оқушы мен тәртіпті жақсы оқушының айтысы»
-Айтып қойшы қарағым
Қандай боп жүр сабағың
Жайын біліп қояйын
Сендей салақ баланың.
Сөзім тыңда, қарағым
Мен секілді баланың
Сен осында қаласың
Мен Арттекке барамын
-Айналайын көкешім
Тәртіпті айтып нетерсің
Сендердердегі Серікбай неге жарды шекесін
-Портфельіне барып жүр
Төс қалтасын бағып жүр
Сендердегі Сембайдың
Қалтасында наны жүр
-Оқысам оқу ұқпаймын
Майдай болып жұқпаймын
Маған оқу не керек
Деп әндетіп тағы жүр .
-Арамыздан осылар кетсін десек балалар
Тәртіпті біз нығайтып
Салақтар мен жамандарды арамыздан қуайық.
Жақсы оқып ,көңілге тоқып
Ел ертеңі болашақтың жастары
Зерделі ,зерек біз болайық!
Қортынды: Айтыс қортындысы шыққанға шейін тақпақ тыңдалады, жұмбақ шешіледі.
Тілдесер табиғаттың тілі де есеп
Көз тартар сұлулықтың сыры да есеп
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап
Алдыңнан қалмайды екен тіріде есеп
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,
Космос кораблі, атылған тас
Аққан су, соққан дауыл, айналған жер
Бәрінің заңы есеп екені рас
Сондықтан табиғаттың сырын терең
Деушіге оқып, зерттеп білем, көрем
Демесең болсын егер еңбегің еш
Әуелі есепті оқып үйрен.
«Рационал сандар –оң және теріс сан айтысы» үлгісі
Оң сан: Ассалаумағалейкум! Халқым менің
Иіліп тағзым беру салтым менің
келдім мен сонау алыс елден ерек
Берейін деп өзімнен бірер дерек.
Жөімді менің сұрасаң
Қлағың сал сөзіме
Сонау ерте заманнан
Ашылыпты сырларым
Оңтүстікте оң жақта
Мекндепті оң сандар
Қызмет еткен әр түрлі
шендері бар әр қилы
Бірліктер мен , ондықтар
Жүздіктер мен мыңдықтар
Мың- мыңдаған ел екен
Сонау алыс түкпірде
Миладерлер тұрыпты
Миллиондармен бірігіп
Сапасы көп, саны көп
Шетсіз , шексіз ел екен
«Натурал» оның ханы екен
Амалдары тағы бар
Қосу, азайту, көбейту
Бөлінеме, өсеме
Ол ырыздығы өзінің
Мен осылай жөн айтсам
Кезегімді өзіңе берейінші
Сеніде бір тыңдап көрейінші.
« Теріс сан» сөзі: Ау, халайық, халайық
Айтыс өнер салтым-ай
Өнер сөзді қастерлеген халқым –ай
Мен өзіңдей замандас
Алыс елден ерек
Берейін деп дерек
Қарсы жақтан келгенім-ай
Жөнімді егер сұрасаң
Құлағың сал сөзіме
Сонау ерте заманнан
Мекенім еді солтүстік
« борыш», «қарыз»,» берешек»
Сөз төркіні ерекше
Бізге туыс «блекше»
« Алым- берім» әр түрлі
Билігіме бас ұрған
«Теріс сан» едім әйгілі
Бабаларым ер еді
Елін, жерін қорғаған
Шетсіз, шексіз мекені
Миллионер мен миллиадер
Бізде де бар еді.
Түбі туыс, тегі бір
Түп тамыры тереңде
Аталарымыз болыпты
« Рационал сандар»елінен
Қандай соған жауабың бар құрбыжан.
Оң санның жауап сөзі: Сөз кезегін бердің сен
Сөз маржанын тердің сен
Қиыстырып қиыннан
Жиыстырып жиыннан
Толғауыңды толғайсың
Еліңді сен қорғайсың
Өіңнен мін таппайсың
Неғұрлым сен теріске
Кетсең егер шығандап,
Соғұрлым күшің азаяр
Білесің бе оны сен
Теріс жан –ау, теріс жан.
Түп , тегіміз бір дейсің
Оны мен білмейді деймісің
Суға кеткен тал қармайды
Жеті атамды білмесем
Айып маған «терісжан»
Өз атымды сұрасаң
Тегімді мен өшірмен
«Оң» сан болар нысыпым
Ал өзіңді тыңдайық
Құрбыжан-ау замандас.
Теріс санның жауап сөзі:
Қарсы келген аттасым
Оңтайы келсең жоқ етер
Ептілігім тағы бар
Силағанға сиым бар
Үлкендерді тыңдайтын
Әдеті бар , салты бар
Жақсылықты жырлайтын
Әдебі бар халқымның
Қиындықтан , қашпайтын
Дауға бір баспайтын
Ұланы бар өзімдей
Қиыр кетсем шығандап
Елім, жерім қамы ұшін
Кішілік танытсам
Білерлігім ол менің
Дауың болса , айт құрбым
Төзімдік менің ұраным
Ту қылып шыңға шығамын
Кезегімді өзіңе берейінші
Сеніде бір тыңдап көрейінші.
Оң санның жауап сөзі:
Сөз кезегін бердің сен
Сөз маржанын тердім мен
Ойымды менің ұқпадың
Мендей болып шықпадың
Сес көрсеттің өзіме
Махамбеттей жырладың
«Қайраңнан алған шабақтай
Жоқ етем»- деп қоймадың.
Жеті атамды білмесем
Айып маған құрбыжан
Түп атамыз «Рационал сан»
Тармақтары «оң» және «теріс»сан
Натурал мен бүтін сандар
Жай бөлшек пен ,ондық бөлшекке
Ұсақталып бөлінсе де
Ортасында төбе би»нөл»
Содан бері бақылап бәрін тұрады.
Бірлігіміз жарасқан
Тату - тәтті елміз , ағайын
Осыменен айтысты тамамдайық
Төрелігін біз сіздерге қалдырайық
Нұсқау: Әр жұп айтыстан кейін оқушылардың ән орындауына, жатқа мәнерлеп ақындардың өлеңдерін оқуына болады. Соңында әділ қазылар алқасы нәтижесін шығарып жеңімпазды анықтайды.
«Нөл мен бірдің айтысы» үлгісі
«Нөл» сөзі: Атым менің нөл деймін
Білмеске тақыр шөлдеймін
Бірлікке тізіп тіркесе
Таусылмайтын көлдеймін
Мінезімде қате жоқ
Ой жетпеске мен жетем
Көбейтсеңіз сан мыңмен
Дәл өзімдей нөл етем
Ал»Бірлікжан» өзіңде
Қандай тірлік бар енді
Сөз кезегін өзіңе
бергенім менің жөн енді.
«Бір» сөзі: Ей халайық, халайық