Файл: леуметтану пні бойыша ОУдістемелік кешен.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 116

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2. Білім беру әлеуметтануының жалпы теорияларды талдау

3. Білім беру әлеуметтік институт ретіндегі көрсеткіштерін сараптау.

4. Тақырып бойынша слайдтар жасау

Өткізу формасы – слайдтарды ауызша талқылау.

Әдістемелік нұсқаулар:

1.Міндетті түрде білім беру әлеуметтануының пәндік деңгейін анықтап, оның басқа ғылымдармен пән аралық байланысын және арнайы социологиялық теориялармен байланысын көрсету.

2.Білім берудің әр түрлі үлгілерін салыстырыңыз (экстенсивті, продуктивті и интенсивті). Оның ішінде қайсысы приоритетті және неге?

3.Өзіңіздің тобыңызда немесе потокта ЖОО-на және осы мамандықты таңдаудағы мотивацияны анықтаңыз. Студенттердің оқуға деген қызығушылық деңгейін көрсетіңіз

4.Білім берудегі гуманизация және гуманитаризация процесінің мәні мен қажеттілігін түсіндіріңіз және ұғымдардың ұқсастықтары мен айырмашылығын ажыратыңыз.

5. Біздің еліміздегі білім беру реформаларына сипаттама беріңіз (білім берудегі басқару, оның құрылымы оқу процесіндегі өзгерістер т.б.). Болон процесінің Қазақстанның білім беру институтына ықпалын көрсетіңіз.

Негізгі әдебиеттер: 5, 6, 10, 12, 16, 20, 23, 24, 27, 30, 31, 42, 43, 45, 49, 50, 59, 61, 62, 66, 68, 71, 74, 79, 88

Қосымша әдебиеттер: 1, 5, 6, 37, 52, 63, 66, 81, 82
Тақырып 4.5. Гендерлік әлеуметтану

Тапсырмалар:

1. «Жыныс» және «гендер» ұғымдарды салыстыру.

2. Қазіргі қоғамдағы феминизм мәселені талқылау.

3. Гендерлік теңсіздік бойынша эссе жазу.

Өткізу формасы – жазбаша бақылау жұмыс және аузша топтық талқылау.

Әдістемелік нұсқаулар:

1.Міндетті түрде «жыныс» және «гендер» ұғымдарын қарастырып, оған сипаттама беру.

2.Батыс Еуропа мен АҚШ-тағы феминизм қозғалысының қалыптасуының алғы шарттарын қарастыру. ұғымын анықтап, оның түрлерін көрсету.

3.Гендерлік теңсіздік құбылысын қарастырып, қазіргі қоғамдардағы оның әлеуметтік құрылымға ықпалын сипаттау.

4.Гендерлік келісімнің түрлерін анықтап, сипаттау.

5. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың жүзеге асыру ерекшелігі.

6. Қазіргі Қазақстан әйелдерінің әлеуметтік-саяси белсенділігін талдау және олардың белсенді сайлау құқығын қолдануын сипаттау.

Негізгі әдебиеттер: 5, 6, 10, 12, 16, 20, 23, 24, 27, 30, 31, 42, 43, 45, 49, 50, 59, 61, 62, 66, 68, 71, 74, 79, 88

Қосымша әдебиеттер: 33, 34, 35, 110, 113
Тақырып 4.6. Жастар әлеуметтануы

Тапсырмалар:

1. Жастар әлеуметтануының пәнін анықтау.

2. Жастар әлеуметтік топ ретіндегі белгілерін көрсету.


3. Жастар субмәдениетінің мысалдары бойынша слайд жасау

Өткізу формасы – слайдтарды талқылау, баяндама жасау.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Міндетті түрде жастар әлеуметтануының пәндік деңгейін анықтап, оның басқа ғылымдармен пән аралық байланысын және арнайы социологиялық теориялармен байланысын көрсету.

2.Жастарды әлеуметтік топ ретінде қарастырып, оның құрылымы мен оны оқытудың практикалық мәнін анықтау.

3.Бірнеше жастар субмәдениетін қарастырып, оларға сипаттама беру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдау (готтар, джанглистер, индилер, металлистер, панкитер риветхедтер, растамандар, рэйверлер, рэперлер, скинхедтер, эмолар, кибер-готтар, нудистер, антифалар, битниктер, хиппилер, гопниктер, люберлер, ультрастар, футбол хулигандары).

4.Қазіргі Қазсқастан қоғамындағы жаңа субмәдениеттер мен котрмәдениеттердің қалыптасуын талдау және олардың үстеметуші мәдениетке әсчерін сипаттау.

Негізгі әдебиеттер: 5, 6, 10, 12, 16, 20, 23, 24, 27, 30, 31, 42, 43, 45, 49, 50, 59, 61, 62, 66, 68, 71, 74, 79, 88

Қосымша әдебиеттер: 52, 63, 66, 81, 92, 105

Тақырып 4.7. Коммуникация әлеуметтануы

Тапсырмалар:

1. БАҚ әлеуметтануының пәнін анықтау

2. Қазіргі қоғамдағы бұқаралық ақпарат ұғымы мен мазмұнын ашу.

3. БАҚ-тың әлеуметтік институт ретінде қоғамда алатын орнын бейнелеу.

4 Қазіргі Қазақстандағы қазақ тіліндегі мерзімді басылымдардың тізімін жасап, кесте толтыру:

Басылымның атауы

Негізгі ұстанатын бағыты

Потенциалды оқымандары




















Өткізу формасы – ауызша сұрау және бақылау жұмыс.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Міндетті түрде БАҚ әлеуметтануының пәндік деңгейін анықтап, оның басқа ғылымдармен пән аралық байланысын және арнайы социологиялық теориялармен байланысын көрсету.

2.Бұқаралық ақпаратқа анықтама беріп, оның сипаттамасын талдау.

3.БАҚ-қа әлеуметтік институт ретінде анализ беріп, оның құрылымын анықтап, қызметін көрсету және басқа да әлеуметтік институттармен, яғни мемлекетпен, экономикамен, саясатпен, мәдениетпен және т.б. байланысын көрсету.

4. Қазақстанның «БАҚ туралы» заңын талдау және Ғаламтордың рөлін айқындау.

Негізгі әдебиеттер: 5, 6, 10, 12, 16, 20, 23, 24, 27, 30, 31, 42, 43, 45, 49, 50, 59, 61, 62, 66, 68, 71, 74, 79, 88



Қосымша әдебиеттер: 6, 11, 15, 22, 23, 24, 25, 26, 36, 37, 38, 42, 45, 46, 55, 56, 64, 75, 78, 81, 82, 91, 96, 97, 111
Тақырып 4.8. Дін әлеуметтануы

Тапсырмалар:

1. Дін әлеуметтануының пәнін анықтау

2. Дін әлеуметтануының негізгі концепциялары бойынша кесте құру.

3. «Дін әлеуметтік институт ретінде» атты реферат қорғау

4. Қазіргі қазақстандағы діни конфессиалар туралы слайдтар жасау.

Өткізу формасы – реферат дайындау, слайдтар дайындау.

Әдістемелік нұсқаулар:

1.Міндетті түрде дін әлеуметтануының пәндік деңгейін анықтап, оның басқа ғылымдармен пән аралық байланысын және арнайы социологиялық теориялармен байланысын көрсету.

2.Дін әлеуметтануының негізгі концепцияларын қарастыру: О.Конттың, Э.Дюркгеймнің; М.Вебердің, Т.Парсонстың; П.Бергердің.

3.Дінге әлеуметтік институт ретінде анализ беріп, оның құрылымын анықтап, қызметін көрсету.

4. Жаңа діни ағымдардың қалыптасуы мен олардың жеке адам өміріне, бағытына әсері қарастырылады.

Негізгі әдебиеттер: 12, 15, 16, 19, 23, 24, 27, 31, 43, 45, 49, 53, 61, 68, 88

Қосымша әдебиеттер: 29, 31, 32, 37, 47, 48, 49, 57, 60, 67, 68, 88, 89, 90, 113, 115, 125
Тақырып 4.9. Әлеуметтік шиеленістер және оларды шешу жолдары.

1. Әлеуметтік шиеленістер ұғымы және оның түрлері.

2. Қазіргі кезеңдегі әлеуметтік шиеленістердің ерекшелігі.

3. Әлеуметтік шиеленістерді шешудің жолдары мен әдістері.

Тапсырмалар:

1. Әлеуметтік шиеленіс ұғымын оның субъектісін, объектісін қарастыру.

2. Әлеуметтік шиеленіс теорияларына анализ жасап кесте құру (К.Маркс, Л.Козер, Р.Дарендорф т.б..).

3. Шиеленіс эволюциясының кезеңдерін қарастыру.

4. Қазіргі кезеңдегі кеңістік, этникалық, діни және мәдени шиеленістердің ерекшелігін анықтау.

5. Әлеуметтік шиеленісті шешу жолдары мен әдістерінің үлгісін жасау.

6. Этнос аралық және діни әлеуметтік қақтығыстардың пайда болуын және ағымын көрсету.

Өткізу формасы – ауызша сұрау, жазбаша бақылау

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Әлеуметтік шиеленіс ұғымын оның субъектісін, объектісін қарастыру.

2. Әлеуметтік шиеленіс теорияларына салыстырмалы анализ жасау (К.Маркс, Л.Козер, Р.Дарендорф т.б..).

3. Шиеленіс эволюциясының кезеңдерін қарастыру.

4. Қазіргі кезеңдегі кеңістік, этникалық, діни және мәдени шиеленістердің ерекшелігін анықтау.

5. Әлеуметтік шиеленісті шешу жолдары мен әдістерінің үлгісін жасау.

Негізгі әдебиеттер: 5, 6, 10, 12, 13, 16, 18, 23, 24, 29, 31, 42, 43, 45, 48, 49, 50, 55, 59, 62, 65, 68, 71, 79, 88

Қосымша әдебиеттер: 6, 33, 34, 35, 37, 85, 110, 113, 114, 115, 116, 121, 122, 123

Тарау 5. Социологиялық зерттеудің әдіснамасы мен әдісі.
Тақырып 5.1. Социологиялық зерттеудің бағдарламасы.

1.Қолданбалы социологиялық зерттеу әдісінің жалпы анализі.

2. Қолданбалы социологиялық зерттеу бағдарламасының құрылымын жасау.

Өткізу формасы – ауызша сұрау, жазбаша тексеру

Әдістемелік нұсқаулар:

Социологиялық зерттеу әдісінің жалпы анализін жасау (сапалық және сандық), зерттеу процедурасы жасау. Қолданбалы социологиялық зерттеудің бағдарламасын құрудың негізгі ережелерін, бағдарламаның құрылымын, зерттеудің прблемасын бейнелеп, зерттеу объектісі мен пәнін, мақсаты мен міндеттерін сипаттап, эмпирикалық интерпретация мен негізгі ұғымдарды талдау, зерттеу гипотезасы мен оны құрастырудың негізгі ережелерін қалыптастыру, зерттеу әдісі мен оның құралын таңдау.

Негізгі әдебиеттер: 5, 6, 10, 12, 13, 16, 18, 23, 24, 29, 31, 42, 43, 45, 48, 49, 50, 55, 59, 62, 65, 68, 71, 79, 88

Қосымша әдебиеттер: 6, 33, 34, 35, 37, 85, 110, 113, 114, 115, 116, 121, 122, 123
Тақырып 5.2. Әлеуметтанудағы ақпаратты жинақтаудың негізгі әдістері.

1. Таңдаған зерттеу тақырыбына сәйкес сауалнама өткізу және оның нәтижелерін талқылау.

2. Қазақстандағы мемлекеттік ресми құжаттарға жазбаша түрде анализ жасау (мұғалімнің жеке тізімі бойынша).

3. Топ ішіндегі қарым- қатынастық үлгілеріне байланысты социометриялық зерттеу жасау.

Өткізу формасы – ауызша сұрау, жазбаша бақылау

Әдістемелік нұсқаулар:

1.Сауалнама және оның түрлерін қарастыру: интервью және оның түрлері, анкеталық сауалнама. Анкетаның логикалық құрылымын бейнелеу және анкетаның сұрақтарын қалыптастырудың жалпы ережелері. Сол сияқты телефондық және пошталық сауалнаманы қарастыру. Мәліметтерге анализ жасау.

2.Сонымен бірге бақылаудың әдісін мазмұндап, оның түрлерін, процедурасымен қатар бақылаудың мәліметтеріне анализ беру.

3.Құжаттарға анализ жасау әдісін қарастыру. Контент – анализ.

Эксперимент және оны өткізудің ережелері.

4.Социометриялық зерттеу. Социометрияны жүргізудің жалпы ережелері. Социометрияны құру және социометриялық зерттеу қорытындысының анализі.

5.Фокус - топ әдісі. Топтың қалыптасуы. Модераторды жинақтау және оны жүргізудің негізгі ережелері. Қорытынды анализі.

6. Сандық және сапалық әдістерді салыстырмалы талдау.

Негізгі әдебиеттер: 7, 18, 23, 24, 27, 30, 36, 39, 52, 70, 79

Қосымша әдебиеттер: 7, 9, 10, 12, 13, 14, 16, 20, 21, 40, 41, 43, 44, 50, 53, 54, 58, 61, 70, 76, 84, 86, 93, 99, 104, 106, 107, 109, 110, 125

ПОҚ басылымдары: 10, 22
2.6. Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары (СӨЖ)


    1. Өздіндік жұмыс материалдары.

Жоғарғы оқу орнының басты мақсаттарының бірі студенттердің бойында жұмыстарға өз бетінше дайындалу қабілеттерін қалыптастыру. Ол үшін студенттер берілген пән бойынша өз бетімен сұрақтарға дайындалу қажет. Сұрақтарға дайындықтың жоғарғы сапалылығына көз жеткізу үшін осы ОӘК-дегі тесттермен танысыңыз.

Өз біліміңізді тексеру үшін ОӘК-дегі лекциялық блоктармен танысып 1.8.2 пунктегі қосымша әдебиеттерді пайдалыныңыз.

Ұғымдарды дұрыс түсінгендігіңізге көз жеткізу үшін анықтамалық әдебиеттерді қараңыз.

Әдістемелік нұсқаулар.

Жоғарғы оқу орындарының ең негізгі тапсырмаларының бірі – студенттің өз бетімен жұмыс істеуі. Оның іске асуы студент бойында: ізденушілік, шығармашылық, іскерлік, логикалық ойлау мен зерттеушілік қасиеттерін тәрбиелейді.

Студенттің өзіндік жұмысы аудиторияда (СОӨЖ) және аудиториядан тыс (СӨЖ) жүргізіледі.

Студенттің өзіндік жұмысы келесі жұмыстармен байланысты болуы мүмкін:

  • жазбаша жұмыс дайындау (доклад, реферат, қорытынды жұмыс)

  • вертуальді информация іздеу (интернет арқылы, локальді желі арқылы)

  • ой бөлісу (жеке, топпер)

  • теориялық ізденістер апробациясы (ғылыми конференцияларға қатысу)

Рефератқа дайындық студенттің өзінің таңдап алған тақырыбына байланысты кешенді мәселемен танысумен басталады.

Бірінші кезең – библиографикалық әдебиеттерді іздеу. Тақырып зерттеу барысында кітапхананың жүйелік каталогы мен тереңірек танысумен бастаған жөн. Және де ҚарМУ-дың интернет сайттарының локальді жүйелер мүмкіншіліктерін ескеріп кеткен жөн.

Екінші кезең – (таңданған тақырыбтың әдебиетімен танысқаннан кейін және «кіріспе» сұрағын зерттеу жұмысы) Жоспар өзіндік негізгі зерттеу проблемалық сұрақтарды ұсынады өзіңіздің рефератыңыздың шектеуін қарастыруға шығаратын.

Үшінші кезең – өзіңіз құрған жоспар бойынша материалдың жүйелік мазмұны. Белгілі көлемде жазбаша жұмыстар мазмұны анық болуы керек, жинақы, қойылған сұрақтан шектен тыс шықпауын толықтай ескере отыру керек. Кез – келген жазба жұмыстар (баяндама, реферат, курстық, дипломдық және т.б. қолданылған әдебиеттер ішіне кіреді).

Реферат жазу үстінде студент мына талаптарды ұстануы тиіс:

1. Ұсынылған реферат көлемі 10-15 бет (компьютерлік мәтін) 15-20 (қолжазба).

2. Реферат құрылымы:

Тақырып (жоспар).

Кіріспе (зерттеу тапсырмалары мен мақсаттың негізінде анықталады).

I Тарау, 1.2. параграф (әрбір параграф мазмұны, қорытынды).