ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 121
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Бейсенова Айгүл Аманжанқызы – саясаттану және әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы
Муслимова Қорлан Саиновна - саясаттану және әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы
Кафедрада болу уақыты: сабақ кестесіне сәйкес.
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе:
Ұсынылатын әдебиет:
Негізгі әдебиет: 1, 3, 6, 10, 18, 19, 25, 37, 38, 58
Қосымша әдебиет: 6, 33, 34, 35, 37, 85, 110, 113, 114, 115, 116, 121, 122, 123
Тақырып 3.6. Девиация және әлеуметтік бақылау
Дәріс тезистері:
Әлеуметтік өмір тек тұрақты, қалыпты іс-әрекеттерден ғана емес, сонымен бірге кері тартпа мінез-құлықтар да болады. «Девиация», «девиациялық мінез-құлық» әлеуметтік өмірдегі жазылған немесе жазылмаған өлшемдерге сәйкес келмейтін іс-әрекеттер мен қылықтар. Девиациялық мінез-құлықты әр тұрғыда қарастыруға болады. Мысалы, девиацияның позитивті түріне, батырлық, жоғарғы еңбек сүйгіштік, альтруизм, қандайда бір тапқырлықтар т.б.
Тар мағынада девиациялық мінез-құлыққа негативті іс-әрекеттерді жатқызамыз. Девиация дегеніміз нормадан немесе заңнан ауытқыушылық және ол қандайда бір емдеуді, изоляцияны т.б. қажет етеді.
Девиациялық мінез-құлықтың шығу себептерін ғалымдар әртүрлі түсіндіреді. Ч.Ломброзо биологиялық жағынан сипаттап, бір адамдар мұндай мінез-құлық жасауға жақын тұрады, дейді. Біреулер адам денесінің құрылысымен салыстырады (У.Шелдон); ал, З.Фрейд психологиялық тұрғыда девиацияны түсіндіреді.
Алғашқы рет бұған социологиялық тұрғыда сипаттама берген француз ойшылы - Эмиль Дюркгейм. Ол қоғам дамуының мынадай проблемасын ұсынады. Қоғам өзінің дамуында оның айтуынша, қалыпты және патологиялық дамулардан өтеді. Мысалы қалыпты қоғам дамуында, оның жағдайынан туатын әлеуметтік организмнің кері-тартпа мінез-құлықтары, атап айтсақ, қылмыс, басқада қоғамға зиян келтіретін әлеуметтік аурулар қоғам тарапынан мақұлданбайды.
Девиантты мінез-құлықтың негізгі сипаты - мәдени релявитизм болып табылады.Алғашқы қауымдық құрылыста кейбір тайпалардың арасындағы іс-әрекеттер біз үшін девиация, мысалы, каннибализм - адам етін жеу, геронтоцид - кәрі адамдарды өлтіру, қалыпты құбылыс болып табылады. Бұны қандай процестерге байланысты десек, экономикалық жағдайға, яғни ондағы азық-түліктің тапшылығы немесе сол қоғамдардағы промискуитетке байланысты, дейді.
Девиантты мінез-құлықтың классификациясына тоқталсақ, ғалымдар оның мынадай түрлерін көрсетеді:
Қоғамда бір ғана өлшем институционализацияланбайды, бірнеше өлшем жүйесі бекітіледі. Мысалы біздің қоғамда отбасылық өлшемдер институционализацияланған. Олар қоғам мен топтың өзгерісіне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Әлеуметтік нормалар - мінез-құлық ережелері. Олар қоғамда бірнеше қызмет атқарады:
- әлеуметтену процесін реттейді;
- индивидтерді топқа, ал топты қоғамға біріктіреді;
- қоғамдағы девиациялық мінез-құлықты бақылайды;
- мінез-құлықтың эталоны мен үлгісі болып табылады.
Санкция дегеніміз жаза мен шараның түрлері. Әлеуметтік санкция әлеуметтік бақылау жүйесінде негізгі орын алады. Санкциялар құндылық және нормалармен бірге әлеуметтік бақылаудың механизмін құрайды. Қоғамда өлшемдер өздігінен ештеңе бақыламайды, сондықтан өлшемдер мен санкциялар бір-бірімен тығыз байланысты.
Ұсынылатын әдебиет:
Негізгі әдебиет: 1, 3, 6, 10, 18, 19, 25, 37, 38, 58
Қосымша әдебиет: 6, 33, 34, 35, 37, 85, 110, 113, 114, 115, 116, 121, 122, 123
2.3. Семинарлық сабақтар жоспары.
Тарау 1 . Әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны
Тақырып 1.1 Әлеуметтік гуманитарлы ғылымдар құрлымындағы әлеуметтанудың орны
1. Әлеуметтану ғылымының зерттеу объектісі және пәні
2. Әлеуметтану ғылымының құрлымы және деңгейлері
3. Әлеуметтану теорияларының түрлері.
4. Әлеуметтанудың қоғамдағы атқаратын қызметі
5. Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік гуманитарлы ғылымдармен байланысы
Тапсырма: 1.Әлеуметтанудың ғылыми аппараты бойынша глоссарий дайындау, сөздік дәптерін толтыру.
2.Пәннің тақырыптарына байланысты келесі ұғымдарға анықтама беру: социум, дифференциация, диверсификация, альтруизм, парадигма, эпистема, позитивизм, әлеуметтік институттар, институционализация, хабитуализация, объективация, интернализация, экстернализация, легитимация, габитус, әлеуметтік стратификация, әлеуметтік құрылым, әлеуметтену, ұқсастық, ұқсастықтандыру, девиация, делинквентті мінез-құлық, әлеуметтік бақылау, әлеуметтік өлшем, санкция, субмәдениет, контрмәдениет, статус, роль, мобильділік, страта, интерпретация, интеракция, дискурс, функционализм, структурализм, модернизм, постмодернизм, модернизация, латентті қызмет, постулат, концепция, эволюция, тап, әлеуметтік топ, қақтығыс, абстракция, бюрократия, харизма.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Бірінші сұрақтың барысында әлеуметтанудың зерттеу объетісі және пәні туралы негіз қалыптастыру. Сонымен қатар, социологиялық білімнің теориялық және эмпирикалық деңгейлеріне анализ жасау.
2. Үшіінші және төртінші сұрақтарда әлеуметтанудың атқаратын қызметін анықтау және басқа да ғылымдармен байланысын анықтау қажет.
Тақырып 1. 2 Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
-
О. Конттың социологиялық концепциясы -
19 ғ. – 20 ғ. әлеуметтанудың дамуы (Э. Дюркгейм, М. Вебер) -
20 ғ. әлеуметтанудың дамуы (З. Фрейд) -
Символикалық интеракционизм (Дж. Мид., Г. Блумер) -
Құрлымдық функционализм (Т. Парсонс, Р. Мертон) -
Структурализм (К.Леви-Стросс)
Феноменология (П. Бергер, Т. Лукман) -
Қазіргі социологиялық теориялары (П. Бурдье, Э. Хабермас, Н. Луман, Э. Гидденс)
Тапсырмалар:
1. Әлеуметтану зерттеу пәнін анықтаудағы негізгі тәсілдерді талдап, атау
2. Әлеуметтанудыің басқа әлеуметтік гуманитарлы ғылымдардың зерттеу пәнін салыстырмалы талдау
3. Әлеуметтанудың әртүрлі бөлімдерге бөлінуінің негізгі критерийлерін анықтау.
4. Әлеуметтанудың әр бөліміне сипаттама беруде келесі кестені толтыру
Авторы | Ғылыми парадигма | Негізгі тұжырымдамалар | Негізгі еңбектері |
О Конт | | | |
Г.Спенсер | | | |
Э Дюркгейм | | | |
М.Вебер | | | |
З.Фрейд | | | |
Дж.Мид | | | |
Т.Парсонс | | | |
Р.Мертон | | | |
Ф. Тенис | | | |
К.Леви-Стросс | | | |
П.Бергер | | | |
Т.Лукман | | | |
П.Бурдье | | | |
Э.Гидденс | | | |
Ч. Кули | | | |
Ю.Хабермас | | | |
Әдістемелік нұсқаулар:
Аталған семинар сабағына дайындалу барысында «Әлемдік әлеуметтану антология» хрестоматиясында көрсетілген ғалымдардың тұғырнамаларымен танысу және оларды талдау.
Сонымен қатар, «эпистема» және «парадигма» ұғымдарын қарастыру және әлеуметтану тарихындағы эпистемологиялық жағдайды талдау және негізгі парадигмаларды қарастыру.
Тарау 2. Қолданбалы әлеуметтану
Тақырып 2.1 Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы
-
Социологиялық зерттеудің әдістеріне жалпы анализ. -
Қолданбалы социологиялық зерттеудің бағдарламасының құрылымы. -
Іріктеу әдісі: Іріктеу жиынтығының ұғымы. Іріктеудің түрлері
Тапсырмалар:
-
Таңдаған ғылыми қызығушылыққа сәйкес зерттеу бағдарламаны құру. -
Топтағы студенттердің зерттеу бағдарламасының құрылымын талдау. -
Іріктеу түрлерін қарастыру. Іріктеуді құрудағы кездесетін қателіктерді анықтау. -
Зерттеудің мақсатын анықтау (таңдаған тақырыпқа сәйкес)
Әдістемелік нұсқаулар:
Социологиялық зерттеу әдістерінің жалпы анализін жүргізу (сапалық және сандық), зерттеу процедурасын қарастыру. Қолданбалы социологиялық зерттеу бағдарламасының құрылымын, зерттеудің мәселелерін, оның негізгі ережелерін, зерттеу объектісі мен пәнін, мақсаты мен міндеттерін сипаттап, эмпирикалық интерпретация мен негізгі ұғымдарды талдау, зерттеу гипотезасы мен негізгі ұғымдарды талдау, зерттеу гипотезасы мен оның негізгі ережелерін, зерттеудің іріктеу әдістері мен құралдарын қарастыру.
Әлеуметтанудағы іріктеу ұғымын қарастыру. Басты және іріктеу жиынтықтары ұғымын, іріктеу репрезентатитілігін қамтамасыз етудің негізгі ережесі мен іріктеудің негізгі модельдерін құру, оның ішінде іріктеудің квоттық моделін талдау.
Тақырып 2.2 Әлеуметтанудың әдістері
-
Сауалнама және оның түрлері. -
Әлеуметтанудағы бақылау әдісі. -
Құжаттарға анализ жасау. -
Социометриялық зерттеу. -
Фокус- топ әдісі.
Тапсырма:
1. Қоғамдық пікірдің әлеуметтік институт ретінде анықтап, топта сауалнама өткізу .
2. Қазақстандағы демографиялық мәселеге байланысты анкета құрастыру.
3. Әлеуметтанулық зерттеулерде сандық және сапалық әдістерінің қолдану аясын талдау
4. Таңдаған ғылыми қызығушылыққа сәйкес әр түрлі зерттеу әдістерді қолдану арқылы 3-4 бетте баяндама дайындау.
Әдістемелік нұсқаулар:
Сауалнама мен оның түрлерін қарастыру: интервью және оның түрлері, анкеталық сауалнама. Анкетаның логикалық құрылымын бейнелеу және анкетаның сұрақтарын құрастырудың жалпы еределері. Сол сияқты телефондық және почталық сауалнаманы қарастырып, мәліметтерге анализ беру. Бақылау әдісін, оынң түрлерін, процедурасын және бақылаудағы алынған мәліметтерге анализ жасау. Құжаттарға анализ беру әдісін қарастыру. Контент- анализ. Эксперимент және оның өткізілудің ережелері. Социометриялық зерттеу қорытындысының анализі. Фокус-топ әдісі. Топтың қалыптасуы. Модераторды жинақтау және оны жүргізудің негізгі ережелері.
Тарау 3. Әлеуметтік өмірдің элементтері
Тақырып 3.1 Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
-
Қоғамның теориялары. -
Қоғамның түрлері. -
Қоғамның элементтері. -
Мәдениет және қоғам. -
Жахандану үдерісі (ағымы, көрінісі, сипаты және әсері)
Тапсырма:
1. Әлеуметтанудағы қоғамның заманауи теориялары бойынша келесі кестені толтыру:
Теория атауы | Теория авторлары | Теория мазмұны |
| | |
| | |
2. Қазіргі қоғамдардың негізгі типологиялары және оларды салыстырмалы талдау.
3. Мәдениет феноменін талдау, мәдениет түрлерін қарастыру және мәдениет түрлерін салыстыру.
4. «Модернизация», «жахандану», «глокализация» ұғымдарын қарастыру. Қазіргі қоғамдардың жахандануын және әлемдік мәселелерін қарастыру.
5.Қазіргі Қазақстан қоғамын сипаттауда әлеуметтануда қалыптасқан типологияларды қолдану.
Әдістемелік нұсқаулар:
Бірінші сұрақтың деңгейінде О.Конт, Г.Спнсер, Э.Дюркгейм, М.Вебердің, Т.Парсонстың, А.Шилздың. П.Бергердің қоғам туралы теорияларын қарастыру керек.
Екінші сұрақтың негізінде Г. Спенсердің, К. Маркстің, К. Поппердың, Д. Беллдің қоғамның түрлері туралы қарастыру.
Үшінші сұрақ барысында индивид және әлеуметтік институтты қоғаның негізгі элементі ретінде талдау керек.
Төртінші сұрақта кез келген әлеуметтік-мәдени жүйенің бөлінбейтін компоненті ретіндегі мәдениеттің социологиялық түсінігіне анализ беріледі. Мәдениеттің негізгі типтері (элитарлы, халықтық және бұқаралық). Бұл сұрақта, әсіресе, субмәдениет пен контрмәдениетке аса үлкен көңіл беру керек. Сонымен бірге Қазақстан қоғамының нормалары мен құндылықтары талқыланады.
Бесінші сұрақты дайындау барысында С. Хантингтонның, Ф. Фукуяманың тұғырнамаларымен танысу және қазіргі таңда болып жатқан жахандану үдерісін талдау.
Тақырып 3.3. Әлеуметтік институттар және әлеуметтік үдерістер
-
«Әлеуметтік институт» түсінігі. -
Әлеуметтік институттардың қызметі. -
Әлеуметтік институттардың құрылымы. -
Әлеуметтік институттардың эволюциясы. -
Қазіргі Қазақстан қоғамының институттары.
Тапсырмалар:
-
Әлеуметтік институттардың қызметі мен құрылымына байланысты слайд жасау. -
Қазақстандағы қоғамдық үйымдардың тізімін жасау.