ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 117
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Бейсенова Айгүл Аманжанқызы – саясаттану және әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы
Муслимова Қорлан Саиновна - саясаттану және әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы
Кафедрада болу уақыты: сабақ кестесіне сәйкес.
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе:
1.10 Саясат және процедура (курсты игеру барысына студенттерге қойылатын талаптар)
Студент оқу кестесіне сәйкес дәріс және семинар сабақтарына қатысу және дайындалу міндетті. Жазбаша және ауызша тапсырмаларға қойылатын талаптарды міндетті түрде орындау және бекітілген уақытта тапсыру. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыс сабақтар аясында берілетін тапсырмаларды сапалы және уақытында орындау тиіс. ЖОО әкімшілігінің талаптарын сабақта, дәрістерді және семинарларда және сабақтан тыс орындау міндет. Сабақтарға қатысу керек, себебі оқытушымен қарам-қатынасқа тісу барысында социологиялық біілімнің жүйелігі қалыптасады, оның динамикасын түсіну, өзіндік білім алу қабілеті дамиды. Әртүрлі сабақтарға қатысу кестесі ЖОО әкімшілігімен анықталады.
2.ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
Барлығы (несиелер) - 2
Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
Тақырыптың аты | Лек | Сем | СРСП | СРС |
Тарау 1 . Әлеуметтану ғылым ретінде | ||||
Тақырып 1.1 Әлеуметттану ғылым ретінде (объектісі, пәні, құрылымы) | 1 | 1 | - | |
Тақырып 1.2 Әлеуметтанудың қалыптасуының кезеңдері және дамуы (әлеуметтік – философиялық және тарихи алғышарттары) | 4 | 4 | - | |
Тарау 2. Қолданбалы әлеуметтану | ||||
Тақырып 2.1 Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы | 1 | 2 | | |
Тақырып 2.2 Әлеуметтанулық зерттеудің әдістері | 1 | | | |
Тарау 3. Әлеуметтік өмірдің элементтері. | ||||
Тақырып 3.1 Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде | 2 | 2 | | |
Тақырып 3.2 Мәдениет әлеуметтік өзгерістердің факторы ретінде | 1 | | | |
Тақырып 3.3 Әлеуметтік институттар | 1 | 1 | | |
Тақырып 3.4Әлеуметтік құрлым және әлеуметтік стратификация | 2 | 2 | | |
Тақырып 3.5 Тұлға әлеуметтік өзара-әрекеттің жүйесінде (тұлғаның әлеуметтенуі). Ұқсастық теориясы. | 1 | 2 | | |
Тақырып 3.6 Девиация және әлеуметтік бақылау | 1 | 1 | | |
Тарау 4 . Орта деңгей теориясы | ||||
Тақырып 4.1 Қазіргі әлеуметтанушылардың сциологиялық теориялары (П. Бергер, П. Монсон, П. Сорокин) | | | 3 | 3 |
Тақырып 4.2 Экономикалық әлеуметтану және басқару әлеуметтануы | - | - | 2 | 2 |
Тақырып 4.3 Отбасы әлеуметтануы | - | - | 3 | 3 |
Тақырып 4.4 Білім беру әлеуметтануы | - | - | 3 | 3 |
Тақырып 4.5 Гендер әлеуметтануы | - | - | 3 | 3 |
Тақырып 4.6 Жастар әлеуметтануы | - | - | 3 | 3 |
Тақырып 4.7 Коммуникация әлеуметтануы | - | - | 3 | 3 |
Тақырып 4.8 Дін әлеуметтануы | - | - | 3 | 3 |
Тақырып 4.9 Әлеуметтік шиеленістер және оны шешу жолдары | - | - | 2 | 2 |
Тарау 5. Социологиялық зерттеудің әдіснамасы және әдісі | ||||
Тақырып 5.1 Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасын құру | - | - | 3 | 3 |
Тақырып 5.2 Әлеуметтанулық ақпаратты жинау әдістері | - | - | 2 | 2 |
| 15 | 15 | 30 | 30 |
Сырттай оқу бөлімінің тақырыптық жоспары
Тақырыптың аты | Лек | Сем | СРСП | СРС |
Тарау 1 . Әлеуметтану ғылым ретінде | ||||
Тақырып 1.1 Әлеуметттану ғылым ретінде (объектісі, пәні, құрылымы) | 1 | - | - | - |
Тақырып 1.2 Әлеуметтанудың қалыптасуының кезеңдері және дамуы (әлеуметтік – философиялық және тарихи алғышарттары) | 2 | 1 | - | |
Тарау 2. Қолданбалы әлеуметтану | ||||
Тақырып 2.1 Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы | - | 1 | | |
Тақырып 2.2 Әлеуметтанулық зерттеудің әдістері | 1 | | | |
Тарау 3. Әлеуметтік өмірдің элементтері. | ||||
Тақырып 3.1 Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде | 1 | 1 | | |
Тақырып 3.2 Мәдениет әлеуметтік өзгерістердің факторы ретінде | 1 | - | | |
Тақырып 3.3 Әлеуметтік институттар | 1 | 1 | | |
Тақырып 3.4Әлеуметтік құрлым және әлеуметтік стратификация | 1 | - | | |
Тақырып 3.5 Тұлға әлеуметтік өзара-әрекеттің жүйесінде (тұлғаның әлеуметтенуі). Ұқсастық теориясы. | 1 | 1 | | |
Тақырып 3.6 Девиация және әлеуметтік бақылау | 1 | - | | |
Тарау 4 . Орта деңгей теориясы | ||||
Тақырып 4.1 Қазіргі әлеуметтанушылардың сциологиялық теориялары (П. Бергер, П. Монсон, П. Сорокин) | | | 2 | 2 |
Тақырып 4.2 Экономикалық әлеуметтану және басқару әлеуметтануы | - | - | 1 | 1 |
Тақырып 4.3 Отбасы әлеуметтануы | - | - | 1 | 1 |
Тақырып 4.4 Білім беру әлеуметтануы | - | - | 1 | 1 |
Тақырып 4.5 Гендер әлеуметтануы | - | - | 1 | 1 |
Тақырып 4.6 Жастар әлеуметтануы | - | - | 1 | 1 |
Тақырып 4.7 Коммуникация әлеуметтануы | - | - | 1 | 1 |
Тақырып 4.8 Дін әлеуметтануы | - | - | 2 | 1 |
Тақырып 4.9 Әлеуметтік шиеленістер және оны шешу жолдары | - | - | 1 | 1 |
Тарау 5. Социологиялық зерттеудің әдіснамасы және әдісі | ||||
Тақырып 5.1 Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасын құру | - | - | 2 | 1 |
Тақырып 5.2 Әлеуметтанулық ақпаратты жинау әдістері | - | - | 2 | 1 |
| 10 | 5 | 15 | 15 |
2.2 Дәріс сабақтарының тезистері
Тарау 1. Әлеуметтану ғылым ретінде
Тақырып 1.1 Әлеуметттану ғылым ретінде (объектісі, пәні, құрылымы)
Дәріс тезистері:
Әлеуметтану — қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт ( 1798—1857) еді. Түптеп келгенде, қазіргі әлеуметтану - тұтас әлеуметтік жуйе күйіндегі, қоғам жөніндегі, оның жүйешелері (подсистема) мен жекелеген элементгері туралы өз алдына дербес ғылым. Кез келген қоғамдық құбы-лыс қоғамның әлеуметтік жүйесінің элементі болып саналады. Осы жуйенің шеңберінде бүкіл әлеуметтік құбылыстар мен процестер, олар-дың өзара бір-бірімен әрекеті ғылыми сараптаудан өтеді.
Әлеуметтану, қоғам дамуының заңдарын да ашады және оларды зерттейді.
Әлеуметтану - қогамдық құбыластардың беймәлім жақтарын зерделеп, социумда қалыптасқан алеуметтік қатынастарды адам факторымен ұштастырып қарастыратын ғылым.
Бірақ қоғамды бұл ғылымнан басқа да бірнеше қоғамдық ғылымдар: тарих, саясаттану, құқық, психология, т.б. өз ағымына сәйкес зерделеп, зерттейді. Будан: сонда әлеуметтану қоғамның несін зерттейді? — деген занды сауалдын тууы ықтимал. Бұған жауап беретін болсақ, оның пәнін, яғни зерттеу такырыптарын анықтайтын дәлел ретінде әртурлі ой-пікірлерді ұсынар едік.
Әлеуметтанудың пәні деп отырғанымыз — қоғам мен адамның беймәлім қырлары. құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынас-тар, байланыс механизмі мен құрылымы, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар, әлеуметтік іс-әрекет пен адамдардың мінез-құлықтары, мүдделері мен мұқтаждықтары, құндылықтары, бұлардың өмірде байқа-луы мен өзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың натижелері.
Әлеуметтанудың обектісі мен пәні оның білімдік құрылымы мен деңгейлерін анықтайды.
Объект дегеніміз — бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бір-ліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институт- тар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады
"Әлеуметтік" дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық
қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір іс,кеңістікте, уақытта іс-әрекеттерінде атқарған қызметте-рінде байқалады.
Категориялардың негізінде әлеуметганудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бүған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: "әлеуметтік жүйе"; "әлеуметтік байланыс"; "әлеуметтік қатынас"; "әлеуметтік процесс", "әлеуметгік тұлға"; "әлеуметтік мүдде", "әлеуметтік тұтыну", "әлеуметтік қауіпсіздік", "әлеуметтік қорғау", "әлеуметтік белсенділік", т.б. категориялардың көмегімен нақтылы өмірдің үлгілері мен әлеуметтік мәні жасалады.
Әлеуметтану білімінің, құрылымы - қоғамдық құбылыстар мен процестер жөніндегі ақпараттардың және ғылыми түсініктер мен ұғымдардың жәй ғана жиынтығы емес. Бұл - ең алдымен әлеуметтік жуйеде пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын қоғам жөніндегі білімнің белгілі бір тәртіпке келтірілуі. Бұл құрылым - әлеуметтік түрлі денгейдегі процестер. жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе тұтас қоғам жөніндегі өзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, көзқарастар, теориялар жуйесі.
Әлеуметтанулық түсініктер мен ғылыми білім, әсіресе оның құрылымы көп жағдайда бірнеше факторларға байланысты қалыптасады, соның ішінде әлеуметтану зерттейтін обьектілер шеңбері, ғылыми нәтижелер мен қорытындылардың тереңдігі және ауқымдылыгы ерекше болады.
Әлеуметтанулық білімнің деңгейлері мыналар:
- жалпы әлеуметтанулық теориялар, немесе жалпытеориялық әлеуметтану:
- арнайы әлеуметтанулық теориялар, бұларды кейде жеке теориялар деп те сипаттайды;
- нақты әлеуметтанулық зерттеулер.
Әлеуметтану білімінің осы үш деңгейінің өзгешеліктері қоғамдық құбылыстардағы әлеуметтанулық талдаудың тереңдігін және бұдан шығатын қорытындылардың маңыздылығын байқатады.
Жалпы әлеуметтанулық теориялар макро әлеуметтанулық зерттеу ретінде, әдетте, тым тереңдетілген немесе әлеуметтанушылар айтқандай, қоғамның және жалпы тарихи процесс дамуының мәңгілік кезеңін қарастырады. Қогамдык қатынастар теориясы — әлеуметтік субъектілердің экономикалық, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетикалық, діни, т.б. ара-қатынастарының табиғатын және мазмұнын ашатын жалпытеориялық әлеуметтанудың маңызды тарауы болып табылады.
Жалпы әлеуметтану теориялары денгейінде әрбір әлеуметтік құбылыс, оның қоғамдағы орны және рөлі, оның басқа да құбылыстармен көпжакты байланыстары тұтастай көзқарастар, кең көлемді әлеуметтік алғышарттардың өзара әрекет ету жуйесі тұрғысында қарастырылады. Бұған жоғарыда келтірілген қогамдық қатынастар мен қоғамдық өмір салалары, сонымен қатар қоғам дамуының объективті заңдары жатады. Жалпытеориялық әлеуметтану, жалпыәлеуметтану теориялары жуйесіндегі қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеудің мәні мен негізгі ерекшелігі, міне, осында.
Арнайы немесе жеке әлеуметтанулық қағидалар — социум өмірінің жеке бағыттарын, жеке әлеуметтік топтар мен институттарды қарастырады. Бұл теорияның танымдық мөлшері, көлемі жалпы әлеуметтанулық теорияларға қарағанда қысқа, әдетте қоғамның жүйешелерімен ғана шектелген.
Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясынатқарады.
Бұл тұрғыдан ал ғанда әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясын атқарады. Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты - оньң әлеуметтік кұбылыстар мен процестердің болашақ дамуьның бағыты анықтауында. Бұл жерде біз әлеуметганудың болжайтын қызметін байқаймыз. Еліміздің жаңа, нарықтық қатьнас тарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері құбылыста; мен апаттардың болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады
Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын (экономика, саяси, рухани, т.б.), әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.
Әлеуметтану қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгершілік) функцияны да атқарады.
Ұсынылатын әдебиет:
Негізгі әдебиет: 1, 3, 6, 10, 18, 19, 25, 37, 38, 58
Қосымша әдебиет: 8, 17, 18, 19, 29, 37, 47, 67, 68, 79, 88, 89, 125
Тақырып 1.2 Әлеуметтанудың қалыптасуының кезеңдері және дамуы (әлеуметтік-философиялық және тарихи алғышарттары)
Дәріс тезистері:
Огюст Конт — позитивтік әлеуметтануды негіздеуші. XIX ғасырдың басында адамзаттын коғамдык. санасы адам мен когам-ның.олардыңөмірлік күштерінікөзара әрекететуінедәл талдау кажеттігін пайымдауға әзір болған еді. Осы мәселеге әділеттілік, өмірдің мәнісі, әлеуметтік прогресті камтамасыз ету мәселелерінің шешілулеріне канағаттанбаған XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропанык көптеген ойшыл-дары өз еңбектерін арнады. Солардың арасынан бірінші катарға ғылым-ның атын ойлап тауып, оның негізгі нұсқасын суреттеген, оны ғылыми білімдер жүйесіне коскан, әлеуметтануда позитивтік бағытты негіздеген және оның дамуына ыкпал еткен Огюст Конт (1798-1857) шықты.