Файл: леуметтану пні бойыша ОУдістемелік кешен.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 122

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Көбінесе негізгі түсініктер басқа жеке түсініктерден құралады. Осылай, «Өңдірістік ереже  жағдайы» негізгі түсінігі  бірнеше түсініктерден тұрады: « еңбек ереже жағдайы», «технологиялық ереже жағдайы», өз арада «еңбек ереже жағдайы» түсінігі жоспарлы тапсырмалар мен орындау нормаларын атқаруды; ішкі еңбек тәртібінің ережелерін орындау;  жұмыс уақытының қолдану режимін, жетекшілердің бұйрығын орындау және т.б. білдіреді.

Осыған байланысты,  басты түсініктердің интерпретациясы  оның  құрушылардың ажыратылуын белгілейді.  Негізгі түсініктерді интерпретациялауын жалғастыру және бөлшектендіру  операционализация түсінігі деп аталады.  Ол   негізгі түсініктерді  сипаттайтын,  жеке түсініктердің  ізденісін іске асырады.

Зерттеу гипотезаларын тұжырымдау

Зерттеудің жалпы  бағыты тұжырымдалған гипотезалармен  белгілену керек.

Гипотеза  — бұл  ғылыми ұсыныс, қандай да бір фактілерді, құбылыс пен үрдістерді  түсіндіруге, оларды мойындау немесе жоққа шығарудан тұрады.

Ғылыми гипотеза, тек  зерттеу объектісін алдын ала  талдау нәтижесінде ғана тұжырымдалуы  мүмкін болады.

Ғылыми негізделген гипотеза бірқатар талаптарға  жауап беру керек:

1) әлеуметтік үрдістердің ғылыми танымының   теоретико-әдістемелік  негізі болатын, жалпы социологиялық қағида  принциптеріне сай келу керек;

2) әлеуметтік фактілерді түсіндіретін гипотезалар, бірқатар салаларда  ақиқаттылығы берілген салада дәлелденген қағидаларға қарама-қайшы келмеу керек.  Бірақ жаңа қағидалар ескі қағидаларға  қарама-қайшы келуі мүмкін.

Гипотезалардың дәйектігін  өсіру үшін, келесі ережелерді жетекшілікке алу жөн: өзара байланысты  гипотезалардың  мүмкін біршама көп санын  қоюға ұмтылу және  әр гипотеза үшін мүмкін эмпирикалық көрсеткіштерді  белгілеуге тырысу керек. Әлеуметтік объекті зерттеуде  бейнелеу және  түсіндірмелі гипотезаларды ажыратады.

Бейнелеу — бұл  зерттеу объектінің  құрылымдық және функционалдық  байланыстары жөнінде  ұсыныстар.  Олар  әлеуметтік  объектінің классификациялық  сипаттамаларына жатқызыла алады.

Түсіндірмелі гипотезалар — зерттеу объектісінің  себеп-салдар  байланыстары жөнінде  ұсыныстарды белгілейді.

Маңызы мен сипаты бойынша гипотезалар  негізгі және қосымша болып ажыратылады.

Зерттеу жиынтығын анықтау

Зерттеу объектісі 500 не одан жоғары болса, сұрыптау әдісі қолданылады.


Сұрыптау әдісі зерттеу объектісінің минимумын зерттеу барысында, генералды жиынтық жөнінде көріністі толық қалыптастыру.

Көптеген әлеуметтік үрдістер  социологиялық зерттеу бағдарламасымен белгіленген шеңберінің пәні болып табылады және өзінің территориалдық  уақыт шекаралары бойынша, генералды жиынтықты құрайды.  Әрбір зерттеу жиынтығын  белгілі қасиет сипаттайды,  оның мәңі  бойынша, берілген объекттің генералды жиынтыққа жататынын немесе жатпайтынын  үнемі белгілеуге болады. Осылай, генералды жиынтық  негізінде  берілген қала  тұрғындарын, кәсіпорынның  өндірістік персоналын,  студенттерді және т.б. қарастыруға болады.  Генералды жиынтықтың берілген бөлігі  бақылау объектісінің негізі ретінде айқындалатын,  сұрыптау жиынтығы деп аталады.  Сұрыптау жиынтығы  генералды жиынтықтың микромоделі  болып белгілену керек.  Сұрыптау жиынтығы  сапалық сипаттамалар мен бақылау  қасиеттері  негізінде зерттеледі және генералды жиынтық  құрылымымен сай келу керек.  Сұрыптау жиынтығының  элементтеріне  байқау бірлігі жатады.

Негізгі элементтерін сұрыптау үрдісінде үнемі бақылау бірлігі, яғни, зерттелетіндер болып табылмайды. Басында кәсіпорын, мекеме, кейін мектеп, отбасы таңдалады. Әр кезеңде белгілі жоспар бойынша, таңдалынатын   элементтер (кәсіпорын, респонденттер тобы) сұрыптау бірлігі деп аталады.

Генералды жиынтыққа  толық, айқын  сипаттама  беретін, сұрыптау қасиеті репрезентативтілік деп аталады.  Сұрыптаудың негізгі принципіне  барлық генералды  жиынтық элементтеріне  сұрыптауға түсу тең шарттармен қамтамасыз ету.  Сұрыптау негізі – бұл генералды жиынтық  элементтерінің тізбегі. Негізіне меке қызметкерлерінің алфавиттік  тізімі, пропуск номерлері және т.б.  қызмет ете алады. Сұрыптау түрі:

1) қарапайым кездейсоқ – барлық элементтері белгілі, біртүбірлі жиынтықтан тұрады және кездейсоқ сандар кестесі көмегімен сұрыптау таңдау  бірлігімен іске асырылады

2) жүйелік сұрыптау;

3) ұялы;

4) стратификациялық;

5) көпсатылы;

6) квоталық.

Бағдарламаның әдістемелік бөлімінде қолданылған әдістердің сипаттамасы және  бастапқы социологиялық  ақпарат  жинақтау тәсілдері, қолданылған инстументарийдың  логикалық құрылымы, зерттеу пәнінің сипаттамасы кіреді. Инстументарий өзіндік құжат ретінде  бағдарламаға тіркеледі.

Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі әдебиет: 1, 3, 6, 10, 18, 19, 25, 37, 38, 58

Қосымша әдебиет: 7, 9, 10, 12, 13, 14, 16, 20, 21, 40, 41, 43, 44, 50, 53, 54, 58, 61, 70, 76, 84, 86, 93, 99, 104, 106, 107, 109, 110, 125


Тақырып 2.2 Әлеуметтанулық зерттеудің әдістері

Дәріс тезистері:

Әлеуметтанушыға бақылау жүргізу арқылы алуға болмайтын немесе құжаттарда жазылмаған құбылыстар мен процестер жөнінде ақпараттар өте жиі қажет болады.Мұндай ақпаратты сауалнама әдісін қолдана отарып алуға болады.Бұл әдіс ғылымда кеңінен тараған және барынша жиі қолданылатын әдістердің бірі.Бақылау барысында зерттеуші обьектінің тек қана нақты мінез-құлқын белгілейтін болса, сауалнаманың көмегімен ол адамдардың бүгінгі қылықтары туралы кең көлемде мағлұмат ала алады, сонымен қатар олардың өткен уақыттағы тыныс – тіршілігімен бірге болашақ жоспары, ниеттері жөнінде ақпарат алады.Сауалнама әсіресе индивидтердің субьективті жай-күиі жөнінде мәлімет алу қажет болғанда таптырмайтын ереше құнды әдіс болып есептеледі.Сұрақтардың жиынтығы бұл әдістің түп негізін құрайды.Сұраулардың көмегімен ақпарат алып жиналады.Ғылымда сауалнама жүргізуші адамдар-анкетерлар(Сауалшылар) және сұрақтарға жауап қайтарушылар – респоденттер деп аталады.Алынған ақпараттың сипатына қарай және оны алу тәсіліне қарап сауалнама бірнеше түрге бөлінеді.

Сауалнама әдісінің екі түрі бар:анкеталық және сұхбат немесе сұхбатнама (интервью).Сауалға жауап алу ұжымдардың және жеке адамдардың кез келген проблема бойынша пікірін білуге мүмкіндік жасайды.Әсіресе бұл әдіс құжаттар арқылы зерттеу , бақылау т.б әдістерді қолдану үлкен қиыншылықтар туғызғанда пайдаланады. Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респоденттің аты жөні көрсетілмей анонимді түрде болады. Негізінен анкета үш бөлімнен құралады: ундеулік, негізгі, төлқұжаттық.Үндеулік бөлімде қысқаша зерттеудің мақсаты туралы айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі және зерттеу нәтижесі қалайша қолданылатыны жазылады, анкетаны толтыру ережесі көрсетіледі, Қайтарылған жауаптардың құпия түрінде болатынына кепілдік беріледі.

Анкетаның негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналасады.Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті, қызықты болуы керек. Осыдан кейін сұрақтар олардың пікірін , оқиғалар мен қазіргі жағдайға беретін бағаларын білуге бағытталуы әрі күрделі болуы шарт. Ал төлқұжаттық бөлімде респоденттердің демографиялық мәліметтері (жасы, жынысы т.б) жөніндегі сұрақтар қойылады.Анкетаны құрастыруда сұрақтардың тұжырымдылығына баса назар аударылады.. Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап біліп алады, Содан соң логикалық жүйеде сұрақтар қарастырылып, оның жауаптарының түрлері көрсетіледі.

Анкетаның сұрақтары үш негізгі топқа бөлінеді:
1. Ашық түрдегі сұраулар, мұның жауаптары анкетада жазылмайды, оны жауапкерлер өз қолымен жазып қайтарады;
2. Жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып тұрады. Жауап беруші жауаптардың астын сызып немесе дөңгелекшеге алып қайтарады;
3. Аралас сауалдар, бұл бірінші және екінші топтағы сұрақтардың элементтерінен құралып, белгілі мөлшерде жауаптары да жазылады, бұлармен қатар «Басқасы не екенін көрсетіңіз?» - деген сұрауларға жауап алу да белгіленеді.
Анкеталық сұрақтардың түрлері түсінікті болу үшін мысалдар келтірейік:
1. Ашық сұрақ: «Қазақстандық газеттердің қайсысы халықаралық жағдайлар туралы сауатырақ жазады?». Мұнда алдын ала сұрақ – жауабының тізімі берілмеген, сондықтан жауап беруші жауапты өзі әзірлеуге міндетті болады;
2. Жабық сұрақ : «Сіздің болашақ мамандығыңызды таңдауға ықпал жасаған кім?» - ата – анам, мектептегі ұстаздарым, жолдастарым, болашақ мамандықты өзім таңдадым;
3. Аралас сұрақ : «Сіздің пікіріңізше нарықтық экономикаға көшу жастарға не береді?» - материалдық жағдайды жақсартады, материалдық жағдайды нашарлатады, жұмыссыздықты көбейтеді, жұмыс орнын кеңейтеді. «Сізді қазір қандай әлеуметтік проблемма қатты толғандырады?». Қалған жауаптарды өзінің жазыңыз.

Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады.

Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулалар, кестелер, фотосуреттер, сұлбалар, әсіресе, техника құралдарды (киноға түсіру, магнитофонға жазу, т.б.) кеңінен пайдаланады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хаттамаға жазылады. Зерттеуші бақылау материалдарын анкета мәліметтерімен де толықтырады.


Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі әдебиет: 1, 3, 6, 10, 18, 19, 25, 37, 38, 58

Қосымша әдебиет: 7, 9, 10, 12, 13, 14, 16, 20, 21, 40, 41, 43, 44, 50, 53, 54, 58, 61, 70, 76, 84, 86, 93, 99, 104, 106, 107, 109, 110, 125
Тарау 3. Әлеуметтік өмірдің элементтері.

Тақырып 3.1 Қоғам - әлеуметтік жүйе ретінде

Дәріс тезистері:

"Қоғам" термин әр түрлі мәнге ие, сондықтан көптеген тәсіл арқылы топтастырылады. Бұл - ете кең және икемді ұғым, ол ерекше әлеуметтік құрылымды да, мәдени-тарихи және саяси жүйені де, бip муддеге біріккен адамдарды да және т.б. білдіруі мүмкін. Тар мағынада алғанда қоғам – құрылымдық және генетикалық тұрғыдағы: а) қатынас типі (тек, түр, т.б.) немесе э) белгілі бip тұтасттықтың салыстырмалы түрде алғандагы дербес элементі (аспектісі, cәті).

Қоғам кез келген тарихи дәуірге, кез келген санды топқа немесе адамдардың кез келген бірлестігіне қатысты.

О. Конт үшін әлеуметтік организм ретіндегі қоғамның бірлігі индивид емес, отбасы. Осында, отбасында ғана, адамдар бірлігіүстемдік етеді. Конт қоғамды функционалды жүйе ретінде санады, бұл жүйеге отбасы, топтар, мемлекет енеді, олар - әлеуметтік организмнің беліктері және өз қызметтерін аткарады. Мысалы, Контта саяси басқару дегеніміз – оның көп қызметтің бipi ғана және ең негізгісі болғанына карамастан, қоғам бірліктерінің белінуне карсы әрекет етуге бағытталады.

Француз социологы Э. Дюркгейм қоғамы дербестіктен жоғары "ұжымдық санаға" негізделген рухани шындық ретінде карады. Hеміс оқымыстысы М. Вебердің ойынша, қоғам – алеуметтік әрекеттердің, яғни басқаша адамдарға негізделген әрекеттердің өнімі болып саналатын адамдардың өзара әрекеті. Американдық социолог Т. Парсонс "әлеуметтік әрекеттерді колдады, ол қоғамды байланыстырушы бастама нормалар, құндылықтар және т.б. болып саналатын жүйе деп санады.

Қоғам дегеніміз-

  • адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас тәсілдерінің және оларды ұйымдастыру түрлерінің жиынтығы;

  • әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік өзара іс-әрекеттерді ұйымдастырушы әмбебап;

  • кез-келген халықтың тарихи дамуындағы белгілі бір кезеңі;

  • өз құрылымы мен институттарына ие индивидтердің өзара әрекеттесуінің күрделі жүйесі.

  • 3.Қоғамның жіктелуі.

  • Индустриальды қоғам /өнеркәсіп,фирма/

  • Постиндустриальды қоғам / теориялық білім/

  • Азаматтық қоғам

  • Қоғамның құрамы:

  • Экономикалық реформасы,

  • Саяси реформасы

  • Әлеуметтік реформасы

  • Қоғамның элементтері

  • Әлеуметтік позиция / статус/

  • Әлеуметтік қызмет /рөл/

  • Норма мен құндылық