Файл: Негізгі блім Малдын шасын жалпылама тексеру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 40

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ЖОСПАР

Кіріспе

Негізгі бөлім

Малдын ұшасын жалпылама тексеру

Лимфа түйіндерін тексеру

Инфекциялық аурулар кезіндегі қолданылатын шаралар

Қорытынды

КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңына сәйкес ветеринария қызметкерлері ауыл шаруашылығы малдарын аурулардан және адамдарды жануарлар мен адамдарға ортақ зооантропоноздардан, адамдарды ветеринариялық - санитариялық тұрғыдан қауіпті ауыл шаруашылығы өнімдерінен болған тағамдық уланулардан қорғау бағытында, ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемдік тағам рыногына интеграциялау мақсатында жоғары деңгейде ветеринариялық - санитариялық сараптау мен бағалау іске асырады және арнайы шараларды ұйымдастырады Ет, сүт, шұжық, консерві өндірістерінде әртүрлі бактериалды препараттар қосып жұмыс жүргізуде

Мал дәрігерлік санитарлық сараптау - мал шаруашылығы өнімдерін дайындау технологиясын қадағалай отырып, алынған ет пен ет өнімдері, сүт пен сүт тағамдары және шикізаттарды, сондай-ақ тағам ретінде пайдаланатын балық, көкөніс, бал т.б. өнімдерді тиісті санитарлық тексеруден өткізіп, олардың сапасына нақтылы баға беру тәсілдетін үйретеді. Мал өнімдерін дайындау кезеңінде, оларды өңдегенде, тасымалдағанда, сақтағанда, сондай - ақ тамақ кәсіпорындарында тағамдар мен жартылай фабрикаттар дайындағанда және базарларда сатылғанда тиісті ережеге сай мал дәрігерлік санитарлық сараптау жүргізіледі

Сойғаннан кейінгі ветеринариялық - санитариялық сараптаудың ерекшелігі сонда, кейбір індетті және инвазиялы ауруларға малдың тірі кезінде диагноз қою өте қиын, ал сойғанан соң диагноз қою әлдеқайда жеңілдеу болады. Сондықтан да, сойғаннан кейін ұша және барлық ағзалар мұқият түрде ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өтуі қажет. Бір де бір ағза ветеринариялық дәрігердің назарынан тыс қалмауға тиісті. Сараптаушының өз жұмысына немқұрайды қарауы адамдар мен малдардың ауруға шалдығуына, экономикалық тұрғыдан ауыл шаруашылығында орасан зор шығын болуына әкеліп соғады.

Ветеринариялық Жарғы, Ережелер және нұсқаулар сойғаннан кейінгі сараптауға өте қатал талаптар қояды. Сондықтан да, сойғаннан кейін сараптауды ауылшаруашылығы саласындағы құқықты мекемелер бекіткен ережелерге сәйкес, тек қана ветеринария дәрігерлері жүргізе алады. Сойыс өнімдерін өңдейтін орындарда арнайы тексеру орындары бекітіледі. (ветеринариялық тексеру орындары). Сойылған еттің ұшалары мен органдарына малдәрігерлік – санитариялық
сараптау арнаулы мал соятын, малды алғашқы өңдеуден өткізетін орындарда (ет комбинаты, қасапханалар, мал соятын алаңдарда) және сату базарларында (малдәрігерлік санитариялық сараптау лабораториясында) ет және ет өнімдерінің асқа жарамды, не жарамсыз екенін анықтау үшін жүргізіледі.

Малдәрігерлік – санитарлық сараптаудың нәтижелерінде келесі міндеттер шешілуі тиісті:

  1. Сапалы және зиянсыз ет өнімдерін асқа пайдалануға рұқсат беру.

  2. Кейбір күмәнді деген ет және ет өнімдерін экономикалық тиімді әдістер мен зарарсыздандыру.

  3. Адамға зиянды ауру малдың еті мен ет өнімдерін тамаққа қолдануға жібермеу.

  4. Жарамсыз деп табылған мүшшелер арқылы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын таратпау және қоршаған ортаны қорғау.

  5. Жарамсыз деп танылған мүшелер мен ағзаларды арнаулы санитарлық және технологиялық өндеуден өткізіп, не малға азыққа, не техникалық бағытта, не мүлдем жойылуы тиіс.

Мұндай жұмыстарды жүргізу үшін ветеринария дәрігері арнаулы киіммен (халат пен бас киім), пышақпен, шанышқы мен, егумен және лупамен жабдықталуы тиіс.

Ветеринариялық – санитариялық сараптауға міндеті түрде мыналар жатады: бас, ұша, ливер (кеңірдек, өкпе, жүрек, диафрагма, бауыр), бүйрек, желін, жатыр.

Белгілі бір малдың ұшасына, басына, ливеріне және терісіне бір реттік сан (номер) белгілейді. Ол үшін қағаздан жасалған нөмірлер (көлемі 3-4 см) қолданылады, оларды ұша мен органдардың үстіңгі жағына бекітеді.

Ветеринариялық– санитариялық сараптауға жататын, жоғарыда айтылған барлық нысандарды бір жерге орналастырып, зертеуге дайындайды: Ірі қараның басын ұшадан айырады, тілін жақаралық кеңістіктен еркін шығып тұратындай етіп үстіңгі жағы мен екі жағынан кеседі. Жылқының басын ұшасынан айырып, бүтін етіп, кеңсірік желбезегін шауып алады. Шошқаның терісін түсірген соң немесе ыстық сумен қылын жидіткеннен кейін жақ астының кеңістігінен тілін кесіп, оны кеңірдек пен бірге қалдырады, мойнының төменгі бөлігінің терісінде ұсталып қалатындай етіп басын кеседі.

Тексерілген өнім мөлшерін есепке алу сондай-ақ ұшалар мен органдарды бракка (жарамсыз өнімге) шығаруға себепкер болған патологиялық үрдістерді тіркеу журнал болуы керек.

Ет комбинаттарында алдымен басты, сонан соң ішкі мүшелерді, соңында ет ұшасын зерттейді.



Негізгі бөлім

Әдебиетке шолу

ветеринариялық – санитариялық сараптауды төмендегідей тәртіп бойынша өткізу қажет.

Міндетті түрде малдың басын, ішкі ағзалары мен ұшаны тексеретін және соңғы, қорытынды жасайтын орын болуға тиісті

Ірі қара, жылқы, түйе жылжымасында төрт ветеринариялық нүкте бар:

  1. Басты зерттеу.

  2. Ішкі мүшелерді зерттеу.

  3. Ұшаны зерттеу.

  4. Соңғы нүкте.


Шошқа сойыс өнімдерін өңдеу жылжымасында бес тексеру орны бар:

1. жақ асты (шықшыт) бездерін топалаңға зерттеу.

2. басты жалпылама тексеру.

3. ішкі ағзаларды зерттеу.

4. ұшаны тексеру.

5. соңғы, қорытынды орын.

Қой мен ешкіні өңдеу жылжымасында үш тексеру орны бар:

1- ішкі ағзаларды зерттеу;

2 - ұшаны тексеру;

3 - соңғы нүкте, қорытынды орын.
Ұша мен ағзаларды тексеретін орын өте жақсы жарықтануы тиіс. Ондай орындарда пышақты, егеуді залалсыздандыратын стерилизаторлар, ыстық су, суық су, қолжуғыш және қолды залалсыздандыратын ерітінділермен толтырылған ыдыстар болуға тиіс.

Ветеринариялық- санитариялық сараптау негізінен ағзалар мен ұлпалардың патологиялық өзгерісін байқау және бақылау арқылы жүргізіледі.

Сойылған еттің ұшалары мен органдарына ветеринариялық – санитариялық сараптау арнаулы мал соятын, малды алғашқы өңдеуден өткізетін орындарда (ет комбинаты, қасапханалар, мал соятын алаңдарда) және мал өнімдерін сату базарында (ветеринариялық – санитариялық сараптау лабораториясында) ет және ет өнімдерінің асқа жарамды, не жарамсыз екенін анықтау үшін жүргізіледі.

Ал осындай міндеттерді орындау ет комбинаттарында арнаулы ветеринариялық орындар - нүктелер, ал қасапханаларда, алаңдарда – жұмыс орындары, көк базар жағдайында ветеринариялық – санитариялық сараптау зертханасында байқау алаңдарын ұйымдастырады.

Басты тексеру. Басты тексергенге қолайлы болу үшін, оны күршекке іліп қояды, не үстелге қойып тексереді. Шошқаның басын тексергенге дейін ұшасынан айырмайды. Әр малдың басын тексергенде өзіндік ерекшеліктері болады.

Ірі қара малының басын тексеру. Еріннің, танау тесігінің кілегей қабығын тексереді. Тілді бастан айырып бөлек алады. Пышақтың қыры мен тілдің үстіңгі жағынан кілегейді қырып тастап, онда уытты жараның, эрозияның (аусыл, ақбайпақ) бар жоғын тексереді, мұқият қолмен басып қарайды (актиномикоз, яғни боғмала). Еріндерін қолмен басып тексереді. Одан соң тілді қолмен ұстап, оны өзіне қарай төмендете тартады, ұлпаларды тілдің түбінен ұзына бойына оң және сол жақтарына, ал көмекей – жұтқыншақ маңынан – көлденеңінен кеседі. Осылайша кескіндегеннен кейін екі ортаңғы жұтқыншақ түйін ашылады, оларды жарып тексереді.


Бастың оң және сол жақтарынан сыртқы күйіс бұлшық еттерін 2 рет, ішкі күйіс бұлшық еттерін 1 рет жарыстыра кеседі (финноз, яғни таспа құрт ауруы). Құлақтың төменгі жағынан, алқым және шеткі жұтқыншақ лимфа (без) түйіндерін жарып кеседі. Сонымен қабат астыңғы және үстіңгі жақ сүйектерді, тағы басқа сүйектерді (актиномикоз) қолмен басып тексереді.

Осындай ретпен ұсақ малдың (қой мен ешкі) басы да зерттеледі.

Шошқаның басын тексергенде жақ асты бездерін, сыртқы және ішкі күйіс бұлшық еттерін кесіп тексереді, алқым, құлақ қасы (шықшыт) бездерін жарып, зерттейді. Тілді қолмен басып тексереді.

Топалаңның созылмалы түрімен ауырғанда, әсіресе жақ асты бездеріне, жұтқыншақ пен көмекейдің кілегей қабықтарына аса назар аудару қажет.

Жылқы есек қашыр және түйе бастарын тексергенде, әсіресе танау қуысын бөліп тұратын аралық шеміршекті зерттеу үшін танау сүйектерін жарып кесіп, маңқаға қарсы тексереді. Жоғарыда айтылған бездерді (лимфа) түгелін жарып көреді (жақ асты, тіл асты, құлақ маңы, шеткі жұтқыншақ). Күйіс -шайнау бұлшық еттерін кеспейді.

Қой, ешкі және бұзаулардың басын мойынын атлант буынынан кесіп, ішкі ағзаларды тексеріп болғанша ұшада қалдырады. Ұшадан кеңірдегімен алынған өкпе, бауыр ветеринариялық тексеру аяқталғанынша табиғи байланысында ұсталынады, лимфа түйіндері толықтай сақталынады. Ішкі мүшелерді зерттеу столына салып ұшаменен бірге зерттейді.

Ішкі мүшелердің ішінен ең бірінші сараптауға көкбауыр жатады.

Көкбауырды (талақ) тексеру Көкбауырды тексеру барлық малда бірдей. Сыртынан көлемін, түсін, жұмсақтығын, шеттерін қарап тексереді. Ұзынынан кесіп көкбауырдың ішкі құрылысына назар аударған жөн (құрылымы, түсі, жұмсақтығы) т.б.

Өкпені тексеру. Өкпені кеңірдегімен, жүрек пен бауыр, көк шандыр (диафрагма), өңешпен қоса ілгекке іліп немесе столға қойып тексереді.

Ең алдымен өкпе ұлпаларын қолмен басып тексереді, нығызданып, қатайғаны байқалса, сол жерлерінің тұсынан кеседі (паразиттер, эхинококктар, пневмония, яғни өкпенің қабынуы). Одан кейін өкпенің лимфа түйіндерін: сол жақ бронхылық, оң жақ өкпенің қосымша жарнағының түйінін, оң жақ бронхылық және барлық көкірек қуыстық лимфа түйіндерін жарып тексереді. Жылқы өкпесін зерттегенде міндетті түрде бүкіл кеңірдекті жарып, әрбір өкпеден ауа жолдарының ұзына бойына бірнеше кескіндер жасайды (сап, яғни маңқа).

Жүректі зерттеу (финноз, эхинококкоз). Жүрек қуысын жарып тексереді (клапандардың жаралануы), қанның күйін (ұйиды, немесе ұйымайды) анықтайды.


Бауырды тексергенде ең алдымен лимфа түйіндерін, одан кейін өт өзектерін жарады және пышақтың қырымен өт өзектерінің ішіндегі сұйық затты (өтті) сығып шығарады, оның ішінде фасциолдар, дикроцелийлер болуы мүмкін. Бауырды тексергенде эхинококктардың, іріңнің бар – жоғына, сондай-ақ бауырдың көлеміне, түсіне, жұмсақтығына назар аударады.

Бүйректі ұшадан айырмайды. Ең алдымен бүйректі сыртынан қарап, қол мен басып көреді, егерде қалыпты жағдайдан өзгереген деп есептегенде, міндетті түрде жарып – тексеру керек.

Желінді қолмен мұқият басып қарайды, 1-2 тереңірек қылып кесіп, лимфа түйіндерін зерттейеді.

Ас қорыту мүшелерін зерттеу. Шажырқайды – шарбы майын тексеруді және шажырқай арасында орналасқан бірнеше неғұрлым күмәнді (ұлғайған) лимфа түйіндерін жарып қарайды. Қарынды тексергенде оның сыртқы бетіне көңіл аударады. Қажет болған жағдайда (оған себеп болса) қарынды жарып, оның кілегей қабығын тексереді.

Малдың ұшасын тексеру. Ұшаны тексергенде оның толық қансыздандырылуын анықтайды, егер ұша толық қансызданбаса, қатты ауырған не болмаса сояр алдында өте көп жұмыс істеген, ауырған (қуып жүріп сойған, қиналып, еріксіз союға мәжбүр болған, демалмай ұзақ тасымалданған) малдың ұшасы деп күмәндануға болады. Толық қансызданбады деп, егер де еттің түсі қоңыр – қошқыл болса; қан тамырлары қанға толып тұрады, әсіресе тері асты, қабырға бойында жататын қан тамырлары. Қанның ұшадан нашар ағуы – денеде бір патологиялық үрдістің бар екендігін дәлелдейді. Өйткені, сау малдың ұшасынан қан ақырындап болса да ағып, ұша қаннан тазарады. Ал ауру малдың ұшасынан қан толықтай ақпауы салдарынан етінің түсі қоңыр – қошқылданып тұрады. Ұшаның толық қансызданғанын анықтайтын көптеген әдістер бар. Соның бірі: 24 сағаттан соң (ұшадағы етке) сорғыш қағазды қалың етті 5см-дей етіп арасына салып 2 минуттай ұстайды. Егер де қағаз жартысына дейін ғана боялса, онда ұша толық қансызданбаған, ал егерде толық қанмен боялып қалса өте нашар қансызданған деп саналады.

Екіші әдіс. Компрессориумға ет сынамасын салу.

Үшінші әдіс.Загаевский И.С. әдісі. Ұшаның әр жерінен 25г сынама алып (төс еті) қайшымен ұсақтап, фарфор тостағанында езеді де оған 0,2 н. қалыптағы 5 мл азот қышқылы (соляная кислота) қосса, езінді қызыл – қоңыр түске боялады. Ол езіндіні марля арқылы өткізіп, 0,5 мл ерітіндіні гемометрдің пробиркасына құяды да, осы ерітіндіге тамшылап азот қышқылын стандарттың түсімен бірдей болғанша құяды. Сонан соң қанша мөлшерде ерітінді кетсе, сонша % гемоглобиннің 0,5 мл ет езіндісінде бар екендігін көрсетеді.