ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 41
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
жақсы қансызданған 30 – 40 бірлік
жақсы 41 – 50 бірлік
қанағаттанарлық 51 – 65 бірлік
нашар 65 – 85 бірлік
өте нашар 86 - дан көп
Бұдан басқа Шонбергтің пероксидазды – гемоглобин әдісі бар.
Әрі қарай бұлшық еттердің, плевраның, құрсақ, көк еттің, тері асты клетчаткасының, буындардың, лимфа түйіндерінің зақымдануына (ісік, ірің, жара т.б) назар аударады. Егерде ұша күмәнді күдік туғызбаса, лимфа түйіндерін, және етті кесіп – тілуге болмайды. Ол еттің өнімдік сапасын нашарлатады. Ал егер ұша күмәнді деп табылса, онда лимфа түйіндері және бұлшық еттерді кесіп көруге болады.
Организмдегі жіті үрдістің өту мүмкіндігін көрсететін мүшелердегі, бастағы немесе өкпе – бауырдағы патологиялық өзгерістерді тапқанда, бастың немесе жүректің бұлшық еттерінде финндер (таспа құрттардың балапан сатысындағы паразиттер) табылған жағдайда ұшаны мұқият зерттейді. Ол үшін ұшаның негізгі лимфа түйіндерін: жоғарғы және тереңдіктегі мойын қабырға – мойын, қабырға аралық, белдеме, алдыңғы құрсақ, тереңдіктегі шап безі, жоғарғы шап (желіннің үстіңгі жағында) бездерін жарып тексереді. Ветеринариялық – санитариялық сараптау зертханасы жағдайында шошқа ұшаларын тексергенде белдеме, желке және жауырын – шынтақ бұлшық еттерін (финноз) қосымша жарады. Шошқаның әр ұшасын трихинелланың бар – жоғына міндетті түрде тексереді.
Ол үшін ұшадан – диафрагманың етегінен (көк шандырдан) екі ет сынамасын және бұларды сол ұшаның ретіімен белгілейді, әр сынаманың салмағы 30 - 60г.
Бұзаулар ұшаларын тексергенде (қозы мен торайларда да) бір ескеретін жай, лимфа түйіндерінің көлемі ұлғаюы мүмкін және өте ылғалды болып келеді. Ал жасын анықтарда кіндік тамыр мен кіндікті қосымша зерттейді. Кіндік тамыр мен кіндік қабынғанында ұшаны бактериологиялық тұрғыдан зерттейді.
Жылқы, есек, қашар, түйе ұшаларынан альфартиоз ауруын анықтау үшін көк шандырдың ішкі жағын қарап – зерттейді, егер де керек болса, көк шандырды кесіп көреді.
Лимфа жүйесі және оның сойыс өнімдеріне
ветеринариялықсанитариялық сараптау жүргізу барысындағы орны
Cойыс малдарының көптеген лимфа түйіндерінің орналасуы көбіне ұқсас болып келеді. Ірі қара малында және қойларда лимфа түйіндерінің орналасуы да ұқсас. Олар бұршақ тәрізді, сопақ - ұзынша және домалақ пішінді, әдетте май ұлпасымен қоршалған және тіліп қарағанда сұр немесе сарғыш сұр түсті (май ақ немесе сары). Ешкілерде олардың орналасуы бірдей, бірақ көбінің пішіні жарты ай тәрізді.
Шошқалардың ірі лимфа түйіндерінің беткейлері айқын бөлшектелген немесе бұдырлы болып келеді. Жеке лимфа түйіндері май ұлпасында орналасқан әр түрлі мөлшердегі ұсақ түйіндерден тұратын шоғыр түрінде болады (әсіресе бас және мойын аймақтарында). Тілгенде лимфа түйіндерінің түсі ақшыл қызыл немесе ақшыл сұр (олар майға ұқсайды, бірақ консистенциясы тығыз болады).
Жылқылардың лимфа түйіндері басқа жануарлардың лимфа түйіндері тәрізді орналасқан, бірақ кейбір ерекшеліктері бар. Олар түйіндердің шоғыр тобынан тұрады (20-40 және одан да көп). Олардың түсі бозғылт сұр.
Ішкі мүшелердің лимфа түйіндері (өкпе, бауыр, ішек) пигменттердің болуына байланысты (гемосидерин, меланин т.б.) тілгенде көбіне ашық қоңыр, қоңыр, қошқыл түсті болып келеді. Малдардың басы және ұшасының барлық лимфа түйіндері жұп (оң және сол) болады.
Ветеринариялық - санитариялық сараптаушылар үшін малдардың лимфа жүйесін білу маңызды білім болып саналады. Лимфа жүйесі тамыр және ретикуло-эндотелиалды жүйенің бір бөлігі болып, организмді бөгде заттар мен микробтардан тазартады. Сонымен қатар, қатерлі инфекцияның қоздырғыштары, алғашқы сепсис және паразиттердің балаңқұрттары үшін транзитті жол болып келеді. Сол себепті, ол организмдегі патологиялық үрдістермен тығыз байланыста болатындықтан, лимфа түйіндерінде өзіндік патологиялық реакциялар туындайды. Сондықтан да, ұша мен мүшелерді сойғаннан кейінгі зерттеуде лимфа түйіндерін тексеруге үлкен диагностикалық мән беріледі, себебі ол ұлпа мен мүшелердің жағдайының нәтижесін ғана емес, сондай-ақ жалпы организмнің жағдайының көрсеткіші болып табылады және ұшалар мен мүшелерді санитариялық бағалауда негізгі ақпаратты береді.
Шошқа басының лимфа түйіндерінің ерекшеліктері
Шошқалардың басында жақ асты, құлақ маңы, жұтқыншақ лимфа түйіндері бар, олардың анатомиялық-аумақтық жиектері ірі қара малының жиектерімен бірдей.
Ерекшеліктері: жақ асты лимфа түйіндері жеке бөліктерге бөлінген ( негізгі және қосалқы), ал құлақ маңы және жұтқыншақ лимфа түйіндері кейде екіге бөлінеді; жұтқыншақ медиалды лимфа түйіндері көлемі өте кішкентай болғандықтан зерттеу өте қиын, бірақ олар қандайда бір патологиялық үрдіске жауап беру кезінде тез ұлғаяды.
Қой лимфа түйіндерінің ерекшеліктері
Қойлардың лимфа түйіндерінің топографиясы ірі қара лимфа түйіндеріне ұқсас. Лимфа түйіндерінің көпшілігі бір бірден кездесіп, бұршақ пішіндес, бірақ кейбіреулері 2 - 3 және одан да көп үлкен емес түйіндерден тұратын шоғыр ретінде болады. Ерекшеліктері: қойларда зерттеуге болатын түйіндерінің саны 130-дан көп емес. Бас және мойын аймағында аса маңызды және ірі болып ортаңғы жұтқыншақ лимфа түйіндері (3 см – ге дейін) және беткі мойын лимфа түйіндері (4,5 см - ге дейін) табылады. Тереңдіктегі мойын лимфа түйіндерінен тек каудалды түйін ғана тұрақты. Перде аралық түйіндерден
зерттеу барысында вентралды, ортаңғы және дорсалды түйіндер табылмайды, ал каудалды түйіннің (6,0 - 9,0 см) зерттеу кезінде маңызы бар. Қойларда әсіресе шажырқай лимфа түйіндерінің шоғырларының саны көп.
Енеке лимфа түйіндерінің ерекшеліктері
Енекелердің лимфа түйіндерінің анатомиялық-топографиялық аумақтары және саны ірі қара лимфа түйіндері мөлшерімен сәйкес келеді, ал көлемдері бойынша ірі болып келеді. Түйіндер негізінде жалғыз түзілістер түрінде болады, тек кейбіреулері ғана 2 - 6 түйіндерден тұратын топ ретінде болады. Ерекшеліктері, енекелерде тіл асты сүйегінің қөмейлік бұтағының астында орналасқан тіл асты лимфа түйіні болады. Енекелерде ортаңғы терең мойын лимфа түйіндері, қабырға – мойын лимфа түйіндері, бірінші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері, сонымен қатар оң және сол перде аралық лимфа түйіндері тұрақты емес.
Түйе лимфа түйіндерінің ерекшеліктері
Түйелердің лимфа түйіндерінің анатомиялық құрылысы ірі қара лимфа түйіндерімен және біршама жылқылардың лимфа түйіндерімен ұқсас ( кейбіреулері бөлшектенген және олар қап ретінде болады). Сойған кезде түйелерде жақ жұтқыншақ және бірінші қабырға лимфа түйіндері табылмайды. Тізе қатпарының лимфа түйіндері ірі (10 х 6см) болып табылады, ал ортаңғы және артқы аралық перде лимфа түйіндері ұзындығы 30см-ге дейін, ені 2см –ге дейін бір түйінге біріккен.
Ірі қара және шошқа ұшаларындағы лимфа түйіндерінің құрылымы.
Ірі қараның қанат асты лимфа түйіні - In. axillaris propria – қос жұпты, ұзындығы 2,0 - 3,5см, 3-ші қабырғаның деңгейінде жауырын-иық буыны мен кеуде қуысының қабырғасы аралығында орналасқан (сонымен қатар оны жауырын асты лимфа түйіні деп атайды). Лимфаны иықтың және алдыңғы аяқтардың бұлшық еттерінен, сүйектерінен, буындарынан және терілерінен жинайды. Лимфаны 1-ші қабырғаның қанат асты лимфа түйініне береді.
1-ші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері - Inn. axillares primae costae – олардың саны 1-ден 3-ке дейін болады, әрқайсысының ұзындығы 0,75 - 1,5см, жауырын мен кеуде қуысының қабырғасы аралығында (1 -ші қабырға деңгейінде) орналасады. Лимфаны кеуде бұлшық еттерінен және иық белдеуімен алдыңғы тізелерден жинайды. Шығаратын тамырлары кеңірдектік өзекпен бірігеді.
Қабырға-мойын лимфа түйіні - In. costocervicalis – жұп, ұзындығы 1,5 -3,0см, 1-ші қабырғаның алдыңғы жағында және медиалді, өңеш пен кеңірдектің жанында орналасқан. Лимфаны мойынның артқы бөлігінің терең бұлшық еттерінен (4 - 7-ші омыртқалар аумағынан), қабырға плеврасынан (1-4-ші қабырғалар аумағынан), жауырын және иық белдеуінің бұлшық еттерінен жинайды. Шығаратын тамырлары жалпы кеуделік өзекпен бірігеді.
Шошқаның жамбас лимфа түйіндері - саны 1- 2, қолқаның ішкі мықын артерияларына бөлінетін жерінің артында орналасады. Лимфаны құрсақ қабырғасының артқы бөлігінен, бел, жамбас және құйрық омыртқаларының бұлшық еттерінен жинайды.
Тізе асты лимфа түйіндері - беткі және терең болып бөлінеді. Тізе буынының артында, жоғарырақ, санның екі басты бұлшық еті мен жартылай сіңір бұлшық етінің аралығында, май ұлпасында орналасады. Беткі лимфа түйіндері шошқаларда болмауы да мүмкін.
Тізе қатпарының лимфа түйіндері - сыртқы мықын төмпешігі мен тізе буының аралығында, санның төрт басты бұлшық етінің алдында, май қатпарында орналасады (2-5 үлкен емес түйіндер). Лимфаны құрсақ қабырғасының бұлшық етінен және терісінен, арқадан, сауырдан, бөксе бұлшық етінен жинайды; оның тамырлары ортаң жіліктің жоғарғы бөлігіне дейін жайылған.
Беткі шап лимфа түйіндері – аталық малдарда жыныс мүшесінің бір жағында, шап сақинасының алдында орналасады; аналық малдарда желіннің бір жақ шетінде май қабатында шоғыр түрінде орналасады (кейде олар емшектердің жанында болады). Бұл шоғырлар 5-8 үлкен емес түйіндерден тұрады. Лимфаны құрсақ қабырғасының жанындағы және төменгі бетінен, сүт бездерінен, ұшадан жамбас белдеуінің беткі және терең қабаттарынан жинайды.
Мүйізді ірі қара ұшасының лимфа түйіндері (ұшаның ішкі беті).
Мүйізді ірі қара ұшасының лимфа түйіндері (ұшаның сыртқы беті).
Жылқы ұшаларындағы лимфа түйіндерінің топографиясы.
Қанат асты лимфа түйіндерінің шоғырлары 7 см-ге дейін болады, 12-20 түйіндерден тұрады, қанат асты тамырлар өрімінің ортасында, үлкен дөңгелек бұлшық еттің ішкі бетінде орналасады.
Шынтақ лимфа түйіндері - тек жылқыларда болады, 5-30 түйіндерден тұратын, ұзындығы 5см дейін жететін шоғыр түрінде болады, шынтақ буынының жанында, иық сүйегінде, иық бұлшық етінің екі басты және үш басты бұлшық етінің ішкі бастарының аралығында орналасады. Лимфаны білектен бастап тұяққа дейінгі бұлшық еттерден, сүйектерден, байламалардан және сіңірлерден жинайды. Шығарғыш өзектері қанат асты түйіндеріне барады.
Тізе үсті лимфа түйіндері (тізе қатпары, мықын асты) - терінің астында, санның кең фасциясының ширықтырғышының алдында, сыртқы мықын төмпегінің сызығының ортасында, тізе тостағаншасына жақын, ұзындығы 6-10см шоғыр түрінде орналасады.
Тізе асты лимфа түйіндері - балтыр бұлшық етінде орналасады және санның екі басты бұлшық етімен және жартылай сіңір бұлшық етімен жабылған. Лимфаны артқы аяқтардың санының төменгі бөлігінен тұяққа дейінгі тері, бұлшық ет, сүйек, буын, сіңірлерден жинайды. Шығарғыш өзектері терең шап лимфа түйіндері барады.
Қой, енеке (буйвол), түйе ұшаларындағы лимфа түйіндерінің құрылымы.
Қойларда перде аралық түйіндерден зерттеу барысында вентралды, ортаңғы және дорсалды түйіндері табылмайды, ал каудалды түйіннің (6,0-9,0 см) зерттеу кезінде маңызы бар. Қойларда әсіресе шажырқай лимфа түйіндерінің шоғырларының саны көп.
Енекелердің лимфа түйіндерінің анатомиялық-топографиялық жиектері және саны ірі қара лимфа түйіндері мөлшерімен сәйкес келеді, ал көлемдері бойынша ірі болып келеді. Түйіндер негізінде жалғыз түзілістер түрінде, тек кейбіреулері ғана 2-6 түйіндерден тұратын шоғыр түрінде болады. Ерекшеліктері, енекелерде тіл асты сүйегінің қөмейлік бұтағының астында орналасқан тіл асты лимфа түйіні болады. Енекелерде ортаңғы терең мойын лимфа түйіндері, қабырға – мойын лимфа түйіндері, бірінші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері, сонымен қатар оң және сол перде аралық лимфа түйіндері тұрақты емес.
Түйелердің лимфа түйіндерінің анатомиялық құрылысы ірі қара лимфа түйіндерімен және біршама жылқылардың лимфа түйіндерімен бірдей ( кейбіреулері бөлшектенген және олар шоғыр түрінде болады). Сойған кезде түйелерде жақ жұтқыншақ және бірінші қабырға лимфа түйіндері табылмайды. Тізе қатпарының лимфа түйіндері ірі (10 х 6см) болып кездеседі, ал ортаңғы және артқы аралық перде лимфа түйіндері ұзындығы 30см –ге дейін, ені 2см –ге дейін бір түйінге біріккен.
Ірі қара ұшасы мен ағзаларын ветеринариялық – санитариялық сараптау
Мал басын зерттеу. Дайындалған сиыр басын, сыртынан көзбен қарап қалыптан тыс патологиялық өзгерістерге назар аударады; жара, сүйектері әртүрлі бітуі, қөздің бадыраюы (лейкоз). Әрі қарай ауыз қуысының кілегей қабығын тексеріп, еріндерін басып көреді. Тілді тексеру үшін оның сыртын пышақтың қырымен тазартады, тығыздалған, не қатты ошақтар жоқ болса, тілді кеспейді, ошақтар бар деп күмәнданғанда тілді кесіп тексереді. Жақ асты (шықшыт) безі (Ln. mandibularis) сопақша келген, көлемі 3-4 см, екі жақ асты аралығында, жақ асты сілекей безі мен астыңғы жақтың ішкі жағында, жақ бұрышы тұсында орналасқан. Бұл бездерді сыртынан қарап, көлемін, тығыздығын тексереді, содан соң тіліп, тіліндіні тексереді.