Файл: Негізгі блім Малдын шасын жалпылама тексеру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 42

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жұмсақ таңдайды кесіп, бастың негізінде тіл асты сүйегінің ұштары аралығында орналасқан жұтқыншақтың артқы безін зерттейді (Ln.retropharyngens medialis). Көлемі - 3-5 см. Басты цистицеркозға зерттегенде жоғарғы (бетіндегі) жатқан бұлшық етіне, бастың екі жағынан 2 тіліктен жасап, 4 рет кеседі, ал тереңдіктегі шайнау бұлшық еттеріне 2 (екі жағынан бір тіліктен) кесінді жасайды. Одан әрі, жақ буынынан төменірек орналасқан көлемі 6-9 см, ұзынша келген құлақ маңы бездерін тіліп тексереді.
Ішкі ағзаларды зерттеу. Ішкі ағзаларды арнайы үстелдерде, не болмаса іліп қойып тексереді. Ұшаның жанына ішкі мүшелерін әкеліп тұратын жылжыма жоқ болған кезде табиғи байланыстағы өкпе - бауыр, жүректі кеңірдегінен іліп қояды. Бұндай жағдайда ұша мен ливерді (өкпе - бауыр ) бірдей санмен белгілеп, ал қалған мүшелерді жылжымада тексереді. Ветеринариялық - санитариялық сараптауды көк бауырды тексеруден бастайды. Көк бауырдың сыртқы пішініне, түсіне, ұлпасының жұмсақ- қаттылығына және тіліп ұлпа күйіне назар аударады. Сонан соң, қарын мен ішектерді қарап тексереді. Сірілі қабықты, лимфа түйіндерін (бездерін) тексеріп, кейбіреуін тіліп қарайды. Егерде сірілі қабықта, бездерде патологиялық өзгерістер табылса, онда ішек-қарынды жарып, олардың кілегей қабықтарын тексереді. Қарынның бездері, қарынның әр бөлімінің сыртында орналасқан, аттары қарынның аттарына сәйкес келеді (мес қарынның, тақия қарынның, ұлтабардың бездері). Шажырқайдың бездері (Ln. mesenterialis) шажырқай қабаттарының арасында ұзынша келіп орналасқан. Сонан соң желінді, несеп қуығын, аталық жыныс бездерін қарап зерттейді. Керек болған жағдайда жарып тексереді.
Бүйректі қабынан алып қарап, басып тексереді. Егер де патологиялық өзгерістер байқалса бүйрек ұлпасын, бүйрек түбегін жарып тексереді. Бүйрек артериясы шығатын тұсында, бүйрек майында орналасқан бүйрек бездерін (Ln. renales) жарып тексереді.

Субөнімдеріді тексеру (ливер). Субөнімдерге көк шандыр арқылы табиғи бірлестіктегі кеңірдек, өкпе, жүрек, бауыр жатады.

Өкпенің тығыздығын қолмен басып тексереді. Пневмония ошақтары, бітеу жара, эхинококк қапшықтарының жоқтығына назар аударады. Сонан соң, ірі бронхыларды жарып, ішек- қарын жыны мен қаннан тұншықпағандығын анықтайды. Ұлпада патологиялық ошақтар болса жарып тексереді. Бронхының лимфа түйіндерін (бездерін) жарып тексереді. Әсіресе, сол жақтағы ірі бронхалардың алдыңғы және жоғарғы жақтарында орналасқан бронхының сол жақ бездерін (Ln. bronchialis sinister) зерттейді. Бронхының оң жақтағы бездері (Ln. bronchialis dexter) көбінесе байқалмайды. Бұдан басқа көкірек қуысының барлық лимфа түйіндерін (Ln. mediastinales ventrales, Ln. mediastinales caudalis және т.б.) жарып тексереді.


Жылқы ливерінде міндетті түрде бүкіл кеңірдекті жарып, әрбір өкпеден ұзына бойына бірнеше кескіндер жасап, маңқа ошақтарын іздейді.

Өкпеден кейін жүректі қарайды. Жүрек қабын, жүректің сыртын (эппикард) ұзыннан тіліп жүректің оң және сол жақ қарыншаларын, қос жақтаулы, үш жақтаулы жүрек клапандарын және жүректегі қанды тексереді. Жүрек бұлшық еттерінде цистицерктердің бар - жоқ екендігін көлденеңінен 2-3 рет тіліп зерттейді.

Бауырды көк шандырдан (диафрагмадан) айырған соң зерттеуге кіріседі, бауырдың көлемінің, түсінінің өзгерісі, қабыну және сему үрдісінің жоқтығына назар аударады. Сонан соң бауырдың висцералды жағынан лимфа түйіндерін (Ln. haepatici), бауыр ұлпасын жарып, оның құрылысы мен түсін анықтайды, одан кейін өт өзектерін жарады және пышақтың қырымен өт өзектерінің ішіндегі сұйық заттарды сығып шығарады, оның ішінде фасциолалар мен дикроцелийлер болуы мүмкін. Бауырды тексерген кезде эхинококктардың, іріңді ошақтардың бар жоғына назар аударады.

Ұшаны тексеру малдардың алғашқы ветеринариялық байқаудан және сойғаннан соң зерттейтін ет өңдейтін өнеркәсіптерде ветеринариялық -санитариялық сараптауды жүргізгенде, лимфа түйіндерінде патологиялық өзгерістер жоқ болса, ұшадағы лимфа түйіндерін жарып тексермейді. Бұндай жағдайларда лимфа түйіндерін тек қана сыртынан қарап байқайды.

Ұшаны тексергенде оның толық қансызданғанын анықтайды. Мал сояр алдында өте қатты шаршаса, естен тандыру үрдісі дұрыс жасалмаса, не жүргізу технологиясы орындалмаса және естен тандырғаннан қансыздануға дейінгі уақыт сақталмаған жағдайларда ұша нашар қансыздануы мүмкін. Ұшада ісік, жара, жарақаттану бар - жоғына назар аударады. Плевра мен көк шандырдың күйін тексереді.

Егерде алдыңғы ветеринариялық орындарда бастағы, ішкі ағзалардағы, лимфа түйіндерінен патологиялық өзгерістер байқалса, ұшаны өте мұқият түрде тексеруден өткізеді. Барлық лимфа түйіндерін және кейбір бұлшық еттерін кесіп тексереді.

Ауруға күмәнданғанда келесі лимфа түйіндерін зерттейді:

- Иық буыннан сәл жоғарырақ, тоқпан жілік басының бұлшық етінің астында, май ұлпаларында орналасқан жоғарғы мойын және жауырын алды безін (Ln. cervicales superficialis) табады, ол үшін жауырынның алдынан мал мойнына қарай 10 - 12 см аралығында, ұзындығы 15 см, тереңдігі 5 см тілік жасап, жол ашады.

- Бірінші қабырғаның алдында, мойынның ортасында және астынғы жағында орай орналасқан лимфа түйінін (Ln. cervicales profundi)

- Бірінші қабырға тұсында, кеуде қабырғасы мен жауырынның арасында орналасқан қанат асты лимфа түйіндерін (Ln. axillaris primae costae). Ол үшін бірінші қабырғаның алдынан қатарластырып, иық буынының тұсынан, кеуде бұлшық етін 3 -4 см көлемінде тіледі.



- Бірінші қабырғаның сыртқы төменгі жағында орналасқан мойын - қабырға лимфа түйіндерін (Ln. сostacervicales) .

- Плевра тұсында, қабырға бастарында орналасқан қабырға аралық лимфа түйіндерін (Ln. іntercostalis).

Қолқа мен кеуде омыртқасы денесінің арасындағы көкірек қуысының лимфа түйіндерін (Ln. mediastinalis dorsalis), ол үшін көк еттің алдынан кеуде омыртқалары мен аорта арасындағы майды кесіп, лимфа түйіндерін табады.

Мықын сүйегінің төмпешігі мен тізе тостағанының арасында тізе тостағанының майында орналасқан (бүгілме, иін, шығанақ) лимфа түйіндерін (Ln. subiliacus).

- Аналық малдардың желінінің үстінде, аталық малдардың хасасының бүйірінде орналасқан жоғарғы шап лимфа түйіндерін (Ln. inguinalis suftrficialis және Ln. supramammariei).

Тізе буыны деңгейінде, қос басты сан еті мен жартылай сіңірлі еттің арасында 10-12 см тереңдікте орналасқан тізе асты лимфа түйінін (Ln. popliterus).

Қолқадан жоғары, арқа аралығындағы тесіктерде орналасқан арқаның лимфа түйіндерін (Ln. lumbales aortici).

- Сан артериясының жамбасқа кірер тұсында орналасқан жамбас лимфа түйіндерін (Ln. iliacus).

Қолқаның ішкі сан артерияларына бөлінген тұсында орналасқан сегіз көз (құйымшақ омыртқасының) лимфа түйіндерін (Ln. hupogastrici sarcales)

Кішкене шонданай қиығында, құйымшақ - шонданай байланысының сыртында орналасқан шонданай лимфа түйіндерін (Ln. ischadicus).

Індетті аурулар кезіндегі сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау және санитариялық бағалау

Ветеринариялық – санитариялық сараптау кезінде, барлық жұқпалы аурулар, адамға тигізетін зиянына байланысты 3 топқа бөлінеді:

1. Адамдарға сүт және ет өнімдері арқылы берілетін індетті аурулар (топалаң, туберкулез, бруцеллез, аусыл, шошқа қызылшасы, лептоспироз, листериоз, Ку қыздырмасы, туляремия, құтыру жыбырлақ, сіреспе және т.б.).

2. Адамдарға жұқпайтын аурулар. Бұлар да 2-топқа бөлінеді. Бұның бір тобы адамда кездесетін, бірақ та олар сүт және ет өнімдері арқылы берілмейтін аурулар: (сіреспе, құтыру, актиномикоз, ботриомикоз, қатерлі ісік (газды гангрена, псевдотуберкулез және т.б.)

3. Адамдар ауырмайтын екінші топтағы індетті аурулар (пастереллез, шошқа обасы, ірі қараның қатерлі катарлы қызбасы, шошқаның сему риниті және т.б.).

Жұқпалы ауруларды бұндай топтарға бөлу ветеринария сараптаушысын бірінші топтың ауруына аса көңіл аударуды талап етеді, өйткені мұндай аурулар айқындалған жағдайда адамдардың жұқпалы аурулармен зақымданбауын қамтамасыз ететін шараларды іске асыру қажет.

Індетті аурулар орасан зор экономикалық шығын әкеледі. Шығындар мал өлімінен, сойыс өнімдерін утилдеуден, өнім саны мен сапасының төмендеуінен құралады. Ауру малдардың өнімдері адам өміріне де қауіп тудырады.


Сібір жарасы (Anthrax). Сібр жарасының қазақша қой мен ешкіде - топалаң, жылқыда - жамандат, сиырда - қарасан, түйеде - акшелек, адамда – түйнеме аттарымен белгілі. Сібір жарасы барлық ауылшаруашылығы малдары мен жабайы жануарларды зақымдайды. Көршиқан шығып, септицемия түрінде өтетін адам мен жануарларға ортақ жұқпалы ауру. Құстан басқа малдың барлық түрі шалдығады.

Сояр алдындағы диагностика.

Жасырын кезеңнің ұзақтығы 2-3 апта. Температураның жоғары болуы, күйзелуі, тәбеттің қашуы, жүректің әлсізденуі, домбығу, гиперемия және кілегей қабықтың көгеруі, геморрагиялық гастроэнтерит болуы топаланның негізгі белгілері.

Жоғарғы температура көтерілуімен қатар, жылқыда шанышқақ, түйме, ірі қарада – іш кебуі, ұсақ малда тырысып – бүрсуі, шошқада көмекейі мен жұтқыншағы аймағының жіті қабынуы, итте геморрагиялық гастроэнтерит білінеді.

Ауру көбінесе 2 түрде өтеді: көршиқан шығатын түрі және септицемия түрі

Патологиялық үрдістің орналасуына байланысты: топалаң теріде, ішекте, өкпеде, жыныс органдарында болуы мүмкін.

Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Егер ауру септицемия түрінде кездессе малдарды союды тоқтатады. Диагнозды анықтау үшін көкбауырдан, лимфа түйіндерінен, құлақты және зақымданған мүшелерден бактериологиялық және бактериоскопиялық зерттеулерге сынамалар жүргізіледі. Талдаудың қорытындысы келгенше, барлық мүшелерді оқшаулайды. Егер де бактериоскопиялық зерттеу топалаң бар деп тапса, ұшаны барлық мүшелерімен, терісімен, бактериологиялық зерттеуді тоспай - ақ өртеп жібереді.

Қалған мүшелерін (аяқ, құлақ, желін, қан) және топалаңға шапқан малдың мүшесімен араласқан заттарды да өртеп жібереді.

Топалаңға шыққан малдың терісімен қатар болған терілерді ережелерге сәйкес ветеринариялық - медициналық бакылау қызметкерлерінің бақылауымен және нұсқауымен зарарсыздандырады.

Егер де басқадай ұшаларға, мүшелерге жанасқан болса, онда оларды 6 сағ ішінде ашық қазанда 3 сағат, жабық қазанда 2,5 сағат қайнату әдісімен зарарсыздандырады. Егер де олай істей алмаған күнде 100 С төмен температураға қойып сақтап, 48 сағат ішінде қайнатады. Егер де қайнатуға жағдай болмаса, өртеп жібереді.

Егер де базар жағдайында сібір жарасы анықталса, тез арада барлық жанасқан өнімдерімен қоса бөлмеден аластап, сойыс өнімдері жатқан бөлмені 5% белсенді хлоры бар хлор ерітіндісімен, едені мен қабырғасын 2 % хлор ерітіндісімен дезинфекциялайды, 1 сағат уақыт өткен соң бөлмені тазалап, шыққан қоқысты өртеп жібереді. Бөлмелерді 3 рет залалсыздандырады: бірінші рет 10% күйдіргіш натрий ерітіндісімен, екінші рет 1 сағаттан соң 5% белсенді хлоры бар хлор ерітіндісімен, үшінші рет тағы да, 1 сағаттан соң осы ерітіндімен залалсыздандырады. Бөлмелерді желдетіп, барлық құрал – жабдықтарды, еденді және қабырғаны ыстық сумен жуады. Пышақ, шанышқы, мусаттарды 5% кальцинденген сода ерітіндісінде 30 минут қайнатады. Арнайы киімдерді автоклавта залалсыздандырады.


Қарасан (Gangraena emphysematosa). Мүйізді ірі қараның індетті, негізінен 3 жасқа дейінгі малдар арасында жіті түрінде өтетін контагиозды емес ауруы. Қой мен ешкіде өте сирек ұшырасады.

Ауруды ажырату диагнозы. Сібір жарасынан, қатерлі ісіктен ажырата білу қажет. Ауру малдарды союға жібермейді.

Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Сыртқы ортада спорасының төзімділігі мен ауру малдардың ұшасының органолептикалық көрсеткіштерінің нашар болуына байланысты ауру малды союға рұқсат етпейді. Егерде ауру сойылып қойғаннан кейін белгілі болса, барлық сойыс өнімдері және жанасқан өнімдер, шикізаттар өртелінеді. Ауру малдың сүтін 30 минут қайнатып барып, жояды. Ауру мал ұсталған не сойылған жерлер 5% белсенді хлоры бар хлор ерітіндісімен, не 10% ыстық күйдіргіш натрий ерітіндісімен, не 10% бірхлорлы йод ерітіндісімен дезинфекциялайды. Мал көңдері мен қиларын және қалдық суларды құрғақ хлорлы әкпен залалсыздандырады.

Брадзот (Bradsot) Ересек қой мен ешкілердің, қозы мен лақтардың контагиозды емес энтеротоксептикалық жіті түрде өтетін індетті ауруы.

Қоздырғышы. Шеттері домалақтанған таяқша тәрізді микродене, сопақша келген спора түзеді, қапшығы жоқ, экзотоксин және гемолизин бөледі. 1000 С - та қайнатқанда 2 – 15 минутта тірі болады.

Сояр алдындағы диагностика. Мал әлсірейді, дірілдеп - селкілдейді, тістерін қайрап тез арада өліп кетеді. Ауруддың созылмалы түрінде аузынан көбіктенген қанды сілекей ағады,іші кебеді, түйілу үрдістері байқалады.

Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Брадзотпен ауырған малды союға болмайды. Егер диагноз мал сойылып қойғаннан соң байқалса, ұшаны, терісін, шикізаттарын түгелімен және жанасқан басқа да сойыс өнімдерін өртеп жібереді. Сойыс өнімдері болған бөлмені, құрал жабдықтарды, саймандарды 5% белсенді хлоры бар хлор ерітіндісімен 5%- тік формалдегид ерітіндісімен арасына 1 сағат салып үш рет дезинфекциялайды.

Мүйізді ірі қара обасы. (Pestis bovum) Мүйізді ірі қара, қодас, енеке, өркешті сиыр, түйе, қой, ешкі, бұғы және тағы басқа жануарлардың жұқпалы індетті ауруы.

Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Эпизоотиялық қауіптілігіне байланысты ауруға күмәнді малдарды союға жібермейді. Егер диагноз мал сойылып қойғаннан соң байқалса, ұшаны, терісін, шикізаттарын түгелімен және жанасқан басқа да сойыс өнімдерін өртеп жібереді. Тез арада ветеринариялық-санитариялық шараларды іске асырады. Мал сүтін 30 минут қайнатып, жойып жібереді. Сойыс өнімдері болған бөлмені, құрал жабдықтарды, саймандарды 2% ыстық (70-80