Файл: ыса мерзімді жоспар Пн аза тілі Т2 Блім Отбасындаы дстрлер мен мерекелер.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 58
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар | |||||||||||||||
Пән: Қазақ тілі Т2 | Бөлім: 1. Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер | ||||||||||||||
Күні : | Педагогтің аты-жөні: | ||||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар : | ||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: 1. Қазақ отбасының дәстүрлері | |||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары | 5.1.1.1 - тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау; 5.1.3.1 - күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну | ||||||||||||||
Сабақтың мақсаты : | Барлық оқушылар: тақырыпты тірек сөздер арқылы болжай алады; күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіне біледі. | ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Дәстүр, кеңес беру, қамқоршы, құрметтеу. | ||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы | «Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: Мақсаты: мейірімді болуға, қамқор болуға, қарапайым болуға баулу. «Өзіңе тілегенді өзгелерге тіле» (Оқушылар шеңберге тұрып бір – біріне жылы лебіздерін белдіре тұрып мұғалім алдын ала дайындаған әр түрлі түстегі жүрекшелердің тілектерін бір біріне оқып сыйлау арқылы топқа бөлінеді) Үй жұмысын тексеру Сабақтың тақырыбын, мазмұнын суреттер арқылы болжайды. | «Бас бармақ» | Слайд Түрлі- түсті жүрекшелер | ||||||||||||
Сабақтың ортасы | 1.Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздермен таныстырады, оқушыларға қайталатады, жаңа тақырыпқа байланысты сөздіктермен жұмыс.
Бірінші диаграммаға отбасымен байланысты туыстық атауларын екінші диаграммаға «Қандай отбасы?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді жазуға оқушыларға бағыт- бағдар береді. 2- тапсырма Жеке жұмыс Диаграмманы пайдаланып өз отбасы туралы мәтін құратып жаздыртады. Айтылым 4- тапсырма Жұптық жұмыс Оқылым. Тілдік бағдар. Сергіту сәті Тыңдалым Оқылым Топтық жұмыс 5 – тапсырма. Оқылым 7- тапсырма Жеке жұмыс 3- тапсырма Оқылым Айтылым Жеке жұмыс | Тыңдалым,айтылым. Жаңа сөздерді жазады, сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады. Аудармасын мұғалімнің көмегімен айтып шығады. Дәстүр- традиция Кеңес беру-дать совет Қамқоршы-опекун, покровитель Құрметтеу-уважать Жазайық Жазылым Үлгі: Менің отбасым үлкен. Отбасымда бес адам тұрамыз: әжем, әкем, анам, қарындасым және мен. Мен 5- сынып оқимын. ... Айтылым Диалог. Жағдаят: Бір- біріңмен пойызда кездестіңдер. Амандасыңдар, танысыңдар. Өз отбасыларың туралы диалог құрыңдар. Оқылым Кестені мұқият оқып, мұғалімнің көмегімен талқылайды. Сергіту сәтін орындайды. Интербелсенді тақтада көрсетілетін «Қара жорға» биі сынып боп билейді. Тыңдалым Мәтінді тыңдайды, оқиды. Топ болып талқылап, «Балық қаңқасы» тәсілін қолданып мәтінді бөліктерге бөледі. Оқылым Айтылым Мәтіндегі ақпараттың дұрыстығын тексереді.
Айтылым Өлеңді мәнерлеп оқиды. Мазмұнын өз сөзімен айтып береді. | «Смайликтер» Дескриптор 3 балл -Отбасы мүшелерін жазады. «Бағдаршам» Дескриптор: -Өзінің отбасы мүшелерін әңгімелейді. «Қол шапалақ» Өзара бағалау: «Тамаша», «Жақсы», «Ойлан» | Оқулық 4- бет сөздік слайд Слайд Оқулық 5- бет Оқулық 6- бет слайд | |||||||||||
Сабақтың соңы | Үй тапсырмасын беру : 4- б. 6,8 -тапсырма | | |||||||||||||
Кері байланыс «Менің ұраным» | Өз деңгейлерін анықтайды. | | |||||||||||||
Бағалау | Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды. Смайликтер арқылы формативті бағалау жүргізіледі. |
Қысқа мерзімді жоспар | ||||||||||||||
Пән: Қазақ тілі Т2 | Бөлім: 1. Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер | |||||||||||||
Күні : | Педагогтің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар : | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: 2. Қазақ отбасының дәстүрлері | ||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары | 5.2.3.1- ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту; 5.2.2.1 - қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану | |||||||||||||
Сабақтың мақсаты : | Барлық оқушылар: ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айта алады; қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалана алады. | |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тату- тәтті, сыйлау, қонаққа шақыру, достық. | |||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы | «Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: «Мұғалім«шаттық шеңберін»құрғызып, ынтымақтастық ат мосферасын орнату үшін оқушыларға: — Балалар, сендер қарым-қатынас барысында бір-біріне қандай жақсы сөздер айтасыңдар?-деп сұрайды. Қайырлы күн, көздерім! Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).Қайырлы күн, құлақтарым! Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды). Қайырлы күн, қолдарым! Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды). Қайырлы күн, мұғалім! Мен ояндым!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады) /оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, жылы тілектер айтады/ Үй жұмысын тексеру Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Миға шабуыл. -Балалар сендер отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? Суретке қарап әңгіме жүргізу. « Отбасы деген не? » туралы білімдерін тексеру және слайд арқылы отбасының орналасу жиынтығы туралы суреттерден көрсету бойынша жұмыс. Отбасы қалай құрылады? Отбасындағы негізгі әрекеттерді ата? Осы аталған сұрақтар төңірегінде 3 топ жұмыс атқарып, өз ойларын, пікірлерін ортаға салып жұмыс атқарады. | «Смайликтер» | Слайд Қима қағаздар | |||||||||||
Сабақтың ортасы | 1.Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздермен таныстырады, оқушыларға қайталатады, жаңа тақырыпқа байланысты сөздіктермен жұмыс. Жекелей жұмыс Қосымша тапсырма. Жазылым Айтылым 9- тапсырма Жұптық жұмыс 16- тапсырма Топтық жұмыс Сергіту сәті Интербелсенді тақтада көрсетілетін «Қызыл гүлім- ай» биін сынып боп билейді. Айтылым Жеке жұмыс 10 – тапсырма. Жазылым 11- тапсырма Жеке жұмыс 13- тапсырма Жазылым Жеке жұмыс 12- тапсырма Жеке жұмыс 15- тапсырма Жеке жұмыс | Тыңдалым,айтылым. Жаңа сөздерді жазады, сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады. Аудармасын мұғалімнің көмегімен айтып шығады. Отбасы-семья Тату-дружный Үлгілі-примерный Жақын-близкий , Бауырмал-сердечный Жазылым Бос орынды керекті сөздермен толықтырыңдар. Досымның інісі____. Менің қарындасым________________. Менің отбасым__. Диманың анасы_____. Катеринаның атасы мен әжесі___________________. Керекті сөздер: үлгілі, бауырмал, ашық, мейірімді, қарапайым адамдар. Жазайық Мәтін бойынша бес сұрақ құрастырып жазады. Парталас досы екеуі «Сұрақ- жауап» тәсілі арқылы бір- бірінің сұрақтарына жауап береді. Айтылым Полилог. Жағдаят: Досың екеуің көшеде келе жатып, көрші атайды көріп қалдыңдар. Амандасыңдар, досың мен атаймды таныстыр. Мәтіндегі ақпаратты пайдалан. Сергіту сәтін орындайды. Қимыл қозғалыс арқылы сергу. Айтылым Берілген сөздерді жекеше түрде тәуелдеп айтады: әже, ана, ұл, қыз. Үлгі:
Жазылым «Әлібектің отбасы» тақырыбына синквейн (бес жолды тақпақ) жазады. Жазылым Толықтырып жазады. Амандасу сөздері:------- Таныстыру сөздері:----- Қоштасу сөздері:-------- Жазылым «Бинго» ойыны. Кім торды тез толтырады? Айтылым Отбасының суретін салады. Топқа таныстырады. | «Қол шапалақ» Дескриптор 3 балл -Мінездеме береді «Бас бармақ» Дескриптор 4 балл -Сұраққа жауап береді Дескриптор: -Өзінің отбасы мүшелерін әңгімелейді. «Бағдаршам» Өзара бағалау: «Тамаша», «Жақсы», «Ойлан» | Оқулық 7- бет сөздік слайд Слайд Оқулық 7- бет Оқулық 8- бет слайд | ||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Үй тапсырмасын беру : 8 - б. 14, 17 -тапсырма | | ||||||||||||
Кері байланыс | Өз деңгейлерін анықтайды. Кері байланыс «Бір +, бір - » Сабақ барысында сәтті шыққан 1 кезең, сәтсіз шыққан 1 кезеңді айту. Оқушы мен мұғалім кері байланысы. | | ||||||||||||
Бағалау | Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды. Смайликтер арқылы формативті бағалау жүргізіледі. |
Қысқа мерзімді жоспар | ||||||
Пән: Қазақ тілі Т2 | Бөлім: 1. Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер | |||||
Күні : | Педагогтің аты-жөні: | |||||
Сынып: 5 | Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар : | |||||
Сабақтың тақырыбы: 3. Атам төрде отырады. | ||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары | 5.3.1.1 - мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау; 5.3.3.1 -фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау | |||||
Сабақтың мақсаты : | Барлық оқушылар: мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтай алады; фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсінеді, тақырыбын анықтай алады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Төр, босаға, құрмет, ізет, сыйлау. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы | «Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: Амандасу. Күннен , жерден нәр алған Біз - өмірдің гүліміз. Бүгінгі күннің сәтінде Сәтті болсын күніміз -деп оқушылармен сабаққа бейімдету психологиялық ахуал жасалды Үй жұмысын тексеру Ыстық орындық әдісі арқылы үй жұмысын тексеру 3 түсті стикерлерді сыныпқа таратамын, сол түскен стикері бойынша сабақ соңында сабақты өздері қалай түсінгендерін білдіреді. Сабақтың критериалды бағалау түрлері тақтада ілініп тұрды. Суреттерді тақтаға шашыраңқы түрде іліп қоямын. Көру арқылы оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын анықтап аламыз. | «Бас бармақ» | Слайд Үш түрлі стикерлер Отбасы, қариялар туралы суреттер кескіні | |||
Сабақтың ортасы | 1.Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздермен таныстырады, оқушыларға қайталатады, жаңа тақырыпқа байланысты сөздіктермен жұмыс. Айтылым 1- тапсырма Жеке жұмыс 2- тапсырма Жеке жұмыс Сергіту сәті Тілдік бағдар Жеке жұмыс Айтылым Топтық жұмыс 3 – тапсырма. Айтылым 4- тапсырма Жұптық жұмыс 5- тапсырма Жазылым Жеке жұмыс | Тыңдалым,айтылым. Жаңа сөздерді жазады, сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады. Аудармасын мұғалімнің көмегімен айтып шығады. төр- почетное место қария- старик, старец, пожилой человек қонақ-гость төрлетіңіз- проходите, пожалуйста үлкендер- взрослые, пожилой человек Айтайық «Қарлы кесек» тәсілі арқылы суретке қарап, сұрақтарға жауап береді. 1.Үйлеріңе келген қонақты қалай қарсы аласыңдар? 2.Қонақтарды дастарқандағы дәмге қалай шақырасыңдар? 3.Дастарқанға қандай тағам қоясыңдар? 4.Үй иелері қайда отырады? 5.Қонақтар қайда отырады? Жазылым Дастарқан жасау тәртібін білесің бе? Ретімен жаз. 1.------------------------- 2.-------------------------- 3.--------------------------- 4.----------------------------- 5.----------------------------- Сергіту сәтін орындайды. Айтылым Жалпы есім жалқы есім туралы түсініктерін тереңдетеді. Тыңдалым Оқылым Айтылым Мәтінді тыңдап, түсінгенін айтады. Әр топ мәтінді игеру үшін «Қос жазба күнделігі» тәсілі арқылы жұмыс жасайды. Негізгі тірек сөздерді бірінші бағанға жазып, екінші бағанда ол сөздердің мағынасын түсіндіреді. Айтылым Мәтіннің мазмұны бойынша парталас досы екеуі кезектесіп сұрақтарға жауап береді. «Қағып ал» тәсілін қолданады. Жазылым Б ерілген сөздердің ішінен жалпы есімдерді теріп жазады. Мысалы: | «Смайликтер» Дескриптор 3 балл -Сұрақтарға жауап береді «Алма ағашы» Дескриптор 5 балл -Түсіндіреді -Талдайды «Екі жұлдыз, бір тілек» Дескриптор 3 балл -Жалпы есімдерді теріп жазады. «Табыс баспалдағы» | Оқулық 9- бет сөздік слайд Слайд Оқулық 9- бет Оқулық 10- бет слайд Кесте Таратпалар | ||
Сабақтың соңы 3 минут | Үй тапсырмасын беру : «Менің атам қадірлі» .Өзінің атасын сипаттап келеді. | | ||||
Кері байланыс | Өз деңгейлерін анықтайды. Мен ... үйрендім. Мен ... білдім. Маған ... қиын болды. | | ||||
Бағалау | Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды. Смайликтер арқылы формативті бағалау жүргізіледі. |
Қысқа мерзімді жоспар | ||||||
Пән: Қазақ тілі Т2 | Бөлім: 1. Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер | |||||
Күні : | Педагогтің аты-жөні: | |||||
Сынып: 5 | Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар : | |||||
Сабақтың тақырыбы: 4. Атам төрде отырады. | ||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары | 5.4.5.1 - жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану; | |||||
Сабақтың мақсаты : | Барлық оқушылар: жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жаза алады; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады; | |||||
Тілдік мақсаттар | Бата тілеу, төрге отырғызу, ұрпақ, қастерлі. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы | «Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: Жарқырап күнде ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз, Қайырлы күн! Сəлемдесіп аламыз. Мақсатымыз- білім алу, Міндетіміз- еңбектену, Еңбектену арқылы, «5»-ке қолды жеткізу Үй жұмысын тексеру «Сен-маған, мен- саған» тәсілі. Сұрақтар : 1.Төр қайда орналасқан ? 2. Қазақ халқы үйге келген қонақты қалай қарсы алған ? 3.Қонаққа қалай құрмет көрсеткен? 4.Қазақ халқы төрге кімді отырғызған? 5.Қазақта қарт туралы қандай аталы сөздер бар? 6.Дастарханға кім бата береді? | «Қол шапалақ» | Слайд Үлестірмелі топтамалар Ата, әженің, қарияның, дастарханның суреттері | |||
Сабақтың ортасы | 1.Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздермен таныстырады, оқушыларға қайталатады, жаңа тақырыпқа байланысты сөздіктермен жұмыс. Айтылым 6- тапсырма Жұптық жұмыс 9- тапсырма Топтық жұмыс Сергіту сәті Жазылым Жеке жұмыс 7 – тапсырма. Айтылым 8- тапсырма Жұптық жұмыс Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана койылған аты жалқы есім деп аталады. Мысалы: кісі адам деген жалпы адам атаулыға тән ат болса, Байжан, Гүлнар дегендер адам атаулының бәріне емес, жеке кісілерге ғана қойылған. | Тыңдалым,айтылым. Жаңа сөздерді жазады, сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады. Аудармасын мұғалімнің көмегімен айтып шығады. Алыңыз – возьмите Беріңіз - дайте Оқыңыз – читайте Тыңдаңыз - слушайте Ішіңіз – пейте Жазыңыз - пишите Көріңіз – смотрите Отырыңыз - садитесь Зейнеткер – пенсионер Айтайық «Үйге келген қарт адамды қалай қарсы алу керек?» тақырыбындағы диалогты толықтырады. Диалогтегі қарт кісі мен ұл баланың арасындағы әңгімені әрі қарай жалғастырады. Оқылым Жазылым Ұлағатты сөздерді түсініп оқиды. Негізгі ойды анықтап, топқа бөлініп шағын мәтін жазып, постер қорғайды. Сергіту сәтін орындайды. «Дирижер» әдісі Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол адам сол қимылды қайталауы керек. Кім тез қайталай алмаса, сол ойыннан шығады. Жүргізуші бір қимылды бірнеше адамға жасата отырып, белгілі бір дыбыстар шығаруы керек. Жазылым «Дастарқан әдебі» мәтініне мына суреттердің қандай қатысы бар? Дастарқан басында не істеуге болмайтыны туралы жазады. Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар: 1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. 2. Тамақты жатып ішуге болмайды.. 3.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды 4.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды 5.Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек. 6.Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. 7.Дастарханнан аттауға болмайды. 8.Өле жегенше, Ағайынмен бөле же. 9.Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек. Айтылым Жағдаят: Шетелдік досымен өз халқының дәстүрлері туралы сөйлеседі. Қазақ халқының дастарқан әдебі туралы айтады. Жалқы есімдерді қолданады. Жалқы есім, әдетте, жеке кісінің аты-жөні, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым, мекеме, зауыт, фабриканың жеке аттары, географиялык (жер, су, т. б.) атаулар, әр түрлі шығарма (газет, журнал, кітап, ән, күй, би, т. б.) аттары, мал, құс, хайуанаттарға арнайы қойылған (Тайбурыл, Құлагер, т. б.) аттар болып келеді. Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады. | «Смайликтер» Дескриптор 3 балл -Сұрақтарға жауап береді «Алма ағашы» Дескриптор 5 балл -Мәтін жазады -Топтастырады. «ББҮ» Дескриптор 3 балл -Түсіндіреді -Талдайды «Өзін- өзі бағалау» Дескриптор 3 балл -Жалпы есімдерді теріп жазады. «Қоқыс жәшігі» | Оқулық 11- бет сөздік слайд Слайд Оқулық 11- бет Оқулық 11- бет слайд Кесте Таратпалар | ||
Сабақтың соңы 3 минут | Үй тапсырмасын беру : 10- тапсырма, 11- бет. | | ||||
Кері байланыс | Өз деңгейлерін анықтайды. «Рефлексия пирамидасы» тәсілі бойынша сұрақтарға жауап береді. | | ||||
Бағалау | Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды. Смайликтер арқылы формативті бағалау жүргізіледі. | |||||
Қысқа мерзімді жоспар | ||||||
Пән: Қазақ тілі Т2 | Бөлім: 1. Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер | |||||
Күні : | Педагогтің аты-жөні: | |||||
Сынып: 5 | Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар : | |||||
Сабақтың тақырыбы: 5. Табалдырықты баспа | ||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары | 5.4.4.1 - мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша жазу; 5.5.1.1–мәтін құрауда жалғау түрлерін дұрыс жалғау | |||||
Сабақтың мақсаты : | Барлық оқушылар: мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша жаза алады; мәтін құрауда жалғау түрлерін дұрыс жалғайды. | |||||
Тілдік мақсаттар | Жаман ырым, тыйым сөздер, басу/ баспау. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы | «Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: Күлімдеп күн бүгін Қарады маған да, Күлімдеп күн бүгін, Қарады саған да. Шуақпен нұр төгіп, Көңілді кетті көтеріп – дей келе мына менің қолымдағы күнді бір-бірімізге беру арқылы жақсы тілектер айтайық. 2.Оқушыларды «Молекула» әдісі арқылы 3 топқа біріктіру. 1-топ. Тыйым 2-топ. Табалдырық 3-топ. Босаға Топтарға бағалау парақшасын тарату Үй жұмысын тексеру «Графикалық органайзер» әдісі арқылы алдыңғы сабақты тексеру әрі еске түсіру.Сағат тілі бағытымен бір-бірін жауап парағы арқылы тексерді. Сабақ тақырыбын оқушылар аудиожазбаны тыңдаған соң өздері болжайды және тыйым сөздер туралы ойларын білдіреді. «Болжау» әдісібойынша жетелеуші сұрақтарға жауап алу: -Ұсынылған аудиожазба не туралы болды? -Қандай жаңа сөздерді естіп білдің? -Тірек сөздер қандай деп ойлайсыңдар? Осындай жетелеуші сұрақтар арқылы оқушылармен бірлесіп тірек сөздерді табу.Тыйым сөздер туралы маңызды деп санаған 3 ақпаратты болжайды,«Түртіп алу» әдісі бойынша оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әрекеттенеді, дәптеріне түртіп алады. | «Смайликтер» | Слайд Үлестірмелі топтамалар Үйдің, дастарханның суреттері Интербелсенді тақта | |||
Сабақтың ортасы | 1.Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздермен таныстырады, оқушыларға қайталатады, жаңа тақырыпқа байланысты сөздіктермен жұмыс. Айтылым Жазылым 1- тапсырма Жеке жұмыс 2- тапсырма Жеке жұмыс Тыңдалым Оқылым 3- тапсырма Топтық жұмыс Сергіту сәті Айтылым 12- тапсырма Жұптық жұмыс Жазылым 10- тапсырма Жеке жұмыс Оқылым 9- тапсырма Жеке жұмыс Айтылым Жеке жұмыс 4- тапсырма Жазылым Жеке жұмыс 6- тапсырма Жазылым Айтылым 5- тапсырма Жеке жұмыс Жазылым 8- тапсырма Жеке жұмыс | Тыңдалым,айтылым. Жаңа сөздерді жазады, сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады. Аудармасын мұғалімнің көмегімен айтып шығады. Табалдырық- порог Баспау- не переступать Үй- дом Тыйым сөздер- запреты Айтайық Суреттерді сөздермен алмастырып айт. Дәптеріңе жаз.Мысалы: бір қолмен нанды үзбе, үйде ысқырма, Айтылым Үйде үлкен адамдардан қандай тыйым сөздерді жиі естисің, дәптеріңе жаз. Оны қалай қабылдайсың? Өз ойыңды сыныптасарыңмен бөліс. Тыңдалым Оқылым Мәтінді тыңдап, түсініп оқып ,постер қорғайды. Негізгі ойын анықтап , өз пікірлерін қосып айтады. Сергіту сәтін орындайды. «Жаңылыспаймын» әдісі Қатысушылар дөңгелене тұрып, кезекпен бірден отызға дейін, сосын кері қарай санайды. Үшке еселік санды айтатын адам сол санның орнына «Жаңылыспаймын» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады. Айтылым Жағдаят: Анаң екеуің қазақтың дәстүрі туралы әңгімелесіп отырсыңдар. Тақырып бойынша диалог құрыңдар. Жалқы есімдерді пайдаланыңдар. «Интервью» тәсілі арқылы тапсырма орындалады. Жазылым Сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер, өздеріңе таныс сөз шығады. Жалпы есімдерді табыңдар. Оқылым Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, оқы. Айтылым Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. «Қар кесегі» тәсілі қолданылады. Жазылым Мәтіндегі қою қаріппен берілген сөздерге сұрақ қой. Сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырып жаз. Мәтіндегі жалпы есімдерді тап. Айтылым Мәтіндегі өзіңе ұнаған тыйым сөздедің мағынасын аш. Жазылым Мәтіннен алынған сөздердің антонимін жаз. | «Шапалақ» Дескриптор 3 балл -Жазып шығады «БББ» Дескриптор 5 балл -Мәтін жазады -Топтастырады. «Екі жұлдыз, бір тілек» Дескриптор 3 балл -Түсіндіреді -Талдайды «Өзін- өзі бағалау» Дескриптор 3 балл -Жалқы есімдерді пайдаланады. «Еттартқыш» | Оқулық 13- бет сөздік слайд Слайд Оқулық 13- бет Оқулық 14- бет слайд Микрофон Кесте Таратпалар | ||
Сабақтың соңы 3 минут | Үй тапсырмасын беру : 7, 11- тапсырма, 14- бет. | | ||||
Кері байланыс | Өз деңгейлерін анықтайды. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылықорыту «Бүгін мен...................... білдім» 2.«................. қызықты болды» «.......................... қиын болды.» 3.« ......................... екенін түсіндім» 4.«Мен..................................... білім алдым.» 5. «.................. мені таң қалдырды.» | | ||||
Бағалау | Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды. Смайликтер арқылы формативті бағалау жүргізіледі. |
Қысқа мерзімді жоспар | ||||||
Пән: Қазақ тілі Т2 | Бөлім: 1. Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер | |||||
Күні : | Педагогтің аты-жөні: | |||||
Сынып: 5 | Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар : | |||||
Сабақтың тақырыбы: 6. «Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда» | ||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары | 5.1.3.1 - күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну 5.2.3.1- ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту; | |||||
Сабақтың мақсаты : | Барлық оқушылар: күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіне біледі; ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айтады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Жарықтық, зиялы, қалжыраған, бата беру, жол көрсету, көмектеседі. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы | «Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: Радио. Балалар шеңберге отырады.Психолог балаларға арқасын беріп жайғасады да хабарлайды; «Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!Бір кішкентай қыз жоғалып кетті (шашының түсін,киімін,бойын,сырғасын,т.б.ерекшеліктерін нақты айтады)Сол қыз мені естіп тұрса директорға келсін» дейді.Балалар тыңдап болған соң бір бірлеріне қарайды.Кім туралы айтылып жатқаны анықтап сол қыздың атын атауға тиіс.Үйренген соң директордың орнына қалаған бала отыра алады. Үй жұмысын тексеру «Қар кесегі» тәсілі арқылы мұғалім өткен сабақ туралы пысықтайды, сұрақ қояды. | «Шапалақ» | Слайд Үлестірмелі топтамалар Интербелсенді тақта | |||
Сабақтың ортасы | 1.Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздермен таныстырады, оқушыларға қайталатады, жаңа тақырыпқа байланысты сөздіктермен жұмыс. Айтылым 1- тапсырма Жұптық жұмыс Оқылым Айтылым 2- тапсырма Жеке жұмыс Тыңдалым Айтылым 3- тапсырма Жеке жұмыс 1.Бұл әнді бұрын тыңдап па едіңдер? 2.Ән кімге арналған? 3.Бұл әннің сөзі мен әнін кім жазған? Олар туралы не білесіңдер? Сергіту сәті Тыңдалым Жазылым 4- тапсырма Топтық жұмыс Қосымша тапсырмалар Жеке жұмыс Оқылым Айтылым 6- тапсырма Жеке жұмыс | Тыңдалым,айтылым. Жаңа сөздерді жазады, сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады. Аудармасын мұғалімнің көмегімен айтып шығады. Зиялы-интеллигентный Бата беру-дать благословение Қалжыраған-уставший Жарықтық- высокочтимый, дорогой Айтайық Диалог. Берілген сурет бойынша екі оқушы жұптасып, өзара сөйлеседі. Пікірін білдіреді. Жалпы және жалқы есімдерді қолданады. Айтылым Бата- тілекті мәәнерлеп оқып, мұғалімнің көмегімен онда не труалы айтылып тұрғанын түсінеді.Батын кімнің қашан беретінін айтып береді. Тыңдалым Актер Сабит Оразбаевтың орындауындағы «Тоқта, ботам, атаң келеді артыңда» әнін үнтаспадан тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Сергіту сәтін орындайды. «Бір - екі - үш - төрт - бес» әдісі Қатысушылардың бәрі бір мезгілде, алдымен оң қолын, сонан соң сол қолын жоғары қарай сермеп тұрып, бірден беске дейін санайды. Келесі жолы төртке дейін, сосын үшке, сосын екіге дейін, ең соңынан бірге дейін санайды. Әр тілде санаудың орнына «Ха - ха», «Хи - хи» деп айтуға да болады. Жазылым 1-топ. Мәтін мазмұнын әкесінің атынан баласына арнап қысқаша хат жазады 2-топ. Сурет пен мәтінді пайдаланып қысқаша қойылым сценарийін жазады. 3-топ. Берілген жалпы есімдерді жекеше түрде тәуелдеп жазады. Айтылым Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. «Қар кесегі» тәсілі қолданылады. Айтылым Мәтін бойынша берілген мәліметтің дұрыс не бұрыстығын анықта. 1.Өлең әкесі мен баласы туралы 2.Өлең үлкенді құрметтеу туралы 3.Әкесі баласына кеңес берді 4.Атасы немересіне кеңес берді 5.Үлкендерге жол берсең, олар саған бата береді 6.Үлкендерге жол берсең, олар саған тәтті береді 7.Қарт адам баланың әкесі мен анасын өсірген 8.Олар бір отбасында тұрады. 9. Атасы бұрын көп ертегі айтып беретін | «Бас бармақ» Дескриптор
-Сұхбаттасады «Бағдаршам» Дескриптор 5 балл -Мәтін жазады -Топтастырады. «Екі жұлдыз, бір тілек» Дескриптор 3 балл -Түсіндіреді -Талдайды «Өзін- өзі бағалау» | Оқулық 15- бет сөздік слайд АКТ,портрет, суреттер, тірек сызбалар Слайд Оқулық 15- бет Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер. Оқулық 16- бет слайд Кесте Таратпалар | ||
Сабақтың соңы 3 минут | Үй тапсырмасын беру : 5- тапсырма, 16- бет. | | ||||
Кері байланыс | Өз деңгейлерін анықтайды. Мен сабақтан қандай әсер алдым? Маған не қиын болды, не оңай болды? Маған қандай ақпарат жаңалық болды? Маған әлі де нені жетілдіру керек? | | ||||
Бағалау | Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды. Смайликтер арқылы формативті бағалау жүргізіледі. |