ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.05.2024

Просмотров: 51

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 31

Мұғалімі:

Сыныбы: 2

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Әсемдік әлемінде

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Бауырмалдық, достық,татулық

Мақсаты: Оқушыларға жақсылық жасаудың маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға татулықтың маңыздылығын ұғындыру.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды айналасындағы адамдарға сүйіспеншілікке, достыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.http://bilimdiler.kz


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4.Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

«Мен күлгенді ұнатамын» ойын жаттығуы
Педагог балаларға:тұңжыраған жәнекөңілсіз,жабырқаған және ойланған көңілді және күлкілі;қайрымды және қуанышты,т.б.кейіпке еніп,бір бірімен рольге кіріп,адамдардың бейнесін келтіруге ұсынады.балалар айнаға қарап, әдемі ақкөңіл кейіпте күлімдейді.педагог осы «Мен күлгенді ұнатамын » жаттығуын күніне бірнеші рет қайталап көңіл күйді күлкімен көтеруге бола- тынын түсіндіреді. «Күлкі-көңіл күйдің сиқырлы кілті.Адам күлгенде өз көңіл күйін,өз денсаулығын жақсартады және айналасындағы адамдардың көңіл күйімен денсаулығына жақсы әсер береді.»




2. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №30 – сабақ. «Халықтар достығы» эмблемасының суретін салу.

2. Келесі сабақ. №31, «Ел аузынан» оқып келу.

Сұрақтар:

1. Адам қалай көзін тек қана жақсылыққа бағыттай алады?
2. Көз тек қана жақсыны көргенде әлемде не болады деп ойлайсыңдар?
3. Көзді жақсыны көруге итермелейтін адамның қандай құндылықтары мен қасиеттерін білесіңдер?
4. Мәтіннен қандай ой түйдіңдер?
5. Сенің көзің әдетте қандай нәрселерді тезірек көреді? Неліктен?
6. Сен дәл қазір қандай жақсылықты, жақсы нәрсені көріп тұрсың?




3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Дүниені түзеткің келсе, әуелі өзің түзел.
Ақселеу Сейдімбек

Сұрақтар:

1. Адам өзін қалай түзей алады?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?




4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Әшекей қыз

О.Әубәкіров

Тақияға күміс қадап он шақты,

Жасырыпты неше түрлі моншақты.

Жинап алып үйдегі бар жүзікті,

Оны-дағы саусағына тізіпті.
Қалайғана көтеріп жүр бір басы,

Құлағында–апасының сырғасы.

Танаменен тұтасыпты омырау,

Үсті-басы толып тұрған қоңырау.

Сұрақтар:

1. Адамның сырт –келбеті жылтырап тұрса оның жан дұниесі де сондай әдемі деп айталамыз ба?

2. Адамның сырт-келбеті мен ішкі дүниесі бірдей үйлесімді түрде дамуы үшін не істеу керек?

3. Адам жан дүниесін рухани байлыққа толтыру үшін не істеу керек?

4. Өздеріңнің үйлесімді дамуыларына байланысты қандай әрекеттер жасап жүрсіндер?




5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылр төрт топқа бөлінеді.

Тапсырма: Суреттерге қараңдар, балалардың іс - әрекеттерін талқылаңдар. Олардың әрекеті дұрыс болуы үшін қандай кеңес берер едіңдер.








6. Топпен ән айту.

Әрқашан күн сөнбесiн!
Өлеңін жазған: Лев Ошанин
Әнiн жазған: Александр Островский.
Аударғандар: Iзтай Мәмбетов,
Қабдікәрім Ыдырысов

Күн әдемi, көк әлемi,
Бұл – суретi жас баланың.
Ақ қағазға салған iзi,
Қалдырған бұл сөзi:
Қайырмасы:
Әрқашан күн сөнбесiн!
Аспаннан бұлт төнбесiн!
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман.




7. Үйге тапсырма.

1. №31 – сабақ. Жақсылық туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №32, «Патшаның қызы неге бақытсыз» өсиет әңгімені оқып келу.




8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.






Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 32

Мұғалімі:

Сыныбы: 2

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Әсемдік әлемінде

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Бауырмалдық, достық,татулық

Мақсаты: Оқушыларға жақсылық жасаудың маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға татулықтың маңыздылығын ұғындыру.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды айналасындағы адамдарға сүйіспеншілікке, достыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.http://bilimdiler.kz


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

«Жылы сөз» жылулық шеңбер

Педагог баланың назарын терезеден түскен Күн сәулесіне аударып.төмендегі «Тіршілік атаулыға қайырым жас» өлеңін оқиды.
Шашы алтын,көзі –от,шыға ғой Күн тезірек!
Шуақ берші,жылу бер-маған,қозы,лағыма,тағы,тағы,тағы-да!
Балалар тәрбиешіге еліктеп,әр сөзді онымен бірге қайталып және қолдарын бірде жоғары Күнге көтеріп,біресе қиялдарында тұрған қошақан мен лақты көрсетіп ойын қимылдарын жасап отырады.





2. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №31 – сабақ. Жақсылық туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №32, «Патшаның қызы неге бақытсыз» өсиет әңгімені оқып келу.

Сұрақтар:

1. Кіші қыздың бақытының сыры неде?
2. Мәтіндегі «Өмір айна сияқты» деген ойды қалай түсінесіңдер?
3. Үлкен қызға қандай құндылықтар мен қасиеттер тілер едіңдер?
4. «Өмірде не іздесең, соны табасың» дегенге сенесіңдер ме? Неліктен?
5. Өзің өмірден көбінесе қандай қасиеттерді, жағдайларды іздейсің? Сол кезде ішкі жан дүниең қандай болады?




3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Жаны сұлудың, тәні сұлу

Нақыл сөз.

Сұрақтар:

1. Сұлулық деген не?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?




4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Ақ раушан мен қызыл раушан

Ерте-ерте ертеде бір саябақта екі раушан гүлі өмір сүріпті.Біреуі қызыл раушан,екіншісі ақ раушан. Қызыл раушанның сыртқы пішіні әдемі болса да, тікенектері өте көп екен.Ақ раушан кішкене солыңқырап қалса да тікенектері аздау келеді.

Қызыл раушан әрдайым өзінің әдемілігімен мақтанып жүреді.Тіпті ақ раушанға тіл тигізіпте қояды.Ақ раушан болса оған назар аудармайды. «Өз өмірім өзіме» деген қағидатты ұстанады екен.Оның арманы осы саябақтан бір адамның болса да алып кетуі.Келген кеткен адамдарға қарап:

– Осы адамдардың біреуі мені алса екен,- деп әрдайым ойлап отырады екен. Біркезде өзінің арманын қалай дауыстап айтып жібергенінде байқамай қалыпты.Оны естіген қызыл раушан:

  • Ой,ақымақ, арманын қара.Сені кім алады?Ал мен болсам ертең кетем,сен қаласың,-деп қатты-қатты күледі.

Ақ раушан күліп тұрғанын көрсе де:

  • Мен саған ақ жол тілеймін. Жолың болсын. Сен үшін қуаныштымын,-деп тілегін айтып қояды.

Сонда қызыл раушан өзін бір түрлі сезініп,ыңғайсызданып қалады. Ақ раушаннан кешірім сұрап,осы кезден бастап ақ раушанмен дос боламын,жақсы қасиеттерін үйренемін деп серт береді.

Сұрақтар:

1. Қызыл раушанның күліп тұрғанын көрсе де, ақ раушанныңақ жол тілегені сіздерді қандай ойға жетелейді?

2. «Жақсы қасиеттер» деп қандай қасиеттерді айтады?

3. Сіздер біреуден кешірім сұраған кездерің болды ма?

4. Қандай сезімде болдыңыздар – айтып бере аласыз ба? «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» мақалын түсіндіріп беріңіз.




5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Тапсырма: Жағдаятты шешіңдер.

1 – топ:
Сыныпта енді ғана орнатқан желдеткіштің тұтқасын байқаусызда сындырып алдың. Айналаңда өзіңнен басқа ешкім жоқ.
- Сенің әрекетің қандай болады?

2 – топ:
Атасы мен немересі саябақ ішімен келе жатты. Олардың алдынан шалшық су кездесті. Немересі оның иісінің жаман екенін айтып, атасына басқа жолмен жүруді ұсынды.
Атасы: «Балам, өмірде жаман нәрсе жоқ, тек қана оған
сенің қалай қарағаныңда, сенің оған деген қатынасыңда», –деді.
Алайда немересі атасының сөзін түсінбей ойланып қалды...
- Сендер немересіне жағдайды қалай түсіндірер едіңдер?




6. Топпен ән айту.

Әрқашан күн сөнбесiн!
Өлеңін жазған: Лев Ошанин
Әнiн жазған: Александр Островский.
Аударғандар: Iзтай Мәмбетов,
Қабдікәрім Ыдырысов

Күн әдемi, көк әлемi,
Бұл – суретi жас баланың.
Ақ қағазға салған iзi,
Қалдырған бұл сөзi:
Қайырмасы:
Әрқашан күн сөнбесiн!
Аспаннан бұлт төнбесiн!
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман.




7. Үйге тапсырма.

1. №32 – сабақ. «Жақсылық жалғасын табады» немесе «Кішкентайға
немқұрайды қарама» тақырыбында әңгіме жазып келу.

2. Келесі сабақ. №33, «Екі дос» аңыз әңгімесін оқып келу.




8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.






Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 33

Мұғалімі:

Сыныбы: 2

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Балалық шақ мейрамы

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Бауырмалдық, достық,татулық

Мақсаты: Балалық балдырған шақтың қызықтарын балаларға түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға татулықтың маңыздылығын ұғындыру.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды айналасындағы адамдарға сүйіспеншілікке, достыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

3.https://kk.wikipedia.org

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

«Еркелету» жылулық шеңбері

Педагог балаларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызады.балалар отбасы мүшелері өздерін қалай еркелетіп айтатынын естеріне түсіріп,бір-біріне жы-лы сөздер сыйлайды.





2. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №32 – сабақ. «Жақсылық жалғасын табады» немесе «Кішкентайға
немқұрайды қарама» тақырыбында әңгіме жазып келу.

2. Келесі сабақ. №33, «Екі дос» аңыз әңгімесін оқып келу.

Сұрақтар:

1. «Кішкентай істің де қайыры бар» дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Ой, сөз бен іс ізгі болмай, арасында байланыс болмаса адамның өмірі қандай болады? Неліктен?
3. Үлкен істер неліктен кішкентайдан басталады? Кішкентай істерге неліктен немқұрайды қарауға болмайды?
4. Адам ізгі, қайырымды болуы үшін бойында қандай құндылықтар ашылуы керек?
5. Сауранның атының мәңгілік болуының сыры неде?
6. Өздерің «жақсы аттарыңды» неден, қандай қадамнан бастар едіңдер?
7. Өз есіміңнің мәңгілігін немен байланыстырасың, ол үшін не істер едің?




3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Өзіңе тілемегенді өзгеге де тілеме.
Халық нақылы

Сұрақтар:

1. Ешбір адамға да, ешбір тіршілік иелеріне де қиянат жасамайтын «жүрегі таза жан» деп кімді атар едің?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?




4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Өмір сүрудің ең жақсы жолы

Ф. Тайтелиев

Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.

Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:

– Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттымнан қалған дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де жүз-жүз тиыннан беремін. Осы тиындарға бір зат алыңдар. Кешкісін келгенде алған заттарыңмен менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.

Ұлдары үлкен сауда орталығын басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:

– Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым – деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Екінші баласы:

– Дүкенге барып екі жастық алдым – деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Үшінші ұлы:

– Тиынды ұсақтап, елу тиынын мешітке бердім, жиырма тиынын қайырымдылық қорға бердім, жиырма тиынын да әлеуметтік жағдайы төмен отбасына бердім. Қалған он тиынға екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.

Әкесі үшінші баласына риза болып:

– Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналаңа жарық тарату, – деді.

Сұрақтар:

1. Әкесі ұлдарын қалай сынамақшы болды?

2. Неліктен ол үшінші ұлының әрекетін дұрыс деп санады?

3. Айналаңа жарық тарату дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Қандай құндылықтар адамды жақсылыққа жетелейді?




5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Тапсырма: «Адамның сөзіне емес ісіне, сыртына емес ішіне қара!» деген тақырыпта жағдаят ойластырып, сахналап беріңдер.




6. Топпен ән айту.

Бақытты балалық шақ
Өлеңін жазған: Ж.Тұрбеков
Әнiн жазған: Әбілахат Еспаев
Жарастықпен жайнатып өмiр көркiн,
Гүл-бақшада сайрандап өскен еркiн.
Шат көңiлдi, бақытты ел ұланымыз,
Келешекте ұлы iстi меңгеретiн.
Отанымыз әлпештеп анадайын,
Құшақтайды аялап сағат сайын.
Зәулiм мектеп, кең сарай, түрлi алаң,
Не керектiң бiз үшiн бәрi дайын.
Бiлiм шыңын өрлеймiз басып алға,
Қиындық жоқ, бөгелiс жолымызда.
Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,
Көк туымыз желбiреп қолымызда.




7. Үйге тапсырма.

1. №33 – сабақ. « Мен кім болам? » тақырыбына арнап шағын шығарма жазып келу.

2. Келесі сабақ. №34, Василий Сухомлинскийдің ««Рақметті» не үшін айтады?» мәтінін оқып келу.




8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.






Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 34

Мұғалімі:

Сыныбы: 2

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Балалық шақ мейрамы

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Бауырмалдық, достық,татулық

Мақсаты: Балалық балдырған шақтың қызықтарын балаларға түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға татулықтың маңыздылығын ұғындыру.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды айналасындағы адамдарға сүйіспеншілікке, достыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

3.https://kk.wikipedia.org

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Табиғат аясында саяхат атты сергіту сәті


• «Біз казір нұрын төққен,кең даланың ұзын,соқпақ жолымен жүріп,саяхатымызды бастаймыз»(Балалар аяқтарымен тарсылдатады)
• Алдымызда көк майсалы шалғын,аяғымыздың астында жұмсақ шөптер. (Аяқтарымен көк шөптің үстінде сырғанағандай сыңай танытады.
• Міне мен өзен жағалауына да келіп жеттік,аяғымыздың астында құм сусылдап жатыр,(Алақандарын бір-біріне ысқылайды).
• Мына ағаш көпір арқылы өзеннен өтеміз.(Тізелерін жоғары көтеріп,тізеле-рінің артынан шапалақтайды).
• Өзеннің арғы беті батпақтау екен,бір төмпешіктен екіншісіне секіріп өтейік.(Екі аяғымен секіреді).
• Айналамызда қалың тал өсіп тұр,оның ұзын,майысқан бұтақтарын жел тербейді. (Қолдарын жоғары көтеріп ,ары бері қозғайды)
• Алдымызда үлкен жыра бар,аттап өтейік.(Үлкене адым жасап секреді)
• Оң жағымызбен сол жағымызда алқызыл түске еніп,албырап пісіп,жидектер өсіп тұр,сыйға тарту үшін теріп алайық.(Оңға, солға еңкейіп,отырып тұрады)
• Мына алдымыздағы қалың өскен шалғыннан өтіп көрейік.(Тізелерін жоғары көтеріп жүріп өтеді).
• Міне көздеген жерімізге де келіп жеттік!





2. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №33 – сабақ. « Мен кім болам? » тақырыбына арнап шағын шығарма жазып келу.

2. Келесі сабақ. №34, Василий Сухомлинскийдің ««Рақметті» не үшін айтады?» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Атасына айнала қоршаған ортаға ризашылық білдіртіп тұрған не нәрсе?
2. Табиғаттың алғысты, ризашылықты түсінетінін немен дәлелдейсің?
3. Атасының «Біз – адамдармыз» деген сөзін қалай түсіндірер едіңдер?
4. Сен өзің адам ретінде айнала қоршаған ортаға не істей аласың?
5. Өзің жиі рақмет айтасың ба? Жоқ, саған рақмет айта ма?
6. Дәл қазір өз ризашылығыңды кімге және неге білдірер едің? Неліктен?




3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі — бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу...

Ілияс Есенберлин

Сұрақтар:

1. Біз бір – бірімізге не үшін жақсылық тілеуіміз керек?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?




4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Бақыт.

Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген. Тарихта дәулетке, атаққа паңданып, мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес...

Бақыт дегеніміз – өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Мұршасы, әлі жеткенінше өз заманын түсіне білу, өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілімен адал қызмет істей білу.

Өмірде кедір-бұдыр толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Олардан именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін қоғам алдында адал ақтай білумен білетін бақыт. Өз қамын ойлағандар толып жатыр. Олардың онысы жай әурешілік.

Біреу бақытты оттан, біреу судан табады. Күйем-ау, тереңге батып кетем-ау деп қорықпастан барады.

Ар-намысты қорғау – бақыттың шыңы. Қиыншылықтармен санаспастан азаматтық міндетті орындап шығу – ол да бақыттың шыңы. Күмәнданып тұрмай, не өлдім, не алдым деп арпалысады. Жеңсең – бақыт.

Сұрақтар:

1. Адам қай уақытта өзін бақытты сезінеді?

2. Қандай адамды бақытты деп айтуға болады?

3. Адам бойындағы қандай құндылықтар оны бақытқа жеткізеді?

4. Өзіңді қай кезде ерекше бақытты сезінесің? Неліктен?




5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: «Бақытқа барар жол» тақырыбында сурет салу.




6. Топпен ән айту.

Бақытты балалық шақ
Өлеңін жазған: Ж.Тұрбеков
Әнiн жазған: Әбілахат Еспаев
Жарастықпен жайнатып өмiр көркiн,
Гүл-бақшада сайрандап өскен еркiн.
Шат көңiлдi, бақытты ел ұланымыз,
Келешекте ұлы iстi меңгеретiн.
Отанымыз әлпештеп анадайын,
Құшақтайды аялап сағат сайын.
Зәулiм мектеп, кең сарай, түрлi алаң,
Не керектiң бiз үшiн бәрi дайын.
Бiлiм шыңын өрлеймiз басып алға,
Қиындық жоқ, бөгелiс жолымызда.
Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,
Көк туымыз желбiреп қолымызда.




7. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.








1Даналардан шыққан сөз. – Алматы: Жазушы, 1994. – 68 бет.

2 ttps://angimeler.wordpress.com/page/2/