ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.05.2024

Просмотров: 50

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 6

Мұғалімі:

Сыныбы: 2

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Білім – өмір шырағы

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: тек жақсы және қажет заттарды ғана айту, шындықты айту, кішіпейілдік.

Мақсаты: Оқушыларға білім – өмір шырағы екенін түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды тек жақсы және қажет заттарды ғана айтуға үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы кішіпейілдік қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды шындықты айтуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilimdiler.kz

2.https://infourok.ru

3.https://www.zharar.com/kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,
Қос бүйiрдi сығамыз.
Оңға, солға бұрылып,
Бiр айналып шығамыз.
Бiр, екi, үш, төрт, бес
Қолды қолға ұрамыз.
/Б. Бөрiбаев/

2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №4 – сабақ. Оқу, білім туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №6, Жазира Жайлаубекқызының «Бізге сабақ болған бата» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Оқушылар неліктен атайдың батасын түсінбеді?
2. Атайдың батасынан қандай құндылықтар мен қасиеттерді байқадыңдар?
3. Мұғалімнің «Кім болсақ та, біздің жақсы адам, жақсы дәрігер, жақсы қаржыгер болғанымыз маңызды» дегенін қалай түсінесіңдер?
4. Өздерің үлкендерден қандай бата алдыңдар? Әңгімелеп беріңдер.

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Оқу инемен құдық қазғандай

Халық даналығы

Сұрақтар:
1. Білімдеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Жақсылардың жақсысы

Қ.Толыбаев

Баяғыда бір адам өзі жалғыз қызымен бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты.Үйдің айналасы бау-бақша екен.Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды.Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты.Ол ылғи жабық тұрады екен.Сонда әкесіне қызы:

- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз.Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын,-деді.

-Оның дұрыс, қызым.Жақсылардың ең жақсысы сонда.Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған беремін.Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі.

Ай өтеді, жыл өтеді қыз есейіп бой жетеді.Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады.Қыздың қуанышы қойнына сыймай, жүгіріп келіп, есікті ашып жібергенде, ол тек ұршық пен өрмек және кітапты көреді.Қыз әкесіне келіп, көз жасын бұлаптұрып:

- Әке, сен жабық бөлмеде «Жақсылардың жақсысы бар» деген едің.Мен одан ұршық, өрмек,кітаптан басқа еш нәрсе таппадым,-дейді.

- Міне, жақсылардың жақсысы деген осылар, қызым!

- Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады.Ал кітап оқысаң, білімің артады.Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ.Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады,-деп түсіндірді әкесі.

Сұрақтар:

1. Сіздер қыздың әкесінің өрмек, ұршық және кітапты «жақсылардың жақсысы» дегенімен келісесіздер ме? Неліктен?

2. Кітаптың адамға берер пайдасы қандай?

3. Дүниедегінің бәрі еңбекпен табылады дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Еңбектің қай түрімен айналысқанды жақсы көресіздер

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді

Тапсырма: Жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Атасы немересіне:
– Тек қана кітаптан ғана білім алмайсың, білімді барлығынан да ұшқан құстан, жорғалаған жәндіктен де алуға болады.
«Білген адамға табиғат та, дос та, ұстаз да, іні-қарындас та кітап», – деді.
Алайда немересі атасының сөзіне түсінбей ойланып қалды...
- Сендер қалай түсіндірер едіңдер?
- Өздерің білімді қайдан аласыңдар?

6. Топпен ән айту.

Мұғалiм – ол бiздiң
Өлеңін жазған: Мұзафар Әлiмбаев
Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев
Бiлiмнiң кiлтiндей
Әлiппе ұстатқан.
Оқуға iркiлмей,
Тоқуға ұстартқан.
Қайырмасы:
Қамқоры ұл-қыздың,
Мұғалiм – ол бiздiң!
Қамқоры ұл-қыздың,
Мұғалiм – ол бiздiң!
Қиынға төзуге,
Үйреткен қашан да.
Жаманнан безуге,
Жақсылық жасауға.

7. Үй тапсырмасы.

1. №6 – сабақ. «Ұстаздар бізге нені үйретеді» тақырыбына шағын шығарма жазу .

2. Келесі сабақ. №7, Жазира Жайлаубекқызының «Менің мектебім» мәтінін оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 7

Мұғалімі:

Сыныбы: 2

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Мектеп – біздің ортақ үйіміз

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: тілалғыш болу, батылдық, мұғалімдерді сыйлау

Мақсаты: оқушылардың мектепті ортақ үйі ретіндегі көзқарастарын қалыптастыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды тілалғыш болуға үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы батылдық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды мұғалімдерді сыйлауға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.https://kopilkaurokov.ru

3.https://www.zharar.com/kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Сергіту сәті

Көп отырып, шаршадық,
Қозғалуды аңсадық.
Жүгiргiмiз келедi
Әдемiлеп ән салып,

Топ - топ басайық,
Жаттығулар жасайық.
Қайырымды жан болып,
Жамандықтан қашайық.

Ұшқандай боп кекiлiк,
Биiк - биiк секiрiп,
Ойнап - ойнап, тез өсiп,
Кетемiз бiз жетiлiп.

Тұрып қалмай жантайып,
Бiр еңкейiп, шалқайып,
Жылдам - жылдам қозғалып,
Асқақ әндер айтайық.
/Б. Бөрiбаев/

2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №6 – сабақ. «Ұстаздар бізге нені үйретеді» тақырыбына шағын шығарма жазу.

2. Келесі сабақ. №7, Жазира Жайлаубекқызының «Менің мектебім» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Атайдың өз мектебін мақтаныш етуінің себебі неде?
2. Атасы мектебінде нені (кімді) асқақ, жарық, таза
деді? Неліктен?
3. Сен өз мектебіңде нені (кімді) асқақ, ең жарық, ең таза дер едің? Неге?

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Ұл балаларға 1 рет, қыз балаларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Қасым Аманжолов

Қасым Аманжолов– қазақтың аса ірі ақындарының бірі.

Сұрақ:

1. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Табанды  бала

Ерте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі қайтыс болып, жалғыз анасымен қалады. Олар кедей отбасынан еді. 

Күн артынан күн өте береді. Баланың мектепке барып, оқитын уақыты келеді. Бірақ оны мектепке апаруға еш мүмкіндік болмайды. Алайда Әлім «Мен оқуым керек» деп арланады.

Кішкентай Әлімнің көршілері өте бай адамдар еді. Әлім көршісіне келіп: «Сіз үйіңізге қызметші іздеп жүр екенсіз, мені алыңызшы! Еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда-санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, жеткілікті», – дейді.

Бай тегін жұмысшы тапқанына қуанып, келісе кетеді.

Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға дейін бел жазбай жұмыс істейді. Бірақ Әлім мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын тығылып тұрып тыңдап алатын еді. Сөйтіп, Әлім оқу мен жазуды үйреніп алады.

Бір жылдан кейін өз бетінше сөздерді ажырата алатын болды. Бірақ қайда, немен жазарын білмей, басы қатады.

Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады. Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды. Енді оған оқитын кітап керек болды.

Бір күні байға келіп: «Сіз маған өз кітаптарыңызды оқуға рұқсат етсеңіз, мен тағы да бір жыл ақысыз жұмыс істеуге келісер едім», – дейді.

Бай мұндай тегін жұмысшыдан айырылғысы келмей, келісе кетеді.

Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді.  

Одан бері көп жылдар өтті. Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болыпты.

Адамдар кішкентай Әлімнің табандылығын әлі күнге дейін еске алып отырады екен.

Сұрақтар:

1. Бала өз мақсатына қалай жетті?

2. Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті?

3. Қазақ халқының қандай ғұлама ғалымдарын білесіңдер?

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Тапсырма: «Біздің мектеп» тақырыбында сурет салу.

6. Топпен ән айту.

Мектебім, аяулы мектебім

1. Мектебім, аяулы мектебім,

Өзінсің өмірдің көктемі.

Нәр алып, қолымды созамын,

Арманға көктегі.

Мектебім келеміз тағыда,

Күн сайын өзіңді сағына.

Сыңғырлап соғылды қоңырау,

Бар бала бағына,

Қайырмасы:

Мектебім, аяулы мектебім,

Бағында гүлдей боп көктедім.

Өзіңсің білімнің бұлағы,

Нәр алып келемін

2. Келеміз қуанып біз дәйім,

Мектебім, сен жайлы жыр дайын.

Айқара есігін ашады,

Қарсы алып күн сайын.

Мектебім, өзінді сүйемін,

Білімді санама түйемін.

Аяулы ұстаздар алдында,

Басымды иемін!

7. Үй тапсырмасы.

1. №7 – сабақ. «Менің мектебім» тақырыбында шағын әңгіме жазу.

2. Келесі сабақ. №8, Михаил Водопьяновтың « Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» мәтінін оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 8

Мұғалімі:

Сыныбы: 2

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Мектеп – біздің ортақ үйіміз

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: тілалғыш болу, батылдық , мұғалімдерді сыйлау

Мақсаты: оқушылардың мектепті ортақ үйі ретіндегі көзқарастарын қалыптастыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды тілалғыш болуға үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы батылдық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды мұғалімдерді сыйлауға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.https://kopilkaurokov.ru

3.https://www.zharar.com/kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №7 – сабақ. «Менің мектебім» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

2. Келесі сабақ. №8, Михаил Водопьяновтың «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Леваға жақсылық жасауға сыныптастарын не итермеледі?
2. Сыныптастардың іс-әрекетінен қандай құндылықтар мен қасиеттерді көруге болады?
3. Өздеріңе сыныптас достарыңның жасаған жақсылықтарын естеріңе түсіріп, әңгімелеп беріңдер? Сол кезде не сезіндіңдер?
4. Сендер бір-біріңе қалай көмектесесіңдер?

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Өмірдің өзі – ұлы ұстаз.

Халық даналығы

Сұрақтар:

1. Ұстаз қандай болу керек?

2. Ұстамы жақсы дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Шәкірт ұстазынан озады дегенді қалай түсінесің?

4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Табылған ақыл

М. Құрманалин

Бауыржан ойда жоқта үш теңге тауып алды. Біреуден түсіп қалған болу керек – жолда жатыр. Төңірекке қарап еді, көз жетер жерде ешкім көрінбеді. Енді кайтпек? Біреудің еңбекпен тапқан ақшасы бұл, оны иемдену адалдыққа жатпайды. Иесіне берер еді, оны кайдан таппақ?.. Милицияға апарып тапсырса ше? Бірақ, үш теңге жоғалттым деп милицияға кім барады? Бұл да қисынға келмейді.

Бауыржан ойға калды. Бәлкім, анасына берер? Ол тауып алдым деген сөзіңе сенсе жақсы. Басқаша ойлауы да мүмкін ғой. Ағасына берсе кайтеді? Бірақ ол кеше әкемнен қармақ сатып алуға ақша сұрап жүрген. Әкем: «алдымен суда жүзіп үйрен, кармақты содан кейін сатып аларсың» деді. Сондықтан бұл ақшаны оған да беруге болмайды... Айтпақшы, кішкентай қарындасына сыйласа ше? Бауыржан бұл ойынан да тез айныды. Өйткені қарындасы балмұздақ сатып алуға құмар. Балмұздақ жеп тамағы ауыруы мүмкін ғой...

Бауыржан жақын жолдасы Сақтағанмен ақылдасқысы келді. Бірақ бұған да батылы бармады. Ол «ақшаның жартысын маған бер десе қайтем? Тіпті үш теңге тауып алдық деп жұртқа жаюы ықтимал...» Бауыржан әрі ойланды, бері ойланды. Қолындағы үш теңгеден құтылудың амалын таппай қиналды. Ақша тауып алудан ақыл табу қиын екен.

Осындай ой құшағында келе жатып ол кітапхана үйіне таяп қалғанын байқады. Кеше ғана келіп кітап алған. Бауыржан тоқтай қалды: «Әй, мына ақшаға дүкеннен бір қызық кітап сатып алып, кітапханаға тарту етсем қайтеді?!» Бауыржан қуанып кетті: «Ол кітапты басқалармен бірге үш теңгесін жоғалтқан адам да алып оқуы мүмкін-ау! Міне, табылған ақыл!».

Бауыржан иығынан ауыр жүк түскендей, бойы жеңілдеп, кітап дүкеніне бұрылды.

Сұрақтар:

1. Әңгімеде қандай жағдаят суреттелген?

2. Бауыржанның бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер басым деп ойлайсыңдар?

3. Бауыржан қандай дұрыс әрекет жасады?

4. Өз өмірлеріңде осындай жағдайлар болды ма? Әңгімелеп беріңдер.

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1 – топ: «Достық»; 2 – топ: «Бауырмалдық»; 3 – топ: «Жолдастық»

Тапсырма: Мектептегі достық, жолдастық ережесін жасау.

6. Топпен ән айту.

Ақылшым – мұғалім
Өлеңін жазған: Әнуарбек Дүйсенбиев
Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев
Сәбилік көңілден
Арналды бұл әнім.
Баулитын өмірге
Ақылшым – мұғалім.
Тіліңді аламын,
Айтқанды ұғамын.
Мен сендей боламын,
Ақылшым – мұғалім.
Арқаңда өзіңнің
Адам боп шығамын.
Бәрі алтын сөзіңнің,
Ақылшым – мұғалім.

7. Үй тапсырмасы.

1. №8 – сабақ. «Таза мектеп ауласы» акциясының жоспарын жасау.

2. Келесі сабақ. №9, Василий Сухомлинский «Жүре алмайтын бала» әңгімесін оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 9

Мұғалімі:

Сыныбы: 2

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Өзіңді жақсылық пен таразыла

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: отбасындағы сүйіспеншілік, бауырмалдық, татулық.

Мақсаты: оқушыларға адам өзін жақсылықпен таразылау қажет екенін сүйісеншілік құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншіліктің маңызын түсіндіру.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. talimger.org

2. zauza.kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

«Шебер және батыл қолды мүсіндейік»
Балалар «мүсінші» болып,саусақтарымен топырақты,уыстағандайқысып,
ермексазды ширатқандай алақандарын бір-біріне үйкелеп,ашып-жұмып қолдарына жаттығу жасайды.Балалар бір-бірлеп саусақтарын ашып,санап,әр саусаққа сипаттама береді.

• Бас бармақ-өте күшті,қайырымды,бәріне негізгі,нағыз тірек болуы керек(Бұл әке).
• Балаң үйрек-қатал,тәртіпке қатаң қарап,қадағалайды(Бұл ана)
• Ортан терек -ата-ананың негізгі көмекшісі (Үлкен аға)
• Шылдыр шүмек-көп сөйлемейтін,бірақ өте еңбекқор(ортаншы аға)
• Кішкентай бөбек-ең титтей,бәрінің сүйіктісі,кішкентай көмекші.
• Осындай жұмыстан соң «мүсіншілер» жұдырықтарын жұмып,жасағандарын бағалайды. «Тек осындай мықты,берік жанұяғана алдында ьұрған мәселелер мен қиындықтарды сенімді
түрде жеңе алады.

2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №8 – сабақ. «Таза мектеп ауласы» акциясының жоспарын жасау.

2. Келесі сабақ. №9, Василий Сухомлинский «Жүре алмайтын бала» әңгімесін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Павлик Василекті қалай қуантты?
2. Көмекке мұқтаж адамдарға жақсылық жасау қаншалықты маңызды деп ойлайсыңдар?
3. Жақсылық жасау арқылы адам нені үйренеді?
4. Басқаларға жақсылық жасаған кезде қандай сезімге бөленесіңдер?

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Жақсылықтың үлкен - кішісі болмайды.
Нақыл сөз

Сұрақтар:

1. Жақсылықты кімге жасау керек?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Адал дос

М. Төрежанов

Екі дос көше бойымен жайбарақат әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Аблан да, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын.

Бір үйдің жанынан өте бергенде дәу қара төбет арсылдап, тура алдарынан шыға келді. Абыз:

– Аблан, қаш, әне, ит келіп қалды, – деп қатты қорқып, айғайлап жіберді.

Аблан жерден бір шыбық алып, итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит Абланның шалбарынан бірнеше рет жұлқылап та үлгерді. Үлкендер келіп, Абланды құтқарып алды.

Абыз Абланның жанына келіп:

– Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашып кеткенімізде, шалбарыңды ит жыртып тастамас еді, – деп жатыр.

– Мен қашатын болсам, сен тұтылатын едің. Өйткені сен қатты жүгіре алмайсың ғой. Сені иттен қорғайын деп, әдейі қалып қойдым, – деді Аблан.

– Достар деген осындай болар, – деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп.

Сұрақтар:

  1. Аблан неліктен Абызды тыңдамады?

  2. Өзгелерге «жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Қай баланың әрекетін дұрыс деп ойлайсыңдар?

  4. Өмірде осындай жағдайлар болса сендер қалай әрекет етер едіңдер?

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Кестені толтырыңдар. Оларға қандай
жақсылық жасар едіңдер?

Әкеме

Анама

Ініме

Сіңліме

Мысыққа

Балыққа

Күшікке

Торғайға

6. Топпен ән айту.

Болайықшы осындай
Өлеңі мен әнін жазған: Айымгүл Меңжанова
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым-ай.
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған,
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы кӛрер бар адам.

7. Үй тапсырмасы.

1. №9 – сабақ. Жақсылық туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №10, Ыбырай Алтынсариннің «Сәтемір хан» әңгімесін оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 10

Мұғалімі:

Сыныбы: 2

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Өзіңді жақсылық пен таразыла

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: отбасындағы сүйіспеншілік, бауырмалдық, татулық.

Мақсаты: оқушыларға адам өзін жақсылықпен таразылау қажет екенін сүйісеншілік құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншіліктің маңызын түсіндіру.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.https://massaget.kz/

2. uzdikter.biz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

«Мен күлгенді ұнатамын» ойын жаттығуы
Педагог балаларға:тұңжыраған жәнекөңілсіз,жабырқаған және ойланған көңілді және күлкілі;қайрымды және қуанышты,т.б.кейіпке еніп,бір бірімен рольге кіріп,адамдардың бейнесін келтіруге ұсынады.балалар айнаға қарап, әдемі ақкөңіл кейіпте күлімдейді.педагог осы «Мен күлгенді ұнатамын » жаттығуын күніне бірнеші рет қайталап көңіл күйді күлкімен көтеруге бола- тынын түсіндіреді. «Күлкі-көңіл күйдің сиқырлы кілті.Адам күлгенде өз көңіл күйін,өз денсаулығын жақсартады және айналасындағы адамдардың көңіл күйімен денсаулығына жақсы әсер береді.»

2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №9 – сабақ. Жақсылық туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №10, Ыбырай Алтынсариннің «Сәтемір хан» әңгімесін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Сәтемірге құмырсқа қандай сабақ берді?
2. Қоршаған ортадан жақсылыққа үйренуге бола ма? Мысал келтіріңдер.
3. Өздерің қоршаған ортадан үлгі алған кездерің болды ма? Мысал келтіріңдер.

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»
Нақыл сөз

Сұрақтар:

1. Риясыз жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Өздерің қандай риясыз жақсылық жасап жүрсіңдер?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Достар

Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, үш баласы бар. Екіншісі бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ болған дос ішінен: “Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады” деп ойлайды, “Мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ”. Осындай ойымен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдындағы қорасына апарып тұратын болады.

Отбасылы досы да ішінен: “Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар, қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды” дейді.

Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған-біткенді түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмады.

Сұрақтар:

1. Достардың бір-бірне көрсеткен қамқорлықтарын немен түсіндіруге болады?

2. Достар бір-біріне неліктен жасырын түрде жақсылық жасады?

3. Шынайы достың бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер болады?

4. Өздерің достарыңнан шынайы қамқорлық сезінгенде қандай күйде боласыңдар? Әңгімелеп беріңдер.

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Тапсырма: 37 – 38 беттердегі суреттерге қараңдар. Ондағы балалардың бойында қандай қасиеттер бар деп ойлайсыңдар? Айтып беріңдер.

6. Топпен ән айту.

Болайықшы осындай
Өлеңі мен әнін жазған: Айымгүл Меңжанова
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым-ай.
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған,
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.

7. Үй тапсырмасы.

1. №10 – сабақ. Өздері жасаған жақсылықтары туралы шағын әңгіме жазып келу.

2. Келесі сабақ. №11, «Ананың сүйіспеншілігі» өсиет әңгімені оқып келу.