ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.05.2024
Просмотров: 48
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: ____________________
Күні: _______________
№: 26
Мұғалімі:
Сыныбы: 2
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Біз өсіп жатқан өлке
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: ; бәрін жақсы көру; достық; татулық
Мақсаты: Оқушыларға туған өлкесін жақсы көруді үйрету арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы бәрін жақсы көруге үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. bilim-all.kz 2.https://massaget.kz |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Ал, балалар, тұрайық. Алақанды ұрайық Оңға қарай иiлiп Солға қарай иiлiп Бiр отырып, бiр тұрып, Бойымызды созайық Белiмiздi жазайық. Оңға - оңға түзу тұр Солға - солға түзу тұр Жоғары - төмен қарайық Қолымызды созайық Бойымызға күш жинап Бiр шынығып алайық. | |
2. Үйге тапсырманы тексеру 1. №25 – сабақ. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып мақал - мәтелдерді аяқтаңдар. a) Отан елдің ... ә) Отан үшін ...– ерге тиген ... б) Ынтымақ түбі –... Тиісті сөздер: анасы, күрес, үлес, береке. 2. Келесі сабақ. №26, Бауыржан Момышұлы мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1. Отанды сүю неліктен үй ішіңнен, отбасынан басталады деп ойлайсыңдар? 2. Отанға сүйіспеншілікті қалай білдіруге болады? 3. Мәтіндегі «Өзіңді-өзің жеңбесең жауды да жеңе алмайсың» деген ойды қалай түсінесіңдер? 4. Қандай адам елін-жерін сүйіп, қорғап, көркейте алады? 5. Өздерің Отанды қалай қорғап, кӛркейтесіңдер? Әңгімелеп беріңдер. | |
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Отаншылдық – ең ізгі сезім. Нақыл сөз Сұрақтар: 1. Отаншылдық деген ұғым нені білдіреді? 2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? | |
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Елтаңба Ғ.Момынәлиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Ол –елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Шаңырақты айнала уықтар шаншылған. Олар күн сәулесіндей жарқырайды. Екі жағын аңыз ертегілеріндегі пырақтардың қанаттары көмкеріп тұр. Қанатты пырақ – мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығын көрсетеді. Болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, биікке самғау талабы. Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз бар. Ол – мемлекетіміздің жарық жұлдызы. Халқымыздың «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын арқалап тұрғандай. Төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Реңдік бейнесі – алтын және көгілдір түсті. Елтаңбаның авторлары, сәулетшілер – Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков. Сұрақтар: 1. Неге шаңырақ елтаңбаның жүрегі іспеттес етіп салынған деп ойлайсыңдар? 2. Халқымыздың «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл сөзін қалай түсіндіңдер? 3. Еліміздің дамуына қандай іс-әрекеттеріңіз арқылы өз үлестеріңізді қосып жүрсіңдер? Ойланып, ой бөлісейік. | |
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Тапсырма: «Таңдауымыз – тыныштық пен татулық» тақырыбында шығармашылық (эссе, коллаж, сурет) жұмыс жасаңдар. | |
6. Топпен ән айту. Елімізді сүйеміз Өлеңін жазған: Дүнгенбай Ботбаев Сөзін жазған: Қадыр Мырза-Әли Бал-бұл жанған гүл шағында Біз Отанның ұланымыз. Бақытты елдің құшағында Білім алу ұранымыз. Қайырмасы: Біз өнерге, ұлы өмірге, Гүл өмірге иеміз. Көгімізді, көлімізді, Елімізді сүйеміз. Туған жерде аунап-қунар, Біз ұланбыз, өрімдейміз. Біз ұланбыз еңбекқұмар, Өнер десе ерінбейміз. Қайырмасы. Қуанышты әніміз де, Біз ұланбыз жоқ арманы. Біздер әлі бәріміз де Боламыз ел қаһарманы. | |
7. Үй тапсырмасы. 1. №26 – сабақ. Отан туралы мақал – мәтелдер жазып келу. 2. Келесі сабақ. №27, Кеңес Оразбекұлы «Үзілген гүл» мәтінін оқып келу. | |
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. | |
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: ____________________
Күні: _______________
№: 27
Мұғалімі:
Сыныбы: 2
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Туған өлкенің табиғатын сақтауды үйренеміз
Құндылығы: Қиянат жасамау
Қасиеттері: ешқашан зиян келтірмеу; ешкімді ренжітпеу; командада (топпен) жұмыс істеу.
Мақсаты: Оқушыларға туған өлкенің табиғатын сақтауды үйрету арқылы, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларға ешкімді ренжітпеуді үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы топпен жұмыс істеу қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатқа ешқашан зиян келтірмеуге тәрбиелеу. | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. bilim-all.kz 2.https://massaget.kz |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Орнымыздан тұрамыз, Қос бүйiрдi сығамыз. Оңға, солға бұрылып, Бiр айналып шығамыз. Бiр, екi, үш, төрт, бес Қолды қолға ұрамыз. /Б. Бөрiбаев/ | |
2. Үйге тапсырманы тексеру 1. №26 – сабақ. Отан туралы мақал – мәтелдер жазып келу. 2. Келесі сабақ. №27, Кеңес Оразбекұлы «Үзілген гүл» мәтінін оқып келу. | |
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) «Табиғат тазалығы - адамзат амандығы» Нақыл сөз Сұрақтар: 1. Табиғатты кім қорғау керек? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? | |
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Жер - Ана Қ. Сәрсекеев Бейбіт бақша ішінің балшығын бей-берекет шашып, қопарып ойнап жүр еді, өтіп бара жатқан бір қария: – Әй, балам, Жерді мұнша неге қорлайсың? Қайта қадірлеп күтпеймісің, ол сені асыраушы анаң ғой, –деді. Балшықты анаң дегеніне аң - таң болған Бейбіт: – Менің анам үйде, аты – Зейнеп, – деді. – Балам, онда сол Зейнеп келінге айта бар, түсіндірер,– деп, қария ұзай берді. Бейбіт үйге келді. Анасы баласының үсті-басын көріп кейіді. Тамағын ішіп, көңіл жайланған соң, Бейбіттің есіне манағы қарияның айтқаны түсті. – Апа, – деді ол, – мана бір шал маған жерді босқа қопарма, ол да сенің анаң деді. Ол не дегені? – Сен не дедің? – деп сұрады Зейнеп. – Менің анам үйде дедім. – Балам-ай, неге осынша кір, балшық болып келгеніңді енді білдім. Ол кісі саған дұрыс айтқан. Жер – бәріміздің анамыз. Онсыз тіршілік жоқ. Бейбіт әлі аң-таң. Шешесі де қарияның сөзін айтады. – Жер – анамыз дейтін себебіміз, – деді анасы, – ішетін суымыз, жейтін нанымыз жердікі. Дұрыстап ұғып алшы, тіпті адамға қажеттінің бәрі жерден өнеді. Қағаз, қарындаш, машиналарды жасайтын темірді де жер береді, Мысалы жаңағы жеген қаймағың сиырдың сүтінен алынады. Сиыр жердің шөбін жемесе, сүт бермейді. Сүт болмаса, қаймақ қайдан келеді? Солай, балам. Содан да Жер – бәріміздің асыраушы анамыз. Бейбіт анасының әр сөзін зейінмен тыңдады. Түстен кейін бақшаға кіріп, қопарып, шашып ойнаған топырақты тегістеді. Тіпті, ақырын ғана алақанымен аялап сипап қойды. Сұрақтар: 1. Әңгімеде қандай құндылықтар мен қасиеттер туралы айтылады? 2. Бейбіттің жасаған әрекеті туралы өз ойыңды айтып көр. 3. Сендер Жер анаға қандай қамқорлық жасайсыңдар? 4. Үлкендердің айтқан ақылынан сендер қандай тәлім аласыңдар. Әңімелеп беріңдер. | |
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Тапсырма : 98 - бетте берілген шығармашылық иелерінен өзіңе біреуін таңдап алып, табиғатты суреттеңдер.
| |
6. Топпен ән айту. Әдемi Өлеңін жазған: Ақылбек Шаяхметов Әнiн жазған: Ғұсман Наурызбаев Күн сәулесi төгiлгенi әдемi, Кемпiрқосақ керiлгенi әдемi. Көк шалғында асыр салып жүргенде, Көк көбелек көрiнедi әдемi. Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемi, Алма ағаштың гүл ашқаны әдемi. Қариялар жол үстiнде кездесiп, Амандықты сұрасқаны әдемi. Бұлбұл құстың сайрағаны әдемi, Қозы-лақтың ойнағаны әдемi. Ақ боз атын ерттеп мiнiп атамның, Қойды өрiске айдағаны әдемi. | |
7. Үй тапсырмасы. 1. №27 – сабақ. Төменде берілген суреттерден қандай құндылықтар мен қасиеттерді үйренуге болатынын тауып, дәптерге жазыңдар. 2. Келесі сабақ. №28, Кеңес Оразбекұлы «Үзілген гүл» мәтінін оқып келу. | |
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. | |
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: ____________________
Күні: _______________
№: 28
Мұғалімі:
Сыныбы: 2
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Туған өлкенің табиғатын сақтауды үйренеміз
Құндылығы: Қиянат жасамау
Қасиеттері: ешқашан зиян келтірмеу; ешкімді ренжітпеу; командада (топпен) жұмыс істеу.
Мақсаты: Оқушыларға туған өлкенің табиғатын сақтауды үйрету арқылы, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларға ешкімді ренжітпеуді үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы топпен жұмыс істеу қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатқа ешқашан зиян келтірмеуге тәрбиелеу. | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. bilim-all.kz 2.https://massaget.kz |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Көп отырып, шаршадық, Қозғалуды аңсадық. Жүгiргiмiз келедi Әдемiлеп ән салып, Топ - топ басайық, Жаттығулар жасайық. Қайырымды жан болып, Жамандықтан қашайық. Ұшқандай боп кекiлiк, Биiк - биiк секiрiп, Ойнап - ойнап, тез өсiп, Кетемiз бiз жетiлiп. Тұрып қалмай жантайып, Бiр еңкейiп, шалқайып, Жылдам - жылдам қозғалып, Асқақ әндер айтайық. /Б. Бөрiбаев/ | |
7. Үй тапсырмасы. 1. №27 – сабақ. Төменде берілген суреттерден қандай құндылықтар мен қасиеттерді үйренуге болатынын тауып, дәптерге жазыңдар. 2. Келесі сабақ. №28, Кеңес Оразбекұлы «Үзілген гүл» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1. Неліктен анасы қызына «Табиғатта не нәрсенің болса да өз орны, заңдылығы бар» – деді? 2. Табиғаттың сұлулығын қалай сипаттап берер едіңдер? 3. Табиғаттың сұлулығын сақтап қалу үшін қандай іс-шаралар өткізуге болады? 4. Өзің табиғатқа қандай жақсылық жасап жүрсің? 5. Өзіңді табиғаттың қандай бөлігіне ұқсатасың? Неліктен? | |
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Табиғат жер байлығы, Батырлар ел байлығы. Қазақ мақалы. Сұрақтар: 1. Табиғатты не үшін жер байлығы деп айтамыз? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? | |
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Талшыбық А. Жақсыбаев «Балалар терезе алдында ағаш отырғызып жатқан. Ермек солардың кетуін күтіп, әлі аңдып отыр. Жас шыбықтарға қызыға қарайды. Жіп-жіңішке. Бұтақтары да көп емес. Балалар жұмыстарын бітіріп, кете бере, олжүгіріп далаға шықты. Жан-жағына қарады. Ешкім көрінбейді. Бір шыбықты тартып көріп еді, қозғалар емес. Едәуір бекіп қалыпты. Ол қос қолдап бар күшімен тартып қалды. Шыбық тамырымен қоса жұлынды. Ермек оны ат қып мініп алды да, көшемен жүгіре жөнелді. Бір кезде оны көрші тұратын қария айқайлап шақырды. – Қалқам, маған аздап көмектесіп жіберші, – деді ол шыбығын сүйретіп жанына келген Ермекке. Атай үйінің қасына ағаш отырғызып жүр екен. Әлі тігілмеген бірнеше жас шыбық жатыр. Атай оларды қурамасын деп, суға малып қойыпты. – Мен шыбықты ұстап тұрайын, сен күрекпен түбін көм, – деді атай Ермекке. Екеулеп жүріп, олар барлық шыбықты қадап болғанда: – Рақмет көмегіңе! – деп, қария баланың арқасынанқақты. – Енді бірер жылдан кейін бұл шыбықтар зәулім бәйтерек болады. Сонда екеуміз көлеңкеде отырып демаламыз. Солай емес пе, Ермек? Ермек төмен қарады. Көзі өзінің шыбығына түсіп кетті. Күннің көзінде жатып солайын деп қалыпты. – Ата, – деді Ермек бір кезде. – Әне, бір шыбық қалып қойыпты ғой. – Ә, иә, иә, ұмытып кетіппіз ғой, – деді атай да қулана, ойланған болып. – Бар, алып келе ғой. Біз оны сенің үйіңнің алдына отырғызайық. Енді ол күнде жас шыбыққа су құйып, күтіп жүретін болды. Сұрақтар:
| |
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Тапсырма: 100 - бетте Берілген суреттерді пайдалана отырып сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер, ерекше торкөзден жақсы қасиетті оқуға болады. | |
6. Топпен ән айту. Әдемi Өлеңін жазған: Ақылбек Шаяхметов Әнiн жазған: Ғұсман Наурызбаев Күн сәулесi төгiлгенi әдемi, Кемпiрқосақ керiлгенi әдемi. Кӛк шалғында асыр салып жүргенде, Көк көбелек көрiнедi әдемi. Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемi, Алма ағаштың гүл ашқаны әдемi. Қариялар жол үстiнде кездесiп, Амандықты сұрасқаны әдемi. Бұлбұл құстың сайрағаны әдемi, Қозы-лақтың ойнағаны әдемi. Ақ боз атын ерттеп мiнiп атамның, Қойды өрiске айдағаны әдемi. | |
7. Үй тапсырмасы. 1. №28 – сабақ. «Табиғатты қорғайық» тақырыбында шығарма жазу. 2. Келесі сабақ. №29, Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары» үзіндіні оқып келу. | |
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. | |
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: ____________________
Күні: _______________
№: 29
Мұғалімі:
Сыныбы: 2
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Біз өмір сүріп жатқан ел
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: бәрін жақсы көру, бауырмалдық, татулық.
Мақсаты: Оқушыларға өмір сүріп жатқан елімізд сүюге баулы отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларға айналадағы бәрін жақсы көру керектігін үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.https://www.zharar.com 2.https://massaget.kz | ||||||||||||
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен. | | ||||||||||||
2. Үйге тапсырманы тексеру 1. №28 – сабақ. «Табиғатты қорғайық» тақырыбында шығарма жазу. 2. Келесі сабақ. №29, Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» үзіндіні оқып келу. 1. Ахмет ақсақал неліктен неміс баласын таңдады? 2. Ахмет ақсақалдың бойындағы басты қасиеті қандай? 3. Қалай ойлайсыңдар, Зигфридті қандай өмір күтіп тұр? 4. Адамдарды не біріктіреді? | | ||||||||||||
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Ынтымақ түбі — игілік. Қазақ мақалы Сұрақтар: 1. Ынтымақ деген сөзді қалай түсінесіңдер? 2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? | | ||||||||||||
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Бақ қайда барасың? Ынтымаққа барамын. Төле би бала кезінде Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп қалған Әнет баба ел бірлігі жайында әңгіме айтып отырады. Төле:
Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын,бір бума солқылдақ шыбық алдырып:
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп,сындыра алмайды.
Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп,біртіндеп оп-оңай сындырып береді.Әнет баба:
- Түсіндім,баба,бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықтыелді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, «бірлігі,ынтымағы жоқты жау да,дау да оп-оңай алады»дегеніңіз ғой. - Бәрекелді, балам,дұрыс таптың.Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке,ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың? Ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы,- депті Әнет баба. Сұрақтар: 1. Әнет бабаның тапсырмасында қандай мән жатыр? 2. «Бірлік», «ынтымақ» сөздерінің мәнін қалай түсінесіңдер? 3. Сендерге ата-аналарыңмақал-мәтел арқылы ақыл, кеңес бере ме? 4. Қандай мақал-мәтелдер естеріңде қалды? 5. Ынтымақ пен бірлікте болған іс-әрекеттерің туралы жағдаяттарды айтып беріңіздерші. | | ||||||||||||
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Тапсырма: Қазақ және орыс халқының мақал - мәтелдерінің ішінен мазмұны ұқсастарын табыңдар.
| | ||||||||||||
6. Топпен ән айту. Отан Өлеңін жазған: Нұрсұлтан Әлімқұлов Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев Туған Отан, дәулетің асқан, Бақыт нұры сәулесін шашқан. Асыл ана мейірі жылы, Еркелесем кеудесін ашқан. Қайырмасы: Кең алқапты желпісін желің, Байлық тасып, шалқысын көлің. Байтақ жатқан алыпсың өзің, Отан-ана, бақытты елім. Майда ескен таң самалыңмен, Кеуде шіреп тамсанамын мен. Туған Отан, сүйемін сені Кеудемдегі барша жалынмен. Қайырмасы. | | ||||||||||||
7. Үй тапсырмасы. 1. №29 – сабақ. Өзіңе таныс бір ұлтты таңдап алып, «Түріміз басқа болса да, Отанымыз бір» тақырыбында шағын зерттеу жүргізіңдер. Ол үшін сендерге төмендегілерді табу керек. Осы ұлттың: мақал-мәтелі; ертегісі; халық әні; ұлттық ойыны; ұлттық киімі.. 2. Келесі сабақ. №30, «Біз бәріміз бірдейміз» мәтінін оқып келу. | | ||||||||||||
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. | |
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: ____________________
Күні: _______________
№: 30
Мұғалімі:
Сыныбы: 2
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Біз өмір сүріп жатқан ел
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: бәрін жақсы көру, бауырмалдық, татулық.
Мақсаты: Оқушыларға өмір сүріп жатқан елімізд сүюге баулы отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларға айналадағы бәрін жақсы көру керектігін үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.https://www.zharar.com 2.https://massaget.kz |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. «Шебер және батыл қолды мүсіндейік» Балалар «мүсінші» болып,саусақтарымен топырақты,уыстағандайқысып, ермексазды ширатқандай алақандарын бір-біріне үйкелеп,ашып-жұмып қолдарына жаттығу жасайды.Балалар бір-бірлеп саусақтарын ашып,санап,әр саусаққа сипаттама береді. • Бас бармақ-өте күшті,қайырымды,бәріне негізгі,нағыз тірек болуы керек(Бұл әке). • Балаң үйрек-қатал,тәртіпке қатаң қарап,қадағалайды(Бұл ана) • Ортан терек -ата-ананың негізгі көмекшісі (Үлкен аға) • Шылдыр шүмек-көп сөйлемейтін,бірақ өте еңбекқор(ортаншы аға) • Кішкентай бөбек-ең титтей,бәрінің сүйіктісі,кішкентай көмекші. • Осындай жұмыстан соң «мүсіншілер» жұдырықтарын жұмып,жасағандарын бағалайды. «Тек осындай мықты,берік жанұяғана алдында ьұрған мәселелер мен қиындықтарды сенімді түрде жеңе алады. | |
2. Үйге тапсырманы тексеру 1. №29 – сабақ. Өзіңе таныс бір ұлтты таңдап алып, «Түріміз басқа болса да, Отанымыз бір» тақырыбында шағын зерттеу жүргізіңдер. Ол үшін сендерге төмендегілерді табу керек. Осы ұлттың: мақал-мәтелі; ертегісі; халық әні; ұлттық ойыны; ұлттық киімі.. 2. Келесі сабақ. №30, «Біз бәріміз бірдейміз» мәтінін оқып келу. | |
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Ынтымақ — бұзылмайтын қорған, Қосылып еккен ағаш — орман. Сұрақтар: 1. Ынтымақ – бұзылмайтын қорған дегенге пікіріңіз? 2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? | |
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Ғажайып үй Ертеде бір «ғажайып» есімді үй болыпты. Оның ғажайып атану себебі, ол үйде бақа, күшік, үйрек, көбелек, құс, мысық, ара, ұлу барлығы бірге тату-тәтті, бір үйдің балаларындай өмір сүріпті. Олар өте бір-біріне қамқор екен. Бір күні барлығы өз тіршіліктерін жасап жүр еді, кенеттен жаңбыр құйып жауып кетеді, барлығы үйге жүгіріп жаңбырдан тығыла бастайды. Ал күшік болса орман ішінде отын алып келе жатқан еді, үсті-басы су, дірілдеп, қалшылдап ағаштар арасына тығылады. Орман патшасы арыстан оны ұстап алып, жаурағанына қарамастан қамап қояды. Оның келмегеніне алаңдап достары іздей бастайды. Арыстанның ұстап алғанын естіп, барлығы жиылып келеді де арыстаннан сұрайды:
Арыстан осы ғажайып үйінде тұратындардың достығын сынамақшы болып:
Олар достығының сыры бір-бірінің басына қиындық түскенде көмектесетін, мұңайғанда көңілін көтеретін, әрдайым қастарынан табылатын, қолдарындағы барын бөлісіп жейтін, қайғы мен қуанышта бірге боламыз деген біздің уәдеміз бар! – дейді. Арыстан олардан мұндай жауап күтпеген еді.
тамсанып.
Олар келісіп күшікті босатып алады да, арыстанды өздерінің ғажайып мекеніне шақырады. Осы күннен бастап олар бірге ынтымақта тату- тәтті өмір сүріпті. Сұрақтар:
| |
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Тапсырма: Отанымызға арнап сыйлық әзірлеңдер. Түрлі - түсті қағазға алақандарыңды салып, қиып алыңдар. Қиылған алақандардан «Достық гүлдестесін» жасаңдар. | |
6. Топпен ән айту. Отан Өлеңін жазған: Нұрсұлтан Әлімқұлов Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев Туған Отан, дәулетің асқан, Бақыт нұры сәулесін шашқан. Асыл ана мейірі жылы, Еркелесем кеудесін ашқан. Қайырмасы: Кең алқапты желпісін желің, Байлық тасып, шалқысын көлің. Байтақ жатқан алыпсың өзің, Отан-ана, бақытты елім. Майда ескен таң самалыңмен, Кеуде шіреп тамсанамын мен. Туған Отан, сүйемін сені Кеудемдегі барша жалынмен. Қайырмасы. | |
7. Үй тапсырмасы. 1. №30 – сабақ. «Халықтар достығы» эмблемасының суретін салу. 2. Келесі сабақ. №31, «Ел аузынан» оқып келу. | |
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. | |