ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.05.2024

Просмотров: 47

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 1

Мұғалімі:

Сыныбы: 2

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Ұлы Абайдың даналығы

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Бауырмалдық, достық,татулық

Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Абайдың даналығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға татулықтың маңыздылығын ұғындыру.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды айналасындағы адамдарға сүйіспеншілікке, достыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Сергіту сәті

Айнаға қараймын
Шашымды тараймын.
Бақытты боламын,
Сымбатты боламын.
Әрқашан тазамын,
Бәрiнен озамын.

2. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар.
Абай Құнанбаев

Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.

Сұрақтар:

1. Сүйіспеншілік дегеніміз не?

2. Адамдар бір-біріне жақын, риясыз сүйіспеншілікте болу үшн не істеуіміз керек?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

3. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз,

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз.

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз,

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

Сұрақтар:

1. Өлеңнен не түсіндіңдер?

2. Адам болу, оған жетуге ұмтылдыратын бес нәрсе деп нені айтады?

3. Неден аулақ бол дейді?

4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушыларға бес топқа бөлінеді.

Тапсырма: Абайдың «Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» деген ойын тақырып етіп алып, төмендегі кейіпкерлерді қатыстыра отырып, шағын қойылым дайындап, сахналаңдар.
1 – топ:

отбасында үлгілі бала;
2 – топ:

жақсы, мейірімді оқушы;
3 – топ:

нағыз дос;
4 – топ:

елгезек бала;
5 – топ:

барлығын жақсы көретін оқушы.

5. Топпен ән айту.

Жас дәуірдің түлегіміз

Сөзі: Е.Өтетілеуов

Әні: И.Нүсіпбаев

Бау, бақша, белдер,

Көңілді ауыл, қаламыз.

Орман, тау, көлдер

Қайырмасы:

Көрікті шексіз даламыз.

Жадырап күндей,

Дәулеті тасқан,

Жайнаған гүлдей

Сәулеті асқан

Бақытты біздер баламыз!(2 рет)

Өзіміз туған,

Жалықпай оқып,

Көбелек қуған,

Көңілге тоқып,

Өлкеде өсіп, толамыз.

Білімді адам боламыз.

6. Үй тапсырмасы.

1. №1 – сабақ. « Мен кім болам? » тақырыбына арнап шағын шығарма жазып келу.

2. Келесі сабақ. №2, Мұзафар Әлімбаевтің «Адамзаттың Абайы» өлеңін оқып келу.

7. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 2

Мұғалімі:

Сыныбы: 2

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Ұлы Абайдың даналығы

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Бауырмалдық, достық,татулық

Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Абайдың даналығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға татулықтың маңыздылығын ұғындыру.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды айналасындағы адамдарға сүйіспеншілікке, достыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Сергіту сәті.

Біз бесеуміз, бесеуміз.
Бес тармақты жұлдызбыз.
Біз бесеуміз, бесеуміз
Ақ қалпақты құндызбыз.
Аяғымыз қайда екен,
Тез қозғалсақ пайда екен.
Бiзден биiк секiрер
Мықты жандар бар ма екен?

2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №1 – сабақ. « Мен кім болам? » тақырыбына арнап шағын шығарма жазып келу.

2. Келесі сабақ. №2, Мұзафар Әлімбаевтің «Адамзаттың Абайы» өлеңін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Ақын өлеңде Абайды неліктен «Бар қазақтың данасы», «Адамзаттың баласы» дейді?
2. Абайды «Адамзаттың баласы» етіп тұрған қандай қасиеттері деп ойлайсыңдар?
3. Өздерің Абай туралы қандай мәліметтер білесіңдер?

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды

Жүсіп Баласағұни

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) –ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.

Сұрақтар:

1. Бақыт дегенде нені түсінесіз?

2. Қандай қасиеттер адамды бақытқа жеткізеді деп ойлайсыздар?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Өмір сүрудің ең жақсы жолы

Ф. Тайтелиев

Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.

Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:

– Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттымнан қалған дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де жүз-жүз тиыннан беремін. Осы тиындарға бір зат алыңдар. Кешкісін келгенде алған заттарыңмен менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.

Ұлдары үлкен сауда орталығын басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:

– Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым – деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Екінші баласы:

– Дүкенге барып екі жастық алдым – деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Үшінші ұлы:

– Тиынды ұсақтап, елу тиынын мешітке бердім, жиырма тиынын қайырымдылық қорға бердім, жиырма тиынын да әлеуметтік жағдайы төмен отбасына бердім. Қалған он тиынға екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.

Әкесі үшінші баласына риза болып:

– Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналаңа жарық тарату, – деді.

Сұрақтар:

1. Әкесі ұлдарын қалай сынамақшы болды?

2. Неліктен ол үшінші ұлының әрекетін дұрыс деп санады?

3. Айналаңа жарық тарату дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Қандай құндылықтар адамды жақсылыққа жетелейді?

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Абайдың «...Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар, қалан» – деген өлең жолдарын басшылыққа алып, өздеріңнің өмірге қалайтын кірпіштерің қандай құндылықтар мен қасиеттерден тұратынын дәптерге жазыңдар.

6. Топпен ән айту.

Жас дәуірдің түлегіміз

Сөзі: Е.Өтетілеуов

Әні: И.Нүсіпбаев

Бау, бақша, белдер,

Көңілді ауыл, қаламыз.

Орман, тау, көлдер

Қайырмасы:

Көрікті шексіз даламыз.

Жадырап күндей,

Дәулеті тасқан,

Жайнаған гүлдей

Сәулеті асқан

Бақытты біздер баламыз!(2 рет)

Өзіміз туған,

Жалықпай оқып,

Көбелек қуған,

Көңілге тоқып,

Өлкеде өсіп, толамыз.

Білімді адам боламыз.

7. Үй тапсырмасы.

1. №2 – сабақ. Абайдың бір өлеңін оқып, ондағы
адамгершілікті, ізгілікті ойларды тауып, жазып келу.

2. Келесі сабақ. №3, Ханс Кристиан Андерсен «Түймеқыз» мәтінін оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 3

Мұғалімі:

Сыныбы: 2

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Х.К.Андерсеннің дана ертегілері

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Бауырмалдық, ақкөңілділік,татулық

Мақсаты: Оқушыларға Х.К.Андерсеннің дана ертегілерін түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға бауырмал болудың маңыздылығын ұғындыру.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы ақкөңілділік қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Сергіту сәті.

Оңға бір,
Солға бір,
Бұрылып жолдары,
Жолаушы жүредi.
Соңынан жүгiрiп,
Бұтаға үңiлiп,
Сүрiнiп, тығылып
Күшiгi үредi.
/Б. Бөрiбаев/

2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №2 – сабақ. Абайдың бір өлеңін оқып, ондағы адамгершілікті, ізгілікті ойларды тауып, жазып келу.

2. Келесі сабақ. №3, Ханс Кристиан Андерсен «Түймеқыз» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Түймеқыздың қарлығашқа қамқорлық жасауының себебі неде?
2. Түймеқыз жақсылығының өтеуін күтті ме?
3. Өзіңе басқалардың жасаған жақсылығын естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Ұл балаларға 1 рет, қыз балаларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

«Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі»

Халық мақалы

Сұрақтар:

1. Жақсылық жасау деген не?
2. Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Арыстан мен тышқан

Ертегі

Бір күні арыстан ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді. Арыстан оянып, тышқанды ұстап алады. Бейшара тышқан жалына бастайды:

– Егер мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасармын, – дейді ол.

Арыстан тышқанның «жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп, оны босатып жібереді.

Келесі күні аңшылар арыстанды ұстап алып, ағашқа таңып тастайды. Тышқан арыстанның ақырғанын естіп, жүгіріп келіп, арқанды тісімен қырқып:

– Есіңде ме, сен менен жақсылық күтпеген едің ғой. Енді, міне, тышқаннан да қайырымдылық келетінін көрдің , – депті.

Көрдің бе, кішкентай тышқан да үлкен арыстанға көмектесе алады екен.

Сұрақтар:

  1. Әңгімедегі ойды қалай түсіндіңдер?

  2. Кішкентай тышқан қандай әрекет жасады?

  3. Өздерің қандай қайырымдылық пен жақсылықтар жасап жүрсіңдер?

  4. Сендер өзгелерге қайырымдылық жасағанда өздеріңді қалай сезінесіңдер?

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Андерсен ертегісіндегі ертекші ОлеЛукойемен танысыңдар. Оның шапаны мен қолшатырының суреттерін салып, бояңдар.
Оле-Лукойе
Ханс Кристиан Андерсен
Оле-Лукойеге тең келетін ертекші бұл дүниеде жоқ.
Ертекші деп соны айт шіркін! Балалар қалай тынышталды, солай ол ертегі айтуға кіріседі.
Оле-Лукойе кереуеттің шетіне отырады. Өзі сәнді киінген – үстінде жібектен тігілген жұп-жұқа шапаны бар. Ал шапанының түсі пәлен деп айту қиын. Оленің қалай бұрылып қимылдағанына қарай ол біресе көгілдір, біресе қара көк, біресе қызыл түспен сан құлпырады. Оленің қолтығына қысып алған екі қолшатыры және бар. Сурет салынып әшекейленген қолшатырды ол жақсы балалардың үстіне ғана жаяды. Сонда олардың түсіне түні бойы қызықты - қызықты ертегілер кіреді

.

6. Топпен ән айту.

Ерден атайдың әні
Өлеңін жазған: Әбдірахман Асылбеков
Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев
Кел, балалар, тұрмаңдар
Бізде қызық думан бар.
Атамыздың алуан
Ертегісін тыңдаңдар.
Қайырмасы:
Ерте, ерте, ерте, екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Ертегі сөз қашанда
Тамашаның көркі екен.
Түрлі-түрлі ертегі,
Тұла бойды ертеді.
Ерте өткен ерлердің
Ерлік ісін шертеді.
Қайырмасы:
Қиялдаймыз, самғаймыз,
Кең әлемді шарлаймыз.
Ертегісін атайдың
Тыңдаудан біз талмаймыз.
Қайырмасы.

7. Үй тапсырмасы.

1. №3 – сабақ. Өз ойларыңнан қайырымды ертегі құрастырып жазып келу.

2. Келесі сабақ. №4, Ханс Кристиан Андерсен «Ұсқынсыз үйрек» үзінді оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 4

Мұғалімі:

Сыныбы: 2

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Х.К.Андерсеннің дана ертегілері

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: қарапайымдылық, оптимизм, кішіпейілдік

Мақсаты: Оқушыларға Х.К.Андерсеннің дана ертегілерін түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды қарапайымдылыққа үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы оптимизмді дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilimdiler.kz

2.https://infourok.ru

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Бала, бала, балақай,
Қол соғайық, алақай!
Бiр, екi, үш деп айтайық,
Саусақтарда тартайық.
Жалқау бала болмайық,
Қолды қысып, ойнайық.
/Б. Бөрiбаев/

2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №3 – сабақ. Өз ойларыңнан қайырымды ертегі құрастырып жазып келу.

2. Келесі сабақ. №4, Ханс Кристиан Андерсен «Ұсқынсыз үйрек» үзінді оқып келу.

Сұрақтар:

1. Балапан неліктен ұсқынсыз үйрек атанды? Балапан қиыншылықтарды қалайша жеңді?
2. Балапанның аққулар арасында өзін бақытты сезінуінің себебі неде?
3. Адамның шынайы табиғаты неде?
4. Адам шынайы табиғатынан алшақтап кеткенде қандай күйге түседі?

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Ұл балаларға 1 рет, қыз балаларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Өзіңді - өзің танысаң – істің басы.

Ш. Құдайбердіұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор.

Сұрақтар:

1. Адам қалай өзін тани алады?

2. Адамныңөзін – өзі тануы не үшін қажет?
3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Күн мен жылқы

Ертеде жылқы күнге қарап былай дейді:

– О, барлық жан – жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды күн, мені жануардың арасындағы ең сұлулардың бірі деседі жұрт. Солай екенін өзім де сеземін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемірек етуге болар еді – ау деп ойлаймын.

– Сонда қай жеріңді түзей түсуге болар еді деп ойлайсың? – деп сұрайды күн күлімсіреп.

– Егер, - дейді жылқы, - сирақтарым бұдан да ұзындау болса, мен тіпті алдына жан салмайтын жүйрік болар едім. Мойыным аққудың мойынындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік бітірер еді. Төсім жалпақтау келсе, қазіргіден де алымдырақ болар еді. Оның үстіне адамзатты арқалап жүру үшін жотамнан мәңгі алынбайтын ер болса, тіпті жарасып тұрар еді…

–Жақсы, қалағаның болсын, - дейді күн жайраңдап, - сәл күте тұр.

Соны айтады да, күн жерге түйені түсіреді. Денесі алпамыстай, жануарды көрген жылқы қорыққанынан қалшылдап қоя береді.

– Міне, сен қалағандай ұзын да сидаң аяқ, аққудың мойынындай ұзын мойын, жалпақ кеуде, ері де дайын. Қалай, ұнай ма? – деп сұрайды күн.

– Жо жоқ… - дейді жылқы.

- Ендеше жөніңе жүр, - дейді күн жылқыға , - саған өз бойыңдағыда жетеді. Әркім өз қасиетін бағалауға тиіс.

Сұрақтар:

1. Жылқы түйеге қарап өзіндегі қандай жақсы қасиеттерді білді?.

2. «Әркім өзқасиеттерін біліп бағалап жүру керек» дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Өз бойыңдағы қасиеттерді қаншалықты білесіңдер?

4. Жақсы қасиеттерді дамыту үшін не істейсіздер?

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Суреттерге қараңдар. Өздеріңе
ұнайтын ертегі кейіпкері туралы әңгімелеп беріңдер.

6. Топпен ән айту.

Ерден атайдың әні
Өлеңін жазған: Әбдірахман Асылбеков
Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев
Кел, балалар, тұрмаңдар
Бізде қызық думан бар.
Атамыздың алуан
Ертегісін тыңдаңдар.
Қайырмасы:
Ерте, ерте, ерте, екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Ертегі сөз қашанда
Тамашаның көркі екен.
Түрлі-түрлі ертегі,
Тұла бойды ертеді.
Ерте өткен ерлердің
Ерлік ісін шертеді.
Қайырмасы:
Қиялдаймыз, самғаймыз,
Кең әлемді шарлаймыз.
Ертегісін атайдың
Тыңдаудан біз талмаймыз.
Қайырмасы.

7. Үй тапсырмасы.

1. №4 – сабақ. «Ертегілер – жақсылықтың ұясы» тақырыбында шығарма жазу.

2. Келесі сабақ. №5, Ел аузынан «Қазына» мәтінін оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 5

Мұғалімі:

Сыныбы: 2

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Білім – өмір шырағы

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: тек жақсы және қажет заттарды ғана айту, шындықты айту, кішіпейілдік.

Мақсаты: Оқушыларға білім – өмір шырағы екенін түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды тек жақсы және қажет заттарды ғана айтуға үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы кішіпейілдік қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды шындықты айтуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilimdiler.kz

2.https://infourok.ru

3.https://www.zharar.com/kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иiлiп
Солға қарай иiлiп
Бiр отырып, бiр тұрып,
Бойымызды созайық
Белiмiздi жазайық.
Оңға - оңға түзу тұр
Солға - солға түзу тұр
Жоғары - төмен қарайық
Қолымызды созайық
Бойымызға күш жинап
Бiр шынығып алайық.

2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №4 – сабақ. «Ертегілер – жақсылықтың ұясы» тақырыбында шығарма жазу.

2. Келесі сабақ. №5, Ел аузынан «Қазына» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Бұқар жырау неліктен «Қазына білімдінің басында» деп айтты?

2. Білімді адамда қандай қасиеттер болғанда қазынаға айналады?
3. Өмірде біліміңді пайдаланып дұрыс жол тапқан кездеріңді айтып беріңдер

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Білім – өмір шырағы.

Халық даналығы

Сұрақтар:

1. Адамға білім алу не береді?
2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Адамның үш түрі (аңыз)

-Мына мүсіндердің әрқайсысының өзінің құндылығы және мағынасы бар,- деп, бір патшаға көрші мемлекеттен алтыннан жасалған бірдей үш мүсін беріп жібереді. Патша мүсіндерді өзінің қол астындағы адамдарына беріп, олардың айырмашылығын табуын талап етеді.

Уәзірлері ол мүсіндерді таразыға салып өлшейді, ұзындығын өлшейді, алтынның сапасын тексереді. Бірақ еш айырмашылығын таппайды. Басқа көрген сырт адамдар да ешнәрсе байқамайды. Тек бір ақылды уәзір ғана берілмейді.Ол кішкене мүсіндердің оң құлақтарында тесіктер барын аңғарып,тесіктерге жіңішке алтын сымды кіргізеді де мынаны байқайды. Бірінші мүсіннің құлағына кірген сым екінші құлағынан шығады, ал екіншісінің аузынан шығады, үшіншісінің ішінде қалады. Сосын біраз ойланған уәзір патшаға келіп:

-Уа, патшам, жұмбақтың шешімі табылған сияқты. Бірінші мүсін - бір құлағына айтылған сөз екінші құлағынан шығатын адамға,екінші мүсін естігенін,білгенін аяғына дейін тыңдамай,ой елегінен өткізбей, басқаға жеткізетін адамға ұқсайды.Ал үшіншісі- оқығанын, естігенін, білетінін есіне сақтап, өз бойынан өткізіп, өмірде қажетіне пайдаланатын адам-, деп айтады.

Сұрақтар:

1. Мәтін кім туралы?

2. Қай уәзірдің әрекеті дұрыс болды?

3. Білім бізге не үшін қажет?

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді

Тапсырма: Мақал – мәтелдерді жалғастыру.

1 – топ:

1. Оқу – білім азығы,
Білім – ... қазығы (ырыс)
2. Білім басы – бейнет, соңы – ... (зейнет)
3. Оқығаныңды айтпа, ... айт (тоқығаныңды)

2-топ:

1. Оқу түбі - ... (тоқу)

2. Оқу ... құдық қазғандай (инемен)

3. Оқу - білім бұлағы

Білім- өмір ... (шырағы)
3 – топ:

1. Жердің сәні - егін, ... сәні – білім (ердің)
2. Өнер - ағып жатқан бұлақ, Ілім - жанып тұрған ... (шырақ)
3. Ғылым - теңіз, білім - ... (қайық)

6. Топпен ән айту.

Ұстазым

Тұлғаңды арманыма ұксатқанмын
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын
Есімде, әліппені жаттатқызып
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның

Ұстазым, менің ұстазым
Өзіңмен өткен қыс-жазым
Қалдырған ізің мәңгілік
Жадымда тұрар жаңғырып
Ұстазым, менің ұстазым

7. Үй тапсырмасы.

1. №5 – сабақ. Оқу, білім туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №6, Жазира Жайлаубекқызының «Бізге сабақ болған бата» мәтінін оқып келу.