ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.05.2024
Просмотров: 52
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: ____________________
Күні: _______________
№: 21
Мұғалімі:
Сыныбы: 2
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Дос болуды үйренеміз
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: бауырмалдық; достық; татулық
Мақсаты: Оқушыларға дос болудың маңыздылығын түсіндіру арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды бауырмалдыққа үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. bilim-all.kz 2. www.tarbie.kz |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Көп отырып, шаршадық, Қозғалуды аңсадық. Жүгiргiмiз келедi Әдемiлеп ән салып, Топ - топ басайық, Жаттығулар жасайық. Қайырымды жан болып, Жамандықтан қашайық. Ұшқандай боп кекiлiк, Биiк - биiк секiрiп, Ойнап - ойнап, тез өсiп, Кетемiз бiз жетiлiп. Тұрып қалмай жантайып, Бiр еңкейiп, шалқайып, Жылдам - жылдам қозғалып, Асқақ әндер айтайық. /Б. Бөрiбаев/ | |
2. Үйге тапсырманы тексеру 1. №20 – сабақ. Кешірімділік туралы мақал – мәтелдер жазып келу. 2. Келесі сабақ. №21, Ыбырай Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесін оқып келу. Сұрақтар: 1. Аю неліктен әлсiз, ауру адамға тимеді? 2. Шындығында аю оған сондай ақыл айтты ма? 3. Ауру адамға ақылды сөзді не айтқызып тұр? 4. Осындай қиын жағдайларда өздерің қалай әрекет етер едіңдер? | |
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Достықты достық шақырады. Абай Құнанбаев Сұрақтар: 1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер 2. Балалар достар қандай болу керек? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? | |
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Достық Қалың қар жауған қыстың бір күні, Арман қолына күрек алып, есік алдын тазалауға кіріседі. Көрші үй жаққа қарап еді, үйге барар жолы жасалынып дап-дайын болып тұрғанын көрді. Ертеңіне қайта қар жауады. Арман көршісінен қалыспайын деп, бұл жолы әдеттегіден жарты сағатқа ерте тұрады. Далаға шығып қараса, көрші үйдің есік алды баяғыдан тазаланып қойылыпты. Үшінші күні болса, қар кешегіден де көп жауған. Бірақ бұл жолы да, Арман жолды тазалау үшін ертерек тұрса да, көршісінің үйіне жол тазаланылып қойылғанын көреді. Көршісімен кездескен сәтте, Арман тура сұрайды:
Көршісі оған:
Сұрақтар: 1. Досы көп адамдар қандай қасиеттермен сипатталады? 2. Қандай адаммен достасқыларың келеді? 3. Адал дос болу үшін өзіңді-өзің қалай тәрбиелейсің? 4. Өздеріңнің достарың туралы айтып берсеңдер. | |
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Тапсырма: 1 – топ: Адал достық болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін өзің үшін ең маңыздыларынан бастап орналастыр. Таңдауларыңды түсіндіріңдер. Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: адалдық, ортақ көзқараста болу, жауапкершілік, қамқорлық, сүйіспеншілік, есептесу, санасу, кешірімділік, қиянат жасамау, ақша, мақтау. 2 – топ: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, дос туралы мақал-мәтелдерді оқыңдар, өздерің де мақал-мәтел құрастырыңдар. Адам – адамға..., жолдас, ... . Досы жақсының, ... де жақсы. Көп ақшаң болғанша, көп... болсын. Дос – досқа ... . Тиісті сөздер: дос, айна, бауыр, өзі, досың | |
6. Топпен ән айту. Ағайынбыз бәріміз Өлеңін жазған: Әнуарбек Дүйсенбиев Әнін жазған: Малғаждар Әубәкіров Жақсылыққа, бақытқа, Талпынған әр уақытта. Бала біткен дос-бауыр, Болмасын еш тосқауыл. Қайырмасы: Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз. Ортақ болсын асқар тау, Жеміс толы бақша-бау. Болсын жер мен су да ортақ, Болсын бізге ту да ортақ. | |
7. Үй тапсырмасы. 1. №21 – сабақ. Төменде берілген достық ережесін оқып, өздерің толықтырып жазыңдар. Достық ережесі Жолдастарыңа көмектес. Қолыңнан келетін жақсы істі оларға да үйрет. Жолдастарыңмен өзіңе ұнайтын заттарыңмен бӛліс. Егер жолдасың жаман қылық жасаса тоқтатып, дұрыс еместігін достық ниетпен айтып, түсіндір. Жанжалдасудан, сӛз таластырудан аулақ бол. Тату бол,мақтанып кетпе. Жолдасыңның жетістігіне қуан. 2. Келесі сабақ. №22, «Құм мен тас» өсиет әңгімені оқып келу. | |
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. | |
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: ____________________
Күні: _______________
№: 22
Мұғалімі:
Сыныбы: 2
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Дос болуды үйренеміз
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: ; бауырмалдық; достық; татулық
Мақсаты: Оқушыларға дос болудың маңыздылығын түсіндіру арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды бауырмалдыққа үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. bilim-all.kz 2. www.tarbie.kz |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен. | |
2. Үйге тапсырманы тексеру 1. №21 – сабақ. Төменде берілген достық ережесін оқып, өздерің толықтырып жазыңдар. Достық ережесі Жолдастарыңа көмектес. Қолыңнан келетін жақсы істі оларға да үйрет. Жолдастарыңмен өзіңе ұнайтын заттарыңмен бөліс. Егер жолдасың жаман қылық жасаса тоқтатып, дұрыс еместігін достық ниетпен айтып, түсіндір. Жанжалдасудан, сөз таластырудан аулақ бол. Тату бол, мақтанып кетпе. Жолдасыңның жетістігіне қуан. 2. Келесі сабақ. №22, «Құм мен тас» өсиет әңгімені оқып келу. 1. Жігіт неліктен ренішін құмға жазды? 2. Жақсылықты тасқа жазуының себебі неде? 3. Бұл оқиғадан қандай сабақ алар едің? 4. Өзің достарыңмен қарым-қатынаста өкпе-ренішті қалай жеңесің? 5. Адамдарға қалай өкпелеп, ренжімеуге болады? Әңгімелеп беріңдер | |
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Дос — ажарың, жолдас — базарың. Қазақ мақалы Сұрақтар: 1. Дос – ажарың дегенді нені түсінесіңдер? 2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? | |
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). ДостықЕртеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: – Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып: – Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық. – Дұрыс-ақ. Енді қалай ажырата аламыз? – дегендерге: – Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет. Сұрақтар: 1. Әйтімбет шешеннің достықтың түрлері туралы айтқан сөзін қалай түсіндіңдер? 2. Адал дос бола білетін адамның бойынан қандай құндылықтар мен қасиеттер көрінеді? 3. Қандай адамдардың адал достары көп болады?Неліктен? 4. Өздеріңнің достықты қалай бағалайтындарыңды әңгімелеп беріңдер. | |
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Тапсырма: Досыңның жақсы жақтарын, оған тілейтін жақсы қасиеттер мен құндылықтарды естеріңе түсіре отырып, дәптерге досыңа тілек жаз. | |
6. Топпен ән айту. Ағайынбыз бәріміз Өлеңін жазған: Әнуарбек Дүйсенбиев Әнін жазған: Малғаждар Әубәкіров Жақсылыққа, бақытқа, Талпынған әр уақытта. Бала біткен дос-бауыр, Болмасын еш тосқауыл. Қайырмасы: Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз. Ортақ болсын асқар тау, Жеміс толы бақша-бау. Болсын жер мен су да ортақ, Болсын бізге ту да ортақ. | |
7. Үй тапсырмасы. 1. № 22 – сабақ. Достық туралы мақал – мәтелдер жазып келу. 2. Келесі сабақ. №23, Лариса Кобзеваның «Шынайы сүйіспеншілік» әңгімесін оқып келу. | |
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. | |
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: ____________________
Күні: _______________
№: 23
Мұғалімі:
Сыныбы: 2
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Жақсы көруді үйренеміз
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: ; бәрін жақсы көру; достық; татулық
Мақсаты: Оқушыларға жақсы көруді үйрету арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы бәрін жақсы көруге үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. bilim-all.kz 2.www.zharar.com |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Сергіту сәті Көп отырып, шаршадық, Қозғалуды аңсадық. Жүгiргiмiз келедi Әдемiлеп ән салып, Топ - топ басайық, Жаттығулар жасайық. Қайырымды жан болып, Жамандықтан қашайық. Ұшқандай боп кекiлiк, Биiк - биiк секiрiп, Ойнап - ойнап, тез өсiп, Кетемiз бiз жетiлiп. Тұрып қалмай жантайып, Бiр еңкейiп, шалқайып, Жылдам - жылдам қозғалып, Асқақ әндер айтайық. /Б. Бөрiбаев/ | |
2. Үйге тапсырманы тексеру 1. № 22 – сабақ. Достық туралы мақал – мәтелдер жазып келу. 2. Келесі сабақ. №23, Лариса Кобзеваның «Шынайы сүйіспеншілік» әңгімесін оқып келу. 1. Адам өз сүйіспеншілігін қалай білдіре алады? 2. Бәріне сүйіспеншілікпен қарайтын адам, қандай адам? Әңгімелеп беріңдер. 3. Жақындарыңа, достарыңа, айналадағы адамдарға сүйіспеншілігіңді іспен қалай көрсете аласыңдар | |
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Кімде-кім жақсы көрсе, сол күшті. Нақыл сөз Сұрақтар: 1. Жақсы көру дегенді қалай түсінесіңдер? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? | |
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Ақ тиіннің ақылы Қалың орман ішінде бір аю өмір сүреді. Оның кішкентай ғана сүйкімді қонжығы болады. Қонжыққа айналасындағы заттардың бәрі қызық болып көрінетін. Бір күні ол араның ұясын көреді. Қонжық араның балын жегісі келіп, жанталасып ұяны бұза бастайды. Мұны ағаштың басында отырған ақ тиін көріп қалады да:
Қонжық ойланып қалады да, сәлден кейін: - Мен балды өте жақсы көремін, - деп жауап береді. - Жақсы көргеннен бәріне де жақсы болуы керек: саған да, оғанда. Ал сенің жақсы көруің оларға тек жамандық әкеліп жатыр,- деді ақ тиін. - Енді не істейін? – деді ұялып қалған қонжық. - Әрине бал өте тәтті. Бірақ араның ұясын бұзбай-ақ тәтті табуға болады ғой. - Қалайша? – деп сұрады қонжық таң қалып. - Байқап қарасаң, орманда тәтті зат көп. Әне түйежапырақтардың астында құлпынай өсіп тұр. Мына теректің түбі таңқурайға тұнып тұр. Жеп көрсең, дәмі аузыңнан кетпейді. Қонжық содан бері араның ұясын бұзбай жеміс-жидектермен қоректенетін болды. Сұрақтар: 1. Қонжықтың бойынан қандай қасиеттер көрдіңдер? 2. Ақ тиынның «Жақсы көргеннен бәріне де жақсы болуы керек: саған да, оған да» айтқан сөзін қалай түсінесіңдер? 3. Сендердің бойларыңда қандай жақсы қасиеттер бар? 4. Өз қателіктеріңді түсініп, дұрыс емес әрекеттеріңді түзеген кездерің болды ма? | |
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Тапсырма: Риясыз сүйіспеншіліктеріңді сахналап көрсетіңдер. 1 – топ: үй-ішіңе 2 – топ: туған-туыстарыңа 3 – топ: көршілеріңе 4 – топ: қонақтарға. | |
6. Топпен ән айту. Құттықтаймын мама, туған күніңмен! Өлеңін жазған: Мұқағали Мақатаев Әнін жазған: Нұрғиса Тілендиев Нұрын төккен маған, Шуағымсың – сен! Айналайын, мама, Қуанышыңмен! Шаттандырған мені, Жұбанышым – сен! Құттықтаймын сені, Туған күніңмен! Аялаған мені, Ән қанатымен. Құттықтаймын сені, Салтанатыңмен! Бақытты ғой заман, Қандай көңілді! Мен тілеймін саған, Ұзақ өмірді! | |
7. Үй тапсырмасы. 1. №23 – сабақ.Төменде ұсынылған сөйлемдерді жалғастырып жазыңдар. Мен ата-анамды сүйемін, өйткені... Мен отбасымды сүйемін, өйткені... Мен Отанымды сүйемін, өйткені... Мен мектебімді сүйемін, өйткені... Мен табиғатты сүйемін, өйткені... Мен әлемді сүйемін, өйткені... . 2. Келесі сабақ. №24, Михаил Андриановтың «Шегіргүл мен Бәйшешек» әңгімесін оқып келу. | |
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. | |
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: ____________________
Күні: _______________
№: 24
Мұғалімі:
Сыныбы: 2
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Жақсы көруді үйренеміз
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: ; бәрін жақсы көру; достық; татулық
Мақсаты: Оқушыларға жақсы көруді үйрету арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы бәрін жақсы көруге үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. bilim-all.kz 2.www.zharar.com |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Оңға бір, Солға бір, Бұрылып жолдары, Жолаушы жүредi. Соңынан жүгiрiп, Бұтаға үңiлiп, Сүрiнiп, тығылып Күшiгi үредi. /Б. Бөрiбаев/ | |
2. Үйге тапсырманы тексеру 1. №23 – сабақ.Төменде ұсынылған сөйлемдерді жалғастырып жазыңдар. Мен ата-анамды сүйемін, өйткені... Мен отбасымды сүйемін, өйткені... Мен Отанымды сүйемін, өйткені... Мен мектебімді сүйемін, өйткені... Мен табиғатты сүйемін, өйткені... Мен әлемді сүйемін, өйткені... . 2. Келесі сабақ. №24, Михаил Андриановтың «Шегіргүл мен Бәйшешек» әңгімесін оқып келу. Сұрақтар: 1. Шегіргүлден қандай қасиеттерді байқадыңдар? 2. Қалай ойлайсыңдар, адам сүйіспеншіліксіз өмір сүре ала ма? Неліктен? 3. Сүйіспеншілік қандай ғажаптарды жасай алады? Мысалдар келтіріңдер. | |
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Жақсы көру жақсы қасиет Нақыл сөз Сұрақтар: 1. Сендерге өздеріңнін жақындарың мен туыстарынды жақсы көресіңдер ме? 2. Сендер кімдерді жақын көресіңдер? Өз махаббаттарыңды қалай білдіресіңдер? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? | |
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Үш жолдас В. Осеева Үлкен үзілісте барлық балалар тамақтанды, ал бір бала шетте тұрып қалды. Ол бала ертеңгі асын жоғалтып алыпты. – Сен неге тамақ ішпей тұрсың? – деп сұрады баланың бір жақын жолдасы. – Ертеңгі асымды жоғалтып алдым ... – Қап, әттеген-ай, түске дейін біраз уақыт бар, – деп сол сұрақты қойған дос бала ақ нанын үлкен ғып тістеп алды. – Сен тамағыңды қайда жоғалтып алдың? – деп екінші жолдасы сұрады. – Білмеймін. Асын жоғалтқан бала ақырын жауап қайтарып, басқа жаққа бұрылды. – Сен, мүмкін асыңды қалтаңа салған шығарсың, оны сумкаға салу керек еді, – депқоймады екінші досы. Ал осыны естіп тұрған үшінші досы ештеңе сұрамады. Ол өзінің май жағылған нанын бөліп, жартысын досына берді. Сұрақтар:
| |
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Тапсырма: Өздерің жақсы көретін адамдарға арнап сурет салыңдар. | |
6. Топпен ән айту. Құттықтаймын мама, туған күніңмен! Өлеңін жазған: Мұқағали Мақатаев Әнін жазған: Нұрғиса Тілендиев Нұрын төккен маған, Шуағымсың – сен! Айналайын, мама, Қуанышыңмен! Шаттандырған мені, Жұбанышым – сен! Құттықтаймын сені, Туған күніңмен! Аялаған мені, Ән қанатымен. Құттықтаймын сені, Салтанатыңмен! Бақытты ғой заман, Қандай көңілді! Мен тілеймін саған, Ұзақ өмірді! | |
7. Үй тапсырмасы. 1. №24 – сабақ. Жасы кіші балаларды қалай қуантар едіңдер? Қарт адамдарға қандай сыйқұрмет көрсетуге болады? Өз ойларыңды жазып көрсетіңдер. 2. Келесі сабақ. №25, ел аузынан «Қарлығаш би» оқып келу. | |
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. | |
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: ____________________
Күні: _______________
№: 25
Мұғалімі:
Сыныбы: 2
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Біз өсіп жатқан өлке
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: ; бәрін жақсы көру; достық; татулық
Мақсаты: Оқушыларға туған өлкесін жақсы көруді үйрету арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы бәрін жақсы көруге үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. bilim-all.kz 2.www.zharar.com |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Біз бесеуміз, бесеуміз. Бес тармақты жұлдызбыз. Біз бесеуміз, бесеуміз Ақ қалпақты құндызбыз. Аяғымыз қайда екен, Тез қозғалсақ пайда екен. Бiзден биiк секiрер Мықты жандар бар ма екен? | |
2. Үйге тапсырманы тексеру. 1. №24 – сабақ. Жасы кіші балаларды қалай қуантар едіңдер? Қарт адамдарға қандай сыйқұрмет көрсетуге болады? Өз ойларыңды жазып көрсетіңдер. 2. Келесі сабақ. №25, ел аузынан «Қарлығаш би» оқып келу. Сұрақтар: 1. Төле бидің елінен, жерінен көшпей отыруына не себеп болды? 2. Төле би ел-жұртын жаудан қалай қорғап қалды? 3. Мәтіннен қазақ халқының бейбітшіліктің, тыныштықтың мекені болғанын көрсететін жерлерін тауып, баяндап беріңдер. 4. ЖаудыТөле бидің қандай қасиеті кері шегіндірді? 5. Елді, жерді қалай қорғап, көркейтуге болады деп ойлайсыңдар? | |
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Отанды сүю отбасынан басталады. Мақал Сұрақтар: 1. Сендер туған жерге қандай қадір-құрмет көрсетіп жүрсіңдер? 2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? | |
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Күн мен түннің жермен достығы І. Мұсаұлы Бір күні Жер Күн мен Түнге: – Сендер мені үздіксіз айналып, адамдардың өмірі үшін қызмет етіп келесіңдер. Түн, сен адамдар демалса екен, ұйықтаса екен дейсің, ал сен, Күн, адамдар күндіз еңбек істесе екен дейсің. Екеуіңнің де адамдарға жақсылық жасап келе жатқан еңбектерің зор,– деді. – Сенің де еңбегіңді жақсы білеміз, – деп жауап берді оған Күн мен Түн. – Сен де адамдарға ырыс бересің, олар сенде тұрып, өмір сүріп жатыр, олар сенен ырыздығын алып жейді. Сен оларды шаршамай көтеріп келесің, олардың бақытты өмір сүруін тілейсің, сенің де еңбегің өте зор. Олар бір-біріне қарап, ризашылықпен күлісіп алды. Бірақ бұлардың әңгімелерін адамдар естіген жоқ. Олар әрқайсысы өз мемлекеттерінде – біреуі күндіз, біреуі түндегі тіршіліктерімен өмір сүріп жатты. Сұрақтар: 1. Күн мен түн және жер не туралы әңгімелесті? 2. Олар адамдарға қалай жасайды? 3. Сендер олардың жақсылығына ризашылықтарыңды қалай білдіресіңдер? 4. Риясыз жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіңдер? 5. Өздерің қандай риясыз жақсылық жасап жүрсіңдер? | |
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Тапсырма: Төмендегі қасиеттерді қатыстыра отырып, «Қазақстан – бейбітшілік бесігі» тақырыбына шағын қойылым дайындап,сахналаңдар.
| |
6. Топпен ән айту. Елімізді сүйеміз Өлеңін жазған: Дүнгенбай Ботбаев Сөзін жазған: Қадыр Мырза-Әли Бал-бұл жанған гүл шағында Біз Отанның ұланымыз. Бақытты елдің құшағында Білім алу ұранымыз. Қайырмасы: Біз өнерге, ұлы өмірге, Гүл өмірге иеміз. Көгімізді, көлімізді, Елімізді сүйеміз. Туған жерде аунап-қунар, Біз ұланбыз, өрімдейміз. Біз ұланбыз еңбекқұмар, Өнер десе ерінбейміз. Қайырмасы. Қуанышты әніміз де, Біз ұланбыз жоқ арманы. Біздер әлі бәріміз де Боламыз ел қаһарманы. | |
7. Үй тапсырмасы. 1. №25 – сабақ. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып мақал - мәтелдерді аяқтаңдар. a) Отан елдің ... ә) Отан үшін ...– ерге тиген ... б) Ынтымақ түбі –... Тиісті сөздер: анасы, күрес, үлес, береке. 2. Келесі сабақ. №26, Бауыржан Момышұлы мәтінін оқып келу. | |