ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 6
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Түстер арқылы адамның болмысын анықтауға болады.
Қызыл. Өзіңізден көрі өзгелерді уайымдайтын жансыз.Өте мейірімді әрі қамқорсыз.Туыстарыңызбен достарыңыздың мәселелері шешілген сәтте ғана өзіңізді бақытты сезінесіз. Бұл түсті ұнататындар үшін бәрінен жан тыныштығы қымбат.Олар өзінің кінәсіз екенін біле тұра, бірінші болып кешірім сұрай алады.
Жасыл. Қәзіргі жағдайына риза емес, өмірін жақсартқысы келетіндер осы түсті таңдайды. Жасылды жақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды. Дегенмен көпшілікпен араласқанға құмар. Шыдамды, тым байсалды. Ұжымның арасында өзін көрсеткенді қаламайды.
Сары. Ерекшелік пен кретивті білдіреді. Бұл түсті таңдағандардың ішінде харизмаға толы тартымды адамдар жиі кездеседі.Олар өз еріктерімен шешім қабылдайды.От ауызды орақ тілді адамдар деп айтса болады.Бірақ көңіл күйлері тез құбылады. Үнемі ізденісте жүреді. Мұндай мінезді көбінесе әзілге жақын адамдар жүреді. Бірақ кейде жауапкершіліктен қашады. Бұл өзін еркін сезінгісі келетін әрекеті.
Көк.Өте төзімді табанды адамдарды айтады.Әр аттаған қадамын жоспарлайды,қадамын нық басады. Өте қарапайым келеді.Көгілдір түсті жақсы көретіндер өте сақ адамдар
Мінезді анықтауға арналған 5 минуттық тест
Саусақтарыңызды айқастырып ұстыңыз. Жоғарыда қай қолдың саусағы қалғанына назар аударыңыз. Нәтижелерін қағазға жазып отырыңыз. Егер жоғарыда оң қолдың саусағы болса, қағазға "2", сол қолдың саусағы болса, "1" деп жазыңыз.
Жалған нысананы көздеңіз. Көздегенде қай көзіңіз ашық қалды? Сол болса "1", оң болса "2" санын жазыңыз.
Қолыңызды кеудеңізде айқастырыңыз. Қай қол үстінде қалды? Сол болса "1", оң болса "2" санын жазыңыз.
Шапалақтаңыз... Жоғарыда қай қол қалды? Сол болса "1", оң болса "2" деп жазыңыз.
Енді нәтижелерді қортындылайық.
«2222» - (толық оңқай). Сіз мінезіңіз тұрақты, сабырлы адамсыз, артық ұрыстар мен бос әңгімелерді ұнатпайсыз.
«2221» Сіздің басты кемшілігіңіз - батылсыздық.
«2212» Сіз оңай тіл табыса алатын, көңілді жансыз.
«2111» Сіздің мінезіңіз тұрақты емес, көңіліңіз құбылмалы. Бірақ істеріңізді біреуге тапсырмайсыз, өз шаруаларыңызды өзіңіз тындырғанды жөн санайсыз.
«2211» Сіздей адам жиі кездесе бермейді. Ақкөңіл, мейірімді бола тұрып, басқалармен оңай тілдесе аласыз, мінезіңіз өте жұмсақ.
«2122» Сіздің ойлау қабілетіңіз рационалды, аналитикалық. Басқаларға күдікпен қарайсыз, сол себепті бойыңыздан суықтық байқалады.
«2121» Ең сирек кездесетін мінез түрі. Сіз қорғансыз, басқалардың ойына тәуелдісіз.
«1112» Эмоционалды, көңілді, батыл жансыз.
«1222» Көңіліңіз күніне сан рет өзгереді. Өмірлік сұрақтарды шешуге жиі батылыңыз жетпей жатады. Алайда басқалармен қарым-қатынасыңыз әр уақыт жақсы болады.
«1221» Эмоционалдық, жігерсіздік тән. Басқаларға сөзсіз сену қасиетіңіз бар.
«1122» Сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Бірақ кейбір сәттері тым қарапайым, сенгіш боласыз. Өзіңіздің істеріңізді сынға салғанды ұнатасыз.
«1121» Сіз адамдарға тым сенесіз, мінезіңіз жұмсақ. Өнерге жақын болуыңыз мүмкін.
«1111» - (толық солақай). Сіз өнерлі, кретивті адамсыз. Үйреншікті стереотиптер сіз үшін емес. Индивидуалистсіз, кейде тіпті эгоистсіз.
«1212» Мақсатыңызға жетпей қоймайтын батыл жансыз.
«1211» Сіз басқалардан оқшауланған өмір қалайсыз. Басқалармен тіл табысып, достасу - сіз үшін қиын мәселе. Алайда рухыңыз мықты, қойған мақсаттарыңызға қалайда жететін адамсыз.
«2112» Мінезіңіз жайлы, жаңа достарды оңайлықпен табасыз. Қызығушылықтарыңызды жиі ауыстырасыз. Жаңашылдықтан қорықпайсыз.