ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектеп директорының 11.10.2021 ж . № бұйрығы негізінде 1, 5 сынып оқушыларының бейімделуіне байланысты жүргізілген бақылаудың қорытынды анықтамасы.
Тексеру объектісі: 1, 5 сыныпты бейімделуі
Тексеру уақыты: 11.10-22.10.21 ж.
Тексеру мақсаты: Бейімделу кезеңінде төменгі сынып оқушыларының жеке және
жас ерекшеліктерін ескере отырып 1-ші сыныптағы оқу үрдісін бақылау;
Оқушылардың бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңіндегі бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында оқушылар ұжымында педагогикалық жағдай туғызу; 5 сынып оқушыларының білім сапасын салыстыру, қорытындылау
Тексеру түрі: Сыныптық-жинақтық бақылау
Негізі: Мектептің жылдық жұмыс жоспары
Тексеру қорытындысы:
Мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 11.10-22.10.2021 ж.1-ші және 5
сынып оқушыларының бейімделу кезеңінің зерделеу жұмысы өтілді.
2021-2022 оқу жылында 1 сыныпқа 5оқушы қабылданды . Оның 2-і қыз бала, 3-і ұл бала.
Сынып жетекшісі: Сембаева Жансая Балтабековна
Бейімделу кезеңінде төменгі сынып оқушыларының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып 1-ші сыныптағы оқу үрдісін бақылау мақсатында 15-18 қазан аралығында мектеп әкімшілігі 1- сыныптың әліппе , математика сабақтарына қатысты.
Әліппе пәнінен «Е дыбысы және әрпі» тақырыбы өтілді.Сабаққа қатысу барысында сынып оқушыларының мұғалімнің талаптарын орындау қабілеттері орташа екені байқалды. Сабақ үстінде психологиялық кеңістік сақталады. Оқушылар сауат ашу пәні барысында берілген тақырыптарды мән беріп тыңдап, сұрақ-жауаптарды, тапсырмаларды орындап, жауап беруге тырысады, бірақ та өз ойларын еркін жеткізе алмайды. Сабақ барысында Сопиев Нурислам үнемі қозғалыста болды. Жалпы оқушылардың тыныштық сақтап, бірін-бірі тыңдау үшін сабақта қызықты материалдарды кең қолданса.
Математика пәні бойынша оқушылар сабаққа бейімделмеген. Кейбір бала қол көтеріп жауап береді, бірақ орнынан жауап беретін бала басым. Балалар математикалық тілде сөйлей алмайды.
Оқушылардың бейімделу кезеңінде психологиялық ахуал жасау, қоршаған ортаға жағымды жағдай жасау арқылы оқушылардың психологиялық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мектеп психологы тарапынан оқу жылының басында жылдық жоспар құрылды. Сол жоспар бойынша 1-сыныптың жетекшісі С.Ж.Балтабековнамен бірлесе оқушылардың психологиялық көңіл-күйлері бақыланып, бірнеше әдістеме тесттер алынды. Қыркүйек айында оқушылармен танысу мақсатымен адаптациялық тренинг өткізілді. Сынып жетекшісімен бірге барлық оқушылардың тізімі анықталып, іс құжаттарына диагностикалық карталары тіркелді.
1-сынып оқушыларының бейімделуін анықтау барысында төмендегідей диагностикалық жұмыстар жүргізілді.Төмендегі сұрақтар оқушымен жеке әңгіме-сұхбат жүргізіліп, жауабы жазылып алынды.
1. Қоршаған ортаны бағдарлауы анықтау
2. Табиғат туралы білімін анықтау
3. Керн-Йерасектің «мектепке қалыптасуын бағдарлаушы» әдістемесі
4. Өзін-өзі бағалау «баспалдақ» әдістемесі
5. Математикалық елесінің даму деңгейі
6. Білімге ынталарын анықтау
1-тапсырма. Қоршаған ортаны бағдарлау
1-сыныпта баланың қоршаған ортаны бағдарлауы және білімдер қорының деңгейін анықтауда орта деңгейде барлық 5 оқушы көрсетті.Олар А.Тоғжан, Б.Алихан, Б.Кәусар, Ж.Жантөре,С.Нұрислам.
2-тапсырма. Табиғат туралы білім анықтау
1-сынып оқушыларының қоршаған орта, табиғат туралы білім деңгейін анықтау барысында жоғарғы көрсеткіш көрсеткен 2-оқушы. Олар Бияхмет Алихан, Бияхмет Кәусар.Бұл оқушылардың қоршаған орта туралы елесі кең көлемде, олар әрі жүйеленген. Орта көрсеткішті көрсеткен 3-оқушының кең көлемде білімі болсада, қарапайым тұрғыда жүйеленбеген.Олар – Сопиев Нұрислам, Жанатқан Жантөре, Аңғарбай Тоғжан.
3-тапсырма. Керн-Йерасектің «мектепке қалыптасуын бағдарлаушы» әдістемесі
1-сыныпқа берілген әдістеме 3 тапсырмадан тұрды:Ер адамның суретін салу,әріптердің жазба түрін көшіріп жазу,нүктелер тобын көшіру.Әр тапсырманың нәтижесі бес ұпайлық жүйемен бағаланды(1-жоғары,5-төменгі). Әр оқушының жалпы ұпайы есептелініп, алынған тесттің нәтижесінен жиынтық баға шығарылды. Нәтижесі 1-сынып оқушылары оқуға дайын 3- оқушы анықталды.Олар: Бияхмет Алихан, Бияхмет Кәусар, Сопиев Нұрислам. Оқуға дайындығы орташа Жанатқан Жантөре, Тереңірек зерттеуді қажет ететін оқушы Аңғарбай Тоғжан.
4-тапсырма. Өзін-өзі бағалау «баспалдақ» әдістемесі
1-сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау бақылау мақсатында «Баспалдақ» әдістемесі берілді. Бұл әдісті таңдаудағы мақсат 1-сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын психологиялық тұрғыда бақылау болды. Тапсырмада 10 сатыдан тұратын баспалдақ берілді. Сол сатылардың біреуіне мен деген сөзді жазады. 1-3 саты –төмен бағалау, 4-7 саты –орта бағалау, 8-10 саты-жоғары бағалау.
1-сыныптан 5 оқушының барлығыда бірдей өздерін жоғары бағалады. Өздерін орта немесе төмен бағалаған оқушы жоқ.
5-тапсырма. Математикалық елесінің даму деңгейі
1-сынып оқушыларының қарапайым математикалық даму деңгейін (заттарды салыстыра білуін) анықтау барысында оқушыларға 7 сұрақ қойылды.Сұрақта көрші сандарын ата,сыныпта фигураларға ұқсайтын не бар,сол жағымызда,оң жағымызда не бар тәрізді сұрақтар қойылды. Тапсырма нәтижесі бойынша жоғары деңгейде 3-оқушы: Аңғарбай Тоғжан,Бияхмет Кәусар, Сопиев Нұрислам. Ал орта деңгейді көрсеткен оқушылар Бияхмет Алихан, Жанатқан Жантөре. Төмен көрсеткішті көрсеткен оқушы болмады.
6-тапсырма. Білімге ынталарын анықтау
Берілген тапсырма бойынша:
Тапсырма бойынша санау және кері санауда оқушылар жақсы нәтиже көрсетті.Түстерді ажыратуда оқушыларға 9 түрлі түс көрсетілді. Оқушылардың барлығы дерлік қиналмай тапсырманы тез-тез айтып,белсенділіктері мен көзге түсті. Фигураларды анықта тапсырмасында 5 фигура (үшбұрыш,төртбұрыш,шеңбер,сопақша,жұлдыз) көрсетіліп,бұл тапсырмада оқушылардың біразы жақсы нәтиже көрсеткенімен фигураларды шатастырған оқушылар кездесті. Артығын тап тапсырмасында кейбір оқушылардың ойлау қабілеті орташа екенін байқадым Сөйлемді көшіріп жаз тапсырмасы бойынша жазу каллиграфиясы орташа, кейбір оқушылардың үлгідегі сөйлемді көшіріп жазғанын оқуға болады. Әріптердің көлемі мен көлденеңінен көрсетілген сызықтан ауытқуы,ауытқымауы есептелінбеді. Графикалық диктант бойынша 2 оқушы өрнекті дәл орындаса,1 оқушыдан бірнеше қателер табылды, үлгіге қарап тырысып алғанын байқауға болады, ал қалған 2 оқушының өрнегінде кейбір белгілері ұқсады.Қорыта келгенде графикалық диктантта сыныптың 60 % ның өрнегі ұқсайды және оқушылардың ынта, жігерлері жақсы дамыған.
Қорытынды: Бейімделу барысында қиындық тудырған оқушылар: Аңғарбай Тоғжан, Жанатқан Жантөре,Сопиев Нұрислам.Бұл оқушыларда оқу және жазу жағынан үлгермеушілік бар. Себебі: есте сақтау қабілеті орташа, өз ойын анық жеткізе алмайды.Сопиев Нұрислам атты оқушының сабаққа деген қызығушылығы төмен,гиперактивті бала-мінез құлқында шектен тыс белсенділік пен ырықсыздықтың болуы білім алуына жағымсыз әсер етеді.Жалпы 1-сынып оқушыларының ой-өрісі жаман деуге келмейді, сабаққа белесене қатысулары орташа. Аталған 3 оқушымен қосымша түзету жұмыстарын жүргізу керектігі анықталды.
Ұсыныс:
1 Мектеп психологі және сынып жетекшісі 1-ші сынып оқушыларының бейімделуін зерделеуінің екінші кезеңі жоспарын құрып бірге жұмысты жалғастыру.
2. Оқуға қызығушылығы төмен оқушылармен қосымша сабақтар кестесін құрып ұйымдастыру.
3 .Сауат ашу пәні бойынша жазу коллиграфиясы төмен оқушылардың жазу жұмысына көңіл бөлу.
4 .Математика сабағында толық математикалық тілде сөйлеуге үйрету.
5. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында, сабақта қосымша материалдар пайдалану.
5 сынып оқушыларының білім сапасын, сынып ұжымының қалыптасу деңгейін, білім алудың екінші сатысындағы балалардың бейімделу деңгейін бақылау мақсатымен жоспарға сәйкес 11 қыркүйек пен 22 қазан аралығында 5 сыныпта сыныптық-қорытынды бақылау жүргізілді.
Бақылау барысында келесідегідей жұмыстар атқарылды:
-
5 сыныптағы барлық пәндер бойынша сабақтарға қатыстылып, талдау жасалды. -
Оқу жылының басындағы кіріс бақылау жұмыстарының нәтижелері талданды. -
Қазақ тілі, орыс тілі, математика пәндерінен дәптерлері тексерілді. -
Оқушылардың күнделіктері тексеруге алынды. -
5 сыныптағы пәндер бойынша білімділік деңгейлеріне диагностика жасалды.
Мектеп психологы тарапынан төмендегідей жұмыстар жүзеге асырылды:
-
оқушылардың мотивация деңгейін зерттеу; -
оқушылардың ойлау процестерінің даму деңгейін зерттеу; -
оқушылардың еске сақтау деңгейін зерттеу.
Сынып жетекшісі сыныптағы әлеуметтік-психологиялық ортаға талдау жасады.
5 сынып оқушыларының жалпы даярлықтарын және негізгі мектепке оқуларын анықтау мақсатында қазақ тілі, математика, орыс тілі пәндерінен «кіріс» тексеру жұмыстары ұйымдастырылды.
Орыс тілі пәнінен кіріс бақылауы алынды.Өткен оқу жылында орыс тілі пәнінен білім сапасы 50% көрсеткен болатын.
Кіріс бақылауының нәтижесі:
-
Білім сапасы-50 % -
Үлгерім -100%
Математикадан
-
Білім сапасы-50 % -
Үлгерім -100%
4-сыныпта білім сапасы 50% болған. Ал, кіріс бақылауының нәтижесі:
Қазақ тілі пәнінен оқушылар былтырғы оқу жылын 50 пайыз білім сапасымен пайыз көрсеткішпен аяқтаған. Кіріс бақылауында бұл көрсеткіш
-
50 % білім сапасымен -
Үлгерім- 100% көрсеткіш көрсетті.
Пән мұғалімі алдағы уақытта оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды шешу мақсатында дұрыс меңгерілмеген тақырыптарға қосымша жұмыстар жүргізуді жалғастыру қажет.
5 сынып оқушыларының оқу техникасы тексерілді.
Мемлекеттік стандарт бойынша 5-сынып оқушылары дауыстап оқығандағы сөз саны оқу жылында 105-115 сөз. Тексеру нәтижесінде: оқушылардың сауатты оқулары бойынша білім сапасы 50%, мәнерлеп оқуы бойынша 50%, түсініп оқуы бойынша 50% көрсеткіш болды. Сондықтан, оқушылардың оқу деңгейлерін көтеру мақсатында барлық пән мұғалімдері мәтіндермен жұмыс істеу, мәтінге өзіндік талдау жасату, оқылғандағы негізгі ойды тапқызып мазмұндату жұмыстарын жүргізу керек.
5 сыныптағы бақылау барысында 12 сабаққа қатысылды.
Қатысылған сабақтарда оқушылардың негізгі мектепке бейімделуін зерттеу, сабақ кезінде оқушылардың жеке бас ерекшелігі мен жас ерекшелегінің ескерілуі, сабақ мазмұнын ашуда мұғалімдердің әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап ала білуі, сабақта физиологиялық, гигиеналық талаптардың орындалуын байқау мақсаттары қойылды. Сыныпта барлығы оқушы бар.
Қатысылған қазақ тілі пәнінің «Қазіргі сән», «Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер» атты сабақтарында мұғалім Рысбекова Ж.Н. бастауыш мектептің білім беру процесіндегі ұйымдастырудың негізгі тәсілдері мен түрлерін сақтап, дамыта білді. Оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлініп, жұмыстар арасында арнайы демалыс жаттығуы жасалды. Сынып бөлмесінде санитарлық норма сақталды. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес көрнекілік әдістері қолданылды. Сабақта мұғалім оқушылардың жылдам әрі
Функционалды түрде сыни ойлануды дамыту мақсатында «Миға шабуыл» әдісін, дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау және білімін саралай білуге дағдылануға үйрету мақсатында «Диалог және қолдау көрсету» , «Бір ауыз сөз»әдістерін тиімді пйдалана білді. Оқушылардың білімдері «Мадақтау сөз» және «Қошемет» әдістері арқылы бағаланды. Сондай-ақ, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға назар аударып, олардың өзіндік тапсырмаларды орындауда таңдау жасай білуге баулыды. «» тақырыбындағы сабақта мұғалім сабақ мақсатын қоя отырып, оқушылар мотивациясын туғызды. Сабақ барысында оқушыларды жұмыстарға өздері бағалау жасауға, қойылған бағаларға оқушылардың комментарий жасауына жағдай туғызды. Жас ерекшеліктеріне сәйкес ойын элементтері қолданылып, сабаққа оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын туғыза білді. Білімді өз бетімен игерутуге бағыттап, ережелер шығартты. Дегенмен, мұғалім келешекте сабақ тығыздығын арттыруға, сабақта қолданылған көрнекіліктің эстетикалық мәдениетіне көңіл аудару керек.