ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 15
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақ әдебиетінен «Таза мінсіз асыл сөз» сабағында сыныптағы ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру мақсатында «Шаттық шеңбері» әдісі қолдану арқылы оқушыларға психологиялық ахуал туғызды. «Миға шабуыл» әдісін қолдану арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтары қойылды. Сабақта проблемалық жағдаяттар шешкізе отырып, олардың байқағыштық, еске сақтау қабілеттерін жетілдіруіне назар аударды.
Сабақта пәнаралық байланыстар жүзеге асырылып, оларды өз ойларын дәлелдей білуге баулыды және мәтінмен жұмыс барысында мәнерлеп, сауатты оқуға көңіл бөлінді. Сабақ барысында мұғалім «Еркін микрофон» және «Жапондық бағалау» әдістерін пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арта түсті.Оқушылар сабаққа қызығушылық танытқанмен өз ойларын еркін жеткізе алмайды. Оспанбек Альбинаның тақырыпты қабылдау қабілеті баяу, көп сөйлемейді. Сабақта гигиеналық талаптар орындалды. Дегенмен, мұғалім ауыз әдебиетін оқытуда 5-сыныптардың жас ерекшелігіне сәйкес сөздік жұмыстарын жүргізе керектігін ескеріп, тақырыпқа жан-жақты мәтіндік талдау жасауды ұйымдастыру қажет.
Математика сабағын Кеңесова Қ.Т. жүргізеді. 14.10 күні «Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу» тақырыбындағы сабағында мұғалім сабақ кезеңдерінде деңгейлік тапсырмаларды, «Тереңірек ойлан», «Аяқталмаған сөйлемдер» әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдану арқылы оқу мазмұнының нәтижелі меңгерілуіне жағдай туғызып, 5-сыныптықтардың белсенділігін арттырды. Әр жұмыс соңында қорытындысы шығарылып, ескертулер мен табыстар айтылып отырылуы арқылы оқушылардың өзіндік бағалау жұмыстарын жасай білуге баулыды.
18.10 күнгі «Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу» тақырыбындағы сабақта «Жылы лебіз» тренингі арқылы оқушылардың арасында психологиялық ахуал туғызып, оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра түсті. Сонымен қатар, сабақтың гигиеналық талаптардың орындалуына назар аударылды. Мұғалім сабақта оқушыларға логикалық есептер беру арқылы, «Ой қозғау» әдісін ұтымды пайдалану арқылы, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың өз ойларын дәлелдеп еркін жеткізуге жетеледі. Сабақтың соңында рефлексия өткізу барысында «Табыс сатысы» әдісін тиімді пайдалана білді. Сабақтың өмірмен тығыз байланысын жүргізді. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес жақсы энергияны бойға сіңіру туралы айтып, олардың келесі сабаққа психологиялық даярлықтарын жасады. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыратын әдіс-тәсілдер қолданылса да екі оқушының есеп шығару дағдылары төмен деңгейде. Сондықтан,мұғалім оқушылардың ауызша есептеу, тез есептеу дағдыларына баса назар аудару керек.
12 қазан және 22 қазан күндері орыс тілі пәнінен «Нужда заставила», «Рассуждать-значит доказывать» тақырыбындағы сабақтарда мұғалім Сырлыбаева А.А.сабақ мазмұнын меңгертуде түрлі көрнекіліктер мен тірек жазбаларын кеңінен қолданып, оқушылардың жас ерекшелігін ескерді. Сабақта тақырыптың нәтижелі меңгерілуіне бағытталған «Мозговой штурм», «Инсерт», «Фишбоун» әдістерін тиімді қолданда білді. Орыс тілінде сөздердің мазмұнын ашуға арналған түрлі салыстыру тәсілдері қолданылды. Оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, жаңа материалдың өзіндік меңгерілуіне жетеледі. Теорияны практикамен байланыстыруға назар аударды. Сабақта сергіту сәті жүргізіліп, гигиеналық талаптар орындалды. Жалпы орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Оспанбек Альбинаның да, Маман Мейіржанның да білім деңгейлері төмен. Тапсырма орындау барысында мұғалімнің көмегін қажет етеді. Орысша сөздердің мағынасын мүлдем түсінбейді, аудармасы арқылы ғана түсініп отырады. Сондықтан мұғалім оқушылардың біліміндегі оқылықтарды жою мақсатында қосымша сабақтар өткізу керек.
Жаратылыстану сабағында Ермусина А.Н. сабақ мақсатын нақты қоя отырып, сабақтың әр кезеңінде олардың орындалуын оқушыларға жариялап отырды. Сабақта жалпы және арнайы оқу дағдыларының орындалуына назар аударды. Деңгейлеп оқыту арқылы әр оқушының қабілеттері ескерілді. Оқушылардың сабақ барысында ізденуіне жетелеу сұрақтарын ұйымдастырды. Сабақтың өмірмен байланысы жүзеге асырылып, оқушылар оқулықтағы негізгі ойды іріктей мысылдар келтірді. Қазіргі заман жаңалықтарымен таныстырылып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге жағдай туғызды. Үй тапсырмасын олардың іздену, зерттеу жұмыстарына бағыттай беру арқылы олардың шығармашылық қабылеттерінің дамуына жағдай жасады.
Қазақстан тарихынан 13.10 күнгі «Қазақстандағы жартастарға салынатын ежелгі суреттер» атты сабағында Мұратхан М.Ө. презентация арқылы жаңа сабақты түсіндірді. Жаңа сабақты түсіндіру барысында оқушыларға зерттеу сұрақтарын қойып отырды. Оқушылардың білімдерін «Ең үздік жауап», «Алақан-жұдырық» бағалау әдісі арқылы бағалады. Сабақта жеке бас қабілеттері ескерілді. Зерттеу және талдау жұмыстары ұйымдастыру барысында оқушылар өз бетімен тапсырмаларды орындай алмады. Тек мұғалімнің көмегімен орындап шықты. Сабақ барысында гигиеналық және физиологиялық талаптар орындалды. Термин сөздігін жүргізе отырып, оқушылардың зерттеу жұмысының нәтижесін қорытындылау мақсатында шағын әңгіме құрастыру тапсырмасы орындалды. Жалпы екі оқушының да сөздік қоры аз, тақырыпты қабылдау қабілеттері баяу.
Сыныптың қорытынды бақылау кезеңінде қазақ тілі, математика, орыс тілі пәндерінің дәптерлері тексеруге алынды.
Тексеру мақсаты:
-
Сыныптың бірыңғай орфографиялық тәртіпті сақтауы; -
Пән мұғалімдерінің оқушылардың жұмысын жүйелі тексеруін қадағалау;
5 сынып оқушыларының дәптерлерін тексеру қорытындысы:
Оқушы дәптері негізгі мектеп құралдарының бірі. Бастауыш сыныптан негізгі орта буынға өткенде дәптерге қойылаиын бірыңғай талаптар жалғастырылуы керек. Оқушы дәптерге сынып жұмыстары мен үй жұмыстарын, шығармашылық жұмыстарын, сызбалар мен кестелерді түсіре отырып еске сақтау қабілеттері мен орфографиялық сауаттылықтары жетілдіріледі. Осы мақсатпен сынып оқушыларының дәптерлері тексерілді.
15 қазанда қазақ тілі пәнінен 2 оқушының дәптерлері тексеруге алынды. Тексеру нәтижесінде төмендегідей жағдайлар анықталды.
2 оқушы да дәптердің сыртқы бетін қате толтырылған, қапталмаған. Мұғалімнің каллиграфиялық үлгі жазуы өте сирек кездеседі. Бір оқушыда ескерту жазылғанмен оқушының мотивациясын көтеруге арналған жазбалар мүлдем жоқ.Пән мұғалімі Рысбекова Ж.Н. оқушы дәптеріне қойылатын бірыңғай талапты жүйелі жүргізу керек.
Орыс тілі пәнінен Оспанбек Альбинаның дәптерінің мұқабасы қате толтырылған. 2 оқушының да орфографиялық сауаттылықтары өте төмен . Пән мұғалімі дәптерлерді жүйелі тексеріп отырған, дегенмен әріптердің жазу үлгілері көрсетілмеген.
20 қазан күні математика пәнінен оқушылардың дәптерлері тексеруге алынды. Барлық дәптерлердің сырты қапталған. Мұғалім жүйелі түрде дәптерді тексеріп, ұқыптылығына көңіл аударып отыратындығы байқалды. Ескертулер мен оқушыны ынталандыратын жазбалар жазылған. Оқушылардың дәптерлерінің сыртқы мұқабалары қатесіз, ұқыпты толтырылған.
Жоғарыда айтылған пәндердің бірде-бірінде оқушының өзара тексеру жүргізуі, өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі тексеріп, қарындашпен бағалар қоюы кездестірілмеді. Қазақ тілі мен орыс тілі пәндерінің дәптерлерінде сауаттылығы мен ұқыптылығына, тапсырмаларды орындауына арналған арнайы бағалар жоқ. Оқушылардың әр түрлі шығармашылық жұмыстарды орындаулары өте сирек.
5 сынып оқушыларының күнделіктерін тексеру қорытындысы.
5-сыныпта бейімділікті байқаудың құралы ретінде қазан айының 17-сінде күнделіктері тексеруге алынды. Тексеруге 2 оқушы күнделіктерін берді. Барлық күнделіктердің ұсталуы, үй тапсырмасының жазылуы, сынып жетекшісінің тексеруі, пән мұғалімдерінің баға қоюы, ата-аналардың күнделік арқылы мектеппен қарым-қатынасы, мұғалімдердің ескертпелері, күнделіктің ұқыптылығы есепке алынды. Тексеру барысында төмендегідей жағдайлар анықталды.
Барлық күнделіктер сынып жетекшісінің тексерілуінде болған. Сынып жетекшісі
Мұратхан М.Ө. күнделіктердің дұрыс толтырылуын қадағалау жүргізбеген . Оспанбек Альбина
күнделікті ұқыпсыз ұстаған, мұғалімдердің аты-жөні қате және кіші әріппен жазылған, үй тапсырмалары толық жазылмаған;
Маман Мейіржан пән мұғалімдерінің аты-жөні қате жазылған, тапсырмалар толық емес;
Күнделіктерге қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рысбекова Ж.Н. оқушылардың үлгеріміне орай мадақтау сөздерін жазып отырады. Басқа пән мұғалімдерінен және сынып жетекшісінен мұндай жазбалар байқалмады. Тек ескерту белгілері қойылған.
5 сынып оқушыларының бейімделу кезіндегі оқушылардың жеке ерекшеліктері, белсенділігі, мінез-құлық ерекшеліктері, олардың сол ортаға, ұжымға бейімделуіне үлкен әсер етудің және алаңдаушылықтың алдын алу мақсатында оқушылардан:
-
«Танымдық процестерді анықтау» -
«Градусник» өзін-өзі бағалау әдістемесі -
Оқу мотивациясын анықтау «Түймедақ тесті»
Алынған тест бойынша әр оқушының жалпы ұпайы есептеліп мынадай қорытынды шығарылды.
-
«Танымдық процестерді анықтау»
1-тапсырма « Ойлау»
5-сыныптағы 2 оқушы тапсырманы орташа деңгейде орындады.Тапсырманы орындауда өз ойларын толықтай жеткізе алмайтынын байқадым. Грамматикалық қателері көп кездеседі.Сөйлем құрау деңгейлері қанағаттанарлық.
Ал төмен деңгейде орындаған оқушы берілген тапсырманы орындай алмады.Бұл оқушымен жеке сұхбат жүргізу ретінде алынды.Берілген тапсырма бойынша 1 оқушы өз ойын толық жеткізе алады.Сөйлем құрау дағдысы қалыптасқан.
2-тапсырма « Есте сақтау»
5-сыныпта оқушының «Есте сақтау қабілетін» бақылау мақсатында «10 сөз» әдісі берілді. Бұл әдісті таңдаудағы мақсат 5-сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін психологиялық тұрғыда бақылау болды. Берілген тапсырмада бір-біріне ұқсамайтын 10 сөз берілді. Сөздер 1 рет оқылды.Содан кейін сол сөзді қағаз бетіне түсірулері керек.9-10 сөз - жоғары, 6-8 сөз – орта, 3-5 сөз – төмен көрсеткіш.
5-сыныптағы екі оқушыда тапсырманы орта деңгейде орындады.Олар Ахмет Ақмарал мен Баяхмет Назерке.
5-сыныпта оқушының «Есте сақтау қабілетін» бақылау мақсатында қысқа мерзімді есте сақтауын зерттеу үшін «10 сөз» әдістемсін пайдаланып, нәтижесінде Оспанбек Альбинаның есте сақтау қабілет көлемі нормадағы деңгейде,ал Маман Мейіржандікі қанағаттанарлық деңгейде болды.
Мағынасы бойынша есте сақтауын анықтау үшін «Сөз жұптары» әдістемсін ұсындым. Бұл тапсырма бойынша 10 жұп сөздің барлығын тапқан оқушы Оспанбек Альбинаның есте сақтауы жоғары болып, ал Маман Мейіржан 10 жұп сөздің 7-уін тауып есте сақтауы орташа екені анықталды
-
«Градусник» өзін-өзі бағалау әдістемесі
5-сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау бақылау мақсатында 3 градусник беріліп, олардың ішінде «Өзіңді қандай оқушымын», «Қандай доспын» және «Әке-шешеңнің қандай баласымын деп бағалайсың» деп үш нұсқа берілген. Бұл әдісті таңдаудағы мақсат 5-сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын психологиялық тұрғыда бақылау болды. Жалпы барлық нұсқадада оқушылар барлығын жоғары бағалады.
-
Оқу мотивациясын анықтау «Түймедақ тесті»
Оқушылардың әр пәнге деген қызығушылығын, оқу мотивацисын анықтау барысында
Түймедақ гүлінің әрбір күлтелеріне өтілетін сабақтарды жазып:
1.Ең қызықты өтетін-ұнайтын сабақтарды;
2.Саған оқуға қиындық тудыратын пән;
3.Қызықсыз пән;
4.Саған ұнамайтын пәндерді нұсқаудағы түстермен белгілеу керек болды.
Жүргізілген зерттеу қорытындысын төмендегі кестеден көруге болады.
№ | Аты-жөні: | Ең қызықты өтетін,ұнайтын пән | Қиындық тудыратын пән | Қызықсыз пән | Ұнамайтын пән |
1 | Оспанбек Альбина | + | Орыс тілі | Математика | - |
2 | Маман Мейіржан | + | Көркем еңбек | музыка | - |
Қорытынды: Бейімделу барысында орасан зор қиындық тудырған оқушы анықталмады.Оқушыларда оқу және жазу жағынан үлгермеушілік бар. Себебі: есте сақтау қабілеті орташа, өз ойын анық жеткізе алмайды.Сабаққа деген қызығушылықтары мен сабаққа белесене қатысулары орташа.
Ұсыныс:
1. Сынып жетекшісі Мұратхан М.Ө. оқушылардың табысты бейімдеу кезеңін ұйымдастыру үшін сынып ұжымын қалыптастыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру қажет.