Файл: Батыс азастан облысы Орал аласыны білім беру блімі Оу сауаттылыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2.3.Оқу сауатылығы үшін үлгілік мәтіндер
1-мәтін
Саржала – XVII ғасырдың аяғында өмір сүрген, атағы елге кең тараған, әйгілі халық батырларының бірі. Оның мейірім-шапағаты жарлы-жақыбайларға көп тиген.
Саржала батыр – мал жинап, дәулет асырып, байлықты мақсат етпеген адам. Ол «Байлық – мұрат емес, жоқтық ұят емес» деген қағиданы ұстанып, өмірі мен қайрат-қабілетін қара халықтың дұшпандарымен күрес жолына жұмсаған жан болған. Саржала батырдың үш баласы болған. Олардың ішінде асқан қайрат иесі, ақыл-парасаты кең, халық ұлы атанардай, әкесінің жолын қуатын ешқайсысы болмаған. Саржала батыр сексеннен асып, тоқсанға жақындағанда: «Апырмай, тәңірім өзіме теңдес бір ұл бермеді-ау! Өмір бойы ұстаған мақсат-мүддемді кім жалғастырар екен! Мына сауыт-сайманым шіріп далада қалар ма екен?» - деп қалың ойға батып жүреді.
Бір күні жолдастарымен ат үстінде келе жатып, қаперсіз ойнап жүрген көп баланы көреді. Қару-жарақтарын асынып, суыт жүрген, сатырлап қыр астынан шыға келген батырлар балалардың зәресін ұшырып, қатты қорқытады. Қорыққан балалар тым-тырақай қаша жөнеледі. Тек бір бала ғана бұқа болып өкіріп, топ алдына келе жатқан Саржала батырдың атына топырақ шаша бастайды. Мұндайды бұрын-соңды көрмеген батырдың арғымағы да, басқа аттылар да бұрылып кетеді.
Анадай жерге барып, атының басын тежеп Саржала батыр: «Мына баладан ерен бір қасиет байқағандай болдым. Осы баланың үйін сұраңдаршы. Солай қарай ат басын бұрайық», – дейді.
Баладан үйін сұрап, батырлар сонда барып түседі. Бұл үй Тайман ақсақалдың шаңырағы болып шығады. Жаңағы батырлардың атын үркіткен Тайманның төрт баласының бірі – Исатай екен. Исатай қайсар, тез шешім қабылдай алатын бала екен. Тайман ақсақал келген батырларды жібермей, ас-суын беріп, барынша қонақ етеді. Сонда Саржала батыр: «Сіздің үйге қонақ болайық деп келген жоқпыз. Мына балаңыз үшін келдік», – деп манадан бері қонақтардан көзін алмай қарап отырған Исатайды көрсетеді. Сосын үстіндегі сауыт-сайманын шешіп, керегенің басына іліп: «Тура биде туған жоқ» деген бар. Өз балаларым ренжи қоймас, менің сауыт-сайманыма өскенде осы бала – Исатайжан ие болар», – деп, қолын жайып батасын беріп, Саржала батыр жүріп кеткен екен.
1-мәтін бойынша тест тапсырмалары:
1. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
А) Саржала – әйгілі Исатай батырдың ұстазы болған батыр.
В) Саржала – XVII ғасырдың соңында өмір сүрген қазақ батыры.
С) Саржала – батыр балалары үшін байлық, дәулет жинаған адам.
D) Саржала – XVIII ғасырдың аяғында өмір сүрген атақты батырлардың бірі.
2. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
А) Саржала, Исатай, сауыт, дос, батыр
В) Тайман, Исатай, ғұмыр, атақ, халық
С) Саржала, Исатай, батыр, халық, бала
D) Саржала, Тайман, жарлы, ерлік, дәулет
3. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
А) Ол XVII ғасырдың аяғында өмір сүрген.
В) Саржала – ел қамын ойлаған қазақ батыры.
С) Саржала – бар күшін халқына арнаған батыр.
D) Саржала – XVII ғасырдың соңындағы атақты қазақ батыры.
4. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Саржала батыр тоқсан жасқа жақындаған кезінде нені уайымдады?
А) өмірін жалғастыратын ұл баласының болмағанына қайғырды
В) ұлы болмағандықтан, сауыты далада қалатын болды деп уайымдады
С) өз мақсат-мүддесін жалғастыратын ұлының болмағанын уайымдады
D) ұлы болмағандықтан, сауытына ие болатын батыр болмады деп ойлады
5. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
А) Саржала батырдың ерлігі туралы айтылады.
В) Саржала батырдың кедейлігі туралы әңгімеленеді.
С) Саржала батырдың ел ішін аралап жүретіндігі айтылады.
D) Саржала батырдың кішкетай Исатайға сенім артуы баяндалады.
6. Мәтінге нақтырақ тақырып қойыңыз.
А) Саржала батырдың өмірі
В) Саржала батырдың ерлігі
С) Батырдың Тайманның үйіне баруы
D) Исатай батырдың балалық шағы
7. Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
А) Саржала – кезінде елінің қамын ойлаған көзсіз батыр.
В) Саржала – ел дәстүрін сақтаушы, ата-баба жолын жалғастырушы жан.
С) «Балаларым ренжімес, сауытыма Тайман ие болар» - деп, батасын берді.
D) «Сауыт-сайманыма осы балам ие болар», – деп, бір ұлына батасын берді.
8. Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
А) Саржала батыр өте мейірімді болған.
В) Саржала батыр кезінде бай кісі болған.
С) Батыр атақты Исатай батырға батасын берген.
D) Қорыққан балалар тым-тырақай қаша жөнеледі.
9. Автордың пікірін білдіретін ақпаратты таңдаңыз.
А) Исатай – қайсар, тез шешім қабылдай алатын бала.
В) «Өскенде сауытыма Исатай ие болады», – деп, батыр бата береді.
С) «Мына баладан ерен бір қасиет байқағандай болдым», - деп, ойлайды.
D) Ол «Байлық - мұрат емес, жоқтық - ұят емес» деген қағиданы ұстанған.
10. Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
А) Қазақ батыры жайында
В) Саржала батырдың ерлігі
С) Батырдың қайсар ұлдары
D) Тайман ақсақалдың шешімі
11. Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
А) Саржала би
В) Батыр уайымы
С) Батырдың сауыты
D) Батырдың жолдастары
12. Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
А) Батырдың арманы
В) Ақсақалдың батасы
С) Балалардың үрейі
D) Батырдың қару-жарағы
13. Ақпаратты жағымды бағалайтын нұсқаны көрсетіңіз.
А) Саржала XVII ғасырдың аяғында өмір сүрген, даңқы елге кең тараған, белгілі қазақ батырларының бірі.
В) Тайман ақсақал келген батырларды жібермей, ас-суын беріп, барынша қонақ етеді.
С) Саржала батыр тоқсанға жақындағанда: «Апырмай, тәңірім өзіме теңдес бір ұл бермеді-ау! Өмір бойы ұстаған мақсат-мүддемді кім жалғастырар екен!» деп уайым жеді
D) Саржала батыр: «Сіздің үйге қонақ болайық деп келген жоқпыз. Мына балаңыз үшін келдік», - деп манадан бері қонақтардан көзін алмай қарап отырған Исатайға қарады.
2-мәтін
Қазақ бейнелеу өнері – көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ бейнелеу өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі – халықтың қолөнері. Қазақтың кәсіби бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды.
Қазақ бейнелеу өнері этнограф-ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов туындыларынан басталады. Кейінгі зерттеулер Шоқан Уәлихановтың «Потанин», «Тезек төре», тағы да басқа портреттік жұмыстарынан кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Шоқанның салған графикалық суреттері қайта өрлеу дәуірі өкілдері – Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти шығармаларымен сабақтасып жатыр. Шоқан қазақ бейнелеу өнерінің графика саласында ғана емес, кескіндеме саласында да жоғары шеберлікке жеткен. Оған Шоқанның «Алатау көрінісі», «Жатақ» атты шығармалары дәлел бола алады.
1920 жылы елімізде бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия ұйымдастырылды. XX ғасырдың 20-30 жылдары қазақ бейнелеу өнерінің шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графикалық кәсіптік шеберлігін меңгерді. Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылова, Б.Сәрсенбаев, Қ.Қожықов сынды жас суретшілер өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды. 1928 жылы Семей қаласында бейнелеу өнерінің алғашқы көрмесі ұйымдастырылса, 1933 жылы республикалық Суретшілер одағының комитеті құрылды. 1935 жылы Алматы қаласында қазақ көркем сурет галереясы ашылды. Бұл кезеңде еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірдің жаңа жағдайлары, түбегейлі уақыт талаптары шығармаларға тың тақырып болды.
Әбілхан Қастеев шығармаларының өзіндік ұлттық бояуы осы кезде жарқырап көрінді. Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасып, өркендеуі осы суретшінің шығармашылығымен тығыз байланысты. Шығармалары бүкіл Отан келбетін бейнелейтін Ә.Ысмайылов та қазақ кескіндемешілерінің аға буынына жатады. 1940 жылы маусымда ашылған Қазақстан суретшілерінің бірінші съезі шығармашылық ұжымның біраз жылғы жұмыстарын қорытындылап, ұлттық өнерді одан әрі дамытудың жолдарын айқындап берді. XX ғасырдың 40-жылдары қазақ кескіндемесі мен графикасы едәуір табыстарға жетті. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында еліміздің қылқалам шеберлері өз өнерлерін фашист басқыншыларына қарсы үгіт-насихат құралына айналдырып, бүкілхалықтық ерлікті, қаһармандық пен қайсарлықты көрсетуге күш салды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда қазақ бейнелеу өнерінің барлық түрі: кескіндеме, графика, мүсін ілгері дамыды. Қазақ және өзбек халықтарына ортақ суреттер – қазақ табиғатын тамсана суреттеген алғашқы академик – суретші О.Таңсықбаев қазақ бейнелеу өнерінде ерекше орын алды.
Қазақ бейнелеу өнерінің шығармалары XX ғасырдың 60-жылдары шетелге таныла бастады. Қазақстан суретшілерінің үздік еңбектері – ұлт өнерінің қазынасына қосылған асыл мұра. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін де қазақ бейнелеу өнері өркендеп, қанатын кеңге жайды.
2-мәтін бойынша тест тапсырмалары:
1. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
А) 1928 жылы Суретшілер одағының комитеті құрылды.
В) 1933 жылы Семейде сурет өнерінің алғашқы көрмесі өтті.
С) 1940 жылы Алматыда бірінші қазақ көркем сурет галереясы ашылды.
D) Қ.Қожықов – қазақ бейнелеу өнерінің алғашқы кәсіби шеберлігінің бірі.
2. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
А) бейнелеу, кескіндеме, өнер, шебер
В) суретші, графика, кескіндеме, өнер
С) шебер, мүсіндеме, кескіндеме, сәулет
D) кескіндеме, шеберлік, бейнелеу, мүсіндеме
3. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
А) Ә.Ысмайылов шығармалары Отан келбетін бейнелейді.
В) Ә.Ысмайылов қазақ кескіндемешілерінің аға буынына жатады.
С) Әбілхан Қастеев шығармаларының өзіндік ерекшелігі – ұлттық бояуында.
D) Қазақ бейнелеу өнерінің өркендеуі Ә.Қастеев есімімен тығыз байланысты.
4. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Қазақ және өзбек халықтарына ортақ суретші кім?
А) Ә.Қастеев
В) Б.Сәрсенбаев
С) Ә.Ысмайылов
D) О.Таңсықбаев
5. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
А) Қазақ бейнелеу өнерінің даму тарихы баяндалады.
В) Елімізде графика саласының даму тарихы туралы баяндалады.
С) Қазақстан суретшілерінің үздік еңбектері туралы айтылады.
D) Шоқанның «Алатау көрінісі» шығармасы туралы сипатталады.
6. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
А) Б.Сәрсенбаев туындылары
В) Ә.Қастеевтің шығармалары
С) Бейнелеу өнерінің даму тарихы
D) Семей қаласының даму тарихы
7. Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
А) Еліміздің қылқалам шеберлері ерлікті бейнелейді.
В) Қазақ бейнелеу өнері – ұлттық мәдениетіміздің бір көрінісі.
С) Кескіндеме, графика, мүсін – қазақ бейнелеу өнерінің ежелгі түрлері.
D) Қазақстан суретшілерінің бірінші съезі жазғы маусым айында ашылды.
8. Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
А) Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти – қайта өрлеу дәуірінің өкілдері.
В) Ұлы Отан соғысынан кейін қазақ бейнелеу өнерінің барлық түрі дамыды.
С) Ә.Қастеев – қазақ бейнелеу өнеріндегі алғашқы кәсіби суретшілердің бірі.
D) О.Таңсықбаев – қазақ бейнелеу өнері тарихында өзіндік орны бар суретші.
9. Автордың пікірін білдіретін ақпаратты таңдаңыз.
А) Қазақ бейнелеу өнері кеңінен насихатталып келеді.
В) Бүгінгі таңда қазақ бейнелеу өнерінің тарихын зерттеушілер көп.
С) Қазақ бейнелеу өнері – ұлттық дүниетанымға негізделген көркемөнер.