Файл: 116 топ Педагогика жне психология Саяси модернизацияны лгілерін тадау шарттары мен негізгі факторлары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.10.2024
Просмотров: 18
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Құраш Гаухар
ЖОСПАР
1.Саяси модернизация анықтама
2.Ресейдің қоғамдық-саяси дамуының қазіргі кезеңі.
3.Қорытынды
Модернизация(франц.-жаңғырту) - артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттің саясаты.
Модернизация-(франц.-жаңғырту) артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттік саясаты.Жаңғырту
(Модернизация; фр. Modernisation — жаңа, қазіргі заманғы ) — жекелеген тетіктер мен түзілімдердің құрылымдарын өзгерту арқылы білдектің функционалдық және басқа да қасиеттерін жақсарту, сенімділігін арттыру және пайдалану мерзімін ұзарту. Жаңғырту өнеркәсіптік жабдықтарды, аспаптарды, тұрмыстық бұйымдарды оларды жасаудың технологиялық процесіне күрделі өзгеріс енгізбей-ақ жетілдірудің барынша тиімді тәсілі. Жаңғырту негізгі жаңғырту жөне жабдықты жаңғырту тағы басқа болып бөлінеді.Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі Қазақстан халқының саны аумағынын, үлкендігіне сай келмейді. Халықты біркелкі қоныстандыру және үлкен аймақты игеру мүмкін емес. Сонымен бірге халықтың қоныстануына табиғат жағдайы қолайлы жерлердің тек 1 / 3 бөлігі ғана жарайды. Сондықтан да мемлекетті модернизациялау бағдарламасында негізгі рөлді халықты аумақтық ұымдастыруга баса назар аударады. Оның дұрыс орындалуы халықтың еңбек әлуетін тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. Халықты аумақтық ұйымдастыруға орналасу және қоныстану жатады.
Менің ойымша, КСРО құлағаннан кейін,Ресей елінде толықтай саяси даму және модернизация толық іске асты. Мысалы:Ресейдің саяси жүйесінің өзгеруін елдің дамуындағы басымдықтармен байланысты үш негізгі кезеңге бөлуге болады:
1. Кеңестік қайта құрудың авторитарлық режимінен нарықтық экономикасы мен билікті қалыптастырудың демократиялық әдістері бар еркін қоғамға көшуі (1991-1998 жж.).
2. Олигархиялықтан мемлекеттік капитализмге өту, мемлекеттілікті нығайту (1998-2004 жж.).
3. Ресейдің «ұлы держава» мәртебесі туралы талаптарын қамтамасыз етуге және егеменді демократия идеясын жүзеге асыруға арналған саяси институттардың қалыптасуы (2005 жылдан).
Осы сатылардың барлығы модернизацияға жол болып есептеледі.
Бастапқы посткеңестік кезеңде бостандық, жеке меншік, нарықтық экономика, билікті таңдау мүмкіндігі және басқалары сияқты құндылықтар Батыстағы өркендеуге байланысты болды, қоғамда үлкен сұранысқа ие болды.
Қазіргі Ресейде пайда болған саяси институттар ішкі және сыртқы саяси міндеттерді шешуде басымдық ретінде қойылған егеменді демократия идеясына қызмет етеді. Басымдықтар ретінде мемлекеттің егемендігі мен биліктің демократиялық сипаты көрсетілген. Бұл тұрғыда егемендік дегеніміз мемлекеттің ішкі және өз бетінше дербес жүргізу мүмкіндігін білдіреді сыртқы саясат және демократия мемлекеттік органдарды сайлауда және оның халық алдындағы есеп беруінде жатыр.Бұл жерде модернизация АҚШ-та демакратия алғашында пайда болғанымен тең.
Сол арқылы, модернизацияның басты көрінісін айта аламыз.Ол демократия жүйесі құрылуы.
Соңғы жылдары Шығыс Еуропа елдері мен бұрынғы КСРО-ның қоғамдық-
саяси процестері шетелдік те, отандық теоретиктердің зерттеу нысанына
айналды. Отандық саяси ой орыс шындығы қойған сұрақтарға жауап беруге
ұмтылады. Ресейдегі модернизация процесі елді табиғи-тарихи дамудың негізгі
ағымына қайтару жолы ретінде қарастырылады.
Модернизация, қоғамды жаңа деңгейге шығару Ресейді жалпы өркениеттік
үдеріске қосуға арналғандықтан, табиғи түрде сұрақтар туындайды: «Ел қандай
деңгейде дамудың жалпы үлгісіне интеграцияланады? Біз заманауи әлемге тең
дәрежеде сәйкес келеміз бе, әлде Батысқа қатысты тәуелді рөл атқарамыз
ба?»Бұл сұрақтардың жауабын қоғамдағы модернизациялық өзгерістердің
нәтижесі анықтайды. Олардың мазмұны, біріншіден, дамудың жұмылдыру
моделін таңдауға, екіншіден, бұл үлгінің орыс қоғамы дамуының мәдени, тарихи
факторларына сәйкестігіне байланысты.
Қорытынды
Менің ойымша, Ресейде модернизация көрінісі қалыптасып, КСРО құлағаннан кейін жүйе өзгерді және қазіргі кезге дейін жаңаруда.
Біріншіден,Модернизация басқа дамыған елдерге ұқсау,даму үшін жүйені өзгерту болып табыладыРесей демократия идеясын дамытуы.
Екіншіден,Нарықтық экономика.Елде коммунизм болып ел дамуға жол аша алмады.Еркін нарықтық экономика арқылы дамуға жол ашады.
Үшіншіден,Капитализм.Елде экономика дамыту арқылы, ел әлемдік бәсекеге шыға алады.Солай модернизация орын алады.Ол жаңғыру,даму болып табылады дедік.
Текесбай Балауса
Модернизация технологиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және психологиялық бағыттағы өзгерістердің кешенді процесі. Қоғам өмірінің кез – келген саласындағы өзгерістердің бағытын айқындайды. Модернизация феномені – бұл саяси жүйені, саяси қызметтің формасын, әдісі мен құрылымын, тәсілі мен технологиясын, сонымен бірге саяси мақсаттарды, доктриналарды, концепциялар мен бағдарламаларды жетілдірудің, жаңартудың, өзгертудің механизмі.
Модернизация теориясы – батыстық даму деңгейіне жетуге бағытталған. Оны кейде вестернизация деп те атайды.Мысал ретінде, мен Жапония мемлекеті жайында айтатын боламын. Жапонияның модернизациясы (19 ғ.) бұл азиялық елде басталған процесс болды, соның арқасында ол өзінің ескі феодалдық құрылымдарын қалдырды, ішінара барлық ұлттық аймақтарды модернизациялады. Саясатта, қоғамда және экономикада жүргізілген реформалар оны ауданның өкілеттіктерінің біріне айналдырды.
Екі ғасыр бойы Жапония өз еркімен әлемге жабық болды, бірақ американдық және британдықтардың жаңа сауда жолдарын ашу туралы талаптары оны 19 ғасырдың екінші жартысында өзгертуге мәжбүр етті. Осы уақытқа дейін Жапония мемлекетінде қанша қиын жағдай болса да қазіргі уакытта дамыған елдер қатарында.Жапонияның әлемдегі мәртебесі шын мәніндегі мәртебесiнен бiршама жоғары тұр:
• Біріншіден, Жапония жеткен жекелеген біржақты бағалануы;
• Екіншіден, Жапония экономикасының бәсекелестері өз елдерінің Үкіметін жапон экспортын бөгеу үшін шаралар жасауға көндіру үшін әдейі Жапонияның экономикасының қуатын асыра көрсетуде;
• Үшіншіден, жапон экспортерларының өздері жарнаманың сауданың қозғаушы күші екенін біліп, өз табыстарын жарнамалауды еш естен шығармайды (жарнамалық индустрия Жапонияның iрi салаларының алғашқы ондығына кіреді).
Жапония – капиталистік дүниедегі ең жоғары дамыған индустриялық- аграрлық елдердiң бiрi. II дүние жүзілік соғыста Жапония империализмінің жеңiлуi және елді АҚШ-тың оккупациялауы Жапонияның империализм лагеріндегі бағытын біраз әлсіретті, бірақ АҚШ билеушi тобымен тіл табыскан Жапонияның монополистік капиталы көп кешікпей елдің шайқалған экономикалық жағдайын соғысқа дейінгі қалпына келтірді. Жапония тез қарқынмен қайта өрлеу жолына тустi. Жапония техникалық жағынан да қарқынды дамыған.
Ғылыми технологиялықпотенциал – бұл көп қырлы және күрделі саяси экономикалық дәреже. Бағалаудың нақты және қарапайым әдісінің болмауы елдер аралық айырмашылықты күрделендіреді. Осыған байланысты Жапон экономисттерінің техникалық дәреженің көрсеткіштерін санап осының негізінде алдыңғы қатарлы капиталистік елдер бойынша салыстыруды жүргу ұмтылысына ерекше көңілін бөлу орынды. Осы есептеулер бойынша 1970 – 1980 – ші ж.ж. аралығында Жапонияның ғылыми – техникалық потенциалының синтетикалық көрсеткіштері бойынша позициялары едәуір жақсарып, оны АҚШ – тың басты бақталасына айналдырды. Егер АҚШ – тың «техникалық дәреженің көрсеткіші 100 % деп алсақ онда 1980- ші жылдарда бұл көрсеткіш Жапония үшін 45,5 %, Батыс Германия – 47,5 Франция – 35,9 және Ұлыбритания – 22,4 % құрады
Қазіргі уақытта Жапония әлемді автомобиль жасауда алдыңғы орынды алып отыр. Нақты мысалдарды пайдалана отырып М.Моритана жапон фирмаларының өнімі, энергетикалық дағдарыстардын ықпалынан өзгерген әлемдік нырқтың жағдайына жоғары дәрежедегі бейімділігін көрсетті. Бұндағы жапон кіші метраж автомильдерінің жоғарғы экологиялық стандарты мен жанар майдың экономды шығыны шешуші рольді алды.
Жапондықтар барлық жағынан да имитаторлар болды, бір заттың копиясын жасағанда олар затты ориганылынан да жақсы жасап отырды. Әрине автомобильді, телевизорды, сағатты, фотоаппарат, бейне-магнифатонды, персоналды компьютерді т.б. көптеген заттарды шиғарған жапондықтар емес. Бірақ бұл заттарды жапондықтардан жақсы, сапалы, берік және әдемі етіп ешкім жасай алмаған. Аналогтан қымбат болып тұрсада Жапонияда шығарған тауларды кәзіргі кезде де адамдат қуана — қуана алып отыр. Себебі оларды «Жапонияда жасалынды деген жазу бар. Осыдан жапондықтардың тек қарапайым имитаторлар ғана еместігі көрінеді.
Жапония кеме жасауда, қара металлургия да, тұрмыстық электро-техникада, автомобиль жасауда, және сандық программалық басқаруы бар жабдықтар өндірісінде әлемдік медерге шықты.
Соңғы кезге дейін Жапония, өзінің жүргізген фундаменталды зерттеулердің нәтижелерін кең пайдалана отырып, дамыған капиталистік елдерін фарватері болып тұрды.
Жапония экономикалық көтерілуінің басты міндеті ретінде оның барлық негізгі көрсеткіштерін: ішкі ұлттық өнімінің, өнеркәсіп өндірісінің, еңбек өнімділігі мен экспорттың т.б. өсудің жоғарғы қарқынына ғылым мен техникалық жаңашыл жетістіктерді еңгізу мен минималды шығымен максималды нәтиже алу негізінде жету болды.
Маханбет Гүлбану
Саяси модернизацияның үлгілерін таңдау шарттары мен негізгі факторлары
«Модернизация» түсінігі ғылымда жалпы алғанда дәстүрлі қоғамнан индустриалдық қоғамға өту үдерісі ретінде қолданылады.
Түркия республикасындағы модернизация үдерісі бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кемалистік революциядан бастау алады. Соғыста жеңілу Осман империясының ыдырауын аяқтады, сонымен қатар Түркияның жері ықпал аймағы ретінде басқару үшін Ұлыбритания, Грекия және Италия сияқты Антанта елдері арасында бөлшектенуге түсті. Ұлыбритания Шығанақтар зонасына, Греция – Измир ауданына, Италия – Родос және Анадолының оңтүстік-батыс бөлігіне, Франция – Кіші Азияның оңтүстік-шығыс бөлігіне бақылау жасады. Түрік мемлекетінің бақылауында тек Анадолы жерінің бір бөлігі ғана қалды, бұл түрік ұлтының өзінің өмір сүруіне қауіп төндірді. Түркияның түпкілікті бөлшектеніп кетуден ұлттық мемлекет құруғана құтақаратын еді. 1919 жылы қоғамдардың конгресі өткізіліп, онда генерал Мұстафа Кемал-паша басқарған Өкілдік комитет құрылды. Мамыр айында М.Кемал бүкіл Анадолыдағы жаяу және атты әскер басшыларына азаттық күресін бастағаны жайлы хабар жолдады. 1919 жылы парламентке сайлау жүргізілді. 1920 ж. қаңтарда парламент Түркияның тәуелсіздік декларациясын («Ұлттық ант») қабылдады Бағдарламада Түркияның этникалық шекараларын, тәуелсіздігі мен егемендігін сақтау, шетелдердің саяси және экономикалық бақылау жүйесін жою мақсаты қойылды. Ағылшын әскерлері Стамбулға басып кіріп, парламентті қуып таратты. Сұлтан көнуге және жаңа үкімет құруға мәжбүр болды. Бұл үкімет Өкілдік комитетке қарсы шықты. Шетелдік мемлекеттердің үстемдігі, олардың Түркияның ішкі істеріне араласуы елде күшті наразылық туғызды, Кемалдың жақтастарының қатары сұлтан билігінің қолдаудан бас тартқан саясаткерлермен толықты. Кемаль-паша жаңа мәжілістің жұмысына қатысу үшін парламент мүшелерінің Анкараға келулері туралы өтініш жасады. 1920 ж. сәуірде Анкарада жаңа мәжіліс – Түркияның Ұлы ұлттық жиналысы (ТҰҰЖ) шақырылды, оның құрамына алдыңғы парламенттен қуылған 105 адам кірді.
1920 ж. көкек айында Анкарада Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісі (ТҰҰМ) құрылды да, М. Кемал мәжіліс төрағасы болып сайланды. ТҰҰМ Түркияның түкпір-түкпіріндегі жеке-жеке жүргізіліп жатқан азаттық күресін бір орталықтан ұйымдастыру үшін 1921 жылы тамызда М. Кемалды әскердің бас қолбасшылығына тағайындады.
Егеменді Түркияны бірінші мойындаған мемлекет Кеңес Одағы болды. 1920 жылдың 3-маусымында КСРО мен Түркия арасында дипломатиялық қатынас орнады.
Түркияға айрықша қауіп төндірген Греция болды, өйткені грек әскерлері дереу түрік жерінің орталық аймақтарына ұмтылды.1921 ж. қаңтарда Исмет-паша қолбасшылығындағы түрік әскерсы Иненю маңында грек әскеріне тойтарыс беріп, оларды тоқтатты. 1921 ж. қыркүйекке қарай табанды соғыстан кейін ТҰҰЖ әскерлері гректерді басып алған жерлерінен ығыстырып шығарды. 1922 жылдың тамызында грек әскерлері қарсыласуын тоқтатты да, Антанта мен Түркия арасында уақытша бітімге қол қойылды. Түрік халқының тәуелсіздік жолындағы күресі жеңіске жетті.
1922 жылы 1қарашада Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі елдегі монархиялық билікті жойды. Соңғы түрік сұлтаны Мехмед ІV тақтан түсірілді. 1923 жылы 29 қазанда Түркия республика болып жарияланды. 1923 жылы Халықтық партия құрылды, ол кейіннен Халықтық-республикалық партия деп аталды. Сайлау өткізіліп, нәтижесінде М.Кемал Түркия республикасының алғашқы президенті болды. Республиканың премьер-министрі болып М.Кемальдың сенімді жақтасы Исмет-паша тағайындалды. Мұстафа Кемаль Ататүрік елді еуропалық басқыншылардан азат етуші, реформатор және республиканың бірінші басшысы ретінде Түркияның тарихында қалды. 1923 ж. қазанда Түркияның астанасы Анкараға көшірілді.
Кузенбаева Лаура
Саяси модернизацияның үлгілерін таңдау шарттары мен негізгі факторлары
Экономикалық жаңғыру ел ілгерілеуінің басты күші ретінде республиканың жүргізіліп жатқан реформаларының басым бағыты болып табылады. Осы себепті ҚХР-дағы жаңғырту үдерістерінің сəтті дамуының мысалы ел ішінде ұлттық реформаларды жүргізуде біз үшін пайдалы болуы мүмкін. Сонымен қатар, Қытайдың саяси мəдениетінің ерекшеліктерін түсіну Қытай мен Қазақстан арасындағы одан əрі өзара тиімді қарым-қатынастар үшін қолайлы жағдай туғызады. Қытайдағы экономиканың қалпына келуі өткен ғасырдың соңындағы əлемдегі ең маңызды оқиғалардың біріне айналды. Қытайлық сипаттағы социализм кезіндегі 30 жыл бойы жүйелі құрылымдық жəне əлеуметтік-экономикалық қайта құрулар нəтижесінде ҚХР əлеуметтік-экономикалық дамуда орасан зор табыстарға қол жеткізіп, жаһандық дағдарыс жағдайында да жоғары экономикалық өсуді қамтамасыз ететін жоғары бəсекеге қабілетті экономиканы құрды. Дамудың осы кезеңінде, көптеген елдер жаңғыру мен реформалар жолында тұрған кезде, Қытайдың нақты тəжірибесі өзінің ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен бірге бұл мемлекетті əлемдік көшбасшылар бестігіне кіргізген модернизацияның алғашқы нəтижелерімен де назар аударады. Менің ойымша, егер біз Қытайдың модернизациясын жақсырақ түсінгіміз келсе, оны өзгерту процесі, қоғамның бір жағдайынан екіншісіне түпкілікті өтуі ретінде өзгертуіміз керек. Қытайдың дамуына келетін болсақ, бұл дəстүрлі аграрлық қоғамнан жеке индустриялық қоғамға өту процесі. Сонымен бірге, Қытайдың модернизациясы Батыс елдеріне ұқсамайтын ортаға енетінін мойындауымыз керек.