Файл: Оыту мен трбиленуді бірлігі ндылыа бадарланан тсіл. Масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 15
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқыту мен тәрбиленудің бірлігі- құндылыққа бағдарланған тәсіл.
Мақсаты: Оқыту мен тәрбиелеудің бағыттары құндылық пен дағдыны дамытуға, оқушыны жеке тұлға ретінде өзіндік іс әрекетін қалыптастырып, құндылықтарды бойына сіңдіру, бәсекеге қабілетті салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Ұлы философ әл-Фараби “Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі” – деп айтқандай, сондықтан да тәрбие мен білім егіз ұғым. Демек оқыта отырып, тәрбие беруді әрбір ұстаз жадымызда ұстауы шарт. Баланың тұлғалық дамуы тікелей тәрбиеге байланысты.
Әр пәннің жеке құндылықтармен байланыстыруға болады. Пәндерде құндылықтардың орны , өздеріңіз көріп тұрғандай әр пәнге әр құндылықтармен салыстырып көрсетуге болады. Мысалы бір бала кетіп бара жатып маска тауып алды.. жерден көтеріп, қоқыс жәшігіне апарып тастады, осы жерде не көруге болады, яғни тастаған адамның ғана жауапкершілігі емес, көріп алмай кеткен, өтіп кеткен біздің де жауапкершілігіміз. химия пәнімен қалай байланыстырып оқимыз. Қрапайым маска -Хром элементі бұл масканың құрамында жағымсыз қандай элемент – жерге сіңіп кетпейтін элемент,ол бізге жағымсыз энергия бөледі, біздің қоршаған ортаға деген, денсаулығымызға деген жауапкершілігіміздң осы жерден біле аламыз. Қоқысты алу, бутылканы жинау, бутылканың өзі бәлен жыл ерімей жатады, қаншама ауаға зияны тиіп жатыр. Биология пәнімен байланыстырып көрейік. Темекі шекен адам өзінен басқа қанша адамға зиян тигізіп жатканын, түтінін жұтып тұрған адамға екі есе зиян келтіріп жатыр. Біз балаға биология пәнін оқытқан кезде осындай тақырыптарға келген кезде осы жауапкершілік құндылығын бойына сіңіре алады екенбіз. Кестеде көрсетілгендей пән сабақтары арқылы баланың бойына жағымды қаиеттерді, дағдыларды дарыта аламыз. Келесі біздің құндылығымыз әділдік. әділдікті Математика пәні арқылы түсініп көрейік, Мысалы теңдік теңсіздік әділдік құндылығын яғни теңдік бұл әділдік.
-
Пән сабақтарында қандай тәрбие әдістерін қолданасыздар?
Әр топ өз құндылықтары туралы мысалмен келтіру.
Еліміздің болашағының тізгіу мен оқу үдерісінде тәрбиеге ерекше мән берілуде. Әрбір ұстаздың тиімді оқыту мен оқуды жүзеге асыратын қысқа мерзімді жоспарларында «құндылықтармен байланыс» бөлімі (графа) енгізілген. Аталмыш бөлімде (графа) пәндік берілетін білімді жүзеге асыруда оқу бағдарламасында көрсетілген құндылықтарды, осы сабақ арқылы баулуға бағытталған ұлттық және құндылықтар негізінде тақырып мазмұнын сипаттау қарастырылады. Әр сабақтың тақырыбына байланысты бір ғана құндылық емес бірнеше құндылықтарды қамтуға болады ия, әрине ол сабақта қолданылатын әдістерге, іс-әрекеттерге байланысты болады.
Жалқау бала, мінезі шәлкез, тәртіпсіз,оқуға қызықпайды, шулап отырады. Осындай жағдайларды көп естиміз. Көріп жүрміз... Сабақта осындай оқушылармен болған жағдайда қандай методика педагогикалық ұстанымдарыңызды қолданасыздар .
2. Оқушының тәрбиесіне байланысты қиын тығырықтан қалай шығасыз?
Жағдаяаттарды шешу.
Негізінде, бұл түсінік адам өз бетімен игере немесе көрсете алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық білімдер мен дағдыларды қамтиды. Демек, оқыту барысында белгілі бір тақырыптың аясында оқушылар бірлесіп жұмыс жасап, ортақ мәселе бойынша талқылауға қатысса жұмысты шығармашылықпен орындау, өзгенің пікіріне құрметпен қарау, өз оқуына деген жауапкершілікті сезіну, қарым-қатынас жасай білу құндылықтары арта түседі. Басты құндылықтардың бірі – шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.
3. Оқушының сабақ үлгерімінің жақсы болуына тәртіп әсер етеме?
/фишбоун» Өрмекші » әдіс тәсілдерді қолдану арқылы қорғау.
Мектептің эмоционалды ахуалын жақсарту, білім беру ортасын дамыту, ұжымда , қоғамдық ортамен қарым-қатынасын дамытута құндылықтардың маңызы өте зор...
4. Сабақ үстінде тәртіпсіздік жасаған оқушыға қандай шара қолданасыз? Видео
Танымал ғалым, педагог, философ, профессор Джон Дьюидің: – Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз, – деген ойын ескере отырып, оқушы бойында қажетті құндылықтарды дамыту үшін бірлескен іс-әрекеттер, тиімді әдістер мен саралау тәсілдерін қолдану қажет.
Соңы: «Құндылықтарға бағдарланған тәсілдер? осы сұрақ төңірегінде бүгінгі коучингті қортындыласақ деп отырмыз. Әр топ өз құндылықтары туралы арқылы, постер, кластер түрінде өз ой -тұжырымдарыңыз қорғауға сөз кезегін береміз, орта сіздердікі .
Қорыта келе айтарымыз біз мұғалімдер, тәрбиешілер еш уақытта жалқауланып, баланың тағдырына немқұрайлы қарамауымыз керек.. Өйткені балалар бізідң болашығымыз. Оқушыларды тәрбиелеу мәселесі ең негізгі талаптардың бірі.
Ұлттық болмысты сақтай отырып, патриотизмге, Отанына адал қызмет етуге, және оның мүдделерін қорғауға, еңбекқорлыққа жетелей отырып, жауапкершілік пен дағдыларын қалыптастыру, тәрбиелеу біздің қолымызда.