Файл: Атабан шбырынды (аза халыны тарихындаы ащы асірет).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақтың басына түскен ұлы қасірет(Ақтабан Шұбырынды,Алқакөл сұлама”)
-
1722 жылдың аяғында маньчжур императоры Канси қайтыс болды, бұл ұзаққа созылған екінші ойрат-маньчжур соғысында үзіліс туғызды, цин әскерлері Жоңғарияға қысымын тоқтатты, ойраттар қазақтарға қарсы әскери қимылдарға көшті. 1723 жылдың көктемінде жоңғарлардың қалың әскері жазғы жайлауға көшуге дайындалып жатқан және шабуылды күтпеген қазақтарға кенет шабуыл жасайды.
Қазақ фольклорының материалдарымен расталған А.Левшиннің айтуынша, жоңғарлардың 7 ірі отряды қазақтарға қарсы шықты. Әр отряд он мың сарбаздан тұрды . Галдан-Церен басқарған отряд Балқаш көлінен Қаратау тауларына қарай жылжыды; Ердені-Батур жасағы Алтай тауын басып өтіп, Көктал өзенінің аңғарлары арқылы өтті; Амурсананың отряды Нұра өзеніне бет алды; төртінші – Шілік өзеніне; бесіншісі Ыстықкөл облысы арқылы көшті; тағы бір тобы Шу алқабынан өтті; соңғы топ Іле өзенінен кедергісіз өтті. Олар кенеттен қазақтарға шабуыл жасап, олардың территориясының едәуір бөлігін басып алды. Жоңғарлар Сайрамды, Түркістанды, Ташкентті басып алып, тонады.
Ұрыс даласында қазақтар 100 мыңдай жауынгерінен айырылды, бейбіт тұрғындардың шығыны бірнеше есе көп болды. Хан Абылайдың айтуынша, он адамның төртеуі із-түссіз жоғалған. Аман қалғандары малдарын, дүние-мүлкін, вагондарын қалдырып, атамекендерін тастап кетті. Кіші жүз қазақтары мен Орта жүздің аз ғана бөлігі Шыршық өзенінің Сырдарияға құятын жерінен сәл биікке өтіп, Ходжент пен Самарқан өңіріне қоныс аударды. Кіші жүз қазақтары Сайрам қаласын айналып өтіп, Хиуа мен Бұхарға қашады. Қомақты бөлігі Сыр бойынан өтіп, Алакөлге жетті. Кейбір қазақ рулары шөлді Қызылқұм мен Қарақұм өңірлеріне қоныс аударды.
Ұлы апат жылдарында қазақтар Жетісудың мол жайылымдарынан айырылып, дәстүрлі көші-қон жолдары бұзылып, сауда және қолөнер орталықтары ыдырап, мал басы күрт қысқарды. Оқиғаның мән-жайын түсінетін шығармалар: «Елім-ай» әні, «Ақтабан шұбырынды» афсаны.
Қазақтардың әлсіреуін басқа көршілері пайдаланып, қазақтардың қиын жағдайын одан әрі ушықтырды. Қазақтың халық болып өмір сүруіне нақты қауіп төнді. 1726-1727 жылдары Бөгенбай, Қабанбай, Санрық, Жәнібек, Малайсара, Әбілқайыр, Абылайлардың басшылығымен қазақ халқы жоңғарларға қарсы күреске көтерілді. 1727 жылы ойраттардың жеріне жауласушы топтардың күресі нәтижесінде Аңырақай даласында жоңғар билеушісі Цеван Рабдан өлтіріп жеңіске жетті,содан кейін жаңа хан Галдан-Церен соғысушы топтар арасындағы билік үшін азамат соғысында жеңіске жетті. “Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама”қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып қалды және бізде оны қасіретпен еске аламыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. — Алматы
2. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. -Алматы
3. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. — Алматы: Атамұра, 2006.
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» – қазақ халқының жоңғар шапқыншылығы (1723–1725) салдарынан басынан кешкен ауыр қасіретін, босқыншылыққа ұшыраған кезеңін бейнелейтін ұғым.
Осы жаугершілік басталардың алдында қазақ даласында ұзақ уақытқа созылған алапат
жұттың салдары өте ауыр болды: үш жүздің саяси-әлеуметтік байланысы әлсіреді, халықтың әл-ауқаты төмендеді. Ішкі алауыздық, билікке деген талас-тартыс қауіпті жаудың бар екендігін ұмыттырды.
Жұттан жұтап шыққан жұрт ес жинай алмай жатқан кезде, жоңғар әскерінің жеті түмен ауыр қолының анталаған басқыншылығына тап болды. Жер аздырған жұт пен жұрт тоздырған шапқыншылық қазақ елінің хал-ахуалын мүлде ойсыратып жіберді. Жоңғар ханы Цеван Рабтан қазақ жеріне найза, садақпен емес, отты қарулар – зеңбірек, мылтықпен қаруланған қолымен басып кірді.
Бұл зобалаңның тұсында қазақтардың жүз мыңдай қолы шығынға ұшырап, ел ұл-қыздарынан айырылып, мал-мүлкі талан-таражға түсті. Атажұрт, атақонысынан ауып, жаппай босқыншылыққа ұшырады. Қазақ тарихындағы бұл ұлы басқыншылық этностың санасында өшпестей сақталып, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген тарихи фразеологизм қалыптасты.
Ұлы жүз, Орта жүз қазақтарының Қаратау асып, Сырдан өтіп, Алқакөлде қырғынға ұшыраған жері – «Алқакөл сұлама»; Кіші жүз қазақтарының Қаратаудан Түркістанға
келіп, одан Сауранды айналып, Бұхараға бет түзеген шұбырынды көші – «Сауран айналған», ал Орта жүздің бір бөлігінің Қаратаудан солтүстікке қарай ауған шұбырынды жолы «қайың сауғанда, ел ауғанда» деп келетін фразеологизмдерде
көрініс тапты.
Негізгі асы ет пен сүт болған босқын қазақтар қайыңның қабығын тіліп, шырынын ішуге, алғыр (ащы өсімдіктің тамыры), қозықұйрық (саңырауқұлақтың түрі) сияқты
жеуге жарамды шөптесін өсімдіктерді талғажау етуге мәжбүр болды. Жоңғарлардың шапқыншылығына көршілес қырғыз халқы да ұшырап, атақонысынан Ғиссарға ауа көшеді. Осы жайтқа байланысты қалыптасқан «Қазақ қайың сауғанда, қырғыз Ғиссар ауғанда» деген тарихи фразеологизм аталмыш оқиғаның екі халықтың тағдырына үлкен ауыртпалық әкелгендігін айғақтайды.
Дереккөз:
-
Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова, К.Ә.Бертілеуова, Р.Н.Мұнасаева.
-
«Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» энциклопедиясы, 1-том
XV. АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ, АЛҚАКӨЛ СҰЛАМА...
Жоңғар хандығының әміршісі Цеван Рабдан цин-қытай армиясына қарсы тұру шараларын жасаумен қатар қазақ еліне жаңа шапқыншылық жасау жоспарын да ойластырып отырған шақтағы, яғни қайғы-қасіреті ұшан-теңіз әйгілі апат қарсаңындағы қазақ елінің басқарылу құрылымын шола кетейік.
Кейінгі жылдарғы беделді зерттеушілердің ғылыми айналымға қосқан соны мәліметтеріне қарағанда, Ұлы жүзді 1720 жылдан бастап Абдолла ханның ұлы Жолбарыс хан басқарып тұрған. Оның ордасы, әкесінің мұрагері ретінде, Ташкентте болды. Жазғы көшпелі ордасы Шыршық, Арыс өзендері аңғарларында көшіп-қонатын жайылымдарында, сондай-ақ Ташкент пен Түркістанның арасында тігіліп жүрген. Тәуке хан 1715 жылы дүние салып, Қайып хан аға хан мәртебесіне көтерілгеннен кейін, шамамен «Ақтабан шұбырынды...» басталған жылға дейін, Орта жүз аумағында Тәукеұлы Болат хан, одан оның інісі Сәмеке хан билік жасады (көптен қалыптасқан ұғым бойынша Болат хан Аңырақай шайқасы кезінде, яғни 1729–1730 жылдардың бірінде өмірден өтті, Тәуке ханнан кейінгі ұлы хан сол болған делінеді. Алайда ғалымдардың қилы дереккөздерді зерттей келіп қорытқан бұлтартпас тұжырымдарына қарағанда, Болат хан жоңғарлардың 1723 жылғы шабуылы шағында, яки содан көп ұзамай дүние салған. Әрі Тәуке ханнан кейін сайлау өткізілген жоқ. Он шақты жылдан бері Орта жүзде әмірші боп келе жатқан Қайып Әз Тәукені жерлеу рәсімі кезінде аға хан ретінде мойындалған. Тәукенің баласы Болат ұлы хан болған емес, ол әкесінің ордасында тұра берген, бірақ Орта жүзді басқарған. Билікті белгілі бір кезеңде інісі Сәмекемен бөліскен. Болат хан өмірден өткеннен кейін, 1724 жылдан Орта жүз ханы Сәмеке болды). Дегенмен мұндай ахуалға сұлтандардың бәрі бірдей келісе қоймаған да, ішкі ырың-жырың өрши берген. Соның салдарынан бақталастары, ақыры, 1718 жылы Қайып ханды өлтіреді. Барлық кіші хандар мен сұлтандар 1719 жылы Түркістанда тағы да бас қосады. Ойласа келе, батырлығымен, қолбасшылығымен көпке танылған, баршасынан хан тағында отырған мерзімі де ұзақ, жасы да үлкен, ел басқарудағы тәжірибесі де мол, 1710 жылдан Кіші жүз бен ішінара Орта жүздің бір бөлігінің ханы болып келе жатқан Әбілқайыр баһадүрге аға хан тізгінін бергенді қош көреді.
Әбілқайыр үлкен ордасын Арал теңізі аймағынан жалпықазақ астанасы Түркістан шаһарына көшіреді, отбасы мен жақындарын (екі әйелі, төрт ұлы мен екі қызы, ересек інілері және өзге де жақын ағайындарын) сонда орнықтырады, хан қазынасына Түркістан мен Ташкент және оларға қарасты қалашықтар мен ауылдардан белгілі дәрежеде табыстар түсіріп тұрады. Бұл кезде қазақ-ойрат шекарасы, ұсақ қақтығыстарды есептемегенде, біршама тыныш болатын. Өйткені жоңғарлар екінші ойрат-цин соғысына килігіп, сол шақта қытай әскерінің шабуылдарынан қорғану мәселесімен бас қатырып жүрген. Сол себепті Әбілқайыр хан бұл жаққа аса алаңдамай, елдің терістік-батысына назар аударды, себебі ол жақ мазасыз болатын. Сондықтан ол 1720 жылы атқа қонып, алдыңғы тарауда айтылғандай, орыс патшалығымен шекарада жорықтарын жалғастырған. Жеңісті шеруімен Қазан губерниясына тереңдеп, таза орыс үйездеріне жетті. Тұтқындар алып, соғыс олжаларын өз еліне қарай асырды. Ал оңтүстік пен шығыс аймақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Ұлы жүз бен Орта жүз билеушілерінің құзырында қала берді. Алайда оңтүстік пен оңтүстік-шығысқа шоғырланған төре тұқымдарының ел тұтастығының шарты хақындағы түсінігі ала-құла, тиісінше ауызбірлігі кем болды. Олар өзара бақталастықпен жүріп, елдің қорғаныс қабілетін арттыру шараларын ойластыра қоймады.
Тап осы жәйт жоңғар қонтайшысы Цеван Рабданға 1640 жылғы «Дала ережесі» орайындағы ұлы жоспарды орындауға қолайлы көрінетін. Ол ордасына Ресейден Унковский елшілігі келген кезде туыстарының сонау Еділ бойындағы хандығы орналасқан аумаққа дейінгі өз елі іргесінен басталатын алып аралықты құзырына қаратып алу жайын пайымға салып отырған. Қазақ елін бағындыру арқылы көшпенділер империясын жаңғырту, сондай жолмен шығысы мен оңтүстігіндегі цин-қытай, терістігіндегі орыс мемлекеттеріне еркін төтеп беру дәрежесіне жету – ойраттардың өзіне дейінгі басшылары секілді, мұның да көздегені еді. Жауынгерлік қабілеті зор жасақтарына сенгендіктен де, Цеван Рабдан қуатты Қытаймен жаңа әскери қақтығыстарға барып, үнемі соғыс жағдайында болудан тайынбаған. Бірақ әйтеуір ебін тауып, мүлдем жеңіліп қалудан аман жүрген. Сондай жағдайда терістігінен тағы бір қатерлі де күшті орыс сынды көрші бой көрсеткенде, саясатында жағдайға орай амал қолдануға мәжбүр болған еді. 1721 жылғы қыркүйекте І Петрге елші жіберген. Елшісі арқылы жолдаған хатында қонтайшы өз хандығын қаһарлы қытай шабуылынан қорғауды орыс патшасынан өтінген еді. Егер Петр патша Жоңғарияны өз қорғауына әм қамқорлығына алса, ол Қалмақия әміршісі Аюке хан тәрізді Ресейдің сенімді боданы болып тұруға уәде беретінін хабарлаған. Ресейліктерге өз хандығы аумағынан алтын, күміс кендерін іздеуіне рұқсат ететінін айтқан. Тиісінше, жоңғар қонтайшысының осы өтінішіне орай мәселені пысықтау үшін, орыс императоры оған арнайы елші жіберетінін білдірген. Міне сол уәдеге сай жасақталған І Петр елшілігі Иван Унковскийдің басшылығымен 1722 жылғы 20 қарашада қонтайшы ордасына жетті. Сонда қыстады.
Ұлы Петрдің бұл көшпенділер империясына деген ықыласты мейірі, осынау жауынгер жұртты заманауи озық қару-жарақпен қамтамасыз ету жолы, сөйтіп осынау жаужүрек жоңғарларды протекциясына қабылдау шарты жайында елші лауазымындағы артиллерия капитаны Унковский мен қонтайшы арасында ұзаққа созылған мәмілегерлік және іскерлік әңгімелер басталды. Жоңғар әскерінің соғысу қабілетін арттыруға бағытталған нақты істер қызу жүріп жатқан шақта, өзара келісімдер жасап отырған екі тарапқа да көрші және екеуі үшін де қауіпті Қытайдың ұзақ жылдарғы басшысы император Канси (боғдыхан Сюань Е) дүние салды. Ол күллі Қытайды билеген манчжурлық Цин әулетінің төртінші өкілі. Алты жасынан таққа отырып, елді алпыс бір жыл билеген. Қытай тарихында ең көп уақыт император болған. Сол мерзім ішінде лауазымына орай алған есіміне («Канси» – мағынасы: «Гүлденіп келе жатқан және жылы шұғыла шашқан») сай халқын жақсылыққа бөлеп, сәттілік символына айналған әмірші. Осы император Кансидің кезінде Қытайдың қуаты өте артқан. Одан қаншама жасқанбай шайқасып жүргенмен, екі арадағы соғыстар түбі Жоңғар хандығына елеулі қатер төндіріп тұрғаны айқындалып келе жатқан. Сондықтан да, жоңғар қонтайшысы орыс патшасына үміт арта қараған. Бірақ Цеван Рабдан орыс қамытына мойнын тығып үлгерген жоқ – Унковскийдің миссиясы келгелі бір ай болғанда, 1722 жылғы 20 желтоқсанда император Канси қайтыс болды. Бұл оқиға қонтайшыға біршама тыншу әкелді. Өйткені Қытай тағына Кансидің 64 әйелінің бірінен туған 44 жасар ұлы князь Юн отырған. Ұлы князь Юн боғдыхан Кансидің аманатына құпия өзгерту енгізу жолымен, билікке заңсыз келген деп саналды. Солай ойлаған көптеген туысқандарымен текетірес жағдайға түскен жаңа император ішкі күресті қайткенде өз пайдасына шешуге тиіс еді. Сондықтан ол ойраттармен созылмалы жағдайда тұрған соғысты тоқтата тұруға мәжбүр болды. Қонтайшы Цеван Рабдан мен император Инь Чжень (Юнчжэн) екеуі бітім жасасып, достық жағдайда қарым-қатынас жасап тұру жайында келісімге келді. Осы жәйт оның Қытайдан қорғану мақсатында жасақтап жатқан әскерінің бағытын қазақ еліне бұруға және Ресеймен құрмақ байланысының мазмұнын алғашқы сипатынан өзгертуге алып келді. Ол Ресей бодандығын Аюке үлгісінде қабылдаудан да, қытаймен шекарасына орыс қамалдарын салдырудан да тайқыды. Әйтсе де, дипломатиялық келіссөздерін амалдап соза түскен Унковский елшілігімен Жоңғарияда қыстайды, сосын, 1723 жылдың наурызынан қыркүйектің екінші жартысына дейін, қонтайшымен бірге Іле алқабында және Ыстықкөлге шығысынан құятын тау өзендері аңғарында көшіп-қонып жүреді. Ол Ұлы Петрдің тапсырмасын орындауға жанын салды. Қонтайшыны Ресей протекциясына көшуге үгіттеді. Оның иеліктерінде орыс гарнизоны тұратын қамалдар салуға келісімін алуға тырысты. Мұндай қадамның Жоңғарияны Қытайдан сенімді қорғау үшін пайдалы болмағын дәлелдеді. Алайда Цеван Рабдан өзінің қытайлармен және қазақтармен соғысуына қажет әскери қару-жарақты орыс патшасынан алуға келіскенімен, орыс әскерінің қандай да түрмен болсын елі ішіне кіруіне жол беруді ойына да алмайтын. Өйткені сол уақытқа дейінгі Ресеймен татулық оңайшылықпен келмеген еді (орыстардың Ертіс алқабы мен Алтайды мысықтабандап, «ақырын басып отарлауы» салдарынан жоңғар мемлекеті өз аумағының бестен бірінен айрылған). Сол ахуалға көнгендіктен ғана олармен бейбіт қатар өмір сүру мүмкін болып тұрды. Унковский жүргізген келіссөз кезінде қонтайшы даулы шекара мен алым-салық жайын қозғаған. Әзірге өз соғыс өндірісі зеңбірек құюды жолға қойып үлгермегендіктен, осынау қаһарлы қаруды орыс патшалығынан алуды мақсат еткен. Цеван Рабданның бұл пиғылына септесе тұра, Унковский миссиясы негізгі мақсатына қол жеткізе алмады. Ақыры, келген бағытымен кері қайтты. Жоңғар әскерінің қазақ еліне 1723 жылғы ерте көктемде, ақпан айында жасаған жойқын шабуылы және оның күш-қуаты мен жорығының жеңісті нәтижелері жайындағы нақты деректерді Ресейге ала келді...
Қазақ еліне тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғар әскеріне Цеван Рабданның ұлдары Галдан Церен мен Лаузан Шоно жетекшілік еткен болатын. Жорыққа әскери жабдықтары жақсы, зеңбірек, оқ-дәрілі мылтық сынды қару-жарақтары мол, жауынгер аттары желдей ескен қалың қосындар қатысқан еді. Жеті тұстан сыналай кірген жүз мың жауынгері бар бес қаруы сай армия күрсілдетіп зеңбірек атып, мылтықтан оқ жаудырып, Шу және Талас өзендері аңғарынан бір-ақ шықты. Тасқын селдей тасып ағылған басқыншының атты әскеріне қарсы дәстүрлі қылыш-найзасымен батыл көтерілген қазақ жасақтары тосқауыл бола алмады. Тосын да жойқын соққыдан қатты шығынға ұшырады. Халыққа қорған бола алмай қалды. Қорқынышты қатыгездікпен астасқан шабуылдан ел есін жинай алмай, беті ауған жаққа үдере көшуге, тіпті үй-жайын, дүние-мүлкін, малдарын тастай қашуға мәжбүр болды. Жоңғарлар тез арада Ташкент, Сайрам, Түркістан, Созақ, Құмкент, Саудакент секілді қазақ шаһарларын, ұзын саны 25 қаланы басып алды. (Аңыздарда басқыншылардың талай руларды тұтасымен қырып жібергені айтылады. Қазақ халқының тағдырындағы осынау аса қасіретті кезең тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен таңбаланды. Ел аузында сақталған мынандай: «Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Қарындастан айырылған қиын екен, Қара көзден мөлдіреп жас келеді. Мына заман қай заман, қысқан заман, Басымыздан бақ-дәулет ұшқан заман. Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды, Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман. Мына заман қай заман, бағы заман, Баяғыдай бола ма тағы заман. Қарындас пен қара орын қалғаннан соң, Көздің жасын көл қылып ағызамын», – деп келетін шексіз қайғыға тұнған сөздері бар «Елім-ай» атты реквием-әнмен бедерленді). Басқыншылық соғыс қазақтардың тоз-тозын шығарды. Ел тоналды. Жайылым мен егістік тапталып, босап қалды, қолөнершілер қаналды, сауда тоқырады, мал басы күрт кеміді. Жұрт бас сауғалап босып кетті. Қос ұлы су Әму мен Сыр арасындағы отырықшылар да айтып-жеткізгісіз күйзеліске ұшырады. Аштықтың жайлағаны сондай, шежірелерде сақталған хабарларға қарағанда, адамдар өліктерді жерлемей, жеуге мәжбүр болған. Байырғы Бұхара, Хиуа, Ферғана, Самарқан босап қалған. Әскерінің соғыс қимылдарын сәтті жүргізіп жатқаны хақында хабар тиісімен Цеван Рабдан Еділ бойындағы ойрат туысқандарына – Қалмақ хандығына жаушы аттандырады. Өзінің әскери жорығының нәтижесінде қазақтарды біржола жеңіп, алдағы уақытта Жайық пен Еділде Аюке ханмен бірге жайлауға шығудан дәмеленетінінен хабардар етеді...
Редакциядан: Жоғарыдағы тараулар жазушы, тарихшы, көсемсөзші Бейбіт Қойшыбаевтың "Қазақ мемлекеті тарихына көзқарас" атты еңбегінен жалғасты түрде алынып отырғын ескертеміз. Басы мына сілтемелерде: http://abai.kz/post/view?id=4553; http://abai.kz/post/view?id=4554; http://abai.kz/post/view?id=4579; http://abai.kz/post/view?id=5256;http://abai.kz/post/view?id=5335; http://abai.kz/post/view?id=5370; http://abai.kz/post/view?id=5371
(Жалғасы бар)
Бейбіт Қойшыбаев
24 Сәуір, 2022 ТАРИХ
Ақатбан шұбырындыдағы жанын қиған жүз сарбаз және Игілік батыр
Qamshy.kzДайындаған
Фото: Ашық дереккөз
Қазақ тарихында қазақ халқы ұмытпайтындай қасіретті тарихтың бірі "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" кезеңі. Тарихшылардың айтуынша, сол кезеңде қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кетудің аз-ақ алдында қалды. Тұтқиылдан шабуылдаған жойқын жоңғардың қолы халқымызды біраз жылдар бойы ата қонысынан айырып, "елім айлап" бостырды. Өкінішке қарай, қазақ тарихында Абылай дәуіріндегі ес жиып, қалмаққа қарсы шапқан дәуірдегі қолбасшы батырлар жақсы зерттелсе де, одан бұрынғы "ақтабан шұбырынды" кезіндегі жанкешті батырлар жеткілікті зерттелмегендей.
Мақаламызды сол үшін "ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" кезеңінде өз жандарын беріп, елін аман алып қалған қазақ батырларының көп ел біле бермейтін тарихи деректеріне арнадық. Бұл мақалада шежірелерден, дастандардан қалған деректер бойынша, 70 мың қалмақ қолының жолын тосып, жан кешіп шайқасқан және түгелдей қазақ тапқан жүз сарбаз және Игілік батыр туралы болады.
Игілік Бексейітұлы мөлшері 1700 жылы, солтүстік қазақ даласының Қызылжар, Қызайтауы атанған өңірде дүниеге келген. Ол тоғыз таңбалы Найманның Матай бұтағынан өрбитін "алты Бегімбет" атанған Қызай тайпасының Бегімбет атасынан тарайды, Бегімбеттен Бексейіт, Бексейіттен Игілік болып жалғасады. Қызайдың (Қойшыағаның) шөбересі, атақты Құдайназар батырмен жасы кіші болса да, жолы тең, бір дəуірде жасаған, тізе қоса жауға шапқан, қазақтың ерлік дəуіріндегі елі үшін еңіреп туған ерлерінің бірі.
Бексейт бабадан Игілік, Сақау, Соқыр, Тəнік атты төрт ұл тарайды. Бұл кез Ұлы далаға бірінен соң бірі қожалық етіп жатқан көшпенді дала империяларының өріс-қоныс кеңейтіп, Ұлы қаған Шыңғыс ханнан қалған ұлан-байтақ жерге енді кім əмірін орнатады дейтін саяси мүдделердің мүйіздескен, батырлар түн қатып, түс қашқан, жау қайдалап етігімен су кешкен аумалы-төкпелі заман еді. Батырды заманы тудырады дегендей, Игілік те бала жастан бес қаруға төселген, жеті өнерге жетілген, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт болып өседі. Бексейіт баба Үлкені Игілікке қоңсы отырған, алыс-жақынға даңқы жеткен Ерасыл (Қабанбай) батыр шыққан, "батыр ауылы" саналатын, іргелі Қаракерей-мəмбет еліндегі Күшікбаймен қалың беріп құда болып, құйрық-бауыр асасып, жол-жоралғы жасасып, Нұрқия дейтін ақылы көркіне сай инабатты қызды айттырып, тойын жасап, келін түсіріп, отау көтереді.
Дəл осы тұс, қазақ ханы Əз-Тəукенің қайтыс болып, Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтай бастауы Қазақ хандығының əскери-саяси қуатын айтарлықтай əлсіретеді. Оның үстіне, жұт жеті ағайынды демекші, бірнеше жылға созылған соғыс пен тəбиғи апаттар елдің сағын мұқатып, малын жұтатып, еңсесін басады.
Батыс моңғолия жерінде ірге көтерген жауынгер Ойраттар одағы, 1635 жылдарға келгенде, шығыс Халқа моңғұлдары мен Цин империясының соққысынан батысқа ығысып, батыс Моңғолия, шығыс Тарбағатай, Моғолстан иелігіндегі шығыс Жетісу алабында екінші рет əскери одақ құрып, тарихта Жоңғар хандығы делінетін іргелі, көшпенді, қуатты хандықтың негізін қалайды. Қазақ қиса- дастандарында Құба қалмақ атанған, Қазақ хандығымен бірде тату, бірде қату боп келген, құрым тоқымды, тапал атты осы қалмақтар, 17 ғасырдың соңы мен 18 ғасырдың басында, өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, түмен-түмен əскер жасақтап, патышалық Ресеймен қарым-қатынас орнатып, от қарулар сатып ала бастайды, 1715 жылы орыстарда тұтқында жүрген Швед шебері Ренатты қолға түсіріп, зеңбірек құю техникасын меңгереді. Тарихи мəліметтер бойынша, Жоңғар хандығының билік тізгінін Сыбан Раптан ұстаған (1697
1727) 30-жылда, қазақ жеріне жеті рет (1698, 1711, 1712, 1714, 1718, 1723, 1725 жылдар) қанды жорық жасап басып кіріпті. Бұл соғыстар Елдің шеті, желдің өтінде отырған қазақ ру-тайпаларын қырғынға ұшыратып, елден айырып, жерден кетіреді. Тарихи деректерде, Құдайназар батыр қызы Гұлайммен бірге жүз сарбаз 1718 жылы, Қызылжар асуындағы бір кезекті Жоңғар шабулына қарсы соғыста, үш күн жаудың алдын тосып атысып, соңында түгел шейт болатыны айтылады. Ол кезде 18-ге толған Игіліктің осы қырғынның басы-қасында болғаны, елге ие боп қорған болғаны белгілі .
1723 жылы көктем қараөзек шақта, ел жайлауға көшуге дайындалып жатқан ел шетіне, Құба қалмақтың жеті бағытқа бөлінген 70-мың қолы тұтқиыл басып кіреді. Абдырап қалған ел, аттандап əр тұстан топтасып, жасанған жауға қарсы асығыс атқа қонады. Осы топтың шабуылшы шебінде енді ғана 23-ке шыққан жас батыр Игілік те бар еді. Жары Нұрқия мен енді ғана екі жасқа толған тұңғышы Əбікенді ел-жұртына табыстап, ел мен жерді қорғау үшін, өртше шарпыған жау шебіне ширыға аттанады, осыдан бес жыл бұрын осы Құба қалмақпен соғыста опат болған аталас туыс ағасы Құдайназар батыр мен əпкесі Гұлайым сынды санмыңдаған боздақтардың бодауы үшін, кеткен кек, төгілген қан, елдік намысы, кіндік қаны тамған жер үшін, кектене ақырып, аруақтарын шақырып, бір Тəңірге сиынып, "Қаптағайлап" жауға шабады. Ол өз тобымен бірге, анталаған жаудың алдын торып, тоса-тосқауылдай соққы беріп, ел мен жерді, ата-мекенді, отанды қорғау жолында ерлікпен ұрыс салады. Жасанып келген жарақты жаудың қатты соққысынан қансыраған ел ес жия алмай жаппай Сыр бойына ауады. Орта жүз бен Ұлы жүз қазақтарының бір бөлегі Шыршық өзенінен асып құласа, бір бөлігі Алқакөл басып, Бұхара мен Самарқанға қарай босты. Кіші жүз қазақтары Сауран айналып, Хиуаға қарай ағылды. Ата-мекен, кіндік қаны тамған туған жерін жау қолына тастап, жаздың аптап ыстығына ұрынған ел, жат жерде шөлден қырлды. "Əуелі ел ауғанда қызай ауған, көлінен Итішпестің қайың сауған." деп келетін Досбер Сауырықұлының қисасындағыдай, қызай елі де қасіретті "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" жылдардың куəсіндей болған <<Елім-ай>> зарын егіле айтып, ауған елмен бірге Сыр бойына шұбыра көшті.
Қаптаған жаумен қаша соғысып, көзбайлап қоянбұлтаққа салып, алдын тосып аңдысып андыздап ұрыс салып жүрген, əр топтан құралған құрама қазақ сарбаздары ел-жұртты, қатын-бала, мал-жанды неше күндік жерге жөнелтіп жібергесін, енді аянбай ұрысқа араласады. Бұл топта матай Бөрібай батыр бастаған найманның бір қанаты "Қаптағайлап" ұрыс салса, қызай батырларынан, Дербіс атасынан Бөгенбай бидің ұлы Сағындық батыр, Құттыбай, Қарағай, Жақабол, Тұманбай, Тастемір батырлар, Меңіс Құдайназар батырдың ұлы Есенкелді батыр, Солтанкелді, Қараменде, Торғай, Қоңырбай, Қуназар батырлар, Бегімбеттен жасы келіп қалса да жаудан қайтып көрмеген "жау қабақты" Жарас батыр, Ырысбай, Аман батыр, Андас т б батырлар бір апанның бөрілеріндей бірігіп, тізе қоса жауға қарсы ұрыс салады. Сағындық батыр туралы халық аңыздарында былай баяндалады, "біздің қызай елі жаукершілік заманда əбден сансырапты, тоз-тозы шығып, бармаған жері, баспаған тауы қалмай, қайда барса да "Қорқыттың көрі" болыпты. Сонда қызайдың еркөкірек батырлары бірін- бірі іздеп тауып, қалмақтан кек алуға əрекет жасапты..." делінеді. Демек, жау тигенде асығыс атқа қонған батырлар, тактикалық ұрыстан соң, бір бірін іздеп тауып, бірге қимыл жасап, жауға соққы беріп отырған. Сол сияқты, "ақтабан шұбырынды" жылдары, қазақтың бірі қалмай босып кетті деуге негіз жоқ, ол туралы былай баяндалады, "ақтабан шұбырынды кезінде қазақтың бəрі бірдей өз мекенін тастап, жалпы беттік қоныс аударып кеткен жоқ... Жоңғар феодалдары басып алған жерлердегі қазақтар да жаудың артқы шебінде көтерілістер жасап отырды, бұл көтерілістердің негізгі күші феодалдар емес, халық бұқарасы еді, оны ұйымдастырушылар халық ішінен шығып, ел-жұртына деген адалдығымен, еңіріеген ерлігімен танылған халық батырлары болды..." (<<Қазақтың қысқаша тарихы>> 423
424 б). Міне, артқы шепте атой салған осы батырлардың бел ортасында Игілік батыр да болды.
Күнді түнге жалғаған жырынды соғыс апталап, айлап жалғасып жатты, саны көп жарақты жау да аянып қалмады, кезікті бір қоян-қолтық сұрапыл соғыста, Игілік батыр жауды жарып кіріп, қанды аңсаған абаданша құнығып алған жас батырдың көзіне ештеме көрінбей, жауының басын алмадай қағып, арыстандай ақырып, жолбарысша жапырып аралсқан сəтте, көзге ерекше түскен батырды бақылап отырған қалмақ қолбасшысы, 20
30 шақты жасауылына бұйрық беріп, батырға лап қояды да бөліп алып кетпек болады. Мұны байқаған қарт батыр Жарас бастаған топ келіп араласады, Жарас батыр жауырыннан жарақат алып, бірнеше сарбаз опат болады. Осы шайқаста Игілік батырға тасада тұрып көздеп атқан жау оғы тиіп, ауыр жараланады, батырлар Игілікті ортаға алып, шепті бұзып шығып, қосынға оралады. Осы алған жарақаты асқынып, соғыс даласында қыршын жас мезгілсіз шейд болады. Бұл кез 1723 жылдың күзі еді. Бірге жүрген қандыкөйлек батырлар мен туыстары, жас батырдың денесін Қызылжар өңіріндегі таспен өріп қалаған "жүз оба", "қызай бейті", "Құдайназар обасы", "қырық оба" делінетін қызай зирараттары мен "қызай тауы" атанған жерлердің біріне арулап жерлейді. Артында жалғыз ұлы Əбікені қалады, Əбікенді шешесі Нұрқия "Игіліктің атын өшірмеймін" деп, атасы Бексейіттің рұқсатымен төркіні Қаракерей-мəмбет еліне апарып тəрбиелеп өсіреді.

1727) 30-жылда, қазақ жеріне жеті рет (1698, 1711, 1712, 1714, 1718, 1723, 1725 жылдар) қанды жорық жасап басып кіріпті. Бұл соғыстар Елдің шеті, желдің өтінде отырған қазақ ру-тайпаларын қырғынға ұшыратып, елден айырып, жерден кетіреді. Тарихи деректерде, Құдайназар батыр қызы Гұлайммен бірге жүз сарбаз 1718 жылы, Қызылжар асуындағы бір кезекті Жоңғар шабулына қарсы соғыста, үш күн жаудың алдын тосып атысып, соңында түгел шейт болатыны айтылады. Ол кезде 18-ге толған Игіліктің осы қырғынның басы-қасында болғаны, елге ие боп қорған болғаны белгілі .Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова, К.Ә.Бертілеуова, Р.Н.Мұнасаева.
«Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» энциклопедиясы, 1-том
1723 жылы көктем қараөзек шақта, ел жайлауға көшуге дайындалып жатқан ел шетіне, Құба қалмақтың жеті бағытқа бөлінген 70-мың қолы тұтқиыл басып кіреді. Абдырап қалған ел, аттандап əр тұстан топтасып, жасанған жауға қарсы асығыс атқа қонады. Осы топтың шабуылшы шебінде енді ғана 23-ке шыққан жас батыр Игілік те бар еді. Жары Нұрқия мен енді ғана екі жасқа толған тұңғышы Əбікенді ел-жұртына табыстап, ел мен жерді қорғау үшін, өртше шарпыған жау шебіне ширыға аттанады, осыдан бес жыл бұрын осы Құба қалмақпен соғыста опат болған аталас туыс ағасы Құдайназар батыр мен əпкесі Гұлайым сынды санмыңдаған боздақтардың бодауы үшін, кеткен кек, төгілген қан, елдік намысы, кіндік қаны тамған жер үшін, кектене ақырып, аруақтарын шақырып, бір Тəңірге сиынып, "Қаптағайлап" жауға шабады. Ол өз тобымен бірге, анталаған жаудың алдын торып, тоса-тосқауылдай соққы беріп, ел мен жерді, ата-мекенді, отанды қорғау жолында ерлікпен ұрыс салады. Жасанып келген жарақты жаудың қатты соққысынан қансыраған ел ес жия алмай жаппай Сыр бойына ауады. Орта жүз бен Ұлы жүз қазақтарының бір бөлегі Шыршық өзенінен асып құласа, бір бөлігі Алқакөл басып, Бұхара мен Самарқанға қарай босты. Кіші жүз қазақтары Сауран айналып, Хиуаға қарай ағылды. Ата-мекен, кіндік қаны тамған туған жерін жау қолына тастап, жаздың аптап ыстығына ұрынған ел, жат жерде шөлден қырлды. "Əуелі ел ауғанда қызай ауған, көлінен Итішпестің қайың сауған." деп келетін Досбер Сауырықұлының қисасындағыдай, қызай елі де қасіретті "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" жылдардың куəсіндей болған <<Елім-ай>> зарын егіле айтып, ауған елмен бірге Сыр бойына шұбыра көшті.
Қаптаған жаумен қаша соғысып, көзбайлап қоянбұлтаққа салып, алдын тосып аңдысып андыздап ұрыс салып жүрген, əр топтан құралған құрама қазақ сарбаздары ел-жұртты, қатын-бала, мал-жанды неше күндік жерге жөнелтіп жібергесін, енді аянбай ұрысқа араласады. Бұл топта матай Бөрібай батыр бастаған найманның бір қанаты "Қаптағайлап" ұрыс салса, қызай батырларынан, Дербіс атасынан Бөгенбай бидің ұлы Сағындық батыр, Құттыбай, Қарағай, Жақабол, Тұманбай, Тастемір батырлар, Меңіс Құдайназар батырдың ұлы Есенкелді батыр, Солтанкелді, Қараменде, Торғай, Қоңырбай, Қуназар батырлар, Бегімбеттен жасы келіп қалса да жаудан қайтып көрмеген "жау қабақты" Жарас батыр, Ырысбай, Аман батыр, Андас т б батырлар бір апанның бөрілеріндей бірігіп, тізе қоса жауға қарсы ұрыс салады. Сағындық батыр туралы халық аңыздарында былай баяндалады, "біздің қызай елі жаукершілік заманда əбден сансырапты, тоз-тозы шығып, бармаған жері, баспаған тауы қалмай, қайда барса да "Қорқыттың көрі" болыпты. Сонда қызайдың еркөкірек батырлары бірін- бірі іздеп тауып, қалмақтан кек алуға əрекет жасапты..." делінеді. Демек, жау тигенде асығыс атқа қонған батырлар, тактикалық ұрыстан соң, бір бірін іздеп тауып, бірге қимыл жасап, жауға соққы беріп отырған. Сол сияқты, "ақтабан шұбырынды" жылдары, қазақтың бірі қалмай босып кетті деуге негіз жоқ, ол туралы былай баяндалады, "ақтабан шұбырынды кезінде қазақтың бəрі бірдей өз мекенін тастап, жалпы беттік қоныс аударып кеткен жоқ... Жоңғар феодалдары басып алған жерлердегі қазақтар да жаудың артқы шебінде көтерілістер жасап отырды, бұл көтерілістердің негізгі күші феодалдар емес, халық бұқарасы еді, оны ұйымдастырушылар халық ішінен шығып, ел-жұртына деген адалдығымен, еңіріеген ерлігімен танылған халық батырлары болды..." (<<Қазақтың қысқаша тарихы>> 423
Əбікен ат жалын тартып азамат болғанда, аңыз бойынша, қызайдың атақты Қарабиі -- Есіркеп би бір жолғы Қаракерейлермен болған дау-шар сапарында, Нұрқия жеңгесі мен Əбікенді кезіктіріп, елге алып келеді. Сол Əбікеннен 14-ата ұрпақ тарап, бүгінде Игіліктей батыр бабаларының атын өшірмей, саны мол, іргелі ру, ұялы бəйтерекке айналып отыр.
1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері Қарақұм жиынында жоңғарларға соққы берудің мүмкіндіктерін талқылады. Біріккен халық жасағы құрылып, жоңғар әскері шығысқа қарай ығыстырылды.
1715 жылдың күзінде Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін қазақ жерінің бірлігі ыдырай бастады. Тәуке ханның мирасқоры Қайып елдің басын құрай алмады. Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси жəне экономикалық байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты. Солтүстік-батыстан – башқұрттар, солтүстіктен – Сібір казактары, оңтүстіктен – Қоқан, Хиуа хандықтары, шығыстан – Жоңғария, оңтүстік-шығыстан – Қытай шабуылдады. Қазақ жеріне əсіресе қауіп төндіргені жоңғар мемлекеті болды. 17 ғасырдың соңы мен 18 ғасырдың басында жоңғар əскері Жетісудың бір бөлігін жаулап, Сарысу өзені алқабына дейін жетті.
1718 жылы Аягөз өзені бойында жоңғарларға қарсы шайқас болды. Қаракерей Қабанбай мен Жауғашар (Шақантай) батырлардың басшылығымен жау талқандалды. Алайда бұл жеңіс қазақ елінің ауыр жағдайын жақсарта алмады. 1723 жылы жоңғар əскері Қазақ өлкесіне басып кірді. Жетісуды, Қаратауды басып өтіп, Талас алқабындағы қазақ ауылдарын ойрандады. Бұл “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, ақ мешін
” апатының басы болатын. Қазақ ауылдары туған жерлерін тастап, іргелес аудандарға үдере көшті. Жетісу өңірі қатты ойрандалды.
XVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі халықтың қайғы-қасіреті баяндалған «Елім-ай» әні дүниеге келдді. Бұл негізнен тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама (1723-1725 жж.)» деген атаумен белгілі оқиға кезінде шығарылған. Жоңғарлардан қашқан халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жеткен.
Жоңғарлар 1725 жылы Түркістан мен Ташкентті басып алды . Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Есет, Саурық, Малайсары, Баян, Жəнібек, Райымбек, Наурызбай, Қарасай, Жауғашар батырларымыз туған жерді азат етуге бірікті. Біртұтас əскер ұйымдастыруда Қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Үш жүз жасақтарының біріккен қимылдары 1726 жылдан басталды.
1726 жылы “Бұланты” шайқасы болды. 60 мыңдық қазақ-қырғыз əскері қалмақтарды талқандады. Бұл жер кейін «Қалмақ қырылған» деп аталды. Шайқастан кейін Қазақстанның солтүстік – батысы азат етілді. 1726 жылы Түркістанның оңтүстік-шығысында Ордабасы жиынында үш жүз жасақтары жауға бірігіп, соққы беру жөнінде келісімге келді. Əбілқайыр бас қолбасшы болып сайланды. 1730 жылдың көктемінде (1729 ж.) Балқаш көлінің оңтүстігінде Аңырақай шайқасы болды. Əбілқайыр ханның басшылығымен үш жүздің əскері қалмақтарға күйрете соққы берді. “Аңырақай” шайқасынан кейін жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегініп, Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді. Алайда осындай халық тағдырының жауапты кезеңінде қазақ хандары Əбілқайыр мен Сəмеке аға хандыққа таласып, алауыздық пайда болды. Ұлы жүз əскері қайта оралған қалмақтардың жаңа күшіне қарсылық көрсете алмады.
Оңтүстік Қазақстан өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды.
Жоңғар қаупінің жойылмауы билеушілерден сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуді талап етті. Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1680-1748) Ресейдің құрамына енуді ойластырды. Ол көздеген мақсаттардың ішіндегі ең бастысы Жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен бірігу болды. Әбілқайыр ханның мақсаттары қазақ ауылдарының шаруашылық мұқтажымен де байланысты болды. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтауды Ресеймен келісімге келу арқылы шешуді ойластырды. Бұдан басқа қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтатуды көздеді. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңуді де ойлады. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету- оның мақсаттарының бірі болды. Кіші жүз ақсүйектерінің талабы Ресеймен əскери одақ құру болды.
Əбілқайыр хан Петербургке аттанған елшілері – Сейітқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлына Ресейдің қол астына кіру туралы құжат тапсырды. 1731 жылғы 19 ақпанда Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы хан ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабылдады. 1731 жылғы 10 қазанда Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді. Барақ сұлтан, Бөкенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанмен, бұл қарсылық сəтсіз аяқталды.
18 ғасырдың 30-40 жылдары қазақ халқының саяси дамуындағы күрделі кезең болды. 1740 жылы Иран əміршісі Нəдіршахтың Хиуаны талқандап, Сырдария өңіріне жақындауы қазақтардың жағдайын ауырлата түсті.
Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1714-1720 жылдары Ертіс өзенінің жоғары ағысында бекіністер тұрғызған болатын. Ол бекіністер – Жəміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Коряков (Кереку), Өскемен. Патша үкіметі қазақ-жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу мақсатын көздеді. 1734 жылы мамырда Сенат хатшысы И.К.Кириллов басқарған «Қырғыз-қайсақ экспедициясы» жабдықталып, Қазақстанға жіберілді. 1735 жылы Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды. 1738 жылы тамызда Орынбор комиссиясының басшысы, тарихшы В.Н.Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының сьезін өткізді. Кіші жүз бен Орта жүзден барлығы 60-қа жуық старшын Ресейге берілгендігін қуаттап екінші рет ант берді. 1740 жылы тамызда Əбілмəмбет хан мен Абылай сұлтан Ресейге ант берді. Алайда Орта жүз дербестігін әлі де сақтады.
Ресей үкіметі қазақтарды қорғау деген желеумен зеңбірек пен əскери бөлімдерді Ертіс, Алтай өңіріндегі бекіністерге орналастырды. Олар экономикалық мүдделерін бірінші орынға қойып, кенге бай Алтай өңірін отарлауды тезірек аяқтауға тырысты.
1741-1742 жылдары қонтайшы Қалдан Серен (Галдан Цэрэн) Орта жүз бен Кіші жүзге екінші “ақтабан шұбырынды” жорықтарын жасады. Орта жүз қазақтары Ор бекінісіне дейін ығыстырылды. 1742 жылы 20 мамырда Ресей Сенаты қазақтарды жəне шекаралық бекіністерді қорғау жөнінде жарлық шығарды. 1742 жылы 2 қыркүйекте Орынбор комиссиясының төрағасы И.Н. Неплюев Қалдан Серенге жолдаған хатында Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысым жасамауды талап етті. Кіші жүз ханы Əбілқайырдың беделі өсіп, Орта жүздің Арғын, Керей, Уақ, Қыпшақ рулары оны аға хан ретінде мойындады. Орта жүз ханы Əбілмəмбет Түркістанға, Əбілқайырдың жауы Барақ сұлтан оңтүстік-шығыс аймаққа ығыстырылды. Кіші жүз ханы ауыр жағдайға қарамастан, қазақ жерін өз қолына біріктіруге тырысты. Ресей үкіметі Əбілқайырдың дара билігінің күшеюіне қарсы болды. Империяның қысымына шыдамаған Əбілқайыр Ресейден қайтадан бөлініп кетуді ойластырды. 1748 жылы Əбілқайыр Барақ сұлтанның қолынан қаза тапты.