Файл: 1. Дрідрмектерді идентификациясы шін олданылатын физикалы дістер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 39

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Фишер реактивінің сумен әрекеттесуі

Реакция күкірт диоксидінің йодпен судың қатысында әрекеттесуіне негізделген. Реакцияның өнімдері (HI және Н₂SO₄) пиридинмен байланысады. 2 сатыда орындалады.

Метанол жиі, диэтиленгликоль сирек қолданылады. Пиридин, көбіне имидазол немесе біріншілік аминдер қолданылады.

ДЗ құрамындағы судың мөлшерін есептеу формуласы:
X = (а – б) · Т · 100 / в

Х – судың мөлшері, %

а – Фишер реактивінің н.к. кеткен көлемі, мл; б – Фишер реактивінің б.к. кеткен көлемі, мл; в – препараттың өлшенген массасы, г; Т – Фишер реактивінің титрі

18. Стероидты қосылыстар Стероидтық гормондардың жіктелуі

Бүйрекүсті бездері қабықшасының гормондары (кортикостероидтар)

Глюкокортикоидтар (кортизон, кортизол, деоксикортизол);

Минералды кортикоидтар (дезоксикортикостерон, кортикостерон, альдостерон).

Жыныстық бездердің гормондары

(гонадостероидтар)

Прогестогендер (прегненолон, прогестерон, аллопрегненолон);

Андрогендер (андростендиол, тестостерон, дигидротестостерон);

Эстрогендер (эстрон, эстрадиол, эстриол). Стероидтық цикл бойынша

Заттар концентрленген күкірт қышқылымен жүретін топтық жалпы реакциямен идентификацияланады. Боялған, кейде жарқырайтын өнімдер түзіледі. Альфа-кетолдық топ бойынша

Барлық кортикостероидтар альфа-кетолдық топқа байланысты тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Олар өте жеңіл тотығады, әртүрлі тотықтырғыштарға байланысты әртүрлі өнімдер береді.

3-карбонил тобы бойынша

Күрделі эфирлік топ бойынша

Күрделі эфирлерге жататын дәрілік заттарды идентификациялау үшін гидроксамдық реакция қолданылады, нәтижесінде боялған өнімдер пайда болады:

дезокскортикостерон ацетат – қызыл-қоңыр түсті өнім,

кортизон ацетат – қою шие тәріздес бояу береді.

Андрогендік гормондардың қазіргі қолданылатын препараттары
Ретаболил. 19-Нор-тестостерон-17b-деканоат.
Ретаболилдың анаболиттік әсері тестостероннан 10 есе күшті. Уыттылығы бәрінен төмен.


Феноболин. 17b-Окси-19-Нор-4-Андровтен-3-Он-17b-Фенил-Пропионат


Силаболин. Эстрен-4-ол-17b-она-3триметилсилил эфирі.

Метандростенолон. 17а-Метиландростадиен-1,4-ол-17b-он-3.

Метиландростендион. 17а-Метиландростен-5-диол-3b, 17b.
Андрогендік әсері басқа анаболиттік стероидтардан күшті, сол сияқты гепатоуытты әсері бар.


Негізгі өкілдерінің химиялық формулалары

19. Алкалоид Жалпы алкалоидтық реактивтер

Люголь, Вагнер, Бушард – йодтың калий иодидіндегі ерітіндісі – КІ₃

Драгендорф реактиві – висмут (ІІІ) иодидінің калий иодидіндегі ерітіндісі – К[ВіІ₄]

Майер реактиві – сынап (ІІ) иодидінің калий иодидіндегі ерітіндісі – К₂[HgІ₄]

Марме реактиві – кадмий (ІІ) иодидінің калий иодидіндегі ерітіндісі – К₂[СdІ₄]

Зонненштейн реактиві – фосфорлымолибден қышқылы – H₃PO₄ • 12MoO₃ • 2H₂O

Шейблер реактиві – фосфорлывольфрам қышқылы – H₃PO₄ • 12WO₃ • 2H₂O

Бертран реактиві – кремнийлівольфрам қышқылы – SiO₂ • 12WO₃ • 4H₂O

Манделин реактиві – күкірт қышқылындағы аммоний ванадаты – (NH₄)₃VO₄ + H₂SO₄

Таннин реактиві – 5%

Пикрин қышқылы (қаныққан ер-ді) – тринитрофенол

Арнайы алкалоидтық реактивтер

Концентрленген күкірт қышқылы – конц. H₂SO₄ ;

Концентрленген азот қышқылы – конц. HNO₃

Эрдман реактиві – конц. H₂SO₄ + конц. HNO₃

Фреде реактиві – MoO₃ + конц. H₂SO₄ ;


Марка реактиві – формалин + конц. H₂SO₄;

Вазицки реактиві - + конц. H₂SO₄;

Пикрин қышқылы – тринитрофенол – микрокристалдыскопиялық реакция орындалады

Реакциялардың ерекшеліктері

Реакциялар реактивтің өте аз (!) мөлшерімен орындалады, себебі артық көлем тұнбаны ерітіп жібереді.

Драгендорф реакциясы: алкалоид + реактив (KBiI4) – кирпично-қызыл тұнба;

Бушард, Вагнер реакциясы: алкалоид + реактив (KI3) – қошқыл тұнба.

Реактивтердің дайындалулары: Бушард реактиві – 1г I2 50 мл 4% KI ерітіледі; Вагнер реактиві – 1,27г I2 100 мл 2% KI сулы ерітіндісінде ерітіледі; Драгендорф реактиві – BiI3 + KI → KBiI4.

Бірақ, бұл реакцияларды негізік қасиет көрсететін, алкалоидтарға жатпайтын заттар (холин, бетаин, амин қышқылдары және т.б.) да береді.

Драгендорф реактиві К[ВіІ₄]
Атропин сульфаты – ашық қызғылт-сары тұнба (ярко-оранжевый);

Хинин ГХ – қоңырқай қызғылт-сары тұнба (темно-оранжевый);

Папаверин ГХ – ашық қызғылт-сары тұнба (ярко-оранжевый);

Кофеин – жылдам қоңыр-қошқылға (коричнево-бурый) ауысатын ашық қызғылт-сары тұнба (ярко-оранжевый);

Кодеин – қызыл-қызғылт-сары тұнба (красно-оранжевый);

Бушард реактиві КІ₃

Атропин сульфаты – қошқыл тұнба (бурый);

Хинин ГХ – қызыл-қошқыл тұнба (красно-бурый);

Папаверин ГХ – қызыл-қошқыл тұнба (красно-бурый);

Кодеин – қызғылт-сары-қошқыл тұнба (оранжево-бурый);

Кофеин – қошқыл тұнба (бурый);

Майер реактиві К₂[HgІ₄]

Атропин сульфаты – ақ тұнба;

Папаверин ГХ – ақ тұнба;

Кодеин – ақ тұнба;

Кофеин – тұнба түзілмейді.

Фосфорлы-молибден қышқылы (Зонненштейн реактиві) – сарғыш келген аморфты тұнбалар береді, бірақ олар кейін, молибден қышқылының тотықсыздануына байланысты, көк немесе жасылға айналады.

Шейблер реактиві (фосфорлы-вольфрам қышқылы) – аморфты ақ түсті тұнбалар түзеді.

Кремнийлі-вольфрам қышқылы – аморфты ақ және ашық-сары түсті тұнбалар түзеді.

Пикрин қышқылы – кофеин, колхицин, кониин, морфин, теоброминнен басқа алкалоидтармен сары түсті тұнбалар – пикраттар пайда болады.

Танниннің ерітіндісі – сарғыш-ақ аморфты тұнбалар.

Арнайыланған реактивтер

Алкалоидтардың жалпы реакциялары Алкалоидтардың арнайыланған реакциялары




16.Антибиотиктер.Жіктелуі.Негізгі дәрілік өкілдері,олардың сипаттамлары

Антибиотиктердің химиялық жіктелуі: Алициклдық (тетрациклиндер);

Ароматты (левомицетин);

Гетероциклдық (пенициллиндер, цефалоспориндер);

Аминогликозидтер (неомицин, гентамицин);

Макролидтер (эритромицин, олендомицин);

Полиендер (нистатин);

Ісікке қарсы (доксорубицин, актиномицин);

Полипептидтік (грамицидиндер);

Әртүрлі құрылысты (линкомицин, фугидин).

Биохимиялық жіктелуі: Антибиотиктер әсер ету механизмі бойынша:

Бактериялардың жасушалық жақтауларының биологиялық синтезінің арнайы ингибиторлары (пенициллиндер, цефалоспориндер);

Қызметтік мембрананың ингибиторлары (полиендер, аминогликозидтер);

Белоктың синтезі мен рибосомалар қызметтерінің ингибиторлары (тетрациклиндер, макролидтер, левомицетин);

РНҚ синтезінің ингибиторлары (доксорубицин,

актиномицин);

5) ДНҚ синтезінің ингибиторлары (доксорубицин,

брунеомицин).

.Антибиотик гликозидтер: Стрептомициндер – стрептомицин сульфат;

Басқа аминогликозидтер – канамициндер, неомициндер, гентамициндер, мономициндер – гентамицин сульфат, канамицин моносульфат, неомицин сульфат, мономицин, амикацин сульфат.

Макролидтер – эритромицин, олеандомицин – эритромицин фосфат, олеандомицин, мидекамицин, джозамицин.

Анзамициндер – рифамициндер және олардың аналогтары.

Азалидтер – азитромицин.

Стрептомицин тобы-Аминогликозидтерге жатады. Қолданылуы бойынша b-лактамдар, тетрациклиндер және полиенемес макролидтерден кейін төртінші орын алады. Стрептомицин сурети


-, II- және III-кезеңдік аминогликозидтік антибиотиктер


Антибиотик-макролидтер: Антибиотик-макролидтер – молекулаларының құрамында 14-16 атомнан тұратын лактондық сақина болатын антибиотиктер.

14-мүшелік макролидтер – эритромицин, олеандомицин, кларитромицин, рокситромицин, диритромицин;

16-мүшеліктер – мидекамицин, джозамицин, розарамицин, рокитамицин, китазамицин, мирозамицин, спирамицин, тилозин (ветеринарияда қолданылады).