Файл: "Ш. Улиханов атындаы Ккшетау университетi" КеА.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі 

"Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi" КеАҚ 

 

Педагогикалық институты

Математика, физика және информатика кафедрасы 

 



  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА ТУРАЛЫ ЕСЕП
 

Білім беру бағдарламасы: 

6B01513 – Информатика және робототехника (көптілді білім беру)

 3 курс ,  ИК-201 топ

                          Тәжірибе мерзімдері 16.01.2023 бастап 18.02.2023 ж. дейін

 

             Студент:  Ыдырыс Әлия

             Тәжірибе базасы: әл-Фараби IT лицейі


              Кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісі: Ахметова Гульназ Алтынбекова                

 

              Кафедрадан тәжірибе жетекшісі: Анохина Татьяна Васильевна

 

 

 

 

Көкшетау — 2023

Толық атауы

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы ІТ лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Мекен жайы

020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сарыарқа, 7 «А».

Оқу-тәрбие процесі

928 оқушы оқиды, оның ішінде: 14 бастауыш, 19 негізгі, 4 жоғары сыныптар.

Жабдықтау

Оқу үрдісінде 222 компьютер, 192 ноутбук, 11 интерактивті тақта, 3

интерактивті панель, 148 планшет қолданылады. 17 Wifi нүктесі,

Интернетке (Қазақтелеком) шығудың 4 нүктесі бар.

Оқу форматы

1 ауысым. Білім беру тілі: қазақ тілі.

Кадрлық құрамы

33 қызметкер, оның ішінде педагог cаны 83.


Робототехника

Робототехника кабинеті, STEM Роботтар - LЕGO, ҒісһегТесhnіс, Маkе

Воt, Матрешка, 3d принтерлер, Ноутбуктер, SТEМ жиынтықтарымен

жабдықталған. 3d модельдеу кабинеті Зd тұтқалармен, 3d

принтерлермен, VR көзілдірікпен жабдықталған.

База

Қабаттылық-3;

Жалпы алаңы:16160,6;

Негізгі ауданы: 9234,3;

Оқу кабинеттерінің саны – 42;

Спорт залы-2. Мектеп аумағында зоо көмірлі жылы жайы, футбол алаңы,баскетбол, волейбол алаңы, жүгіру жолы, турникпен ойын алаңы бар.

Мен Ыдырыс Әлия Ерболатқызы 16.01.2023 – 18.02.2023 ж.ж аралығында 3-курстағы педагогикалық тәжірибемді Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы Әл-Фараби атындағы IT лицейінде өттім.

Іс-тәжірибе кезінде мен 5 «В» сыныптың сынып жетекшісі болып бекітілдім. Назгүл Еркінқызы мектептегі іс-тәжірибе жетекшім және Ахметова Гульназ Алтынбекова пән бойынша әдіскерім болды. Ол кісі маған оқушылармен қалай тіл табысу керек екеніне көптеген мағлұматтар берді және информатика пәнінен сабақ алатын сыныптардың тізімін көрсетіп, сыныптарға бекітіп, сабақ кестесін берді. Жетекшім мені мектептің жалпы ережелерімен, құжаттарымен және қауіпсіздік ережесімен, сонымен қатар, мектептің санитарлық-гигиеналық шарттарымен, күн тәртібі ерекшеліктерімен, информатика сабағына арналған кесте бойынша жұмыс барысымен таныстырып өтті. Әрі информатика пәнінің күнтізбелік жоспарымен таныстырды. Алғашқы аптадан бастап-ақ, жетекшімнің информатика пәнінен жүргізген сабақтарына қатысып сабақ жүргізіп, өзіме тәжірибелер жинақтадым. Информатика сабағына қатысып және сабақ беру кезінде оқушылармен жұмыс жасауды, оқушылармен қалай тіл табысу керектігін және олардың сұрақтарына үлгере жауап беруді, сонымен қатар барлығына бірдей көзқараспен қарау керек екенін үйрендім.

Жалпы тек информатика сабағынан ғана емес тағы да қосымша сабақтар (факультатив) робототехника, STEM, цифрлық сауаттылық, бағдарламалау, 3d-модельдеу сияқты сабақтардан бердім.
Мұғалімнің сабақтарына қатысу нәтижесінде оқытудың әр түрлі формаларын дәстүрлі оқыту, ойын түрде сабақ өткізуді меңгердім. Оның ішінде жаңа сабақты түсіндіру, жаңа сабақты бекіту, қайталау, білімді тексеру және жүйелеу сабақтарының құрылымын құруды үйрендім. Әрбір оқушының мінез-құлқын зерттей отырып, әр түрлі әңгімелер жүргіздім.
Педагогикалық тәжірибе барысында 8 сынып оқушыларына Биші Робот» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс.атты сабақ өткіздім.

Сабаққа тиянақты дайындалып, әр сабаққа жоспар дайындап, тақырыпқа сай есеп шығартып, мысалдар келтіріп, сабақ уақытын тиімді пайдалануды үйрендім.

Информатика сабағы әр оқушыға қызықты десем қателеспеймін. Себебі: информатика қазіргі заман талабына сай жыл сайын жаңа программалармен өзгеріп келеді. Сонымен қоса бұл тәсіл оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын одан әрі дамытады. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, оқушы оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Оқушылардың бір пәннен менгерген білімін, дағдыларын екінші жақын пәндерге орынды қолдана білу, оған ойлау және салыстыру арқылы өз бетінше жете білу.

Практика кезінде мен бірнеше сабақ өткіздім.

1)Сабақ

Сынып 5 в

Тақырыбы: Роботтың шығу тарихы

Тапсырмалар орындалды, нақты нәтиже болжаммен сәйкес келді.

Сабақ мақсатына жетті.

2) Сабақ

Сынып 4 а

Тақырыбы: Videopad арқылы вейнебаян жасау

Тапсырмалар орындалды, нақты нәтиже болжаммен сәйкес келді.

Сабақ мақсатына жетті.

3) Сабақ

Сынып 5 а

Тақырыбы: Бұрылыстар,Практикалық жұмыс

Сабақ барысында жоспарланған жұмыстың барлық көлемі орындалды. Сабақ мақсатына жетті.

4) Сабақ

Сынып 4 ә

Тақырыбы: Презентация жасау

Тапсырмалар орындалды, нақты нәтиже болжаммен сәйкес келді.

Сабақ мақсатына жетті.

Соған орай мен информатика сабағынан 8«А» сыныбына ашық сабақ өткіздім.

Тақырыбы: «Биші Робот» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс.





Өзіме берілген 5 «В» сыныбына «Ауған –алауы жадымызда» тақырыбында тәрбие сағатын өткіздім.

Тәрбие сағатының мақсаты:  Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.







4) Робототехника және STEM сабақтарын өткіздім.




Маған информатика мұғалімінің жұмысы өте қызықты. Оқыту барысында менде жеке өсу, өзін-өзі жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болды Информатика сабағында бәрі жеткілікт,ноутбук,планшеттер ,компьютерлер бар . Оқушыларға жағдай жасалынған
Сыныптан тыс іс-шаралар аясында екі іс-шара дайындалып, жақсы деңгейде өткізілді. Мен бауырмал, төзімді, төзімді мұғаліммін.
Тәжірибе барысында мен көп нәрсені үйрендім. Тәжірибенің мақсаты: оқытылатын математика пәнінің ерекшеліктерін ескере отырып, негізгі мектептегі оқу-тәрбие процесінің кәсіби құзіреттіліктерін меңгеру, кәсіптік білім мен дағдыларды практикада қалыптастыру және бекіту, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгерту. Информатика мұғалімінің кәсіби міндеттерін орындау.
Осы іс-тәжірибеде жинақтаған тәжірибем болашақта жоспарлау мен сабақты, сыныптан тыс жұмыстарды жоғары әдістемелік деңгейде өткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Жалпы, атқарған жұмысыма көңілім толады. Тәжірибе сәтті аяқталды.