ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

21.Адамның қиындықтарды жеңуді талап ететін мақсатты әрекеттер мен қылықтарды жүзеге асыру қабілетінен көрінетін сананың реттегіштік жағы – ерік болып табылады. Ерік адам психикасының оқшауланған қасиеті емес. Сондықтан ол психиканың басқа жақтарымен және ең алдымен таныммен байланысты қарастырылады. Еріктің мазмұны ойлау, қиялдау үстінде пайдаланатын елестер мен ұғымдар. Мінез-құлықтың еріктік реттелуі - мақсатқа жету немесе белсенділіктен бас тарту үшін ақыл-ой және дене күшін саналы түрде бағыттау. Шешім қабылдау дегеніміз - бір тілекті екінші тілектен ажырату сөйтіп, мақсаттың идеалды бейнесін жасау. Жоспарлау. Бұл - күрделі ой әрекетімен ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді әдістері мен құрал - жабдығын іздестіру кезеңі. Жоспар әр қилы деңгейде, сапада болуы мүмкін. Кей адамдар бәрін өлшестіріп, пайымдаса, екіншілер жалпы үстүрт жоспармен шектеледі. Жоспарланған әрекет өздігінен бола қалмайды, ол үшін ерік күші жұмсалады. Еріктік әрекеттер түрлері:

● ырықты;

● ырықсыз;

● қарапайым;

● күрделі.

Еріктің амал кезеңдері

-Мақсат және оған жетуге ұмтылу:

● Мақсатқа жету мүмкіншіліктерін түсіну;

● Ниет тілектердің пайда болуы;

● Ниеттер тартысы және оның біреуін қалау;

● Тоқтамға келу үшін мүмкіншіліктердің біреуін қалау;

● Тоқтамға келген шешімді орындау

22. Темперамент (латын тілінен аударғанда- “қоспа, сәйкестілік” ) деп, әдетте, адамның психикасыныңсипатын оның байсалдылық және қозғалтқыштықдеңгейін анықтайтын туа біткен ерекшеліктерінатайды.

Темперамент жеке тұлғаға тән ең тұрақты маңыздыерекшеліктерден құралады. Ол адамныңжүріс-тұрысынан, оның өзіне және қоршағанәлемге деген қатынасынан білінеді. Темперамент- бұл қарым- қатынанс жасау барысындағы сыртқыортаға, айналадағы жағдайға деген психикалықреакцияның сипаты. Темпераменттің негізгі 4 типін бөліп қараймыз:

1. Сангвиник- ширақ, көпшіл, сыртқы қоздырғышқа тез жауап береді. Бұл күшті тип, ол өзін-өзі жақсы ұстай алады, байсалды келеді.

2. Холерик- ширақ, көпшіл, қызба, сыртқы қоздырғышқа жауабы әр түрлі. Шыдамсыз, ашуланшақ болып келеді. Бір нәрсені бастаса оның тоқтату қиын. Олар тік мінезді

3. Флегматик- селқос, көп қозғалмайтын, сабырлы, ұстамды. Олар бос сөлегенді ұнатпайды, тұйық. Ұзақ және бір қалыпты жұмыс жасай алады, күтеде алады.

4. Меланхолик- селқос, біртоға. Бұл әлсіз тип, оған өзіне-өзі сенімсіздікпен жасықтық тән. Меланхолик ренжігіш, күмәншіл болып келеді.


 

Мінездің акцентуациялануы - адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Мінездің акцентуацияланған типтері — әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің типтік қиылысқан көрсеткіші. Мінез акцентуациясы — психопатиялармен шектесіп, норманың шеткі варианттарын көрсететін белгілі бір мінез бітістері мен олардың үйлесімдерінің ерекше көрінісін білдіретін, К. Леонгардпен ұғым. Акцентуация (Мінезді қараңыз) басқа қасиеттерінен қандай да бір қасиеттің немесе белгінің бөлініп ерекше дамуы.

Ұлттық мінез - әдеби шығармадағы кейіпкердің ұлттық сипатымен ерекшеленген мінез-бітімі, оның белгілі бір халықтың өкілі екендігін танытатын психологиялық және ойлау, сөйлеу өзгешелігі. Ұлттық мінез - тарихи категория. Ол қоғамдық, рухани, экономиялық және саяси жағдайларға сәйкес қалыптасады. Дүниені ұлттық түсінікпен қабылдау жолы қай адамға болсын тән қасиет. Өнерде, әдебиетте адам бейнесінен бұл қасиет толық көрініп тұрады. Әр халықтың өз эпикалық туындыларын олардың талай замандар ұлт болып қалыптасуынан бөліп қарауға болмайды. Сондықтан шығармада ұлттық мінез жасау үшін оның дүниетанымын, психологиясын, әдет-ғұрыптарын, т.б. қасиеттерін білу керек.

• Нышан және қабілет.

• Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның қабілеті ата тегіне, яғни тұқым қуалау факторына байланысты деген көзқарасты қолдайды. Бұл көзқарас бойынша, әр адамның қабілеті – оған туа берілетін өзіндік дара табиғи қасиет.

• Дегенмен, қабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес. Себебі, қабілеь – адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе – қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік – нышан. Нышаның табиғи негізі – жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы миллиардтаған клеткалардың қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және олардың алмасып отыруы. Ол өмір тәжірибесі, тәлім-тәрбие істері нәтижесінде үнемі дамып жетіледі.

• Нышан – мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл нышандар іс-әрекеттің нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер кезінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде 
дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы өрістете түсу қажет. Нышан сан қилы мағынада көрініс беоеді. Мәселен, әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайлардың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкін. Мысалы, бойында шапшаңдық пен дәлдік, ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін. Бірі – хирург дәрігер, екіншісі – гимнаст, үшіншісі – суретші т. с. с.

• Нышанның ерекше түрі адамда жас кезінен байқалады. Қазақтың аса дарынды күйші-композиторы Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісова өзінің күйшілік қабілетін сегіз жасынан-ақ байқатып, бір-ақ рет тыңдаған күйін мүдірмей, айна-қатесіз, дәл орындай алған. Дарынды киноактер, әрі режиссер Шәкен Аймановтың да жалпы өнерге деген құштарлығы бала кезінен-ақ айқын байқалғандығы жайлы Қазақстанның халық әртісі Кәукен Кенжетаев тебірене еске алады. М. Әуезов өзінің «Еңлік - Кебек» пьесасын 20 жасында жазған. Әйгілі суретші К.П. Брюллов тоғыз жасында Сурет академиясына оқуға түскен. Ал А.С. Пушкин сегіз жасында-ақ өлең жаза бастаған. Алайда, мынадай жағдайды да естен шығармаған абзал. Егер белгілі бір іс-әрекет барысында жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай жетістіктер адамның балалық шағынан байқалмаса, ондай балада қабілет жоқ деп айтуға болмайды. Мысалы, аса көрнекті математик Н.Н. Лузин, биолог К. Линней, жазушылар В. Скотт, С.Т. Аксаков, И.А. Гончаров т. б. өздерінің қабілеттілігін әлдеқайда кешірек танытқан.

• Қабілетті дамыту.

• Қабілет – жеке адамның оқшауланып тұратын құрылымы емес. Ол адамның тұтас психикалық қалпындағы басқа қасиеттермен табиғи бірлікте болады.

• Жеке адамның потенциалды күшін қаншалықты толық пайдаланатындығы және қабілетін дамытуы оның қасиеттерінің жиынтығына тәуелді болады.

• Маңызды әлеуметтік талпыныстар адамның белсенділігін арттырады. Іске деген сүйіспеншілік талант пен қабілеттің дамуы мен көрініс беруінің басты шарты. Қабілеттің дамуындағы маңызды кезең – кедергілерді жеңе білу / мұндайлар адамға қолайсыз сыртқы жағдайлардың, не мүше кемістігінен: сақау, соқыр, сңырау/ және адамның өз көңілі ауған және бұған біршама ыңғайы бар істі меңгеруі.

• Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екеншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі 
айырмашылық істің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік – нақты әс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы соалалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылық мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.

23 Мен – концепция. Тұлғаның құндылықтары. Мінез-құлық және құрылымдар. Тұлғаның адамгершілік негіздері. Тұлғаның рухани әлеуметтенуі.

Индивидтің мінез-құлық тенденциясын және бағасын найымдауды білдіретін өзі туралы елестетулер жиынтығын «МЕНконцепциясы»деп атайды, яғни адамның Өзі жайлы жалпы ұстанымдар жүйесі.

«МЕН - концепциясы» шынайылықтың эртүрлі Шеңберіндегі жэне оның енжарлығының үш рөлін атқара отырып, адамның сэттілік шегін анықтайды, біріншіден тұлганың іщтей өзімен келісушілікке жетуге қабілеттендіреді; екіншідең адамның тәжірибесінің интерпретациясын анықтайды. Үшіншіден күтудің бастамасы болып табылады. Осылайша, «МЕН - концепциясы» барлық тұлғалық және мінездік процестерді реттеуші ретінде көрінеді. «Мен - концепциясы» өзінің шыгу тегі жағынан -негізінен жүйке жүйесінің қасиеттерімен мазасыздық деңгейіне генетикалық бекітілген фенотиптік құрылым.

 «Мен» объект ретінде 4 аспектіден тұрады: рухани «Мен» материалды «Мен», әлеуметтік «Мен», денелік «Мен».Жалпы феноменологиялық тұрғы шеңберінде құрастырылған «Мен-концепциясы» келесі жағдайларға негізделеді:

1. Мінез-құлық индивидтің қабылдау еңбегі болып табылады,
ол өз алдында феноменологиялы: индивидтің психологиялық
шынайы өмірі - бұл жалпы объективті өмір емес, оның мінез-
құлық жағдайындағы субъективті қабылдауының нэтижесі.

2. Индивидтің орталық, интеграциялайтын феноменалды
жазықтығының нүктесі - «Мен -Концепциясы» оның маңайында
қабылдаудың барлық бейнелері қалыптасады.

3. «Мен - Концепциясы» бір мезгілде қабылдау жемісі және де?
элеуметтік мэдени ортадан алынған құндылықтары бар ұғымдарі
жиынтығы болып табылады.

4. «Мен - Концепциясы» құрылуымен мінез - құлық оға
толығымен бағына бастайды.

5. «Мен - Концепциясы» уақытпен жэне жағдайлық контекспеі

санасады, бұл оның болжамдық құндылығы болып табылады.

6. Басқа адамдардың оңды қатынасын қажетсіну «Мен
Концепциясының» құрылуымен параллельді жүреді- Өзіне деге""
оңды көзқарасты қажетсіну басқа адамдардың өзін оңды бағала
тэжірибесін игеру арқылы қалыптасады.

7. Нақты өтіп жатқан өмір тэжірибесі мен «Мен
Концепциясы» арасындағы қайшылықтарға қарсы түрлі қорғаны
стратегиялары қолданылады.

8. Адамның негізгі маңызды мотивациялық түрткісі - өзінді
актуализациялануға деген қажеттілік, өзінің «Мен
Концепцияларының» құндылықтарын жоғарылату жәнг
жоғалтпау.

Бағдарлар 3 категорияға топтастырылады: - реалды «Мен> (индивидтің дэл осы мезетте өзін-өзі қабылдауы) - элеуметті «Мен» (индивидтің ойынша қоршағандары қала қабылдайтындығы

жайлы) - идеалды «Мен» (индивидтің болғысы келетін бейнесі».

Жеке тұлғаның құндылық бағдарлары - жеке тұлға ажырата алатын, өмірдіңмақсаты және оған жету үшін қажетті негізгі құралдар ретінде керекті және осыған байланысты индивидтің әлеуметтік мінез-құлқын реттейтін маңызды функциясы бар әлеуметтік құндылықтар.[1]





Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығын мінез-құлық деп атаймыз. Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді.

Мінез-адам қасиеттерінің тұтас жүйесі.Мінез бір-біріне белгілі бір қатынас байланысы бір жеке адам қасиеттерінің жүйесі,тұтас құрылым болып табылады.Сондықтан,адам мінезінің бір әлде бірнеше қасиеттерін біліп,оның басқа қасиеттерінің қандай екенін айтуға болады.Мәселен:ақжарқын т.б.

Мінездің қалыптасуы: психикалық процестер, психикалық көңіл –күй, жеке бастың қасиеттері, мінез қасиеттері, мінез бітістері.

Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Дегенмен, кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылымы дейді. Ал мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомкомплекс не факторлар деп те аталады.