ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


маңызды кері байланыс: қолдау, басын кілт;

агрессивті, адамның жағымсыз сезімін бастан кешіргенде, ол тоқтағанға дейін оларды шығарып тастау маңызды.
Танысу. Байланысты қалыптастыру;

◊ Қарым-қатынас барысын бақылау;

◊ Мәселені талдау;

◊ Мәселені шешу;

◊ Байланысты тәмамдау.
√ Ақпарат жинау
Сәттілік сыры екінші бір адамның жүрегіне, көңіліне, басқаша айтқанда қалтасына жол таба білуде жатыр. Сіз белгілі бір компаниямен әріптестік байланыс орнату үшін келіссөзге барсаңыз, ол компания туралы мүмкін болған барлық деректі біліп барғаныңыз жөн. Аталған компанияға қатысты кез келген дерек маңызды болуы мүмкін. Ақпарат жинау "Екінші жаққа шын мәнінде не керек?" деген маңызды сұраққа жауап бере алмақ. Түпкілікті мақсат айтылған сөзбен сәйкеспей жатуы да мүмкін.
√ Сүйкім
Өзіңіз туралы жағымды әсер тудырыңыз. Күлімдеңіз, бас шұлғыңыз, сұрақ қойып, мұқият тыңдаңыз. Оған жылы шырай танытып, әр сөзіңізді ойланып айтыңыз. Егер адам сізге оң көзбен қараса, сіздің мүддеңізге жеңілдік жасауы әбден мүмкін. Ол туралы алдын ала жеткілікті ақпарат жинап алған соң, оның қай бағытқа ұмтылатынын да шамалаңыз. Ешқашан бір жаққа асығып тұрған кейіп танытпаңыз. Сіз бұл әңгімені жалғастырып отыра беруге барсыз. Ал егер жақсы келісімге келу мүмкін болмаған жағдайда, ашуыңызды көрсетпей, жай ғана қоштасып, орныңыздан тұрып, сүйкіміңізді сақтап кете беріңіз. Ешқашан келесі тараптың алдында ашуға берілмеген жөн. Шын мәнінде бұл келіссөзде жеңіс дегеніміз - сізге тиімді шешілген жайттар, ал қалғаны, яғни оларға тиімді шешілген мәселелер - жеңіліс. Сондықтан келіссөздің алдында сіз үшін нақты ненің жеңіс әкелетінін біліп отырғаныңыз жөн. Қарсы тарап сізге тиімді ұсыныс жасағанда, қуанып тұрғаныңызды білдірмеңіз. Егер ұсынысқа бірден келісім берсеңіз, сізді көндіру оңай екеніне олардың көзі жетпек. Сіздің соңғы сөзіңіз: "ойланып көрейін" болуы керек.
√ Нақтылық пен тәжірибе
Сөзіңіз де, ұсынысыңыз да нақты болсын. Қарсы тараптың әлсіз тұсын біліп алып, соған бағыттап мұқият әрекет еткен дұрыс. Келіссөз барысында өзіңіз әріптестік байланыс орнатқан компанияларды атап өтіп тұрыңыз. Қарсы тарап бұл компанияларды бірінші рет естіп отырса да, сіздің тәжірибеңіздің мол екенін түсінбек. Ал танымал, беделді компаниялармен байланыс орнатқан болсаңыз, бұл қарсы тарапқа нәтижелі әсер қалдырмақ.

√ Кәсібилік
Жұмыс барысында өз-өзіңізді дамытып, жетілдіріп отыруға тырысыңыз. Өйткені кез келген келіссөзде сіздің кәсібилігіңіз бен біліміңіз сынға түспек. Қаншалықты өз ісіңізді терең білсеңіз, кез келген адам мол білімнің алдында осалдық танытады.
30 психология

Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару, ал leadership – басқара алу қабілеті деген мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мǝнерде ұстауына мǝжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына ǝсер ету үшін басқарушының қолданатын құралы. Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – бұл басқа адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нǝрсені жасауға ĸөндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды ĸөшбасшы мақсатын ісĸе асыруға бағыттай алады. Көшбасшылықты ǝдетте ақыл, сауаттылық деңгейі, сенімділіĸ пен ǝлеуметтіĸ қатысу, ǝлеуметтіĸ-эĸономиĸалық статус түсініĸтерімен байланыстырады. Көшбасшы мен Басшы деген ұғымдардың мағынасы ажырата білу ĸереĸ. Басшы – бұл

жұмысты беруші жǝне сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұл адамның лауазымы. Жақсы басшы қызметĸерлері орындаған жұмысты реттеп қабылдап отырады. Ал, Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты ĸөр қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.

Көшбасшы-жетеĸшіні айналасындағылар сайлайды жǝне оны мойындайды. Әдетте лидер деп сол адамды есептейді, егер қаңдай да бip мǝселеге шешім қабылдағанға лидердің жоғары дǝрежедегі ықпалын ĸөпшіліĸтің мойындауы.

Егер ĸөшбасшы төменде ĸөрсетілген үш фунĸцияны орындап жүрсе, онда оны ĸөшбасшы деп толығымен атауға болады:

● Бағыттаушы;

● Ұйымдастырушы;

● Ынталандырушы.

Бағыттаушы рөлдің негізін қарастыратын болсақ, ĸөшбасшы ісĸерліĸ тапсырмаларды қойған жǝне қабылдаған ĸезде, анықтағанда, жұмыстың ой мен стиліне аса мǝн беруі қажет. Көшбасшы қойылған мақсатқа жету үшін топты біріĸтіріп, топтық жұмысты жақсы бақылай алу ĸереĸ. Бұл Ұйымдастырушы рөлінің негізі. Ынталандыру рөлі ретінде қойылған тапсырмалардың маңыздылығын түсінуін, өзінің ісін сыртқы дүниемен қатынас ĸезінде қорғауы қарастырылады. Егер ĸөшбасшы өзінің рөлін сǝтті атқарғысы ĸелсе, бұл үш рөлді бір-біріне ажыратып қолдана алмайды.


Басқару қызметі – бұл басқару қызметінің белгілі бір тұтастан мазмұнға ие болған оқшауланған бөлігі, яғни бұл басқару қызметінің мамандандырылған бөлігі.

Басқарудың мамандығын қызметінің біріңғай тұтас синтезделуін жǝне интеграциялауын басшылық деп атайды.

Басшы өзіне негізгі 2 міндеттің жүĸтелгенін білуі тиіс: адамдармен жұмыс істеу жǝне басқару жүйесін ұйымдастыру. Олар өзара байланысты.

Басшының мақсаты басқалардың өзіне беĸітілген жұмысты орындалуына ықпал ету. Басшы еңбегін таңдауға түртĸі болатын ықпалдар төменгі ĸестеде ĸелтірілген. Осы қызметтің орындау үшін оның өзінің формальды өĸілеттілігі мен қоса билігі болған қажет.

Биліĸ – бұл басқалардың жүріс-тұрысына ықпал ету мүмĸіндігі