Файл: 1 лтты білім беру моделі мені кзарасыммен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 6473

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ақпараттық қорларды түгендеу. Бұл кезеңде, әдетте, объект, ақпараттық ағындар автоматтандырылған жүйелердің құрылымы серверлер, хабар тасышулар, деректер өңдеу және сақтау тәсілдері жайында мәлімет жиналады. Түгендеу анықталған соң олардың осалдылығына талдау жасалынады.

Қатерді талдау. Келесі шаралардың нәтижелерді ақпараттық қорлардың қорғанылу күй — жағдайның қаншалықты толық және дұрыс талдануына тәуелді болады. Қатерді талдау мыналардан тұрады: талданатын объектілерді және оларды қарастырудың нақтылану дәрежесін таңдау; қатерді бағалау әдіснамасын таңдау; қауіптерді және олардың салдарын талдау; қатерлерді бағалау; қорғаныш шараларын талдау; таңдап алынған шараларды жүзеге асыру және тексеру; қалдық қатерді бағалау.

Қауіп бар жерде қатер пайда болады. Қауіптерді талдау кезеңі қатерді талдаудың орталық элементі болып табылады. Қауіптердің алдын алу үшін қорғаныш шаралары мен қүралдары қажет. Қауіптерді талдау, біріншіден, мүмкін болатын қауіптерді анықтаудан (оларды идентификациялаудан) және, екіншіден, келтірілетін болашақ зиянды болжау — бағалаудан тұрады.

Бұл кезеңнің орындалу нәтижесінде объектідегі қауіп — қатерлер тізбесі және олардың қауіптік дәрежесі бойынша жіктемесі құрастырылады. Бұлар бәрі ақпарат қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды айқындауға, қорғаныштың ең әсерлі шаралары мен құралдарын таңдап алуға, сондай — ақ, оларды жүзеге асыруға қажетті шығындарды анықтауға мүмкіндік береді.

Қорғаныш жоспарын құрастыру. Бұл кезеңде осының алдында жүргізілген талдаудың нәтижесінде анықталған қатердерді бейтараптау үшін қорғаныштың тиісті ұйымдастырушылық және техникалық шаралары таңдап алынады.

Қорғаныш жоспарын құру ақпарат қорғау жүйе,сінің функционалдық сұлбасын әзірлеуден басталады. Ол үшін қорғаныш жүйесінің атқаратын міндеттері анықталады және нақты объектінің ерекшеліктерін ескере отырып жүйеге қойылатын талаптар талқыланады. Жоспарға мынадай құжаттар қосылады: қауіпсіздік саясаты; ақпаратты қорғау құралдарының объектіде орналасуы; қорғаныш жүйесін жұмысқа қосу үшін қажет шығындардың сметасы; ақпарат қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын жүзеге асырудың күнтізбелік жоспары.

Қорғаныш жоспарын жүзеге асыру. Бұл кезеңде қорғаныш жоспарында келтірілген шаралармен қоса жабдықтаушылармен келісім — шарттар жасасу жабдықтарды орнату және баптау, қажетті құжаттарды әзірлеу және т.б. осы сияқты шаралар іске асырылады.


 


60 ЕҢ МАҢЫЗДЫ АШЫЛЫМДАР

Еліміздегі ғылымды дамыту көрсеткіштеріне назар аударатын болсақ, ғылымды өркендетуде жоғары білім беру секторы жетекші орынға шықты деуге болады. ЖОО-ның ғылымды дамытатын негізгі күшке айналуына соңғы жылдары елімізде жүзеге асырылған бірқатар реформалар әсер еткені сөзсіз. ҚР Білім және ғылым министрлігінің еліміздегі жетекші университеттердің автономды бағытқа бұруы және оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы ғылымды дамытуда негізгі күшке айналды.  

Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдары ғылым мен білімді дамыту бағдарламасында аталған бағыттарға ерекше мән берілді. Қазіргі таңда дамыған елдерде ғылыми-зерттеу орталықтарының көпшілігі іргелі университеттердің базасында дамып жатыр. Мұндай әлемде мойындалған үрдіс Қазақстанды да айналып өтпегені бізді қуантады.  

Осы ретте университеттер жанында ғылымды дамытатын ұйымдарға ЖОО-ның бақылауындағы ұйымдар немесе олармен қауымдас ҒЗИ, экспериментальды станциялар мен клиникалар кіретінін айта кетуіміз керек.

2018 жылы 17,4 мың зерттеуші-мамандардың көпшілігі (5,2 мың) жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан. Бұл саладағы мамандардың біліктілігі бойынша жіктесек, ғылым докторы – 574, кандидаттар – 1,3 мың, философия докторлары (PhD) – 200, салалар бойынша докторлар 199 адамды құрағанын байқауға болады. Ал магистранттардың саны 1,2 адамды құрады. 

Тағы да айта кетсек, инженерлік зерттемелер мен технологиялар салалары бойынша ғылыми жұмыстармен айналысқан адамдардың саны 2,2 мың адамды құрап, олардың арасында ғылым докторлары – 371, ғылым кандидаты – 837, философия докторлары (PhD) – 59, салалар бойынша докторлар – 112 және магистранттар 863 адамды құраған.
Жоғары ғылыми атағы мен біліктілігі жоғары ғалымдардың ғылыми жұмыстармен айналысуы медицина саласында байқалған. Аталған сала бойынша 909 адам ғылыми жұмыспен айналысып, оның 244-і ғылым докторы, 393-і ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD) мен  салалар бойынша докторлар 204 адамды құраған.

Тиісті орындар жүргізген сараптама нәтижесі бойынша, ғылыми бағытта жоғары нәтижелі зерттеулерге негізінен, іргелі ғылымдар бағытының физика, химия ғылымдары және биология, сонымен қатар қолданбалы жұмыстар бағытындағы – металлургия саласы, медицина және ауыл шаруашылығы энергетиктері жеткен.

Айталық, «Парасат» Ғылыми-техникалық орталығы» АҚ тау-кен және металлургия саласы бағдарлама шеңберінде «Отқа төзімді және сапасы төмен шикізаттарды өңдеу мен байыту технологиясын»  ең алғаш демеркуризациялы өңделген көмірден вакуумда алтын өндіру, бөліп алу үшін үздіксіз әсер етуші құралдар мен технология әзірлегенін атап айтуға болады.


Жүргізілген материалдық баланс есебінше, қайта өңдеу өнімдерінде пайдаланылған сынап көмір сорбенттерінде көрсеткендей, сынап толықтай дерлік (99,4 %) конденсатқа айналады. Өнімдерді қайта өңдеуге жұмсалған (қыздырушы от, шаң, газ қалдықтары мен ағын сулар) сынаптың ШРК нормасы аспайды. Мұндай технология және вибровакуумді орнату әлемде теңдесі жоқ, әрі жоғары өнімділікке ие және экологиялық қауіпсіз.

Ал Ж.Әбішев атындағы химия-металлургиялық институт ҚР Минералды шикізаттарын кешенді қайта өңдеудің Ұлттық орталығымен тізе қосып, «Минералды-шикізат ресурстары мен түрлі-түсті металлургияның техногенді қалдықтарын тиімді пайдаланып, отандық өндіріске қажетті өнім алу» бағдарламасы бойынша маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Ғалымдар алғаш рет ожау тәсілімен кен балқыту пешіне алдын ала кальцийленген колеманит құю арқылы силикобария ағызып, құрамында боры бар ферроқорытпа алудың жаңа өндірісі ұйымдастырды. Нәтижесінде, 5 тонна жаңа қорытпа алынды. Сонымен қатар КАМС (кальцийі бар алюмосиликомарганц) кешенді қорытпа алу технологиясы әзірленді.

Наносиликатты мысты электролиттік бөліп алудың технологиялық және аппараттық схемасы әзірленді. Бөлшектік мөлшері 50 нанометрді құрайтын нанодисперсиялы силикат мысты алу үшін алғаш рет стендті-жартылай өнеркәсіптік технологиясына сынақ жүргізілді.

Жоғарыдағы ғылыми бағдарлама бойынша «2015-2017 жылдарға арналған баяу байытылатын түсті металдар кенін игерудің ғылыми-техникалық негіздемесі» атты жұмыстың жаңалығы қоршаған ортаға еш залалы келмейтіндей және улы заттарсыз таза технологияны пайдаланып, қорғасын-мырышты тотыққан кендерден барий, күміс, қорғасын, мырыш және тауарлық өнімдерді жоғары техника-экономикалық көрсеткіштерімен кешенді өңдеу технологиясын  пайдалана отырып бөліп алу жолын әзірлеу болып табылады.

Іргелі ғылымдар бағдарламасы бойынша емдік дәрі-дәрмек жасауда «Фитохимия» Халықаралық ғылыми-өндірістік  холдингі» АҚ «Өсімдіктер және олардың синтетикалық баламаларының жаңа биологиялық белсенді қосылысы» тақырыбында алғаш рет бірегей дәрілік заттар алуды қолға алғанын мақтанышпен атап айтуға болады.  
Сонымен қатар фармацевтикалық өндірісте дәрілік субстанцияда сатылай бақылау жүргізу үшін стандартты үлгі ретінде пайдаланылады. Ғылыми бағдарламада гармал гармин субстанциясын бөліп алу және тазалаудың оңтайландырылған әдісін «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» серіктестігі өндіріске тәжірибе ретінде енгізді. Алғаш рет 2-(бромалкокси) және тиісінше 2-(азидоалкокси) алу тәсілі әзірленіп, «кумарин-халконов» гибридті синтезінде пайдалану мүмкіндігі зерттелді.


Нәтижесінде, рентгенқұрылымдық зерттеулерде алғаш рет 14 молекулалы кеңістік құрылымын белгіленген табиғи қосылыстар орнатылған. Бұл ақпарат Кембридж банкінің құрылымдық деректеріне енгенін атап айтуға болады.

Алғаш рет жоғары антиоксидантты белсенділікке иеленетін гидразонапиностробина зертханалық регламент арқылы алу тәсілі әзірленді.

«Қазақстан Республикасында атом энергетикасының дамыту бағдарламасы бойынша энергетика саласында жер бетінің атмогеохимикалық түсіруде оның геологиялық ортадағы техногендік өзгерістерінің әдістемесі мен модельдік бағдарламасы әзірленді.

Алғаш рет Қазақстанда радон 222Rn изотопынан дозалық жүктемесі анықталып, қазақ ғалымдары оны алудың әдістемелік нұсқаулығы әзірлегенін мақтанышпен айтуға болады.

Осы нұсқаулықты сынау нақты Ақмола облысы Калачи ауылы тұрғындарына жүргізілді. Бәріміз білетіндей бұл ауылда 2014-2015 жылдары айтулы дүрбелең тудырған «ұйқы синдромы» оқиғасы орын алған еді. ҚР ҰЯО-ның мамандары табиғи радионуклидтердің 222Rn-ге қатысы болуы мүмкіндігін анықтады.

Еліміздегі ең танымал Жану мәселелері институты машина жасау саласында 3 D принтинг» ғылыми орталығының негізін қалап, ұйымдастыру Қазақстанда алғаш рет пластмассамен жұмыс жасау және бетоннан үй тұрғызу жұмыстары үшін отандық 3D принтерлер жасап шығаруды қолға алды.

Сонымен алғашқы отандық пластмассадан бұйымдар басып шығаратын түрлі-түсті 3D принтер әзірленді. 3D принтерді тестілеу мен сынақ жүргізу ойдағыдай сәтті жүргізіліп, пластмассадан тестіленген бұйым алынды. Сонымен қатар ұсақ темір қосалқы бөлшектерді еш қиындықсыз дәлме-дәл тетікке бағыттай алатын, 5 сатылы еркін қимылға ие бетонмен жұмыс жасайтын қатты металдан экструдер әзірленіп, жасап шығарылды.

Үйдің сұлбасын тұрғызатын 3D принтердің жалпы технологиялық схемасы әзірленді. Түрлі-түсті 3D принтердің механизмі пысықталып, жаңа бағдарламалар енгізіліп, жұмыс істеуі жүйеленді.

Ал медицина саласы бойынша «Арал маңындағы тұрғындардың денсаулық жағдайын кешенді басқарудың тәсілдері» алғаш рет экологиялық тәуелді аурулардың пайда болуын айқындайтын Арал маңы тұрғындарына әсер етуші экологиялық ауыртпалықтың дозасын (мөлшері) анықтады.

Зерттеуге алынған елді мекендердегі суқоймаларынан, сондай-ақ топырақ және шөгінділерінен жоғары сульфат және паразиттік қоздырғыштармен зақымданғаны анықталған.

Онкологиялық аурулардың (өңеш, асқазан, бауыр обыры) пайда болуы табиғи ортаның хлоридтер, сульфаттар және металдардың кездесуімен тікелей байланысты екені ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Сонымен қатар ер мен әйелдің репродуктивті жүйесі және гуморальдық иммунитеттері бұзылып, балаларда дене ұзындығының төмендеуі, ССС және ЖКТ функционалдық баланстың бұзылуы, темір жетіспеушілік анемия, бронхиалды астма аурулары жиі кездеседі.


Қоршаған ортасы ластанған Арал маңы тұрғындарының жағдайының алдын алу, түзету және оңалту шаралары жүргізілген.

«Қазақстан Ресубликасының 2014-2016 жж. биомедициналық индустриясының негізін қалауда трансляциялы және персоналдандырылған медицинаның дамуы» (Назарбаев Университеті) бағдарламасынан алынған нәтижелер биофармацевтикалық препараттар өндірісі бүкіл әлемдік зерттеулер контексіне жаңалық  болып отыр.

Алғаш рет Назарбаев Университеті ғалымдары адамның дін жасушаларындағы индукцияланған плюрипотенттерінде эритроциттердің қалыптасуындағы гипоксия әсерін зерттеді. Клиникаға дейінгі зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, сүйек асты жасушасын пайдалана отырып, жасушалы-имплантациялы жүйесін әзірлеу шеңберінде гепарин-конъюгировалы фибринды гидрогелді (ГКФГ) қолдану сүйек ақауын толық қалпына келтіруге және небәрі 12 аптада шоғырландыруға септігін тигізетіндігі анықталды.

Осылайша, соңғы жылдары қазақ ғылымы дамудың жаңа сатысына көтеріліп, өзінің күші мен қуатын әлемге паш етті.

61 КӘЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Адам құқығы - конституциялық құқықтың маңызды институты. Мемлекет ішіндегі құқық, сондай-ақ халықаралық құқық саласын да ол ХХ-ғасырдың екінші жартысында ерекше дамып, бұл адамзат құқығының дамуындағы елеулі қорытындыларының бірі болып табылды.

Адам құқықтары - адам жарық дүниеге, өмірге шырылдап келген сәттен бастап пайда болады. Адам құқықтары - адамның өз мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігі. Адам құқылары табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтар дегеніміз - адамның тіршілік етуінен туындайтын (мысалы; өмір сүру, еркіндікке жету, жеке басына тиіспеушілік т. б.) құқылары. Әлеуметтік құқылар дегеніміз - адамның мемлекетпен өзара әрекеті процесінде пайда болатын (мысалы; білім алуға, еңбек етуге, байқуатты өмір сүруге, азаматтық алуға, сот әділдігіне жүгінуге, еркін жүріп-тұруға, мүліктерді иеленуге т.б.) құқықтары.

Қоғамдық қарымқатынастарға құқықтық нормалардың тиімді әсер етуді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың құқықты қолдану қызметінде сот билігін жүзеге асырушы болып табылатын сот жүйесіне үлкен рөлі беріледі.

Адам құқыларының жалпыға бірдей Декларациясының 8-бабында бекітілген, тәуелсіз және әділ сот арқылы істің әділ және ашық қаралуын талап етуге құқығы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабымен да кепілдік берілген, онда: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар» делінген.