Файл: 1 лтты білім беру моделі мені кзарасыммен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 6470

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазір заман бөлек, талап басқа, оқушыға берілетін білім де терең. Сондықтанжаңашылдықтыңдәуірінбасынанкешіріпжүргенталантты да, талаптыоқушынытәрбиелеуде, осындай  жаңа  даму  үрдісі  алға  басып  отырғанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығыдепбағалауғаболады.«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің, жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды болып табылады. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең маңызды ошағы – ұстаз берген білімде.Мұғалім - жас ұрпақ тәрбиешісі.«Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай,  әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын. Сондықтан да мұғалімге жасалатын қамқорлық, жүктелетін жауапкершілік жас ұрпақ тағдырына, болашағына жан ашырлықпен қарау деп ұғынылғаны дұрыс.

Мен өз сөзімді ағылшынағартушысыУильям Уордтың қаннатты сөзімен аяқтағым келіп отыр:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді.

Ұлы мұғалім шабыттандырады.

26 МІНСІЗ МҰҒАЛІМНІҢ ПОРТРЕТІ

Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру парадигмасының өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқытып, тәрбиелейтін кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалімді  талап етіп отыр. Нәтижеге бағдарланған білім беру сапасын арттыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған «Жаңа формация маманы болу – білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Білім беруді түрлендіруде, білім процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі болып табылады. Бүгінгі күнде  экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында  «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар  білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын  жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары  көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді. Нәтижеге бағытталған жаңаша білім беру тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейінгіде жетістігінің кепілі болып табылады. Бүгін қоғамның білім беруге қойып отырған талаптары мен білім берудің нақты жағдайы арасындағы қарама-қайшылықтарды үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін барлық деңгейінде – кәсіптікке дейін, жоғарғы оқу орнындағы, жоғарғы оқу орнынан кейін де жаңарту негізделген. Қазақстан Республикасының жоғарғы білім беруді дамыту стратегиясының негізгі мақсаты жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің жоғарғы  сапасын қамтамасыз ете алатын жоғарғы оқу орнының ұлттық моделін құру, нәтижеге бағытталған білім беру негізінде кәсіби құзіретті мұғалім қалыптастыру. Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізгі шарттары:
1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.
2. Қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.

3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.
4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті.
Білімді толық игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуіне, өз ойын ашық және толық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту – оқытудың ең басты мақсаты. Әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп оқытуымыз дұрыс.
Жас өркеннің жақсы азамат, білікті тұлға ретінде қалыптасуы мұғалімдердің білімі мен кәсіби шеберлігіне , мемлекет пен халық алдындағы азаматтық парызына деген жауапкершілігіне тікелей қатысты. «Мектептің жүрегі – жақсы мұғалім» деп ұлы даланың дана педагогы Ыбырай Алтынсарин айтқандай, бүкіл мемлекеттің, тұтас ұлттың болашағы – ұстаздардың қолында. Жеке тұлғаның танымдық үрдістерін дамытуда, сондай-ақ, білім, білік, дағдыны, жалпы дүниетанымын қалыптастыруда оқыту әдістерін, жаңа оқыту технологияларын оқыту үрдісінде тиімді пайдалана білу мұғалім шеберлігіне байланысты. Қазіргі заман талабына сай «қазақ  тілі» пәнін оқыту да жаңа тақырыптарды оқушылардың өздеріне меңгере алатындай билік беру, ізгілендіру, түрлендіру, тұлғаға бағытталған білім беру ұстанымдары арқылы жүзеге асырылады.Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Мен сындарлы оқыту бойынша қазақ  тілі пәні бойынша әдіс-тәсілдерімен оқытып жатырмын. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді..

27 КРЕАТИВТІЛІК-ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГТІҢ ҚАЖЕТТІ ДАҒДЫСЫ

ХХІ ғасыр – қарыштап дамыған білім ғасыры. Білім беруді технологиялық жолмен ұйымдастырудың мақсаты – жаңа бағыттағы оқушының шеберлігін шыңдауға, өз білімін көтеруге жауапкершілігін арттыруға көмектеседі.

Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді мақсат етеді. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтайтын, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін ержүрек болуы тиіс».


Мұғалім идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін «Мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағыттылған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін, жаңа формацияның педагогы қажет», – деген еді [1].

Қазіргі мұғалім:

  • Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс істей алатын;

  • Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;

  • Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

  • Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;

  • Білімді, шебер, іскер болуы тиіс. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған, қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адам деп есептеуге болады. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады [2]. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Өз тәжірибем бойынша білім сапасын арттыру жолдарын қарастыратын болсам, қазақ тілі сабағында түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар колданамын. Қазіргі педагогикалық технология талаптары оқушыға білім берудің ең тиімді, ұтымды жақтарын таңдауды талап етеді және үнемі дамыту, жетілдіру, толықтыру сабақ сапасын арттырады. Оқушыны да, мұғалімді де шығармашылыққа жетелейді. Мысалы, «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясына тоқтала кетсем, сабақ барысында «кубизм» стратегиясын, «анықтау» стратегиясын, «сәйкестендіру», «суреттеу», «топтастыру» стратегияларын қолдану оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттырады. «Бестармақ» тәсілі арқылы «Уақыт» сөзіне «бесжолды өлең» құрастырып жазады. Тағы бір тиімді, әрі ұтымды әдіс, ол оқылым мәтініндегі автор көзқарасына өз пікірлерін «Попс формуласы» арқылы дәлелдеп жазу. Мысалы, 1-сөйлем: «Менің ойымша, …», 2-сөйлем: «Мен оны былай түсінемін: …», 3-сөйлем: «Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын: …». Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім:…». Оқушыларды оқытуда негізінен өз басым сын тұрғысынан ойлау технологиясының пайдасы көп деп ойлаймын. Өйткені өзім әр сабағымда осы технологияның элементтерін пайдаланып отырамын. Осы технологияны қолдану нәтижесінде:

  • Нәтижесінде тапсырмалардың түрлері оқушыларды: ерекше ойлауға; өз идеяларын ашық айтуға; болжамдар жасай білуге; белгісізге қарай табысты түрде қадамдар жасай білуге үйрете отырып, олардың бойларына құзыреттілік қасиеттердің белгілерін қалыптастырып, заман деңгейіне сай білім негіздерімен қаруландырады.
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс – тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.

  • Ұстаздың шеберлігі – талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесінде бүкіл ғұмырымен қажыр қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.

  • Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де кең болмақ.

  • Жаңа педагогикалық технологияның ерекшелігі — өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген. Ал қазіргі оқушы — өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқыту үрдісінде осындай әдісті пайдалану үшін, алдымен мұғалім өзі оқып, біліп, зерттеп, зерделеп тиімділігін өз шеберлігіне қарай таңдауы керек, өйткені, технологиялардың өзі мұғалімнің қолдану әдіс – тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады

    28 МҰҒАЛІМ ШАБЫТТЫ ҚАЙДАН АЛАДЫ?

    Өмірде екі мамандық иесі: ұстаздар мен дәрігерлер ерекше құрметпен аталады. Одан кейін диқандар, құрылысшылар... деп, жалғасып кете береді. Дәрігерлерді көбіне ауырғанда еске алсақ, ұстаздар үнемі ойымызда жүреді, күнделікті өмірде де олармен араласымыз үзілмейді. Ұстаздан бұрын өзіміз білім алсақ, кеше балаларымыз оқыды, ал бүгін міне, немерелеріміз мектептерде мұғалімдерден сабақ алуда. Ұстазым, менің ұстазым, Өзіңмен өткен қыс-жазым. Қалдырған ізің мәңгілік, Жадымда тұрар жаңғырып! Осынау әннің жыр жолдарына ақын барша адамдардың қолына алғаш қалам ұстатып білім берген ұстаздарына деген мәңгі махаббатын, суымас ыстық ықыласын қалай сыйғыза білген, қалай жүрегіңнен өткізіп жеткізе білген деп сүйсінесің. Шынында, мұғалімдік – ең ардақты, ең құрметті мамандық.. Американың бір газетінде «Генриден кеңес сұраңыз» деген ата-аналарға арналған бөлім болыпты. Үлкен адамдар кеңес сұрайтын әлгі кемеңгер кеңесші кім десеңдер, 11-12 жасар бала екен. Оқиға былай өрбіген. Бір күні газет редакциясына баладан қызық хат келеді. Онда: «Мен қанша дегенмен біраз балалық шақты бастан кештім ғой. Олардың барлық сырын жақсы білемін. Ата-аналарға балалары туралы кеңес беріп тұрар едім. Құрметпен Генри», деп қол қойған. Содан редактор баланың тілегін қабыл алып, газеттен жоғарыдағы бөлімді ашады. Ата-аналар балаларының түрлі тентектік қылықтарын немесе басқа да мінездерін айтып: «Мұндай жағдайда қайтсек екен?» деп Генриден ақыл сұрап редакцияға хаттар жазып жатады. Бір қызығы, сол хаттарға Генридің тапқырлықпен берген қысқа да нұсқа нақты жауап-кеңестері газетте жарияланып тұрады. Мен де сол Генри сияқты: «Қанша дегенмен ширек ғасыр ұстаз болдым ғой, оқушылардың мінездері мен қылықтарын, сырларын және бүгінгі мектептің проблемаларын жақсы білемін, ендеше, осы  оқулықты мен жазбағанда кім жазады», деп іске кірістім. Әңгімеміздің басты тақырыбы мұғалімдік мамандық туралы болғандықтан, алғашқы ұстаздарымның бірі Сабыржан Оташұлы туралы «Жұлдыз жүректі ұстазым» деп жазған естелігімнен бір үзінді келтірейін. «...Сабыржан ағай оқушыларға бар жанын салып сабақ беретін, бәрі де жақсы оқыса екен, деп педагогиканың бар тәсілін қолданып бағатын. Жақсы жауап берсек, жай бестік бағаны қоя салмай, сүйсініп: «жарайсың, міне, осылай оқу керек» деп жақсы сөзбен көтермелеп отыратын. Оқымай келсек, соған жай ұрсып ренжігені ештеңе емес, іштей қатты назаланатын. Сондай бір сәті есімде өте-мөте сақталып қалған-ды. Ойынға қанбайтын балалық кезіміз емес пе, бір күні бәріміз сабақ оқымай келіппіз. Тым болмаса, біріміз жауап берсекші. Аузын буған бұзаудай ешқайсымызда үн жоқ. Содан ағай қатты ашуланды. «Бұдан былай мен сендерге мұғалім болмаймын, сабақ бермеймін, басқа мұғалімнен оқыңдар» деп сабақты аяқтамастан үйіне кетті де қалды. Енді біз сасайық. Өзіміз жақсы көретін мұғалімімізді қатты ренжітіп алғанымызға өкіндік, шынында да, бізге сабақ бермейтін болса, жаман болады деп уайымдадық. Сосын бәріміз кешірім сұрайық, деп үйіне бардық. Есік алдында жүрген келіншегі Алданыштан «ағай қайда» деп сұрадық. Ол: «Сендер не бүлдірдіңдер? Ағайларың қатты ренжіп келіп, теріс қарап жатып қалды. Кейіп келгені сондай, тамаққа да тұрмай жатыр» деді. Біз кешірім сұрауға келгенімізді, бұдан былай ағайдың сабағын жақсы оқитынымызды оған айтуды өтініп, үйді-үйімізге тарастық. Ұстазымыздың оқушыларға қатты налығандағы осы бір қылығы, балаша өкпелеп үйіне барып теріс қарап жатып алуы кейін өзім мұғалім болғанда есіме жиі түсетін. Бұл деген ұстаздық мамандығын беріле сүюдің, оқушыларын, балаларды жанындай жақсы көрудің, оларға жүрегінің бар жылуын, бойындағы бар талантын сарқа жұмсап арнауының айқын көрінісі емес пе. Соны біз кезінде бала жүрегімізбен сезініп, оны бұрынғыдан да жақсы көре түстік. Өзім осы уақытқа дейін асыл ағаның бейнесін жүрегімде жылы сақтап келемін. Ұстаздың сол асыл қасиеттері маған да жұққан болар, мектептерде де, институтта да ұстаздық қызмет атқарған жылдары оқушыларым мен студенттерім үшін бойымдағы бар қабілеттерімді аямай жұмсап еңбек еттім. Студенттерім арасында сүйікті ағай атандым. Жақында әлеуметтік желідегі парақшама қарап отырсам: «Сәлеметсіз бе, алтын жүректі ағайымыз. Сізді әлеуметтік желіде көргеніме қуаныштымын. Сізге сарқылмас шабыт тілеймін. Студентіңіз Арайлым Серікбаева» деген жазуды оқып төбем көкке жеткендей болды. Осындай алтын сөз, тамаша тілектен соң шабыт қалай шарықтамасын. Сабыржан ағайымыз жылы жүректі болумен бірге талапшыл да болды. Тәртіпті қатаң талап ететін, тиісті жаза да қолданатын. Аяғымыз талғанша бұрышқа тұрғызып та қоятын. Әке-шешем мектептен алыс қой қыстауында шопан. Жататын үй болмай бір жылы интернатта тұрып оқыдым. Түнде жатар алдында кезекші мұғалімдер келіп тексеріп кетеді, сыртқы есікті іштен жауып аламыз. Кезекші мүғалім кетіп қалды-ау деген мезгілде ара-тұра қызық көріп, жалаңаяқ қар кешіп, жүгіріп келетін әдетіміз болатын. Бірде Аманжол деген ұзын сирақ бала: «Ал кеттік, ұзын сирағымызды көсілтіп келейік» деп дауыcтап өзі бастай жөнелді, біз ере жөнелдік. Қар үстінде жүгіріп бара жатқанда аяқ тоңа қоймайды. Жүз метрдей жүгіріп, қарқынымыз басылған соң, ішке кірейік десек есік ашылмайды. Аш, аш! – деп айқайласақ, іштен Сабыржан ағайымыздың: «Ұзын сирақтарыңды тағы да біраз көсілтіп келіңдер», деген дауысы естілді. Ішімізден бұрышқа тұрғызғандай уақыт тұрғызса, біттік дедік. «Ағай, тоңып барамыз, ашыңызшы», деп дірдектеп тұрмыз. Әйтеуір ашты-ау. Сөйтсек ағай кетіп қалмай, бұрыштан бізге көрінбей байқап, бәрін естіп тұрыпты. Содан кейін ұзын сирақты көсілтуді қойып кеттік. Тәртіп сақтауды қалыптастырудағы бұл да бір дәйектілік болса керек. Бұрын біздің оқушы кездерімізде, одан кейін де әйелдерден ер мұғалімдер көп болатын. Мектептерде бұрын тәртіптің болғаны да сондықтан. Мектепке әйел директор болғанын көрген емеспіз. Ал қазір керісінше, ер мұғалімдер мүлдем аз. Тәртіптің жоқтығынан мектептерде қазір полиция күзеті енгізілді. Масқара емес пе. Мектепке сырттан ешкім де басып кіріп шабуыл жасамайды. Мектептің өз ішіндегі қиын балалардан қорыққандықтан солай жасалуда. Айтуға ұят. Мектептерде қыздар мен әйел мұғалімдердің көп болғаны осындай ауыр жағдайға соқтырып отыр.Ер мұғалімдер көп болуы керек. Ұлдарға айтарым, мұғалімдік жұмыстан қашпаңдар. Ұстаздық мамандық – ең тамаша мамандық! Мұғалімдік нағыз ерлер атқаратын жұмыс. Мен өзім мектепте де, институтта да мұғалім, оқытушы болғанымды мақтан етемін. Бұл мамандығымды жан-тәніммен сүйдім, оқушыларымды да, студент шәкірттерімді де жанымдай жақсы көрдім. 1971 жылы елден Алматыға көшіп, журналистік жұмысқа ауысқанымда мектеп пен оқушыларымды қимай-қимай қоштасқаным есімде. Қорыта келгенде, ұлдар мен сендерді мектеп бітірген соң мұғалімдік мамандықты таңдап, педагогикалық жоғары оқу орындарына түсуге шақырамын. Ерлер атқаратын жұмысты әйелдердің мойнына артып қойғанымыз дұрыс емес. Мектепте ер мұғалімдер көп болса, полиция күзеті болмас еді, тәртіп бұзатын қиын балалар да азаяр еді сөзсіз. Мысалы, жоғарыдағы «Жұлдыз жүректі ұстазым» атты естеліктегі Сабыржан Оташұлының ұстаздық бейнесі мектептерде ер мұғалімдер көп болуы керектігінің жарқын көрінісі емес пе. Ұлдар ұстаздық мамандықты таңдаңдар деген шақыруыма үн қосуларыңды сұраймын. Қазір мектеп мұғалімдерінің еңбекақысы екі есе көбейтілді. Жас мұғалімдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету де қарастырылған. Педагогикалық мамандықты таңдаған ұлдарға жоғары оқу орнына түсуде артықшылықтар беру де көзделетін болады. Қазақстанның, тәуелсіз еліміздің патриот ер жігіттері болып, мектептерде басты билікті өз қолдарыңа алуларың керек, онда қалыптасқан қазіргі кемшіліктерді таяу болашақта өз қолдарыңмен түзеулерің керек. Мектеп –Отанымыздың болашақ тағдырын шешетін жастардың оқып білім алып, тәрбиеленіп, түлеп ұшатын ұясы, алтын бесігі. Сол ұя, сол алтын бесігіңді бүгінгі күйінде яғни полиция күзетпесе өздерін өзі қорғап, өз қауіпсіздігін өздері қамтамасыз ете алмайтын дәрменсіз жағдайда қалдыруға болмайды.