Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым минитрлігі Семей аласыны Шкрім атындаы университеті КеА Жаратылыстануматематика факультеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 32
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым минитрлігі
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
Жаратылыстану-математика факультеті
Математика мұғалімдерін даярлау Математика
БӨЖ
Тақырыбы: Абай философиясындағы «Толық адам» ілімі
Орындаған:Тұрсымбаева А.К
Тексерген: Аубакирова К.А
Топ: ДМ1-201В
Семей 2023 жыл
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Адам мәселесі туралы ойшылдардың пікірі
2.2 Абайдың дүниетанымы
2.3 Абайдың қара сөздері философиялық тұжырым ретінде
2.4 Абай философиясы
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Абайдың ғылыми өмірбаянын терең танып, ақынның заманы тудырған ерекшеліктерін біліп меңгермейінше, Абай шығармаларының қоғамдық-әлеуметтік басты сарындарын ажырата алуымыздың өзі қиынға айналмақ.
Абайдың бірегей биографы Мұхтар Әуезов Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу, қалыптастыру жолында ұзақ жылдар бойы толассыз ізденді. Абай жасаған ортада туып, балалық шағынан атасы Әуез арқылы ақын өлеңін жатқа айтып, ел әңгімелеріне қанып өсуі - биограф Мұхтар Әуезовтің Абайдың ғылыми өмірбаянын жазуға көп жеңілдіктер тудырды. Абайдың ақын шәкірттерімен тікелей араласып, ақын жайлы дерек мағлұматқа жастай қанып біліп өсуіне тірі архив иелерінің әсері де айтарлықтай болған. Әсіресе, Абайдың ақын шәкірті Көкбай мен Шәкәрімнің Абай өмірі мен жасаған ортасы, ақындық жолдағы рухани ізденістері туралы құнарлы әңгіме деректері жәрдемге келгенін биографтың «...Менің жұмысым жинастыру сияқты. Әуелі оның өмірін зерттедім... Көптеген деректер тобын жинастырдым. Көкбаймен, атаммен, Ділдәмен, ақынның достары, жауларымен жеке-жеке кездестім... Көкбай, Ділдә, Әйгерім, Нұрғаным... оларды көрдім, әңгімелестім» (ЛММА архиві, 398-папкі, 27-бет), - деп тебірене отырып баяндайтыны бар.
Біздер, қалың қазақ оқырмандары, Абайдың ғылыми өмірбаянын М.Әуезов 1924, 1940, 1944, 1951 жылдары, яғни төрт рет қайта толықтырып жазған нұсқаларынан оқу арқылы меңгереміз. Бұған қоса, XX ғасырдың ұлы жазушысы атанған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын оқу арқылы да таным-нанымымызды кеңейтіп тереңдете түсеміз.
Абайдың әдеби мұрасын өз деңгейінде тереңірек танып ұғынуымыз үшін, алдымен Абай өмір сүрген, ұлы ақынды қоғам қайраткері етіп қалыптастырған отбасы тәрбиесі мен сол заманның саяси-әлеуметтік болмысын, қоғамдық ортасын жете танып-білудің мәні айрықша болмақ. Ол үшін Абайдың өзі ғұмыр кешкен заманы мен оның атасы Өскенбай мен әкесі Құнанбайдың заманын салыстыра қарап, сын көзімен қарасақ, көптеген саяси-әлеуметтік мәселелердің астарлы сыры ашыла түсетінін аңғарамыз.
Абайдың атасы Өскенбай Ырғызбайұлы (1773-1850) тобықты руының атақты биі болған. Өскенбай заманы тәуелсіз қазақ хандығы мен Ресей империясының отаршылдық заманында өмір сүрген. Құнанбай әкесі Өскенбайға 1851 жылы ас бергенде 6 жасар Абай әжесімен бірге сол асқа барған еді. Бала Абай жастайынан атасы Өскенбай заманын, онда болып өткен түрлі оқиғалар мен ру таласын, саяси-әлеуметтік мәселелерді сезініп өссе, олар жайлы тарихи әңгімелерді ел аузынан естіп, көкірегіне түйіп өсті. Өйткені, ол заман әлі де болса қазақтың көшпелі өмірі мен әдет-ғұрпын, ұлттық салт-санасы, дүниетанымы сол қаз-қалпында сақталып, өзгеріссіз тұрған кезең еді.
Ұлы ақын Абайдың 13 жастан өмірінің соңғы күніне дейінгі өмір жолы аға сұлтандық билік жүйесінің соңы мен елді ала тайдай бүлдірген болыстық биліктің заманында өтіп жатты. Сондықтан да Құнанбайды терең танып білмейінше, Абайды жете танып білудің өзі қиынға соқпақ. Құнанбай Абайды 13 жасынан бастап ел билеу жұмысына баулып, ел өмірімен, халықтың тұрмыс болмысымен мидай араластырып жіберді. Абай осы ортада ер жетіп, отбасы тәрбиесі мен халық өмірін танып-білу жолы мен қалыптаса бастады.
Негізгі бөлім
Ғылымның даму үдерісіндегі басты тұлға – адамның өзі. Адамның қатысуынсыз ғылымның қалыптасуы, дамуы мүмкін емес. Адам өзін түсінуге, өз мүмкіндіктерін айқындауға және келешегін болжауға ерте заманнан талпынып келеді. Адам өзін дамыту арқылы рухани, мәдени белестердің сатыларынан өтіп, жеке тұлға болып қалыптасады. Яғни, адамның даму барысында білім, ғылым және мораль философиясы жатыр.
«Адам ғылыммен құрдан-құр айналыспайды. Адамның өмірі әртүрлі проблемалар және күрделі мәселелермен тығыз байланысты. Оларды меңгеру үшін адамға білім керек, ал осы білімді қалыптастыру ғылыми қызметтің
мақсаты». Адамзат баласы білім мен ғылымды игеруде ақиқатты ашып, өмірдің заңдылықтарының айқын бейнесін жасайды. Бірақ бұл табиғат пен қоғамға байланысты. Қоғамсыз адамды, адамсыз қоғамды елестету мүмкін емес.
Осы тұрғыда қоғамның басты тірегі – адам мәселесі жайлы көптеген ойлар туындайды. Философияның аса қажеттті зерттеуді талап ететін нысандарының бірі – адам мәселесі. Адам мәселесі – философияда әлі күнге дейін толық шешімін таппаған маңызды тақырыптардың бірі.
Адам мәселесі туралы ойшылдардың пікірі
Әр кезеңдегі ойшылдар адам атының сақталып қалуы үшін толыққанды адам болудың жолдарын іздестірген және өздерінше әр қилы пікірлер білдірген. Бірі сол адамға лайықты дұрыс жол бар екеніне сенсе, енді бірі адам бойындағы қаншама сұмдықтарды көріп қорықты. Енді солардың біршамасына шолу жасасақ төмендегідей анықтамалар шыға келеді.
Қоғамдық пәлсапалық hәм діни-танымдық тұрғыдан «адам» ұғымы аса терең. Мысалы, XI ғасырда өмір сүрген ислам оқымыстысы Ж. Руми: «Адамның болмысы – ішінде әр түрлі аңдар мекендейтін орманға ұқсас. Біздің бойымызда таза-лас, жаман-жақсы, имани-қайуани сияқты мыңдаған қасиеттер бар. Егер ішкі жан шаһарында қасқыр үстемдік ете бастаса, адамның қасқырға айналғаны. Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады. Сәт сайын адамның жүрегінде бір нәрсе бас көтереді. Сол себепті адам кейде жақсы сипатқа, кейде жаман сипатқа айналып отырады» – деген екен. Ал оқымысты Марк Орэл өзінің «Ойлар» атты кітабында: «Күнде таңертең адамдар арасына барып қосылғанда былай ойланам: бүгін мен адам бейнесіндегі кейбір жыртқыштармен кездесем, оларды ызаландырмай, өзім таланбай үйіме аман-есен оралуым керек» [1] – деп жазған екен.
Адам туралы ең алғашқы мәдени-антропологиялық ой бастауында тұрған Сократ болды. Сократтың адам туралы ойының ең маңызды белгілері ретінде адамдар бойындағы ең жақсы құндылықтар, моральдық ұғымдар және мінез-құлық түрлері салыстырмалылық тұрғысынан өлшенген. Сократтың шәкірті Платон алғаш рет адамға анықтама берді. Оның анықтамасы бойынша «адам – қауырсыны жоқ екі аяқты жануар сияқты» деп аталынды. Платонның шәкірті Аристотель анықтамасы бойынша «Адам ғана сөйлеу қабілетіне ие. Сөз пайдалыны да, пайдасызды да һәм әділеттілікті де, әділетсіздікті де жеткізе алады. Осы қасиет адамдарды барлық тірі жәндіктерден ажыратып тұрады» делінген [2, б.159-171].
Абайда да адам жаратылысының жан сыры туралы жүйелі де, жемісті таным бар. Ол өзіне дейінгі Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қ. Яссауи және Ж. Румидің кемел адам жайлы ой-пікірлерін әділет пен ақылдың сын таразысына салып, тұжырымдар жасады.
VIII-IX ғасырда түрік халықтарының мінез-құлықтары, ой-танымын жолға салу әрекеті Әл-Фараби ұстанған моральдық-этикалық ілімінде парасатты адам (инани фазыл) туралы танымында жатты. Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты философиялық трактатында «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп: «Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес» [3, б.289], – дейді. Әл-Фараби түрік әлемінде өз танымының негізі ретінде жүрекке шешуші мән беруі – Абай негізін қалаған «толық адам» ілімінің түп төркіні қайда жатқандығын білдіретін құнды дерек көздеріне жатады. Әл-Фарабидің осы философиялық тұжырымы Абайдың «Он жетінші» қара сөзінде өзінің логикалық жалғасын тапқан сияқты. Абайдың осы сөзінде «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін мықты санап, айтысып, таласып, ақыры «ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:
– Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім, – депті. Бірақ билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді: жақсылық айтқанына жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет, – депті. Осы үшеуің бір кісідей менің айтқанымдай табыссаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен «Жүректі» жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды» [4, 325-327б.], – деген қорытындыға келеді.
Ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жайлы ой-толғауларына тоқталайық. Грек ойшылы Протагор: «Барлық заттың өлшемі-адам» деген қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы Лао Цзы: «Басқаларды білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам – данышпан»,- депті. Ал қазақтың ұлы данышпаны Абай: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» атты қанатты сөз қалдырған. Адам мәселесі және оның тарихи дамуы, философиялық тұжырымдар мен толғамдар қазақ ойшылдарын да бей-жай қалдырған емес. Адамды философиялық тұрғыдан түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар образдар мен ұғымдар негізінде, философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Абай заманынан алыс кетсек те, даналық ойларын санамызға сіңіре отырып, оның рухани әлеміне жақындай береміз. Хәкім Абай өзінің азаматтық көзқарасын, халқының өмірін, болмыс тіршілігін, қара сөздері арқылы паш етті.
Абайдың дүниетанымы
Абайдың да дүниетанымындағы негізгі тұжырым, басты құндылық – адам болмысы. Абайдың қара сөздерінен, таусылмас рухани қазынасынан, оның адамның өмір сүру философиясын бес бағытта қарастыранын аңғаратынымыз. Біріншісі, жеке адамдардың тұрмыс тіршілігі. Екіншісі, әлеуметтік топтардың қоғамдағы алатын орны, мінез-құлқы, менталитеті, психологиясы; Үшіншісі, ұлттың ата-бабалардан мұраланған өзіндік өмір салтын, дәстүрлі мәдениетіне бейімделген мұрат-мақсаттарын болмыстың жаңа сұраныстарына байланысты жаңартып, жаңғырту жолдары. Төртіншісі, адамзат тарихында қалыптасқан моральдық құндылыққа сай келетін үрдістердің өркениетпен сабақтасу жолдары. Бесіншісі, имандылық жолымен Алла болмысын тану. Адамның өз ісәрекетін, сөзін, Иллаһи қағидаларына, пайғамбар хадистеріне, өнегелеріне сай келтіруге ұмтылу. Жаратушы махаббатына сүйіспеншілікпен жауап қайтару жолы. Бұл бес тармақты бағыт, адамның жаны мен тәнінің дамуы мен өркендеуі, өсу негізінде қалыптасатын, бүгінгі өмірде маңызды орын алатын талпыныстар. Абайдың ойлау жүйесі, адам өмір сүруінің философиясы мен табиғатына, адамзат болашағына зор сенім негізінде қалыптасқан. Сонымен біз өскелең ұрпақ адамды Абайша түсінудің тұжырымдарын, құндылықтарын түсінуге бет бұруымыз қажет. Бұл әр адамнан парасат пен ерікті, ақыл мен сезімді жұмылдыруды талап етеді. Абай жолы, Абай мұрасы – ізденіс пен ойланудың, кемелділік пен ізгілікті танудың үлгісі. Өйткені, хакім ғұламаның басты мақсаты – адам болу үшін ненің жаман, не жақсы екенін көрсетіп қана қоймай, жаманнан жирендіріп, жақсылыққа бастау. Сондықтан Абайдың «Адам бол!» деген үндеуін бір сәт ұмытпағанымыз абзал.
Ақынның шұрайлы философиялық ойлары, негізінен, шығыс ойшылдары мен ақындарының кемел пікірлерін айрықша шеберлікпен игергендігін көрсетеді.Орыстың қоғамдық-филос. ақыл-ойы ақынның эстетик. көзқарасының қалыптасуына елеулі әсер етті. Сондай-ақ басын сонау антикалық ежелгі заман мәдениетінен алатын Батыс Еуропа мәдениеті Абай дүниетанымының даму процесінде тарихи сабақтастық желісін атқарды. Казақ кемеңгері Сократ, Платон, Аристотель еңбектерімен жақсы таныс болды. Батыстың өркениеті мен философиясы, қоғамдық ойдың даму тарихы, ғылымы мен мәдениеті Абайдың рухани есею жолында елеулі рөл аткарып, Батыс пен Шығыс мәдениеттерін оның өз дүниетанымында тамаша ұштастырды. Абайдың негізгі зерттеу объектісі -адам. Сол адамның эстетик., этик. талғамы, арман-мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреніске түсірген. Шығыс ойшылы ретінде Абай адам проблемасын үлкен ауқымда, яки қоғамдық, руханилық, құндылық, этик., эстетик. тұрғыдан зерделеді. Ол адам табиғатын этик. тұрғыда қарай отырып, "сегіз қырлы, бір сырлы" сырбаз адам, яки кемеліне жеткен, "толық адам" кейпінде алға тартады. "Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы ислам діні", - дейді Әуезов. Шындығында, Абайдың "жан сыры", "жан құмары", "жан куаты", "жанжарығы", "хауас", "хауас сәлим", "хауаси хамса", "хауаси хамса заһири", "толық адам", т.б. филос. ұғымтанымдар жөніндегі көзқарасы Ислам филос-сын терең танығанын байкатады. "Әрбір ғалым - хакім емес, әрбір хакім - ғалым", "Адаспай тура іздеген хакімдер болмаса дүние ойран болар еді" - деген пікір - ғұламаның филос. көзқарасы. Жалпы, Абайдың . көркемдік, әлеум. гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері . Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік куатын, филос-дағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың кара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен филос. сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеум. ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының филос. концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.