Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым минитрлігі Семей аласыны Шкрім атындаы университеті КеА Жаратылыстануматематика факультеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 33

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Абайдың қара сөздері философиялық тұжырым ретінде

Абайдың қарастыратын мәселелерінің бірі –жеке адамның құрылымы. Бұл жерде оның көз қарастары Э. Дюркгеймнің, П. Сорокиннің көз қарастарымен сәйкес келеді. Ол жеке адамда биологиялық “мен” және әлеуметтік «мен» болатындығын дәлелдейді. Абай «жан мен тән адамға табиғат арқылы берілген» деп өзінің 43 қара сөзінде көрсетеді. Абай адамның мәнінің негізінің әр түрлілігін жеке адамдардың өзара байланысына және өзара әрекетіне байланысты екенін, сонымен бірге оған тигізетін әлеуметтік ортаның да әсерін сипаттайды.

Абай адамның табиғатының екі жақтылығын көрсете отырып, адамның сұраныстарын табиғи және жасақталған деп бөледі. Табиғи сұраныстарға тамақ ішу, дүниені білуге деген ұмтылыс және оны танып білуді жатқызса, ақыл мен білімді адамның еңбектік іс-әрекеті арқылы қалыптасатын сұраныстарына жатқызады.

Абайдың әлеуметтік көз қарастарын жеке адамды әлеуметтік сипаттауынан да көруге болады. Абай «қара сөздерінде» жеке адамның әлеуметтенуінің кезеңдерінің ерекшеліктерін көрсетеді; балалық, жасөспірімдік, жетілу кезеңдері. Абай дүниеге келгеннен бастап сәбиді екі түрлі сұраныс қалыптасады деп көрсетеді.

1) Тамақ ішу мен ұйқыға деген сұраныс;

2) Білуге деген ұмтылыс.

Бұл жерде Абай әлеументтену процесінің бейімделу және интериоризация кезеңдерін сипаттайды.

Қарасөздің хас шебері Абай өзінің отыз сегізінші сөзінде былай дейді:

«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек. Әуелі –

надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі - залымдық». Бұл қарасөзінде

адамның бойындағы рухани құндылықты төмендететін қасиеттерден алыс

болу үшін ғылым-білім үйренуге талпыныс жасауға жол көрсетіп, насихат

айтады. Адамды қор қылатын үш нәрсеге керісінше рухани жағынан

кемелдендіретін толық адам ұғымын адами құндылықтың ең жоғарғы

сатысына қойып: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл,

жылы жүрек» деп, толық адам мәнін ашатын адамгершілік қасиеттерді

саралайды. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттің жоғарғы шыңындағы

осы үш қасиетті біріктіріп, оны өрісі кең әлеуметтік күшке жетелейтін ғылым

деген тұжырымға келеді. Адам баласына керекті үш нәрсе ыстық қайрат,

нұрлы ақыл, жылы жүрек екенін тереңнен зерделеп, толық адамға тән

қасиетті айрықша сипаттайды. Мұндағы, «ыстық қайрат» - үнемі ізденісте

болып, алға ұмтылу, «нұрлы ақыл» - ізгілікті іс жасауда жан-жағына сәуле


беріп, Алла берген ақылды жақсылыққа жұмсау, ал «жылы жүрек» - иманды

болу жолында адамдарға құрметпен қарау, мейірім сыйлау, адамдардың мұң-

мұқтажын, көңіл-күйін түсіне білу. Абай іздеген толық адам осы

қасиеттерден туындайтын, тұла бойы тұнған ар, ұят, пенделіктен қол үзген

рахымды, еңбекқор, қанағатшыл имандылық жолындағы азамат болып

табылады. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстасаң ғана толық боласың деген

тұжырымы, ақынның толық адам хақындағы негізгі ұстанымының түйіні.

Данышпан ақынның шығармаларын зерттеу тәуелсіздік алған

жылдардан бастап атеистік қоғамның коммунистік идеология шеңберінен

шығарылып, жаңа бағытта ғылыми өрісін кеңейтті. Абай шығармаларын

зерттеуге қазақтың бірқатар жазушы ғалымдары өз үлестерін қосты. Соның

ішінде қазіргі жаңа серпінмен абайтану ғылымын зерттеушілердің

көшбасшысы – Мекемтас Мырзахметұлының еңбегі орасан зор. Ғалым өз

еңбектерінде ойшыл, ғұлама Абайдың толық адам іліміне қатысты былай

жазған: «Адамзат қоғамы тарихында адамгершілік идеясы ғасырлар бойы күн

тәртібінен түспей келе жатқан ең басты мәселелердің бірі – жеке адамның

ақыл, мінез жағынан пісіп жетіліп, яғни толық адам болуы жайлы ойлар пікір

күресін тудырып келуде. Гуманист атаулының бәрі де дүниедегі ең асыл,

бағалы нәрсе – адам болса, сол адам бойындағы ең басты сипаттары неден

тұрмақ дегенге әр заман ойшылдары өз ұғым-нанымы, заман талабы

тұрғысынан жауап беріп келді. Бұл іспеттес тарихи сұрау Абай өмір сүрген

XXI ғасырдағы қазақ қоғамы жағдайында ұлы ойшыл алдына да қойылды [3,

230б.]. Ғалым Абай шығармаларындағы адам болудың талаптарына,

гуманистік таным тұрғысынан адамгершілік қасиеттерге ерекше көңіл

бөлген. Ойшыл хакімнің ғұмыр бойы шарқ ұрып іздегені, асыл ақиқаты –

толық адам. Абай үшін толық адам – рухани жетілген, жан-жақты дамып

жеке тұлға болып қалыптасқан, кеміліне келген адам. Ғалым Абайдың толық

адам ілімі жайлы танымын тереңінен түсіндіріп, бүгінгі және келешек

ұрпаққа рухани азық ретінде мол тағылым қалдырып отыр.

Абайдың толық адам ілімінен ұстаздық, ғылым-білімді игеру, өнерге

ұмтылу мәселелері де көрініс табады. Адамзат баласын білм мен ғылымға

жетелеудің сан түрлі жолдарын көрсеткен. Білімді алу, меңгерген білімді

өмір тәжірибесінде қалай қолданып жүзеге асыру жайлы астарлы терең

философиялық қанатты сөздер қалдырған. Абай: «Білімдіден шыққан сөз,

талаптыға болсын кез», - деп білімнің терең сырын ұғатын, көкірегі ояу,



ынталы шәкірттерді іздейді. Адам болам деген талантты, тәрбиелі жастардың

бойынан ізгіліктің дәні мен адамгершіліктің нәрінің көріністерін «Ғылым

таппай мақтанба» деген өлеңінде даралап, саралап көрсетіп береді. «Бес

нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз», - деп толық

адамның кәміл сипатын айқындап берді.

Сонымен, Абай өмірді, адами құндылықты жан-жақты, жүрегінің түбіне

терең бойлап зерделеген сыншыл ақын. Адамгершіліктің, әділеттіліктің

негізгі моральдық ұстанымдарын өз поэзиясында кең шеңберде көрсетіп

отырған. Ғылымға, білімге ұмтылған адамды жоғары бағалап, дүниенің

барлық сырын ұғынуда ақылды таразы етіп, ой елегінен өткізген. Осы кең

өрісті адами құндылықтарды толық адамның танымымен түсіндерген. Яғни,

Абай үшін дүниенің басты құндылығы жәй адам емес, кемеліне келген адам.

Абайдың арманындағы толық адам – біліммен, ғылыммен және дінмен

ұштасып дамып, жетілген адам. Адамзат өркениетінде рухани тұрғыда игі

қасиеттерді – иман, ғылым, білім, тәрбие, өнер, құқық, тапқырлық,

қайраткерлік, жомарттылық, азаматтық, адамгершілік құндылықтарды

бойыңа сіңіріп, жетілдірген адам – Абай зерделеп, ұсынған «толық адам»

ілімі. Толық адам ілімі – қазақ халқының ұлттық санасын оятып, рухани

жаңғыртудағы қазақ халқының рухани жаршысы болып табылады.
Абай философиясы

      Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.

            Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.

      Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.


      Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы философиялық шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында "… адам мен адамгершілік, ар, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 1920-30 жылдарда ақынның идеялық мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, «Абай философиясын» діншілдігі басым әдеттегі буржуазиялық идеалистік философияның жамап-жасқаған біртүрі деп дәлелдемек болушылар да табылды.

      Көрнекті мәдениет қайраткерлері мен жазушылар: М.О.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұбанов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, І.Жансүгіров т.б. Абайдың ақындық мұрасын анайы-социологиялық шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. «Көзқарасының қарама-қайшылықтарына карамастан, - деп жазды Мұқанов, - Абай бұл сөздің ұнамды мәнінде ең озық реалист-суреткер болды және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз, сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін баға жетпес байлық болып табылады, тап солай болғандықтан да қазақ халқы Абайды өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі»

     Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және философиялық озық ойымен байланысын оның аударған шығармаларының санымен немесе оған революционер демократтар идеясы ықпал етті деген қарапайым түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған «жеңіл-желпі, қара дүрсін пікірлерге» қарсы шықты. Ол Абай шығармашылығының өткен заман ойшылдарының теориялық мұраларымен байланысын анықтайтын мәселелердің тым тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді; Абайдың орыс әдебиетіне ғана емес, сонымен қатар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне қатынасын тұтастай даму үстінде «орыс және қазақ халқының байланыстарын сол кезеңнің мазмұнын анықтайтын саяси оқиғалармен тығыз органикалық байланыста карастыратынының» методологиялық маңызы аса зор.    

ҚОРЫТЫНДЫ

      Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Адам бойындағы осы үш қасиеттің басын қосып, оны үлкен әлеуметтік ізгі күшке айналдыратын ғылым деген қорытындыға келеді. Ол ғылымды үйреткенде, бақталастық, атақ – данқ үшін емес, айқын мақсатпен, білмек үшін үйрену керектігін баса айтады. Өйткені қай қоғамда болмасын, бақталастық адамды жаман жолға жетелейтіні рас. Абайдың пікірі бойынша адамгершілік нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қайратұлы Б., Факир Т./Адам және заман

  2. Ғабдуллин Б. Абай және Сократ/ «Абай тағылымы», Алматы: «Жазушы», 1986. 159-171 б.

  3. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар.Алматы : «Ғылым»,1975.– 419 б.

  4. Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы.Алматы, «Жазушы» 1976.147б.

  5. Абай. Қара сөз А. 1993ж. 76. б

  6. А. Құнанбаев: шығ. Қазақ Ағарту. фил. 10т. Астана 2007ж.380б.

  7. М.Әуезов.А.Құнанбаев:мақалалар мен зерттеулер.А-ты,1967,13-15 бб.

  8. Өкінішті көп өмір кеткен өтіп...: Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер. – Алматы: «Раритет», 2008. – 384б. 5.

  9. Қ.Мұхамеджанұлы Абайдың ақын шәкірттері. – Алматы: «Дәуір»,1993. – 224б. 6.

  10. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы: «Атамұра», 2011.

  11. Р.Сейсенбаев «Абай қара сөз» - Алматы «Атамұра», 2016.