Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 139

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Д.: Яғни, бұл суретті ойдың күшімен салды ма?

Л.: Бұл ықтимал тәсілдің бірі. Өзара байланыс қалай жүзеге асқанын терең түсіндірудің мүмкін болмайтын кезі бар. Мұны өзіңізге ойдың күшімен туған қуат толқыны деп елестетіңіз.

Д.: Басқаша айтқанда, оларды арнаулы машинаның күшімен не сәуленің көмегімен, әлде сондай бірдеңенің ықпалымен салмайды. Олардың жасалуы жөніндегі теориялардың бірі еді. Оларды механикалық тәсілмен салды деп ойлап ек.

Л.: Жоқ, олай емес. Кей адамдар оларды машинаның көмегімен жасауға тырысты. Сіз олар туралы жақсы білесіз. Бірақ біз сөз қылып отырған машиналар жерде қолданылатын бірде бір физикалық машинаға ұқсамайды. Біз бұл сөзді сізге белгілі ұғым ретінде қолдандық. Біз мағынасын ашады-ау деген салыстырмалы түрде ең жақын сөзді қолдандық. Біз қолданатын машиналар сіздер ойлағаннан әлдеқайда күрделі.

Д.: Яғни, мен бұл туралы тым қарадүрсін ойлаған екенмін ғой. Бірақ бұл сұрақтар мені мазалағандықтан қойғым келді. Сонда бұл суреттер белгілі бір адамдардың қуат комбинациясы нәтижесінде жасалатын болды ғой?

Л.: Солай.


Д.: Осы суреттер арқылы бізге хабар жібергісі келетіні туралы пікір бар. Солай ма?

Л.: Бұл хабарламаның мәні – әр адам осыған қатысты өз рөлін ойнауы тиіс. Сіз бұдан қандай символ көргіңіз келсе де, адамның назарын қандай тәсілмен өзімізге аудартсақ та, адамның қуат моделін өзгерту үшін біз әрдайым олардың ынта-ықыласын қолдаймыз. Кейбіреулер үшін бұл сәуле болуы ықтимал. Сіз сипаттағандай. Басқалар бұдан көне символдарды көруі бек мүмкін. Ал кей адам – майысқан масақты көреді. Сіздердің назарды аулау үшін кез келген тәсілді қолданамыз. Себебі, адамның назарын аударта алсақ, сіздердің ой пішіндеріңіз біздің өлшеммен байланысқа түседі. Сонда біз сіздерге – Жердің тұрғындарына – көмектесе аламыз.