Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 134

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Долорес Кэннон. Мың өлшемді ғалам. Том 1. Мәскеу.

«Стигмарион» баспасы, 2014 – 352 бет.
Адамзат біздің ғаламда басқа да өркениеттердің бар екенін түсінудің және соны мойындаудың аз-ақ алдында тұр. «Мың өлшемді ғалам» кітабында зерттелетін кей тақырыптар:

— Атлантиданың пайда болуы, оны тану, жою;

— Жердегі құпияларды түсіндіру: Пирамидалар, Пасха аралы, Бермуд үштағаны. Келісім кемесі, Лох-Несс құбыжығы және т.б;

— Басқа ғаламшарлардағы өмір;

— Басқа да өмір формалары;

— Және т.б.

Бұл кітап кванттық физикамен шектесетін өте күрделі метафизикалық ұғымдарды түсіне алатын адамдарға арналған.
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

БІРІНІШ БӨЛІМ

ДАРЫНДЫ АДАМДЫ ІЗДЕУ


1 Тарау. Линда және Бартоломьюмен қалай таныстым?

2 Тарау. Сабақ басталды

3 Тарау. Қуат құрылғылары

ЕКІНШІ БӨЛІМ

«САҚТАУШЫЛАР» КІТАБЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ

4 Тарау. Дженистің жазбалары

5 Тарау. Білім сақтауға арналған ғаламшар

ҮШІНШІ БӨЛІМ

ЖЕРДІҢ ҚҰПИЯЛАРЫ

6 Тарау. Атлантида

7 Тарау. Пирамиданың құпиясы

8 Тарау. Түсініксіз құпиялар
«Біздің өмірге кім әсер ететінін сезбеуіміз ықтимал. Адам өз ықтиярымен ойланып үйренуі тиіс, үйреткенді жұтып қойып, соған сене салмасын».

— Букминстер Фюллер.
«Мүмкіндіктің шегін тек мүмкін еместің шекарасын аттағанда анықтауға болады».

— Артур С. Кларк.

КІРІСПЕ

Бұл кітаптағы ақпаратты түсіну үшін ең алдымен «Сақтаушылар» кітабын оқу қажет дегенді айтқым келеді. Бұл кітап сол «Сақтаушылардың» тиянақты жалғасы. «Сақтаушылар» - 1986 жылдан бергі менің беймәлім ұшатын нысандар мен адам ұрлауға қатысты жұмысымның қорытындысы. Менің қарапайымнан төтенше жағдайдағы күрделі мәселеге ойысуымның бір парасы. Беймәлім ұшатын нысандар мен олардың адам ұрлауына куә болуым айсбергтің ұшар басы ғана екен. Жұмыс барысында маған берген ақпарат әр кезеңде күрделене берді. Кітап жазылып болғанда ішіндегі ақпарат өте ауқымды әрі беймәлім ұшатын нысандардан тым күрделі метафизикаға қарай ауып кеткенін аңғардым. Сондықтан кей ақпаратты алып тастап, соның бәрін әлдеқайда күрделі теорияларды қамтитын жаңа кітапқа топтастырғым келді. Бұл кітап осындай оймен жазылды. Оқырман осы тұсқа келгенде менің паранормал құбылыстарды регрессия арқылы зерттейтінімді түсінген де болар. Менің бұл саладағы алғашқы қадамым 1960 жылдардан басталады. Сол кезде мен ескі тәсілдерді қолдана отырып гипноз саласында жұмыс атқара бастадым. Отбасылы болдым, кейін балаларымды өсірген соң 1979 жылы гипнозға қайта оралдым. Сол кезде мен бүкіл ынтамды өткен өмірлерге регрессия және регрессивті терапия жасауға бұрдым. Сол үшін өткен өмірге өтудің жаңа тәсілдерін үйрендім. Бұлардың жылдамдығы өте жоғары еді. Оларды қолданғанда бейнелер мен визуализация жылдам жүретін. Бірнеше жыл жұмыс істеп, көп зерттеу жасаған соң мен өзімнің техникамды ойлап таптым. Бұл техникада тек сомнамбулалық трансты қолдандым. Бұл тәсілді қолданып адамның бейсанасына тікелей кіріп, ондағы өте ауқымды ақпаратпен таныса аламын. Менің жұмысым ілгерілеген сайын басқа бір тіршілік иелері терең транстың артықшылығын қолданып субъектілер арқылы менімен байланысқа шыға бастады. [Автор объекті деп гипноздық транстағы адамдарды атайды]. Бұның барлығы соңғы 20 жыл бойы жалғасып келеді. Ақпарат ағыны бұрынғыдан артпаса, кемімеді. Ақпараттың бәрін келесі кітаптарыма жинақтаймын. Маған тесттің бәрінен өттің деді, бұдан былай қалаған сұрағыма жауап алатынымды ескертті. Себебі, мен көрген-білген материалыма өзгеріс енгізбей, цензура жасамай, сол күйінше сипаттап бердім. Мен өзімді репортер сияқты сезінемін. Парапсихологияның зерттеушісі, «жоғалған» білімнің жоқшысымын. Сондықтан бұл ізденістің шегі жоқ.


Менің жұмыстарымнан оқырман басқа тіршілік иелерінің сөздік қоры барын байқайды, олар субъектінің миында сақтаулы, көбіне түсініксізді адамдарға түсіндіру үшін сол сөздік қорды қолданады. Олар ағылшын сөздерін бұзып сөйлейтіні байқалады. Субъектінің миынан айтқысы келгенін түсіндіруге жақын болатын зат есім мен етістікті іздейді. Дегенмен, бұл жұмыс жасалып жатыр, бастысы олар бізге не айтпағын біле аламыз.
1 ТАРАУ


ЛИНДА ЖӘНЕ БАРТОЛОМЬЮМЕН ҚАЛАЙ ТАНЫСТЫМ?

Бастапқы кезде Линданың хикаясын «Сақтаушылар» кітабында жарияламақ болғам. Бірақ ол кітап тым қомақты боп кетті. Бұл хикаяны ол жерден алып тастадым. Линдамен алдын ала болжанған кездесуім де, екеуара бірге жұмыс істеуімізге де бірқатар кездейсоқ әрі өзгеше жағдайлар әсер етті. Біз алғаш рет 1989 жылы жазда кездестік. Мен ол кезде Арканзас штатындағы Литл-Рок қаласында лекция оқып жүргем. «Нострадамуспен сұқбаттар» деген кітаптың бірінші томы шыққан, мен сол кітаптың жарнамалық кампаниясын бастап кеткем, соның себебінен лекциялар оқып, тұрған үйімнің ауласында кітаптарға қолтаңба тарататынмын. Лекциядан соң менің кітабымды алғысы келген адамның бірі Линда болды. Ол қолтаңба алуға кезекте тұрды. Мен оның кітабына қолтаңба қалдырдым, ол маған визиткасын беріп, егер жұмыс барысында маған клиент керек болса, оған хабарласуыма болатынын айтты. Ол маған тым ұялшақ боп көрінді. Басқа адамдар да маған визиткаларын немесе қағазға телефондарын жазып қалдырып жатты.

Солардың кейбіреуі беймәлім ұшатын нысандарды (БҰН) көрдік деп айтты. Ең алдымен соларға хабарласпақшы едім, себебі сол шақта мен Арканзас штатында Лу Фаришпен бірге БҰН зерттеумен шұғылданып жатыр едім. Біраздан соң басқалармен кездесе алмайтынымды ұқтым, олар тым көп еді.

Бұрындары регрессивті терапия сеанстарын қалаған адамның бәріне жасауға тырысатынмын, себебі оларға бұл маңызды нәрсе боп қалуы мүмкін еді. Бірінші кітабым шыққан соң клиенттерден хат көп келді, содан мұның бәрі оңайлықпен келетін дүние емесін түсіндім. Өмірім баяғыдай тыныш, бірсыдырғы болмасын анық білдім. Хат жазған адамның бәрімен кездесіп, сеанс өткізу мүмкін емес еді. Олардың көпшілігі нақты бір сұраққа жауап іздеп жүрген адамдарға ұқсамады, тек қызық қуып, әуестіктен сеанстан өткісі келгендерге ұқсады. Визиткалар мен қағазға жазылған телефон нөмірлерін жинап, сөмкеме салдым, ол кезде бәріне хабарласамын деген ойда едім. Сол визиткалардың арасында Линданікі де бар еді. Сол сәтте ол мен үшін нақты бейнесі бар адам емес еді, ол бар-жоғы көптің ішіндегі біреу болды. Бірнеше айдан кейін мен Литл-Рок қаласына тағы да бір лекция оқу үшін оралдым. Сол кезде мен бірінші сеансты Джениспен жүргіздім. Ол БҰН жолықтырдым деген соң дәл осы адаммен сеанс жүргізгім келген. Джениске жасалған сеанстан ары қарайғы зерттеудің маңызы өте зор екенін ұқтым. Литл-Рокқа жеткізетін төрт сағаттық жолға мүмкіндігім болған сайын осындай сеанстар (сеанстардың арқасында білген тылсым туралы «Сақтаушылар» атты кітабымда және осы кітаптың 2 бөлімінде толық айтып бердім) жасап тұруға келістік. Линда Дженистің құрбысы екенін кездейсоқ біліп қалдым. Дженис Линдаға сол күйі хабарласпағаным үшін ол маған қатты ренжіп жүргенін айтты. Джениске хат пен қоңыраудың астында қалғанымды айтып түсіндірдім. Кіммен жұмыс жасайтынымды мұқият қадағалауға тура келетін. Дженис Линда менімен қатты кездескісі келетінін айтты. 1989 жылы қыста тағы бір саяхат кезінде құлықсыз болсам да, Линдамен кездесуді жоспарладым. Құлықсыз болуымның себебі, шаруа көп боларын білгем. Лекциядан бөлек бірнеше сеанстар жоспарланған. Сеансқа түнде болса да келгісі келетіндер табылатынын білуші ем. Мені әуестікпен іздейтіндер көп екенін білсем де, Джениске деген құрметімнен Линдамен кездесуге келістім. Бұл сеанстан бірдеңе шығар деп ойламадым. Линдамен жасалар жұмыс осыншама ұзақ уақытқа созылады деп ол сәтте күтпеген едім.



Литл-Рокқа барған сайын құрбым Пэтсидің үйіне тоқтайтынмын. Ол өз үйінде сеанс жүргізуіме рұқсат беретін. Пэтси ылғи жұмыста болғандықтан, маған ешкім бөгет жасамайтын. Линда келгенде Пэтсидің қонақ бөлмесінде сөйлестік. Шамамен қырыққа келген көрікті әйел екен. Әдемі киінген, шашын түйіп қойыпты. Ол тек әуестіктен сеансқа қатысқысы келетіндерге ұқсамады. Оның өз кәсібі бар екен – үй жануарларынының қажеттілігін сататын дүкен. Балалары өсіп кеткен, әрбірі өз бетінше өмір сүреді. Ол істерге ісі жоқ адамға ұсқамады. Өте белсенді өмір сүретін адам. Оған менің Нострадамусым қызық болмаса да, ол менің Литл-Рокта лекция оқитынымды ести сала келіп көрмекші болыпты. Мен лекция оқитын күні әлдене күткендей көңілі алабұртыпты. Бірақ неден екенін өзі түсінбеген. Лекциямды тыңдап отырғанда күйеуіне міндетті түрде менімен тілдесуі қажет дегенді айтыпты. Осы тілегі маза бермесе де, менің жаныма келуге жүрегі дауаламай айналсоқтап жүріп алған. Лекциядан кейін кітапқа қолтаңба қойдыртуға кезекке тұрады. Өзі іштей сөйлессем бе, жоқ па деп ойланады. Не деп айтсам деп үркеді. «Егер қатты сөйлескің келсе, міндетті түрде ішіңдегіні айтып қал» деп күйеуі қолдау білдіріпті. Бірақ кезегі келгенде ол маған тек визиткасын созып, сеанстан өткім келеді дегенді ғана айтады. Маған ол күні бұл сөзді қаншама адам айтқанын ол, әрине, білмеді. Шолақ тілдесуден соң ол кетіп қалды. Мен оның визиткасын басқаларына қостым да, сөмкеме сала салдым. Сол жолғы кездесуді естен шығарып алыппын. Ақырында жолымыз Пэтсидің қонақ бөлмесінде түйісті.

Линдадан неге сеанстан өткісі келетіні сұрадым. Ол жауап бере алмады. Ол нақты жауап іздемеген. Өткен өмірлер жайлы ізденбеген. Ол мәжбүрлікпен солай істеп жатқандай көрінді. Маған әлдене беруі тиіс екенін ғана біледі. Бірақ не екенін өзі де білмеді.

Менің жұмысым Нострадамусқа байланысты болғандықтан, ол соған қатысты дүние болар деп топшылаған. Ол жобаны аяқтау үшін бірнеше адаммен жұмыс жасап жүргем. Сол жұмыстың нәтижесінде «Нострадамуспен сұқбаттар» деген кітаптың тағы екі томы шықты. Бұл жобада маған жаңа адам керек емес еді. Әсіресе, менің тұрғылықты жерімнен төрт сағаттық жердегі қалада тұратын адам. Менің басқа жобаларым туралы ол дәнеңе білмейтін. Сондықтан неліктен менімен кездесуі тиіс екенін ұқпады.

Бұл сеанс мәнсіз, пайдасыз өткен өмір жайлы болатын шығар деп күрсіндім. Ары кетсе, Линда үшін ғана маңызы болар деп ойладым. Соңғы күндері осы тектес бірнеше сеанс өткізгенмін. Тағы біреуін өткізуге құлқым болмаған. Жөтел қысып, жол-жөнекей өзімді нашар сезініп келгем. Қатты шаршаған едім, бірақ Линда үшін бұл сеансты өткізуім қажетін білетінмін. Сеанс басталғанша мүлде ештеңе күтпедім. Содан болар сеанс кезіндегі дүниелер мені қатты таңғалдырды, есімді шығарды. Ештеңе күтпестен бастайтын істің өзінен саған тәуелді емес тылсым күштер арнайы дайындаған сюжетті әзірлеп қоятынның бір мысалы.


Әдеткідей өзімнің регрессивті терапия тәсілімді қолдандым. Бұл тәсіл Линданы оның өткен өміріне апаруы тиіс еді. Онда жеткенде ол сабырлы қалыпта, тып-тыныш сөйледі. Не деп жатқанын әрең естіп отырдым. Сөйлесу барысында дауысы қаттырақ шығатынын білетінмін. Ол орманды жерде жатқан жапырақтарды көргенін айтты. Бірақ өз тәні еркектің тәніне айналғанына таң қалды. Қонышы тізеге келетін етік, жеңі ұзын жейде киген. Сарғылт түсті, ұзын, бұйра шашты, сақал-мұрты бар, жасы жиырмадан асқан жас жігіт екенін айтты. Көзі көкпеңбек. Үйіне жақын жердегі орманда ағаш кесіп, отын даярлап жүр. Бұл Линданы тығырыққа тіреді. «Бұлай жасаудың қажеті жоқ екенін сезіп тұрмын. Мен үшін мұны басқа адамдар жасай алады. Бірақ маған осылай жасаған ұнайды. Өйткені, мен жалғызбын, маған жұмыс істеген ұнайды». Тұратын жеріңе мұқият қара деп айттым. «Бұл қорған, көпірі көтеріліп, төселеді, қабырғаның жоғарғы жағында тулар желбіреп тұр. Менің әкем – король».

Долорес: Онда саған ағаш кесудің қажеті жоқ қой, Линда.

Линда: Жоқ, бұл өте көңілді іс. Бұл істен жаным жайланады. (Тынып қалды). Адамдар мені есінен адасқан деп ойлайды.


Д.: Неге олар бұлай ойлайды?

Л.: Себебі, маған жұмыс істеген ұнайды. Сарайдағы өмір ұнамайды. Ол өмір сондай жеңілтек. Өз қолыңмен жұмыс жасасаң, бірдеңе тындырғандай қуанасың. Мұндай сезімді жұмыс істегенде ғана сезесің.

Оның аты Бартоломью. Ол сарайда әкесімен бірге, басқа да көптеген адамдармен тұрады, арасында малайлары да бар.

«Мұнда адам көп. Олардың барлығы қорғанның ықпалында өмір сүреді».


Д.: Бірақ сен жалғыздықта емессің ғой?

Л.: Жоқ. Алайда менде ешкімнің жұмысы жоқ. Олар менің оқығым келетінімді білмейді. Білім бұл адамдарды қызықтырмайды. Мен өздігімше бақыттымын.

Оның еліндегі жағдай бейбіт емес еді. Қауіп аяқ астында еді, сондықтан олар сарайдың қабырғасына жақын жүруге тырысатын.

Л.: Шаруалар көтеріліске шықпақшы. Оларға деген қарым-қатынас нашар. Сондықтан сарайдан оққағарсыз шығуға болмайды.


Д.: Әкеңнің бұл мәселе туралы не ойлағаны бар?

Л.: Бұл әкемнің кінәсі. Ол онша мейірімді емес. Ол көмектесуге тырыспайды, тек пайдаланады.


Д.: Сен білімге қызығамын дедің. Саған ерекше ұнайтын нәрсе бар ма?

Л.: Маған жұлдыздарды зерттеген ұнайды. Ғаламды. Содан ғой елдің мені есінен адасқан деп ойлайтыны.

Әрине, мен оның астрономия не астрология туралы айтып жатқанын нобайладым.



Д.: Сенің заманыңдағы адамдар жұлдыз туралы не ойлайды?

Л.: Олар жұлдызды Айдың жарқырауық бөліктері деп есептейді.


Д.: Сенің заманыңда жұлдызға қызығатын басқа адамдар бар ма?

Л.: Бір-ақ адам бар. Ол менің досым.


Д.: Саған жұлдызды зерттеуге сол көмектесті ме?

Л.: Иә. Ол бұл жақтан емес. Ол өте кәрі, жақында мені тастап кетпекші.


Д.: Бірақ ол саған білімін беріп кететін шығар?

Л.: Иә, ол қазір солай жасап жатыр. Ол кеткен соң арқалайтын үлкен жауапкершілік боп тұр. Бұл білім менікі болмақ, оны жоғалтып алмау үшін сосын ары қарай үйретуім керек.


Д.: Ол қандай білім?

А.: Бұл Ғалам туралы білім. Құдайдың жаратқан әр жаратылысы жөнінде, тек Жер емес, адам көрмек түгілі, бар екенін де білмейтін, өте алыстағы басқа да көптеген Ғаламдар мен жұлдыздар туралы.

Д.: Сен қария басқа жақтан келген дедің ғой.

Л.: Иә, ол Плеяда шоқжұлдызынан келген.


Д.: Рас па?

Осы сәтте бұл сеанс қарапайым сеанс емесін түсіндім.


Д.: Ол қай жерде?

Л.: Ол Құс жолында орналасқан. Бұл жерден өте алыс.


Д.: Бұл мүмкін емес деп ойламадың ба?

Л.: Жоқ. Ол мұнда жарықтың сәулесімен жетті... (Сасып қалып). Бірақ маған мұны түсіну қиын.


Д.: Түсінемін. Сен бұл адаммен алғаш танысқанда мұндайға сену қиын болды ма?

Л.: Жоқ. Бәрі шынында да солай екенін білдім. Біз, адамдар, түсіне алмайтын көп дүние бар. Оны біз тек жүрекпен сеземіз. Бұл рас.


Д.: Ол адамның түрі қандай?

Л.: Ол өте кәрі, құныстанған. Шашы аппақ қудай, поптардың рясасы сияқты киім киеді. Кәдуілгі қария.


Д.: Ол қайда тұрады?

Л.: Білмеймін. Мен қайда жүрсем де, маған келіп тұрады.


Д.: Қалай келеді?

Л.: Басында мен оны сиқыршы деп ойлаған едім. Бірақ олай емес. Бойында мен ешқашан игере алмайтын күштері бар. Менің санам мұның бәрін түсіну үшін мұншалықты дами қоймаған.


Д.: Сенің заманыңдағы адамдар сиқырға қалай қарайды?

Л.: Сиқыр қалыпты дүние. Бізде сиқыршылар бар, бірақ олар көзбояушылар. Әкем ол адамдарға құрметпен қарайды. Бірақ, олар өздерін көрсететіндей адамдар емес.