Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 135

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Д.: Әкең сенің досыңа қызығуы тиіс еді ғой?

Л.: Жоқ, мен оған бұл адам жайлы айтқым келмейді. Оның өміріне қауіп төнеді.


Д.: Сен бұл қариядан білім алып жүргеніңе қанша уақыт болды?

Л.: Бес жыл. Ол кезде жасым жиырмада еді.


Д.: Ол саған бірінші рет келгенде не ойладың?

Л.: Мен ішімнен: «Неге мен? Маған тыныштық керек. Маған бұл керек емес» деп ойладым. (Естелігі). Орманда ағаштың түбінде өмірім туралы ойланып отырғанмын. Көзімді ашсам, алдымда ол тұр. Кімсің деп сұрадым. Ол маған: «Мен алыстан келдім, сен бар екеніне еш сене алмайтын заттарды саған үйретуге келдім» деді. Сонда мен одан: «Неге мен соны үйренгім келеді деп ойладың?» деп сұрадым. Ол маған: «Сенің тағдырыңа жазулы, Сен осы білімді үйренесің» деді.

Д.: Сенде таңдау болмағандай.

Л.: Мен де оған дәл солай дедім: «Сайтан алғыр, мен нені қаласам, соны істеймін». Бірақ ол маған: «Иә. Сен үйренгің келеді» деді.


Д.: Ол маған өте қызық адам сияқты. (Линда күлді). Сені көндіруге көп уақыт кетті ме?

Л.: Жоқ. Жүрек түкпірінде оның сөзі рас екенін мойындайтынмын.


Д.: Бұл өте қызық екен, демек ол саған бес жыл бойы келіп тұрады? Сен қайда жүрсең де тауып алады?

Л.: Иә. Күн сайын. Маған үйретері өте көп, сондықтан маған тыным бермейді. Ол мені қалдырып кеткенде, мен өзімнен жас шәкірт іздеуім керек. Білім солай жалғасады. Мен бұл білімді жазып қалдыра алмаймын.


Д.: Неге?

Л.: Өйткені, оны содан соң жойып жіберуге болар еді. Білім тірі болуы тиіс. Ұрпақтан ұрпаққа жетуі керек. Бұл білім тек таңдаулыларға ғана қонады. Менің заманымда мені таңдағанына өте ризамын.

Д.: Бұл үлкен жауапкершілік.

Л.: Бұл зор құрмет, бірақ жауапкершіліктің салмағы жүрегіме түсіп жатқанын сеземін.


Д.: Демек, ол айтқанның бәрін есте сақтауың керек, бірақ жазып алуға болмайды?

Л.: Жоқ, маған жазуға болмайды. Білім менің санамда сақтаулы тұрады. Мен шәкірт тапқанда сиқырлы таяқшаны сілтегендей күшпен бұл білім маған қайтады. Білім маған қажетті тізбекпен жетеді. Сонда менің шәкіртім нені түсінуі керек екенін ұғады. Содан соң ол білімді қазір мен сақтағандай сақтайтын болады.


Д.: Л сен әлденені ұмытып қалам деп қорықпайсың ба?

Л.: Жоқ. Біздің санамыз өте үлкен. Бірақ адамдар сананы түсінбейді.



Д.: Л егер білімді ұрпақтан ұрпаққа осылай беріп отырғанда ол өзгеріп кетсе ше?

Л.: Жоқ, санада оны түпнұсқа күйінде еш өзгертпестен сақтайтын әлдене бар.

Д.: Мен адамдар туралы ойлап тұрмын. Олар уақыт өте келе ақпаратты құбылтып жіберуге бейім.

Л.: Алайда бұл білім ерекше жерде сақталады. Ол тек белгілі бір уақытта ғана қолға түспек. Ол туралы қалаған уақытта айта беруге болмайды. Тек дер кезінде айтып берем.



Д.: Онда неге оны маған айтып отырсың? Мен саған ешбір қауіп төндірмегендіктен бе?

Л.: Рас.


Д.: Ол тек сен үшін келген бе, әлде Жер бетін бұрыннан мекендеген бе?

Л.: Ол тек мен үшін келді. Өзге адамдар оны көреді деп ойламаймын. Олар менің онымен сөйлескенімді естиді, содан соң мені есінен адасқан деп ойлайды.

Д.: Эм, бұл өте қызық екен.

Л.: Ол жағы маңызды емес. Мен естен адаспадым. Мен тұратын жер қатты оқшауланған. Мұнда адамдар аз. Біздер басқа корольдіктерден өте алыс орналасқанбыз.


Д.: Сендер белгілі бір дінге сенесіңдер ме?

Л.: Біз сенетін... сиқыр ғана. Отқа сенеміз. От Құдайы өте мықты.


Д.: Сендердің сиқыршыларың үйрететін нәрсе осы ма? Сондықтан әкең оларға сене ме?

Л.: Иә. Ол жолынан тайып кетті.


Д.: Яғни, бұл ақпарат оған арналмағаны ғой?

Л.: Жоқ. Ол түсінбейді. Қабылдай алмас. Маған өте алысқа кету керек болады.


Д.: Саған солай айтты ма?

Л.: Иә. Шәкірт табу үшін өте алысқа кету керек деді. Мен өз орманыма ешқашан оралмаймын. Сондықтан қазір орманға қарап рахаттанып алуға ұмтыламын.


Д.: Сен өзің тұратын жерден лайық шәкірт таба алмайсың ба? Сен бұл жерден кеткің келе ме?

Л.: Көңілім түсіп кетті.


Д.: Сен корольдіктің мұрагерісің ғой?

Л.: Жоқ, мен үйдің кенжесімін. Мен мұрагер болсам, мені ешқашан бұл білімді қондыруға таңдамас еді.

Д.: Сенің басқа міндетің болар еді...

Л.: Иә, бірақ менде басқа міндет жоқ. Сондықтан кетем.

Д.: Сен үйреніп жатқан білім маған қызық болып тұр. Алайда, бұл жерден кетіп, сен үшін маңызды болатын күнге келейік. Сен маңызды деген нәрсе болатын күн.

Менің естігенімнің бәрі мендегі қызығушылықты ұлғайтты. Дегенмен, содан кейін естігеніме мүлде дайын емес ем.


Д.: (Ұзақ тыныштық). Не болып жатыр? Не көріп тұрсың?

Л.: (Таң қалып). Мен Ғаламда жүрмін. Саяхатқа шықтым. Мен бәрін көруім керек.


Д.: Нақты не болып жатыр?

Л.: Менен бұл миссияны орындауды өтінді. Мен бұл туралы алыстағы елдің адамдарына айтып беруім керек. Мен тез қимылдап келем. Бірақ оны өзім сезбеймін. Мүлде қимылдамайтын секілдімін.


Д.: Қалай саяхаттап жүрсің?

Л.: Мен... капсуладамын.


Д.: Түрі қандай?

Л.: Домалақ зат.


Д.: Өте үлкен бе?

Л.: Жоқ. Кішкене сопақша ғимарат. Жоқ, кішкене сопақша жап-жарық жер. Мұнда менен басқа ешкім жоқ. Мен бұл затты басқарып отырғаным жоқ. Ол өздігінен қозғалады.


Д.: Отырсың ба?

Л.: Тұрып тұрмын, бірақ қаласам отыруыма болады.



Д.: Яғни, тұрып тұруға болатын болса, біршама кең жер болғаны ғой?

Л.: Иә, мұнда терезе бар. Тесік бар, бірақ оған қолымды кіргізе алмаймын.


Д.: Неге?

Л.: Себебі, онда бір қабық бар, ол мені бұл ғимараттан шығармайды. Бірақ мен одан ары қарай не болып жатқанын көре аламын, айналада не боп жатқанын көріп тұрмын.

Адамдарды орта ғасырға жібергенде мұндайды естігенмін. Олар әйнектің не екенін білмейді. Мұндайды көп рет естігенмін. Егер әр түрлі адамдар бұл туралы айтса, бұл шындыққа жанасады деген сөз, өйткені олар басқалар не айтқанын білмейді ғой. Мен осындай ұсақ-түйекке мән беріп үйренгенмін.


Д.: Тесіктен ары қарай не көріп тұрсың?

Л.: Арғы жағы өте қараңғы. Тастай қараңғы. Тып-тыныш. Кейде жанымнан әлдене өтіп бара жатқанын байқаймын. Жердегідей алуан түрлі түс жоқ. Тек қара мен сұр. Реңктер өте аз.


Д.: Жаныңнан не өтіп бара жатыр?

Л.: Ах, кейде мен... қара жартастарды көрем.


Д.: Л сен бұл кішкене затқа қалай түстің?

Л.: Ұйықтап жатқам. Мені оятты да, барғың келе ме деп сұрады. Мен: «Әрине» дедім. Қайтадан ұйықтап қалдым. Сосын осы кішкене заттың ішінде екенімді түсіндім. Қалай түскенімді білмеймін. Мен тек баруға келіскенімді білем. Міне, мен осындамын.


Д.: Сенен досың сұрады ма?

Л.: Жоқ, ол менің досымды білем деді. Бірақ өзі Ғаламның басқа шетінен. Плеяда шоқжұлдызынан емес. Плеяданың басқа жағында орналасқан Май-кон ғаламшарынан. Майкоп? Бұл жер туралы ешқашан естімеппін.


Д.: Оның түрі қандай еді?

Л.: Аласа бойлы, басы үлкен, домалақ, шашы жоқ.


Д.: Сен оның түрін көрдің бе?

А.: Бет-жүзі болды ма, есімде жоқ, бірақ денесі өте кішкентай екені есімде. Денесі мен үлкен бастың арақатынасын қалай теңгереді деп ойладым.


Д.: Әрине, ол кезде түн болды, сен оның түрін анықтап көре алмаған боларсың? Солай ма?

Л.: Жоқ. Ол күмістей болды. Жарқырауық! Өте қатты жарқырап тұрды.


Д.: (Таң қалып). Ол жарқырап тұрды дегің келе ме?

Л.: Иә. Сондықтан оның түрін анықтап көре алмадым. Ол қатты жарқырап тұрды. Мен ұйқылы-ояу едім, дұрыстап көрмедім. Линда менің үлкен белдігіме қарады, (қолымен ұстап көрді), жуан әрі жылы. Алдында қалтасы бар. Неге дәл осы белдікті тағып алдым? Не үшін керек еді? Былғары емес, өте жұмсақ, кедір-бұдыры жоқ. Маған таныс материалдардың ешбіріне ұқсамайды. (Ол белдікті сипап көргендей қимылдады). Не бекіткіші, не тоғасы жоқ. Бұл белдікті қалай таққаныма таң қалып тұрмын? Осы нәрсе мені аздап алаңдатып тұр.


Д.: Л қалтаңда бірдеңе бар ма?


Л.: Қалтада бірдеңе бар сияқты, бірақ мен қалтаны аша алар емеспін. (Шамасы белдік оған ұнамады). Неге бұл белдікті таққанымды сәлден соң айтып беретін сияқты.

Осы диалог кезінде оның дауысы ересек адамдікіне ұқсады. Дикциясы әдеткі дикцияға ұсқамады.

Д.: Бірақ ол саған еш зиян келтірмеді ғой? Саған тек оны білу қызықты.

Л.: Иә, ол да рас. Белдіктің астындағы ішім ісініп бара жатқандай.


Д.: Бірақ жағымсыз сезім емес қой?

Л.: Жоқ. Мен жеп-жеңілмін.


Д.: Үстіңде әдеттегі киімің бе?

Л.: Жоқ, жоқ, жоқ. Олар киімімді бөлмеде қалдыруға көндірді. Үстіме... (Ол киімін қарап). Ол жарқырап тұр. Бұл қандай материал екенін білмедім. Ол жеп-жеңіл, бүкіл тәнімді жауып тұр. Аяғымда аяқкиім. Етік емес, шамасы туфли. Бірақ ол киіммен тұтасып кеткен. Бір бүтін сияқты. Тек басыма қалпақ кигізбепті.


Д.: Қабырғада әлдене бар ма, әлде бөлме бос па?

Л.: Мен қарап алайын. (Ұзақ тыныштық). Мұнда үлкен терезе бар.


Д.: Кішкентай тесіктен айырмашылығы бар ма?

Л.: Жоқ, бұл да тесік. Бірақ ол өте ұзын. (Пауза) Есік қайда? Мен есікті көрмей тұрмын.


Д.: Барған сайын қызық боп бара жатыр. Солай ма?

Л.: Солай. Мен қайда бара жатырмын? Қызық.

Ол осы сұрақты қойып еді, жауаптар пайда бола бастады. Олар басқа біреудің пәрменімен келетін сияқты. Себебі, ол естігенін қайталап жатқандай көрінді. Бұл ол үшін жаңа ақпарат болды.

Л.: Олар аз қалды деп жатыр. Адамдар жаңа өмір бастаған жерге бара жатыр екенмін. Мен сонда баруға міндетті болған соң бара жатырмын. (Таң қалыс). Шәкіртімді табуға! (Риза қалыпта). Мен өзімнің шәкіртімді табамын. Мен оны ұзақ уақыт іздеп жүрмін.


Д.: Сен оны Жер бетінен таппадың ба?

Л.: Жоооқ! Мен барлық жерден іздедім. Қазір мен қатты қартайдым. Оны дер кезінде таба алмай қалам ба деп қорқып едім. (Риза болып әрі қуанып). Мен сонда кетіп барамын. Жаңа мекенге барып, шәкіртімді табамын.

Аяқ астынан менде идея пайда болды. Мұндай мүмкіндікті жіберіп алмауым керек.


Д.: Өз біліміңді тек шәкіртіңмен ғана емес, менімен де бөліскің келмей ме?

Л.: Алдымен рұқсат сұрап алайын. Рұқсат сұрамастан бөлісе алмаймын.

Диктофонды тексеріп, уақытымыз біткенін көрдім.


Д.: Жақсы. Сенімен сөйлесуге қайтып келсем, рұқсат сұрауға уақытың бола ма?

Л.: Иә, рұқсат сұраймын.

Д.: Бәлкім, рұқсат берсе, сен екі шәкіртке бірдей біліміңді бөліп берерсің. Себебі, бұл маған да өте қызық боп тұр.


Л.: (Риза болып). Бұл тамаша болар еді! (Қатты қуанып). Екі шәкірт. Бұл таңқаларлық жайт емес пе?