Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 137

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Д.: Олар не жейді?

Дж.: Олар көп жаңғақ пен жеміс жейді. Балық жейді. (Оның бетінде жиіркеніш пайда болды. Мен күлдім). Олар бәрін шикідей жейді. Оларға көбелектер мен жәндіктер ұнайды.

Д.: Олардың тауық қораға ұрлыққа түскенін естіп ем.

Дж.: Иә. Олар кішкентай жануарларды жейді. Балапандарды. Егеуқұйрықтарды (Тағы да жиіркенгеннен тырысып қалды, мен тағы күлдім). Кеміргіштерді, тиінтәрізділерді. Бірақ олар етқоректілерді жемейді. Тек өсімдік жейтіндерін жейді.


Д.: Егер олардың психикасы осыншама дамып кетсе, олар... жемеуі тиіс. Тым қарабайыр емес пе?

Дж.: Бұлай түйін түймеңіз. (Ол маған саусағын шошайтты). Шырақшы айтты: «Бұлай түйін түймеңіз. Олар даму жағынан адамнан озып кеткен». Олар Жермен, оның қуаттарымен, табиғат рухтарымен үйлесімді өмір сүреді. Олардың телепатиялық қабілеті бар. Сондықтан адамнан қашып кете алады. Ол айтты: «Асығыс шешім қабылдамаңдар».

Д.: Сонда олар соншалықты қарабайыр емес екен ғой.

Дж.: Иә.

Долорес: Жердің басқа бөлігіне көшейік. Неге Австралияның жануарлары басқа әлемнен өзгеше? Бұл құрлықтан басқа жерден көрмейтін жануарларды кездестіруге болады.

Фил: Бұл сұраққа жауап жоқ. Себебі, біз айырмашылық көріп тұрған жоқпыз. Әр құрлықта басқасында жоқ жануарлар болады. Бірақ бұл ғаламшардағы басқа жануарлардан ерекшеленеді деген сөз емес. Олар тек бұл жерді емес, басқа жерді мекендейді. Сізге сұрақты тиянақты қою керек.

Д.: Австралияның жануарлары ғарыштан келген деген теория бар. Оларды бөгде ғаламшарлықтар әкелген дейді. Сондықтан әлемнің басқа бөлігіндегі жануарлардан ерекшеленеді дейді.

Мен бұл туралы Австралияға 1994 жылы бірінші рет саяхаттап барғанда естіген едім. Сол кезде осы теория жазылған кітап басылып шығып еді.

Ф.: Бұл ғаламшарға басқа ғаламшардан әкелінген жануарлар шынында да бар. Алайда басқа ғаламшардан әкелген жануарларды сызып тастасақ, жерде дым қалмас еді.

Д.: О баста Жерге тіршілік әкелу туралы ойлап тұрмын, бірақ біз ол туралы айтып жатқан жоқпыз ғой? Солай ма? Мен жануарларды тасымалдау туралы айтып тұрмын, бәлкім бұл алғашқы тіршілік әкелуден көп кейін болған шығар.

Жерге тіршілік әкелу туралы теория менің «Бау-бақша сақтаушылары» мен «Сақтаушылар» кітаптарымда айтылған.

Ф.: Біз бұл теорияға жалпы Жерге тіршілік әкелуді кіргіземіз, тек жануарларды ғана емес. Мұнда басқа ғаламшарлардан, басқа өлшемдерден тіршілік иелерін әкелді. Сондықтан сіздердің ғаламшардағы тіршілік иелерінің жер басып жүруі өзге ғаламшардағы тіршілік пішініне борышты.


Д.: Яғни, Австралия басқа құрлықтардан ерекшеленбейді ғой.

Ф.: Бұл ғаламшардағы тіршілік пішіндері климат пен өздері мекендеген қоршаған ортаның әсерінен эволюцияланды, өзгеріп отырды. Бәлкім, кей жануар сыртқы әлпетіне қарай, не басқа өзгешелігінен ерекше көрінуі мүмкін. Алайда жалпы ортақ картинаға дұрыстап қарасаңыз, мұндай жануардың ерекшелігі басқа ғаламшардан келді дегенді мүлде білдірмейді.
СТОУНХЕНДЖ

Долорес: Англиядағы Стоунхендж туралы сұрағым келеді.

Фил: Бұл қарапайым астрономиялық мектеп еді. Мұнда астрономияны зерттегісі келетіндер келетін.



Д.: Оны қандай нәсіл салған?

Ф.: Оның түп-тамыры Гаэльден. Бұл білім Атлантида күйреген соң бүкіл дүниежүзіне таралды. Көп мәдениет содан ұтып кетті.


Д.: Тастар осылай орналасқан жалғыз жер ме?

Ф.: Егер дәл осындай құрылымда айтсақ, иә, жалғыз жер. Дүниежүзі бойынша баламалы қызмет атқаратын ұқсас монументтер баршылық. Бірақ пішіні басқа. Оңтүстік Америка мен Мысырдағы пирамидаларды да астрономиялық бақылау жасау мақсатында қолданған. Жер бетінде мұндай бірнеше орын бар.


Д.: Стоунхендждегі тастарды қалай көтеріп қойған?

Ф.: Телепатияның күшімен, ойдың қуатымен. Пирамидаларды салған кездегідей. Мұнда телепатияның күшімен тасымалданған. Құрылысқа бірнеше жыл кетті. Стоунхендждің о бастағы мақсаты ұмытылды. Оны осы ғаламшардан өзге ғаламшарға дейінгі қашықтықты өлшеу үшін қолданатын.

Д.: Майя тайпасына не болғанын білесің бе? Бұл ерекше халық еді. Аяқ астынан жоқ боп кеткендей.

Ф.: Сіздің сұраққа тарқатып жауап беру мүмкін емес. Бұл хикая әлі аяқталмаған. Олар қырылып қалмады. Осы жауап жеткілікті болар. Оларды тасымалдады. Оларды дәл қалай тасымалдағанын қазір айта алмаймыз.


Д.: Неге олай болғаны сізге белгілі ме?

Ф.: Олар өздері кеткісі келді. Оларды испандықтар жаулап алмақшы еді. Олар соны болжап білді.


Д.: Өркениеттерде осындай жағдай жиі болып тұрушы ма еді?

Ф.: Жоқ. Бірақ бұның алдында мұндай үлгі болмады деген сөз емес. Егер өте қатты дамып кеткен өркениет күйреудің алдында тұрса, қауіп төнсе, содан сақтану үшін өркениет өзі осындай жолды таңдауы мүмкін. Осылай болуы тиіс деген заңдылық жоқ. Егер адамдар өз жетістігін осылай қорғағысы келсе, ары қарай дамығысы келсе, өзінің қоғамын сақтап қалғысы келсе, оларға осындай мүмкіндік беріледі. Егер бұл мүмкіндік бірінші тараптың да, оларды қоршап тұрғандардың да мүддесіне сай келсе.
АЛҚАПТАҒЫ ШЕҢБЕРЛЕР

Долорес: Англия алқаптарындағы шеңберлер туралы не айтасың? Ондай шеңберлер басқа жақтарда да болғанын білемін. Бірақ Англиядағысы аса күрделі әрі мазмұнды секілді. Соларды кім, қалай жасайтынын айтып бере аласың ба?

Фил терең трансқа түскен және көп сұраққа жауап беріп отырған. Кенет бір сәтте көзін ашты. Өзін жайсыз сезініп отырғандай болды.


Д.: Сен бұл сұраққа жауап бергің келмей тұр ма?

Ф.: (Ол өзін жайсыз сезініп тұрғандай болды). Жоқ, жай... Білмеймін... Өзімді жайсыз сезініп тұрмын. Жағдайым нашар боп тұрғандай. Бірдеңе болды. Алқаптағы шеңберлерге қатысы жоқ деп ойлаймын. Бірақ сіз осы сұрақты қойғанда бірдеңе болған секілді.


Д.: Біз ешқашан оларды зиянды деп ойламаған едік. Бұл бар болғаны алқаптағы шеңберлер ғой.

Ф.: Бірақ олардың өн бойында әлдене жасырылған. Сенімді емеспін... Адамға тән емес дүние... Білмей тұрмын. Сол әлдене өте терең деңгейде орналасқан. Д.: Сені дәл сол нәрсе мазалады деп ойлайсың ба?

Ф.: Ішімде жағымсыз бір нәрсе басталып кетті. (Ол отырды). Мен кейін қайта алмаймын. Маған... үзіліс беріңізші.

Фил орнынан тұрды да, ваннаға кетті. Оның басқа клиенттерден айырмашылығы ол терең транста отырса да өзін жайсыз сезінсе тұрып кете алатын. Бірнеше минуттан соң ол қайтып оралды. Оның жайсыз сезімі қалай тез басталса, солай тез бітті. Төсекке қайтып жатты да, босаңсып, лезде терең трансқа түсті. Мен ештеңе істемедім де. Мен оның жағдайын жеңілдететін тапсырмаларды бердім. Ол әрдайым қауіпсіздікте екенін ескерттім.

Ф.: Сіз де, ақпаратты алып отырған адам да қауіпсіздікте екенін айта аламыз. Сіздерге зияны тиетін ештеңе алмайсыздар.

Д.: Бірақ оның денесіне әсер етті. Бұл мені алаңдатты.

Ф.: Мұндай сәтте қорғау қажет емес деп таптық. Бірақ тым жақын байланыс орнатты. Бейнелеп айтқанда. Содан ыңғайсыздық туды. Өткізетін адамның қуаты байланысқа түсетін қуатпен сәйкеспеді.


Д.: Қазір осы сұраққа жауап бере аласыздар ма? Алқаптағы шеңберлер туралы білгім келген. Оларды қалай жасайды?

Ф.: Қазіргі кездегі сіздердің ғаламшардағы коммуникацияның жоғарғы пішіндері екілік не компьютерлік тілдерде түсіндіріледі. Сіздердің ұстаным жүйелеріңізде коммуникацияның жоғарғы пішіндерін ғалымдар жасайды. Сондықтан қарапайым адамдар оларды түсінбейді. Бұл алқаптағы шеңберлер сол қарапайым адамдарға қазір сіздің ғаламшар қабылдап жатқан ақпараттарды жеткізуі керек. Бұл ақпарат Жердің тұрғындарының тіршілік ету табиғаты жалпы қалыптасқан көзқарастан радикалды түрде өзгешеленетінін айтып тұр. Бәрі сіздер ойлағандай емес. Соны түсініңіздер. Бұны жасап жатқандар ақпаратты әр адамға түсінікті деңгейде жеткізуге тырысып жатыр.


Д.: Шеңберді кім әлде не жасады?

Ф.: Дәл қазір бұл сұраққа толыққанды жауап беру мүмкін емес. Себебі, ол үшін адамзат нәсілінің пайда болуы туралы тұтас лекцияны оқуға тура келер еді. Бұл символдар сіздердің ғаламшардағы тіршілік тарихымен байланысты екенін айта аламыз. Сіздердің ғаламшардағы түрлі тіршілік пішіндерінің пайда болуы туралы дәріс. Кей адамдар бұл символдадың маңызын түсіне бастады. Бұл кездейсоқ өнер туындысы емес. Ақпаратты берудің ерекше тәсілі. Осындай коммуникацияның пішінінен хабардар болғандар жақында бұл ақпарат өздеріне арналғанын түсінеді. Бұл ақпарат ғаламшардағы тіршіліктің қалай басталғанын айтып тұрғанын да түсінеді.



Д.: Яғни, бұл тиянақты символизм болып тұрғаны ғой?

Ф.: Солай.


Д.: Бұны Жердің адамдары жасады ма?

Ф.: Мұндай шеңберді қайталауға тырысқандар болды. Бірақ оларды адам жасады деуге келмейді. Бұл ғаламшарда бірнеше ғасыр бойы айтылмаған ақпарат жасарылған.


Д.: Сонда шеңберді кім жасаған?

Ф.: Оны... (сөз таппай жатыр)... ақиқатты сақтаушылар.


Д.: Ақиқатты сақтаушылар қайда болуы мүмкін?

Ф.: Олардың физиологиялық орыны маңызды емес. Маңыздысы олардың мақсаты. Олар сіздерге өз шығу тектеріңізді білудің мүмкіндігін ұсынып жатыр.


Д.: Олар бөгде ғаламшарлық кемемен келгендер ме, соны білгім келеді?

Ф.: Сізге тура соны айта алмаймыз. Себебі, дәл солай емес. Алайда, олар Жерден емесі анық.


Д.: Бірақ олар Шырақшылар емес?

Ф.: Жоқ. Бірақ олар мұнда басқа жақтан келмеді. Олар осы жақтан. Олар өз үйінде. Бірақ сізге белгілі әлемге тән емес.


Д.: Сонда олар басқа өлшемнен десек бола ма?

Ф.: Олар сіздің әлемнен, бірақ сізге таныс әлемнен емес. Олардың нақты мекенжайын айтудың маңызы жоқ. Кейін, уақыты келгенде олардың қайдан екенін білетін боласыздар. Сол кезде кей адам жоғары деңгейлі түсінікті іздеп соларға бара алатын болады.


Д.: Біз өлгеннен кейін баратын рухани әлемнен емес қой?

Ф.: Олар рухани әлемге тән, сол сияқты әрбіріміз рухани әлемге тәнбіз. Бірақ олар сіздер сияқты көрінбейді. Бұл олар мақсатына жету үшін физиологиялық пішінге ене алмайды деген сөз емес. Бірақ олар үнемі физиологиялық пішінде жүре бермейді.


Д.: Қалай болғанда да олар Жермен байланысты болып тұр. Бірақ бізге белгілі пішіні жоқ. Солай ма?

Ф.: Иә.


Д.: Өлгендердің рухы емес қой?

Ф.: Егер рух деп физиологиялық пішінде жүріп, сосын оны тастап шыққандарды айтып тұрсаңыз, жоқ, олар емес. Олардың пішіні сізге белгілі физиологиядық пішіндерден артық. Бұл оларда ешқашан физиологиялық пішін болмады деген сөз емес. Өз эволюциясының белгілі бір кезеңінде олардың да физиологиялық пішіні болды. Бірақ сізге белгілі пішін емес.

Д.: Яғни, олар өз эволюциясында адамзатты да, ғарыш кемесінде саяхаттайтындарды да басып озған болып тұр ғой. Олар анағұрлым жоғары деңгейге көтерілгендер ме?

Ф.: Олар ғарыш кемесінде саяхаттайтындарды басып озған жоқ. Олар өз жолымен эволюцияланды. Алайда әлі де өсер жері бар. Бұл коммуникация (алқаптағы шеңберлер) — сіздің әлемнің тұрғындарына олардың да әлемі бар екенін хабарлаудың тәсілі.


Д.: Алқаптағы шеңберлер нақты қалай жасалатынын айтып бере аласыз ба?