Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 136

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ф.: Жалпы үдерісте ешбір мистика жоқ. Ол тек сіздің әлем үшін ғана ерекше. Олар қуатты бағыттап, фокусты өсімдіктің молекулярлы құрылымына түсіреді. Өсімдіктің сабағын сыртқы күшпен емес, ішінен иілткендей. Сыртқы ортаның әсері емес, ішкі құрылымның реорганизациясы.

Д.: Ол үшін қандай да бір қуат қолданылады деп ойлаймыз.

Ф.: Ол рас.


Д.: Яғни, ол үшін ешбір машина не құрылғы қолданылмайды ғой?

Ф.: Мүлде олай емес. Тек физикалық машина емес, рухани машиналар да болады. Яғни, айтпағымыз сізге белгілі физикалық машиналар бұл істе қолданылмады. Бірақ бұл рухани машиналардың қолданылуын жоққа шығармайды.

Д.: Мен ғарыш кемелерін ойлап тұр едім.

Ф.: Бұл машиналар бір өлшемнен екіншісіне өтуге қолданылмайды. Рухани әлемде машиналардың концепциясы сәл басқашалау. Рухани әлемде шынында да машина деуге келетін дүние бар. Оларды арнаулы мақсатқа орай жасайды. Бірақ олар үш өлшемді емес. Олар жоғары қуаттардан тұрады.

Д.: Кей адамдар шеңберге жақындағанда өзін нашар сезінгені туралы ақпараттар бар.

Ф.: Солай. Сіздің өткізуші адамда да сондай сезім туды. Ол сондағы қуаттармен байланыс орнатуға тырысты. Кей адамдар мұндағы қуаттармен мүлде сәйкеспейді. Бұл қуаттар сол адамдардың қуаттарымен үйлеспеді.

Д.: Мен сол шеңбердің бірінің ішіне барып тұрғанымда жан тыныштығын сездім, күш-қуатым артты.

Ф.: Кей адамның қуаты шеңбердің қуатымен үйлеседі.

Д.: Филдың денесіне берген әсеріне қарағанда, ол қуаттар жақсы емес сияқты.

Ф.: Иә. Бәрі оның қалай қабылдағанына байланысты. Оның санасының «фильтрі» беймәлім нәрсемен түйісті. Ол соны қауіпті деп қабылдады. Беймәлім нәрсенің алдындағы үрей сияқты. Мұндай физиологиялық симптомдар адам шынайы өмірдегі түрлі пішіндермен бейүйлесімділікке түскенде не болатынын көрсетеді.

Д.: Яғни, бұл негатив қуат емес.

Ф.: Жоқ. Бәрі тек түсініктің жоқтығына тіреледі. Бұл адам бұрын ешқашан бұл деңгейде тілдеспеген. Бұл ол үшін жаңа тәжірибе болды.


Д.: Егер, сол шеңберлерге барса, өзін жайсыз сезінер еді. Себебі, оның қуаттары шеңбер қуатымен үйлеспеді. Солай ма?

Ф.: Иә.

Д.: Неге мұндай шеңберлер Стоунхендж, Эйвбери, Гластонбери маңында пайда болатынын білесіз бе? Бұл жерлерді қуаттың шоғырланған мекені дейді. Неге әлемнің басқа жағына қарағанда, Англияның осы маңайында жиі кездеседі?

Ф.: Қазіргі таңда бұл ғаламшарда бір-біріне қарсы бағытталған қуат құйындары көп. Бір нүктеде қуат бір бағытпен, келесі нүктеде басқа бағытпен ағады. Бұл қақпа секілді, сол арқылы қуат ғаламшарға қарай ағады және одан шығып жатады. Тура бағанағы нүктеде қазір көптеген құйындар бар. Солар арқылы ғаламшарға қуат кеп жатыр. Бұл құйындар фильтр сияқты. Осы ғаламшардың мақсаты мен сұранысымен үйлесетін қуаттарды ғана кіргізіп тұрады. Бұл құйындар қақпаның қарауылы секілді. Сол қақпа арқылы біздің ғаламшарға жаңа білім кеп жатыр.


Фил транстан шыққанда ол қабылдаған ақпараттар туралы біраз естелігі сақталып қапты. Сеанс кезінде мен сөзбен алғаннан бөлек тағы әлдене болады. Сондықтан дұрыс сұрақ қою өте маңызды.

Д.: Алқаптағы шеңберлерге қатысты не сезіндің? Сеніңше, оларды адамдар да емес, кемемен келетін бөгде ғаламшарлықтар да салмаған.

Ф.: Оларды жасағандар Жер бетінде не Жер астын мекендейді деу дұрыс болмайтындай. Олар құдды басқа өлшемде өмір сүретіндей. Оларда шамасы төрт өлшемді технологиялар бар. Машиналары бар, біздікіне ұқсайды, бірақ басқа деңгейдегі қуаттармен жұмыс істейді. Машиналары біздікіндей сүйкімсіз емес. Әлдеқайда жетілдірілген. Олар қуатпен жұмыс істейді. Олар қуатты трансформациялайды.


Д.: Оларды өңдей ме?

Ф.: Өңдейді. Өзгертеді, трансформациялайды. Машинаның өзі де қуаттан тұрады. Қуатпен жұмыс істейтін қуаттар. Олардың сүйкімсіз физикалық пішіні жоқ. Бірақ қалғаны біздегі машиналарға ұқсайды.

Д.: Сен оларды кемемен келетін бөгде ғаламшарлықтар емес екенін ескерте бердің.

Ф.: Олар осы жақтан. Менің көргенім жай рухтар мекендейтін жерден мүлде бөлек. Біздің асқақтатылған пішініміз сияқты.


Д.: Басқа өлшемде?

Ф.: Мүмкін. Сенімді емеспін. Біздің қуат деңгейіміз өсіп кеткендей. Бірақ пішінді тастап шығатындай жоғары деңгей емес. Ол пішін болды, не ультрафизикалық пішін. Бұл жақсы термин екен. Ультрафизикалық пішін. Ең үздік қуат. Иә. Олардың пішіні біздің стандартпен нақты пішін емес, бірақ таза рухани да емес. Олардың пішіні гиперфизикалық пішін. Олардың қуаты біздікіне қарағанда әлдеқайда жоғары жиілікте. Олар ультрафизикалық. Оларды сипаттауға осы сөз келеді екен.

Д.: Олар бізді бақылай алады, ал біз оларды көрмейміз. (Иә). Біз бұрын қуат әлемдері мен өзге өлшемдер туралы айтып едік. Солардың кейбірі біздің әлемге параллельді түрде өмір сүре алады. Егер біз, олар айтпақшы, санамызды жоғары деңгейге көтергіміз келсе...

Ф.: Мәселе, тек санаға кеп тірелмейді. Біздің тәніміз де анағұрлым жоғары деңгейге өтеді. Бұны қалай жасайтынын білмеймін. Бірақ біздің атомдар екі есе жылдам тербелетін сияқты. Мұны қалай сипаттайтынын білмей тұрмын. Периодтық кестені еске түсіріңіз. Онда элементтер тербеліс жиілігіне сай орналасқан. Атомның қуат деңгейі екі еселенген кезде олар бір-біріне қатысты орнын сақтап қалды, бірақ тербеліс жиіліктері екі еселенеді. Сондықтан біз оларды көрмейміз. Олардың тербеліс жиілігі өте жоғары. Мен бұл шеңберлерді бірден жасайтынын көріп тұрмын. Бөліп жасамайды. Оларды жасайтын машиналардың өлшемі шеңбердің өлшеміне сай емес. Олар физикалық машина емес. Олар ультрафизикалық.



Диктофондағы жазба осы жерге келгенде жылдам айнала бастады. Ақырында ештеңе естілмеді. Бәлкім, оны баяулатып қоюға болатын шығар, сөйлеген сөзді анық түсіну үшін. Бірақ талқылаудың бұл бөлігі адамды алаңдадатындай соншалықты маңызды емес еді. Біздің әңгімеміздің ортасына жеткенде жазба қайтадан баяулады. Сөйлеген сөздер анық естілді. Осы аралықта не туралы сөйлескеніміз есімде жоқ.

Ф.: ...Тас деген тас, ағаш деген ағаш. Бірақ егер сіз өз молекулаңызды басқара алсаңыз, жалпыға ортақ анықталған модельдің бар екенін түсінсеңіз, онда өзіңіздің молекулярлы моделіңізді өзгерте аласыз.

Осы тұста жазбаның жылдамдығы реттеліпті. Бұған дейінгі сөздерді түсіну мүмкін болмады.

Д.: Бұл идея тәндегі жасушаны өзіміз басқарып, ауруды қадағалай алатынымызды көрсетеді. Біз жасушаны өзгерте аламыз.

Ф.: Солай. Одан да ары барсақ болады. Молекуланы басқаруға болады. Алайда молекулярлы не атом деңгейінде өзгертуге келмейтін нақты модельдер бар.

Жазбаның негізгі бөлімі жазылған кассетада қарама-қайшы эффект білінді. Жазба тым баяулап кетті. Бірақ сөйлеген сөздерді түсінуге болады. Мен әр түрлі магнитофондарды қолданып көрдім. Эффектісі сол қалпында қалды. Бұл жазбаны механикалық жылдамдату не баяулату емес еді. Пленкаға бір нәрсе әсер етті. Фил өзін жайсыз сезініп, транстан шығып кетуге әсер еткен сол баяғы қуат ағыны ма екен? Шеңберді әншейін атағаннан Джениске әсер етіп еді ғой төртінші тарауда, сол сияқты нәрсе әсер етті. Бұл шеңберлерде бізге беймәлім қуат эффектісі бар. Ол тек клиенттерге емес, тіпті мен қолданып отырған құрылғыларға да әсер етті.

Долорес: «Алқаптағы шеңберлер» деп танылған феномен бар. Олар киелі жерлерде пайда болады. Бұлардың арасында байланыс бар ма?


Клара: Бұл шеңберлерге белгілі бір қуат модельдері шифрланып жазылған. Бұл сіздердің... не деуші еді... анаграмма?


Д.: Басқатырғыштар?

К.: Иә, бидай алқабындағы басқатырғыштар. Оларды қуаттың күшімен жасаған. Сіздер сол жұмбақты шешулеріңіз керек.


Д.: Бұл шеңберлерді кім әлде не жасады?

К.: Менің бар айтарым – оларды позитивті мақсатпен жасады. Махаббат үшін, мейірім үшін.


Д.: Оларды бөгде ғаламшарлықтар жасады ма? (Жоқ). Маған тағы не айта аласың?

К.: Бар айтарым, бұл Жердің өз қуаты.


Д.: Шеңберді сен сияқты тіршілік иелері басқара ала ма?

(Клара арқылы тілдесіп отырған жаратылысты айтып ем). Сен ғарыш кемесіндегі тіршілік иелерінен басқа сияқтысың.

К.: (Ол қулана жымиды). Не ойлап отырсыз? Өзіңіз шешіңіз.


Д.: (Күлдім). Меніңше, сенің білімің мен күшің көптеу. Ғарыш кемесіндегі мен тілдескен кей тіршілік иелері де өте ақылды болған.

К.: Олар өте ақылды тіршілік иелері. Олардың көпшілігі Жер бетінде өмір жолын өткергендер, соның арқасында жоғары жиіліктегі тербелістерге қол жеткізгендер. Сосын олар Жер ғаламшарынан басқа ғаламшарға кетті.

Д.: Қалай болғанда да, бұның сыртында ғарыш кемесіндегі тіршілік иелерінен әлдеқайда үлкен күштер тұрған сияқты.

К.: Солай деп айтсақ та болады.

Д.: Жер өз бетінше осындай суреттер салды дегенге сенбей тұрмын. Бәлкім, Жердің қуатын пайдаланып салды ма екен? Бірақ олар...

К.: (Сөзімді бөліп). Солай. Шеңберді салғанда Жердің қуаты қолданылды.


Д.: Олардың өн бойынша шифрланған хабарламалар жазылған. Солай ма?

К.: Иә. Ол бізге әлдене айтқысы келеді.

Д.: Жер ме? (Иә, иә). Бірақ кей адамдар оларды ғарыш кемесінен келген бөгде ғаламшарлықтар салды деп есептейді.

К.: Бұл шеңбердің қайнар көзі ғарыш кемесінен әлдеқайда қуатты әрі жоғары деңгейлі.

Д.: Мен бұл шеңберлерге барған едім. Масағы қуат сәулесінің көмегімен бұралғандай. (Иә). Суреттер ортасынан басталып, спираль бойымен өсіп жатқандай.

К.: Бұл шеңберді өте қуатты күштер салған, олар Жердің қуатын қолданды. Олардың бойында шешімін күтіп тұрған ақпараттар бар.


Д.: Бұл жазба не туралы екенін айтып бере аласың ба?

К.: Бұл сіздердің басқатырғыш қой. (Екеуміз де күліп жібердік).

Д.: Сол шеңбердің ортасында болғанымда мен жан тыныштық пен позитивті қуатты сезіндім. Бірақ кей адам шеңбердің ортасына түскенде өзін жайсыз сезінетінін естідім.

К.: Бәрі де жаратылыстың өз жолында, өз саяхатында қай тұста кетіп бара жатқанына байланысты. Олардың не сезінгені саяхаттың қай тұсында екенін көрсетеді. Егер олар бейбітшілік пен үйлесім нүктесінде болса, жан тыныштықты сезінеді. Егер сол жерде болса, солай болуы керек болғаны. Егер ол жерден кеткісі келсе, кете алады. Ондай кезде өздерін жайсыз сезінеді.

Д.: Бұл шын мәнінде кейбір адамдардың шеңберге түскенде өзін неге жайсыз сезінетіндігін жақсы түсіндіреді екен.

Бұл сеанс Лондонның солтүстігіндегі кішігірім қонақүйде өткен. 1992 жылдың жазында мен алғаш рет Англияға бардым. Лекцияларымның аяқталуын тағатсыздана күттім. Содан кейін алқаптағы шеңберлерге баратын едім. Алик – менің ағылшын баспагерім – Алқаптағы шеңберлерді зерттеушілер кеңесінің мүшесі еді. Ол мені Милк-Хилл маңындағы Альтон-Варнс пен соның жанындағы Оливер-Кастлдан жақында табылған шеңберлерге апармақшы еді.


Лаура сүйкімді сары шашты әйел, тәжірибелі астролог еді. Оның ешбір түйткілі болмады. Содан да ол нақты бірдеңе білуге тырыспады. Сеансты бастағанда ол қарапайым, бейбіт өмірге көшті. Бірнеше өткен өмірін қаз-қатар аралатып болғанда, ол рухани әлемді сипаттады. Сол сәтте ол арқылы басқа тіршілік иесі сөйлей бастады. Мұндай сеанс кезінде кездейсоқ жағдайға дайын болу керек. Егер мен тіршілік иесінде әлдеқандай ақпарат барын түсінсем, сұрақ қоятын мүміндікті жіберіп алмауға тырысамын.

Долорес: Сізге бір сұрақ қойсам бола ма? Бізді осы Англиядан табылған алқаптағы шеңберлер қатты қызықтырып тұр. Оларды қалай жасағаны туралы ақпаратыңыз бар ма?

Лаура.: Иә. Олар қазір Жердегі қуатқа енгізіліп жатқан кестенің бір бөлігі. Бұл кесте Жер тұрғындарының басым бөлігінің санасына енгізіледі. Бұл Жерді қоршап тұрған қуаттардың тербеліс жиілігіне байланысты. Осы кестеге қосылған әр адам қуат зарядын алады. Оның жеке тербелісі шеңберлің тербелістерімен және басқа конфигурациялармен өзара байланысқа түседі.


Д.: Оларды қалай жасады? Шеңберді жасау үшін құрылғылар қолданылды ма?

Л.: Бұл қуаттың тербеліс жүйесімен байланысты. Әр адам өз тәнінің тербеліс жиілігін сезінуі тиіс. Сіздерде нақты бір тербеліс жиілігі бар. Бұл сіздің модель. Басқа адамдармен қарым-қатынасқа түскенде солардың тербеліс жиілігін қабылдайсыз. Жердегі адаммен қарым-қатынасқа түскенде ол сізге не ұнайды, не сіз кетіп қалғыңыз келеді. Сіз осыны сезесіз.

Д.: Иә, солай.

Л.: Міне! Бұл қуат тербілістерінің тікелей өзара байланысы. Егер басқа адамның тербелісі сіздікіне сәйкес келсе, сіз ары қарай қарым-қатынасты жалғастырасыз. Осындай тәсілмен өзге адамдардың ойлау модельдерімен де қарым-қатынасқа түсесіз. Ойлау моделі туралы бекер айтып тұрған жоқпыз. Осы ойлау моделі, осы тербелістер сізді Галактикадағы, тұтас Ғаламдағы күллі саналы өмір пішіндерімен байланыстырады. Сіз солай тілдесесіз. Мынау шеңберлер де, басқа конфигурациялар да өзінше бөлек қуат деңгейіндегі қарым-қатынасты білдіреді.


Д.: Яғни, оларды ғарыш кемесіндегі адамдар жасай ма?

Л.: Иә. Бірақ сонымен қатар оларды сіздердің ойлау модельдеріңіз де жасайды. Түсініп тұрсыз ба? Долорес, сіздің жеке ойлау моделіңіз де осы коммуникациялық жүйенің бөлігі болып тұр.


Д.: Сол себепті мен қазір Англияда болуым керек болды ма? Әлде бұл менің болжамым ба?

Л.: Жоқ, болжам емес. Сіздікі дұрыс. Сізді не үшін басқа зерттеушілермен тоқайластырдық дейсіз? Сіздің тербеліс сіз жолықтырған әр адамның тербелісімен байланысады. Белгілі бір ғарыш кемелері Жердегі кез келген өмір пішіндерімен және көптеген басқа тербелістермен тікелей байланыса алады.