Файл: Химия пні бойынша оудістемелік кешен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 214

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Тотығу реакциялары. Бензолдың өзі тотықтырғыштардың әсеріне өте тұрақты. Қалыпты жағдайда бензол калий перманганаты ерітіндісін түссіздендірмейді.

5. Ал бензолдың гомологтары (туындылары) біркелкі оңай тотығады. Мысалы, метилбензолга С6Н5СН3 калий перманганаты ерітіндісін құйып қыздырса, ерітінді түссізденеді. Толуолдың метил тобы карбоксил тобына (—СООН) айналып, бензол қышқылы түзіледі. Толуол С6Н5СН3 молекуласындағы бір сутек атомы фенил радикалға (С6Н5) алмасқан метанның туындысы. Толуол молекуласындағы метил тобы бензол сақинасының әсерінен оңай тотығады. Бензол сақинасының әсерінен метил СН3 — тобындағы электрон тығыздығының бөлінуі (СН4-пен салыстырғанда) бұзылады, бензол сақинасына әсер етіп коймай, сонымен қатар бензол сақинасы да метил тобына әсер ететіндігін көреміз. Ал метил тобының бензол сақинасына әсерін толуолдың нитрлену реакциясы бензолға қарағанда біркелкі оңай жүретіндігі мысалында қарастырғанбыз. Яғни, молекуладағы атом топтары бір-біріне өзара әсер етеді.

6. Бензол мен оның гомологтары ауада ашық жалынмен бықсып, күйе түзе жанады (молекула құрамындағы көміртектің массалық үлесіне көңіл аударыңдар):

6Н6 + 3O2 -> 12C + 6Н2O

Егер қосымша оттек немесе ауа үрленсе, жану толық жүреді:

6Н6 + 15O2 -> 12СO2 + 6H20

Бензолдың гомологтары бензолға тән және басқа реакцияларға, мысалы, бензол сақинасына сутек қосылу және галогендермен орын басу реакциясына (бензол ядросындағы және бүйір тізбектегі сутек атомдарын алмастырып) түседі.

Арендердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы


Бензол С6Н6 түссіз сұйық, улы зат, өзіне тән иісі бар, судан жеңіл және суда ерімейді. Бояғыш заттар, дәрі-дәрмектер, қопарылғыш заттар, синтездік талшықтар алу үшін және органикалық заттардың еріткіші ретінде кеңінен қолданылады.

Толуол С6Н5 — СН3 судан жеңіл, суда ерімейтін, түссіз сұйықтық. Дәрі-дәрмектер, бояулар және қопарылғыш заттар (тротил, тол), синтетикалық жуғыш заттар, капролактам алу үшін қолданылады. Полимерлердің жаксы еріткіші болып табылады. Антидетонаторлық қасиетін өсіретін болғандықтан, бензинге қоспа ретінде қолданылады.

Этилбензол С6Н5 — С2Н5 түссіз сұйықтық. Стирол алуға қолданылады.

Изопропилбензол С6Н5 - СН(СН3)2 түссіз сұйық зат. Фенол мен ацетон алуға пайдаланылады.

Стирол (винилбензол) С6Н5 - СН = СН2 суда ерімейтін, жағымды иісті сұйықтық. Құрамында еселі байланысы болғандықтан оңай полимерленеді.

Дәріс:9

Тақырыбы: Көмірсутектің табиғи көздері. Кокстеу өндірісі.

Мақсаты: Көмірсутектердің табиғи қорлары, пайда болуы, құрамы, алынуы, қолданылуы, өнімдері туралы түсінік беріледі.

Жоспары:

  • Табиғи газ

  • Тас көмір.

1.Табиғатта газ тәріздес, сұйық, қатты көмірсутек таралған. Бірақ олар таза күйінде емес, көбіне күрделі қоспалар түрінде болады. Оларға табиғи газ, мұнайға серік газдар, мұнай және тас көмір жатады.

Көміртек қосылыстар өте ерте замандағы табиғи жағдайдың, атмосфераның әсерінен өсімдік, жануар қалдықтарының шіруінен пайда болған. Ол кезде атмосферада таза оттек болмағандықтан, анаэробты бактериялардың, сондай-ақ минералдық шөгінділердің қысымының әсерінен өсімдік қалдықтарының шіруі, шамамен, 55 млн жылдарға дейін созылған.

Ірі көлдер мен теңіз астында шамадан тыс көп балдырлар мен су жануарлары қалдықтарының ауасыз жағдайда бактериялар әсерінен шіруінен мұнаймен газ түзілген. Сондықтан да «мұнайдың көптеген ірі кен орындары сол кезеңде пайда болған» деген ғылыми болжам бар.

Адамзат қазір жылына өндірілетін көмірсутектердің 95% - ін отын ретінде пайдаланылады. Оның ішінде мұнай мен тас көмір мөлшері көп, ал газ мұнайдан екі еседей аз болады. Көмірсутектердің табиғи көздерінің кен орындарына байланысты олардың құрамы, қасиеттері, өндіру әдістері әр түрлі болады.



2. Газдар кездесетін орнына қарай табиғи және мұнайға серік газдар болып бөлінеді. Табиғи газдар жер қыртысының қуыстарындағы бос кеңістіктерді толтырып тұрады. Мұнайға серік газдар өзінің атына сәйкес, жер астындағы мұнай қабатының бетін бүркеп жатады.

Табиғи газ молекулалық массасы төмен көмірсутектер қоспасынан тұрады. Оның 80 - 95% - і метаннан, қалған бөлігі метанның гомологтары – этан, пропан, бутаннан құралған. Сонымен бірге аз мөлшерде пентан, күкіртсутек, көмірқышқыл газы, азот болуы мүмкін. Табиғи газдан сұйылту арқылы пропан мен бутан қоспасын бөліп алады. Сөйтіп табиғи газ екі фракцияға бөлінеді.

Сонымен қатар көмірсутектерді тотықтырып, органикалық қышқылдар, сптирттер, бояулар алады. Табиғи газ – химия өнеркәсібі үшін бағалы шикізат. Оны жылу шығару мүмкіндігі жоғары болғандықтан арзан отын ретінде кең қолданылады. Жану жылуы ең жоғары отын және күл қалдырмай қалдықсыз жанатындықтан экологиялық таза өнім. Оны құбырлар көмегімен және баллондарға толтырып бір жерден екінші жерге оңай тасымалдауға болады.

Мұнайға серік газдар мұнайда еріген күйінде болады немесе мұнайдың бетін бүркеп жатады. Табиғи газдан айырмашылығы – құрамындағы метанның мөлшері екі еседей аз болады. Негізгі құрам бөлігі – метан. Одан басқа құрамында этан, пропан, бутан, пентан, гексан кіреді. Олардың мөлшері 20 % - ға дейін болуы мүмкін. Бастапқы кезде мұнайға серік газдарды пайдаланбай, жағып жіберетін. Қазіргі кезде оларды жинап алып, жанармай және бағалы химиялық шикізат ретінде қолданады.

Тас көмір химиялық құрамы күрделі болып келеді. Тас көмірді құрайтын негізгі органикалық масса әр түрлі жоғары молекулалық қосылыстар болғанымен, құрамында одан басқа да минералдық заттар: күкірт, су, азот болады. Тас көмірді өңдеу арқылы кокс газын, кокс, аммиак суын, тас көмір шайырын алады. Тас көмірді кокстеу – тас көмірді ауа қатыстырмай жоғары температурада қыздыру. Тас көмірді кокстеу кезінде көптеген заттар алынатындықтан, бұл процесс коксхимия өндірісі деп атайды. Кокстеу процесі 12 – 14 сағатқа созылады. Бұл процесстен алынған кокс газы – бағалы шикізат әрі отын себебі құрамында сутегі, метан, этан, көміртек (II) оксиді, газдар болады. Тас көмірден алынатын шайыр өте бағалы шикізат. Бір тоннан тас көмір буын қайта айдау арқылы өңдегенеде бензол, толуол, пластмассалар, резеңке, бояулар, лактар қопарғыш заттар, дәрі – дәрмектер барлығы 400 – ге жуық заттар алынады.


3.
Дәріс10

Тақырыбы: Мұнай. Мұнай құрамы, қасиеттері және алынатын өнімдері. Қазақстандағы көмірсутекті кең орындары және оларды пайдалану.

Мақсаты: Мұнай, құрамы, қасиеттері және одан алынатын өнімдері, Қазақстандағы көмірсутекті кең орындары және оларды пайдалану туралы мағлұмат беріледі.

Жоспары:

  • Мұнай, құрамы, қасиеттері

  • Улы химиялық заттар

Мұнай - қара қоңыр түсті, өзіне тән иісі бар, май тәріздес, қоймалжың сұйық зат. Суда ерімейді, органикалық еріткіштерде ериді. Парсы тілінен аударғанда «тез от алғыш» зат деген мағынаны білдіреді. Судан жеңіл. Мұнайдың сапалық құрамы да, сандық құрамы да әр түрлі болады. Негізінен, көмірсутектерден, азотты, оттекті, күкіртті қоспалардан, минералдық тұздардан тұратын күрделі қоспа. Мұнайдың негізін парафиндер, циклопарафиндер, ароматты көмірсутектер құрайды. Олар сұйық, еріген газ, қатты зат күйінде болады. Мұнайды құрамындағы көмірсутектерге байланысты: парафинді, нафтенді, ароматты деп бөледі. Ембі, Доссор мұнайлары нафтенді көмірсутектерге, Өзен мен Жетібай мұнайы парафиндерге Прорва мұнайы ароматты көмірсутектерге бай. Бұл қоспалардан басқа мұнайдың құрамында металдар да болатыны анықталды. Жер қыртысынан өндіріліп алынған мұнайда су көп болады оны шикі мұнай деп атайды. Шикі мұнайды суынан және қосалқы газдарынан тазартып, өңдеуге жібереді. Тазартылған мұнай тауарлық мұнай деп аталады. Мұнайды құрамындағы көмірсутектердің қайнау температураларына байланысты өңдеу арқылы үш фракцияларға бөледі.

1.Бензин фракциясы 40 0 - 200 0 С – та айдалатын, құрамында С5 – С10 көміртек атомдары бар қоспа. Бензиннің өзі авиациялық, автомобильдік деп бөлінеді. Бензин құрамында ароматты көмірсутектер, тармақты көмірсутектер көп болса сапасы жоғары, ашық тізбекті көмірсутектер көп болса, сапасы төмен болады. Бензинді шартты түрде изооктан мен гептанның қоспасы ретінде қарастырады. Ал бензиннің сапасын изооктанның мөлшерімен өлшейді. Оны октан саны деп атайды. Бензиннің АИ - 72, АИ – 76, АИ – 93, АИ – 98 деген түрлері октан санының әр түрлі екендігін көрсетеді.

2.Керосин фракциясы – 1800 - 3000 С – та айдалатын, құрамында С9 – С16 көміртек атомдары бар қоспа;

3.Соңғы өнімі – мазут. Мазут – қара түсті, тұтқыр, қоймалжың масса. Оны қайта өңдеу арқылы әр түрлі жағар майлар, соляр майы, түрлі машина майы алынады.

Мұнай өнімдері: ашық түсті және қара түсті деп бөлінеді. Ашық түсті өніміне: бензин, газойль, лигроин, керосин, ал қара түсті өніміне – мазут жатады.


Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі –дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.

Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:

  • өнеркәсіп улы — өндірісте қолданылатын заттар;

  • улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын  заттар;

  • дәрі-дәрмектер;

  • тұрмыс химикаты;

  • өсімдіктер және жануарларда, саңырауқұлақтарда, құрт-құмырсқаларда болатын заттар;

  • әскери улаушы заттектер.

Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді:

  • жалпылама улылар – организмді жалпы улайтын, жеке органдарды ауру етіп, істен шығаратын улы заттар;

  • қоздырғыштар – тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын, көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар;

  • аллергия тудыратын заттар;

  • мутагендер – генетикалық  кодты бұзатын заттар;

  • канцерогендер – қауіпті ісіктер тудыратын заттар;

  • бала жасау қызметін жоятындар – қорғасын, сынап, стирол, радиоактивті басқа да заттар.

Зиянды заттардың әсер етуі және организмге енудің жолдары.Зиянды заттар адам органтзміне тыныс алу жолдары, тері және ас қорыту жолдары арқылы енеді. Көп жағдайда(80-90 пайыз)кәсіпке байланысты ауруларжәне уланулар организмге улы газдардың, булардың, тұмандардың енуіне байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі улы зат бірден қанмен араласып бүкіл денеге тарап кетеді.

Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен, қолдың кірімен асқорту жолдары арқылы организмге енеді. Улы заттар ауыз қуысында – ақ сіңіп, қанға өтіп кетуі мүмкін. Ондай заттарға фенол, циянит сияқты улар жатады. Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен бірігіп, заттың улылығын одан ары арттырып түсуі мүмкін.

Улы заттар адам организіміне тері арқылы енеді. Улы булар, сұйық заттар теріге еніп, сол арқылы қанға кетеді. Бұндай заттарға суда, майда жеңіл еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, анелиндер және т.б. жатады. Егер теріде жара немесе сызат болса, организмге енуі жеңілдейді.