Файл: Химия пні бойынша оудістемелік кешен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 209

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бірінші кезеңде улы заттардың бөлінуі қан айналымының қарқындылығына байлынысты болады. Улы заттардың жиналатын  үш басты орны бар: клетканың сыртындағы сұйық, клетканың ішіндегі сұйық және майлы  (ткань). Улы заттың тарауы үш негізгі физикалық – химиялық қасиетке байланысты болады: суда ерігіштігі, майда ерігіштігі, реакцияға енгіштігі. Кейбір металдар (күміс, мырыш, хром, ванвдий, кадмий және басқалары) қаннан тез шығады, бірақ бауыр мен өкпеде жиналып қалады. Барий, бериллия, қорғасын қосындылары кальцимен, фосформен бірігіп өте мықты қосынды жасай алады және сүйекте жиналады.

 Улы заттардың әсерінің салдары. Улы, зиянды заттармен жақындасқанда адам организмі тіннің жергілікті зақымдануына және жалпы улануға әкеледі. Жалпы уланудың қанға енуінің нәтижесінде дами бастайды.Удың жергілікті әсері онымен жақындасқан жерінде зақымдану болуы мүмкін: терінің қызарып, қабынуы, күюі.

Улану екі түрде жүреді: өткір және созылмалы.

Уланудың өткір түрі – бұлай улану апат болғанда, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғанда болады әрі у тез арада әсер етеді және көп мөлшерде организмге енеді, өткір уланудың екі фазасы болады: біріншісі — өзіне тән емес көрінуі (бас ауыруы, әлсіреу, жүрегі айну және т.с.с.)

Уланудың созылмалы түрі – уланудың бұл түрі жайлап, аз мөлшерде білінбей жүріп жатуы мүмкін. Ондай улану удың органызмде жиналуының әсерінен болады. Мысалы, бензонмен өткір улану болғанда негізінен жүйке жүйесі зақымданады, ал осы затпен созылмалы түрде уланса,онда қан жасау жүйесі зақымданады.

Атмосфералық ауаны ластаушылар — механикалық, химиялық, физикалық, және биологиялық болып бөлінеді.

  • Механикалық ластаушылар — шаң, қоқыс. Олар органикалық отынды жақ қанда және құрылыс материалдарын дайындау процестері кезінде пайда болады. Мұндай ластану кезіндегі ең қауіптісі диаметрі 0,005 мм-ге дейінгі бөлшектер. Көптеген аурулар ауаның шаң болуымен байланысты: өкпе құрт ауруы (туберкулез), кеңірдектің аллергиялық аурулары және т.б. ауадағы шаңның жоғары конңентрациясы мұрынның шырышты қабығының жұмысын нашарлатады, мұрыннан қан кетеді.Американдық ғалымдар халқының саны 1 млн-нан асатын қалалардағы тұрғындарда ауаның ластануы мен тыныс алу жолдарының қатерлі ісік (рак) ауруының жиілігі арасында тікелей байланыс бар екенін анықтады. Көз ауруы, созылмалы коньюнктивит көбіне ауаның ластануымен байланысты. Сондай- ақ атмосфералық ауадағы шаң Жер бетіне түсетін ультракүлгін сәулелердін мөлшерін де азайтады. Жасыл өсімдіктер ауадағы шаңды тазартып басқа қоспалардың әсерін төмендетеді. Мысалы, шыршалы ағаштар ауадан 1 гектардан 32 тонна, қарағайлар 36,4 т, шамшаттар — 68 т шаң жинайды.

  • Химиялық ластаушылар — экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар. Ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп қажеттілігі үшін отындарды жағу, үйлерді жылыту, транспорттардың жұмысы кезінде, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу, қайта өңдеу кезінде байқалады.
    Атмосфераны қатты ластайтын улы заттарға: көміртегі қосылыстары (көмір қышқыл газы, көміртегі тотығы, альдегидтер, қышқылдар), күкірт қосылыстары (күкіртті ангидрид, күкірт қышқылы), азот тотықтары (NO және N02) жатады.


Екпе ағаштар газдар үшін механикалық бөгет және атмосфераның химиялық ластануына қорғаныш бола алады. Күкірт оксидін жақсы жұтатын ағаштарға: терек, жөке, қайың ағаштарын жатқызуға болады. Фенолдарды мамыргүл, аюбадам жақсы сіңіреді. Сондықтан жерге түскен жапырақтарды өртемей, жерге көміп тастаған дұрыс. Орман экожүйелері ядролық жарылыстардың зардаптарын төмендетуде үлкен роль атқарады. Ағаштардың қылқандары мен жапырақтары радиоактивті йодтың 50% жинақтай алады. Орманы жоқ жерде радиоактивті тұнбалардың белсенділігі 32 есе жоғары болады. Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік түтіндерінен ластанғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы адамдардың денсаулығы зардап шегеді. Әсіресе минералды тынайтқыштар мен зиянкестерге қолданатын аестицидтер жеміс-жидек арқылы адам организміне нитрат ретінде түседі. Мерзімінен ерте піскен көкөністерде (қарбыз, Қауын, картоп, пияз, сәбіз және т.б. нитраттар көп болады. Мысалы, мамыр айларында піскен көкөністерде көбіне зиянды заттардың шекті мөлшері 2-3 есеге артып түседі. Сондықтан ерте піскен көкөністерді пайдаланғанда сақ болған жөн.

  • Физикалық ластаушылар — бұл биосфераға техногендік себептерден түсетін энергияның артық көздері. Мысалы, жылу (атмосфераға қызған газдардың бөлінуі); жарық (жасанды жарықтың әсерінен табиғи жарықтың нашарлауы); шуыл (шуылдың мүмкін деңгейден артуы); электромагнитті (электр желісі, радио, теледидар); радиоактивті (атмосфера радиоактивті заттардың бөлінуі); озон бұзғыш (фреондардың атмосфераға бөлінуі). Қала үшін жағымсыз факторлардың бірі физикалық табиғаты әртүрлі дыбыс тербелісінен пайда болатын шуыл. Әдетте төменгі жиіліктегі автокөліктердің шуылы жоғары жиіліктегі шуылға қарағанда алысқа тарайды. Зерттеулер көрсеткендей, тіпті қысқ а уақытты шуыл организмнің барлық жүйелеріне (әсіресе жүреқ- қан және жүйке жүйелеріне) жағымсыз әсер етеді. Адам 30-40 дБ шуылда өзін қолайлы сезінгенімен, 120 дБ-ден жоғары шуыл орғанизмге үлкен ауыртпалық түсіреді. Өсімдіктер шуылдан қорғауда да үлкен роль атқарады. Үй қабырғасының жартысына дейін өсіп тұрған жүзім өсімдігі пәтердегі шуылды екі еседей төмендетеді. Өсімдіктердің шуылдан қорғау қасиеті өсімдіктің еніне (габитусына), қалың болуына, құрамына, биіктігіне байланысты. Шуылдан арнайы (бетонды, металл, әйнекті ағашты) қондырғылар жақсы қорғайды.

  • Биологиялық ластаушылар — экожүйеде бұрын болмаған немесе мөлшері қалыпты жағдайдан аспаған организмдер түрлері. Микрорганизмдермен ластануды бактериологиялық ластану деп атайды. Әсіресе кейбір елдердің қарулы күштерінің лабораторияларында жасалатын арнайы немесе кездейсоқ ауру тудырғыш микроорганизмдердің штаммдарымен атмосферанын ластануы өте қауіпті.


Экожүйедегі өсімдіктер бөтен түрлермен өздері бөліп шығаратын фитонцидтер деп аталатын арнайы заттармен күресе алады. Кейбір фитонцид түрлері көп клеткалы организмдерге қатты әсер етіп тіпті жәндіктерді өлтіріп те жібереді. Олар әсіресе бактериялы және саңырауқұлақты флораға қатты әсер етеді. Емен ағашының фитонциді қашықтан дизентерия мен паратиф қоздырғыштарын өлтіреді. Эвкалипт ағашының жапырақтары бөлетін фитонцидтер стрептококты, май қарағай қылқандары — дифтерия қоздырғышын, қарағайдың қылқандары — өкпе — құрт ауруы қоздырғыштарын өлтіреді. 1 га арша тоғайы күніне 30 кг фитонцидтер бөледі. Олар зиянды микроорганизмдерді өлтіріп қана қоймай, шыбындарды және басқа да жәндіктерді жолатпайды.

Пестицидтер және олардың классификациясы

Пестицидтер (дат. pesfo -жұқпалы ауру, cido-өлтіремін) — өсімдік зиянкестері мен ауруларына , арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған бұйым зиянкестеріне , жануарлар экопаразиттеріне, адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық заттар.
Химиялық табиғаты және патогендік қасиетіне байланысты пестицидтердің бірнеше: гигиеналық, химиялык., өнеркәсіптік классификациясы бар.
Пестицидтер улылық дәрежелерінің әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Улылығын бағалау үшін тәжірибеге алынған жануарлардың 50% өлетін дозаны, яғни орташа өлтіру дозасын (ЛД50) пайдаланады. ЛД50 мөлшеріне байланысты пестицидтерді: кушті әсер ететін улы заттар, улылығы жоғары, улылығы орташа,және улылығы төмен деп бөледі.
Тұрақтылығына байланысты пестицидтерді: өте тұрақты (ыдырау уақыты 2 жылдан көп); тұрақ ты (0,5-1 жыл); салыстырмалы тұрақты (1-6 ай); тұрақтылығы аз (1 ай) деп бөледі. Көбіне хлорорганикалық, фосфорорганикалық және сынапорганикалық пестицидтер жиі қолданылады. Әсер ету обьектісіне (арамшөптер, зиянды жәндіктер, жылы қанды жануарлар) және химиялық табиғатына байланысты пестицидтер мынадай топтарға бөлінеді: акарецидтер — кенелермен күресу үшін; альгицидтер — балдырлар мен басқа да су өсімдіктерін құрту үшін;    антисептиктер — бейметалл материалдарды күресу үшін пайдаланылады.


Дәріс:12

Тақырыбы: Біратомды қаныққан спирттер және жай эфирлер.

Мақсаты: Бір атомды және көп спирттердің гомологтарын, құрылысы мен қасиеттерін, алыну жолдарын,функционалдық топ- гидроксотоптың қызметін тереңірек түсіндіре отыра, ой-өрістерін, ғылыми дүниетанымын дамыта отыра пәнге қызығушылығын арттыру.

Жоспары:

  • Біратомды қаныққан спирттер.

Біратомды қаныққан спирттер, құрамы, құрылысы, жіктелуі, физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы туралы ақпарат алады.

Спирттер (ағыл. spіrіt) – құрамында бір не бірнеше гидроксил топтары – (–ОН) болатын көмірсутек туындылары. Гидроксил. тобының санына қарай бір, екі, үш, төрт және көп атомды С.; радикалдар құрылысына қарай қаныққан, қанықпаған, циклді, ароматты және гетероциклді спирттер. 

ОН тобының санына қарай бір (алкогольдер), екі (гликолдар), үш (глицерин), төрт (пентаэритрит) және көп атомды спирттер, ал көмірсутек радикалының құрылысына байланысты қаныққан (этил C H – OH), СНСН ОН), циклді (циклогексанол), ароматты (бензил=қанықпаған (аллил СН спирті), гетероциклді (фурил) болып бөлінеді. Спирттерді атағанда сәйкес көмірсутек радикалы бойынша (мысалы, метил спирті, этил спирті, т.б.) және Женева номенклатурасы бойынша көмірсутек атына “ол” жұрнағын жалғайды (мысалы, этанол, бутанол, диол, триол, т.б.). Кейде ОН тобының орнын көрсетіп атайды (мысалы, пропанол-2, пропандиол-1, 3), бұдан басқа спирттердің тарихи қалыптасқан атаулары да қолданылады (мысалы, этил спиртін – шарап спирті, метил спиртін – ағаш спирті деп атайды). Бір атомды алифатты спирттер улы (мысалы, метанол – жүйке және тамырға қоздырғыш әсер етеді, этанол – сұйық есірткі, ұзақ әсер еткенде жүйке, ас қорыту, қан тамыр, бауыр, т.б. ауруларын тудырады). Өнеркәсіпте спирттерді олефиндерді гидраттау, альдегид, кетондарды тотықсыздандыру, т.б. әдістермен өндіреді. Этанолды бидай, күріш, картоп, т.б. өсімдік шикізаттарын зимаза ферментінің қатысуымен ашыту немесе гидролиздеу арқылы алады. Спирттер – органикалық қосылыстардың ішіндегі ең маңызды тобы, олар еріткіштер ретінде қолданылады, бояулар, жасанды талшықтар, пластмассалар, хош иісті заттар, дәрілер, жуғыш заттар, т.б. өндіру үшін жартылай өнімдер болып табылады.


Спирттердің қасиеттері

Физикалық қасиеттері және құрылысы. Қалыпты температурада С 10-ға дейінгі спирттер сұйық заттар, С -ден бастап қатты заттар. Алғашқы үшеуі сумен кез келген мөлшерде араласады, молекулалық массасының артуына қарай сұйық спирттердің суда ерігіштігі төмендейді. Сұйық спирттердің өздеріне тән иісі болады. Спирттердің қайнау және балқу температурасы молекулалық массасының артуына байланысты өседі және сәйкес көмірсутектердің қайнау температурасынан жоғары болады. Себебі спирттерде молекулааралық сутектік байланыс түзіледі. Спирт молекуласында электртерістігі жоғары оттек атомы сутектің электрондарын өзіне тартып, оларда ішінара теріс және оң зарядтар пайда болады: 5- 8+ R-0-H. Осы зарядтардың әсерінен оттек атомы мен спирттің екінші молекуласындағы гидроксилдің сутек атомының арасында сутектік байланыс түзіледі: R — О... Н - О... Н - О... I I I Н R R Сутектік байланысты үзуге 5 ккал/моль энергия жүмсалады. Энергиясы аз болғанымен, оны үзу үшін температураны көтеру керек, сондықтан спирттердің қайнау температуралары жоғарылайды.

Химиялық қасиеттері.

Спирттердің химиялық қасиеттерін анықтайтын гидроксил тобы және ол байланысқан радикалдардыц щірылысы. Гидроксил тобы қатысында өтетін реакциялар О-Н немесе С-ОН байланыстарын үзу арқылы жүреді. Спирттер (алканолдар) полюсті косылыстар, көміртек пен оттек және оттек пен сутек атомдарының арасында екі полюсті байланысы бар: С —» О және 0 <— Н.

О<—Н байланысының полюстігі С—>О байланысының полюстігіне қарағанда жоғары. Оттектің жұп электрондары спирттерге электрондонорлық қасиет береді.

Спирт

Құрылысы

Қайнау температурасы

Метанол

С2Н ОН

65

Этанол

С2Н5ОН

78

Пропанол-1

СН СН2СН2ОН

97

Пропанол-2

(СН )2СНОН

82

Бутанол-1

СН (СН2) ОН

118

Бутанол-2

СН СН(ОН)СН2СН

100