Файл: Химия пні бойынша оудістемелік кешен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 182

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

H. +  F = H  F

Молекула түзу үшін сутек  пен фтор атомдары бір–бір дара электрондарын жұмсап, олардың арасында қос электрондық байланыс түзіледі. Бірақ сутекпен салыстырғанда фтордың электр терістігі басым болғандықтан қос электрон фторға қарай ауысып, оған жақын орналасады. Полюсті байланыстарға HF, HCL, HBr, H2S, NH3, H2O жатады.

Донорлы акцепторлы байланыс. Донорлы –акцепторлы байланыс дайын молекулалардың әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі. Молекуланың біреуіндегі атомның дайын қос электроны болады–ол донор, ал екінші молекуладағы атом орбиталі бос болады –ол акцептор.

NH3 + HCL =  NH4CL

  1. Иондық байланыс. Иондық байланыс ковалентті байланыстың аяқталған түрі деп саналады. Бұнда электрон жұбы толығымен басқа атомға ауысады, Зарядты ион пайда болады. Қарсы зарядталған иондар түзіліп, олар бір біріне тартылады. Иондық байланыс металдарға және металл еместерге тән. Иондық  байланыс иондардың электростатикалық  өзара әсерімен түсіндіріледі және ковалентті байланыстың бір түрі болып табылады. Иондық байланыс бағытсыздық  және қанықпағандық қасиеттеріне ие.  Иондар эарядталған шарлар және кеңістікте барлық бағытта бірдей өлшемде бөлінген күш өрісі болып табылады.  Қарама – қарсы белгідегі екі  ионның өзара әсерлесуі олардың күш өрісіндегі толық компенсацияға әкеле алмайды. Күш ретінде  оларда қарама қарсы белгідегі және де басқа бағыттағы иондарды өзіне тарту қабілеттілігі сақталады. Иондық байланыс орбиталь бағыты бойынша емес, күш өрісінде барлық бағытта жүзеге асатын болғандықтан, иондық байланыстың энергиясы ковалентті байланыс энергиясына қарағанда төмен.  Сонымен, химиялық қасиеттерінің арасында үлкен айырмашылықтары бар элементтер бір-бірімен әрекеттесіп ионды қосылыстар түзеді. Ионды қосылыстарды негізінен металдар мен бейметалдар  түзеді. Бұл жағдайда металл атомы мен бей металл атомының арасында түзілген қос электрон электр терістігі басым бей металға толықтай ауысып кетеді. Осының нәтижесінде электрондарынан айрылып қалған металл оң зарядталады, ал электрондар қосып алған бейметалдар теріс зарядталады. Пайда болған оң зарядты металл ионы мен теріс зарядты бейметал ионы бірін-бірі электростатикалық күшпен тартып қосылыс түзеді.  K + F = K+    F- Бұл жағдайда калий мен  фтор атомдары бір-бір дара электрондарын  ортақтастырып атомдардың арасында қос электрон түзеледі деп қарастыруға  болады. Бірақ калийге қарағанда  фтордың электрон қосып алу қабілеті өте күшті болғандықтан, түзілген қос электрон терістігі басым  фторға толық көшеді. Екі атомның  арасындағы қос электронның сол  атомдардың біреуіне толықтай көшуінің нәтижесінде түзілген иондар арасындағы химиялық байланысты иондық байланыс деп атайды.

  2. Металдық байланыс.


Көптеген металл атомдарының  сыртқы энергетикалық деңгейінде электрондар  саны аз болады. Металдағы сыртқы электрондардың иондану энергиясы аз болады, сондықтан металл атомдары неғұрлым тұрақты күйде болу үшін, сыртқы электрондарын тез беріп, оң зарядталған иондарға айналады. Сонымен, металдық байланыс түзіледі. Металдық байланыс қатты және сұйық күйдегі металдарға тән. Металдық байланыстың коваленттік байланыспен ұқсастығы бар, себебі оның негізі- валентті электрондардың ортақтасуы.

  1. Сутектік байланыс - бұл ерекше байланыс. Сутегі атомы бір уақытта екі басқа атомдармен әрекеттесуге қабілетті (құрамына кіретін әртүрлі молекулалар- молекула аралық немесе сондай молекулалар- ішкімолекулалы). Бұл сутекті байланыс. Ол тығыздығы бойынша молекула аралық байланысқа түседі. Сутекті байланыс кіші өлшемді оң поляризацияланған сутегі атомынан және көрші теріс поляризацияланған атомды электронды бұлтқа сіңіре алу қабілеттілігінен пайда болады. Бұл жерде электростатикалық және донорлы - акцепторлық әрекеттесу белсенділік танытады. Сутекті байланыс заттардың мына қасиеттеріне ықпалын тигізеді: балқу, қайнау  температураларына, су ерітіндісіндегі диссосация дәрежесіне.  Бұл байланысқа кеңістіктегі бағытталуы мен қанығу тән.


Дәріс:5

Тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар және олардың жіктелуі. Оксидтер. Қышқылдар мен негіздер. Негіздердің құрамы, жіктелуі, химиялық қасиеттері. Тұздардың құрамы,жіктелуі, алынуы.

Мақсаты: Бейорганикалық қосылыс кластарын еске түсіре отырып қышқыл, негіз, оксидтерге, тұздарға жалпы сипаттама беру, оларды жіктеу, алу және химиялық қасиеттері туралы мағлұмат беру, білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен сауатты қолдана білуге дағдыландыру.

Жоспары:

  1. Бейорганикалық қосылыстар және олардың жіктелуі.

  2. Оксидтер. Қышқылдар мен негіздер.

  3. Негіздердің құрамы, жіктелуі, химиялық қасиеттері. Тұздардың құрамы,жіктелуі, алынуы.

Барлық заттар қосылыстар бинарлы қосылыстар түрінде 
болады. Олардың бір бөлігі электртеріс,екіншісі электрон 
болатынын байқаймыз. Егер оксидтердің құрамындағы электртеріс 

бөлік О - 2 анион болса ,ал электрон ретінде металл деп есептесек 
,онда оларды негіздік деп,ал бейметалл болса қышқылдық деп 
жіктейміз. Негіздердің құрамында электртерістілік бөлік 
аниондар - гидроксид иондар болса, ал электрон бөлік ретінде 
металл катионы кіреді. Қышқылдардың құрамына бинарлы 
қосылыстардағыдай электрон бөлік ретінде сутек катионы және
электртеріс бөлік ретінде қышқыл қалдықтары кіреді. 

Қышқыл — химиялық қосынды, көк лакмус қағазына қызғылт рең беретін ерітінді, дәмі қышқыл. Қышқылдар құрамына қарай оттекті, оттексіз болып, олардағы сутек атомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінеді. Қышқыл ертітінділерде түсін өзгертетін заттарды индикаторлар деп атайды Азот, тұз, күкірт қышқылдары сұйық заттар, ал фосфор және бор қышқылы (Н33) - қатты заттар болса, кремний қышқылы суда ерімейтін іркілдек затКөмір және күкіртті қышқылдары тұрақсыз, оңай айырылатын заттар.

H2CO3→CO2↑+H2O;

H2SO3→H2O+SO2

Қышқылдардың құрылысының формуласын жазғанда әуелі сутектің таңбасын шетіне жазамыз, өйткені ол бір валентті элемент. Оттексіз қышқылдарда сутек қышқыл түзуші элементпен тікелей байланысады: Н-Cl, Н-S-Н, т.б. Кейбір қышқылдардың тарихи қалыптасқан атаулары бар: HCl - тұз қышқылы, HF - балқытқыш қышқыл; Н2РO4 - сутектің ортофосфаты, ал Н2СO3 - сутектің карбонаты деп аталады. Халықаралық номенклатура бойыншаН2РO4  деп молекула құрамындағы

атомдардың сандары грек сандарымен көрсетіліп аталады. Қышқылдарға сәйкес келетін оксидтерді қышқылдардың ангидридтері (сусыз қышқыл) деп атайды.

Қышқылдар:

  1. белсенді металдармен

  2. негіздік оксидтермен

  3. негіздермен

  4. тұздармен

  5. қыздырудың әсері (кейбір қышқылдар үшін)

Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі металдың белсенділігіне қарай жүреді; белсенді металдардың көпшілігі қышқылдардан сутегін ығыстырады:


H2SO4+Ca=CaSO4+H2

H2SO4+Zn=ZnSO4+H2

белсенді металл + қышқыл = тұз + сутегі

Қышқылдардың негіздік оксидтермен әрекеттесуі нәтижесінде тұз бен су түзіледі:


H24+CaО=CaSО4+H2О

2HCl+ZnО=ZnCl2+H2О

қышқыл + негіздік оксид = тұз + су

Қышқылдар еритін де, ерімейтін де негіздермен әрекеттеседі:


HCl+NaOH=NaCl+H2O

2HCl+Cu(OH)2↓=CuCl2+2Н2O

қышқыл + негіз = тұз + су

Қышқылдар тұздармен алмасу реакциясына түседі


H24+BaCl2=BaSО4↓+2HCl

HCl+AgNО3=AgCl↓+HNО3

2НСl+СаСO3=СаСl22O+СO2

қышқыл + тұз = жаңа тұз + жаңа қышқыл

Кейбір қышқылдар қыздырғанда айырылады


H2SiO3→SiO2+H20

Негіздер – ерітінділерінде бір немесе бірнеше гидроксид иондарын түзіп, диссоциацияланатын күрделі заттар. Егер элемент бірнеше гидроксид түзетін болса, оның тотығу дәрежесі рим цифрымен көрсетіледі. Мысалы, Cu(OH)2 – мыс (ІІ) гидроксиді, CuOH – мыс (І) гидроксиді. Негіздердің көпшілігі суда ерімейді немесе аз ериді. Суда жақсы еритін Негіздерді сілтілер деп атайды. Оларға LіOH, NaOH, KOH, RbOH, CsOH, Sr(OH)2, Ca(OH)2, Ba(OH)2, NH4OH (NH3*H2O аммиак суы) жатады. Сілтілердің судағы ерітінділері теріні, матаны, т.б. күйдіреді. Осыған байланысты кейде оларды күйдіргіш калий, күйдіргіш натр, т.б. деп те атайды. Құрамында екі не үш гидроксид тобы бар Негіздер ерітіндіде сатыланып диссоциацияланады. Мысалы, Ca(OH)2*Ca(OH)++OH (бірінші саты), Ca(OH)+Ca2++OH (екінші саты). Сонымен қатар бір мезгілде қышқылдық және негіздік типпен диссоциациялана алатын Негіздер (гидроксидтер) де болады. Негіздердің маңызды химиялық қасиеттері олардың қышқылдармен, қышқылдық және амфотерлік оксидтермен немесе гидроксидтермен тұз түзе әрекеттесуі. Сілтілік металдар
 гидроксидтері қыздыруға төзімді.

Сілтілердің қышқылдық оксидтермен әрекеттесуі


Сынауыққа жаңадан әзірленген әк суынан аздап құйып алып, оған шыны түтікпен үрлесек, біраздан кейін лай пайда болады, себебі біз тыныс алғанда бөлінген көмірқышқыл газы реакцияға түседі:

Ca(OH)2+CO2=CaCO3+H2O

сілті + қышқылдық оксид = тұз + су

Суда ерімтал негіздердің (сілтілер) ерекше қасиеттері - ерімтал тұздармен әрекеттесе алуы.

Сілтілердің суда ерімтал тұздармен әрекеттесуі


Бұл реакция жүру үшін нәтижесінде бір зат тұнбаға түсуі керек.

3NaOH+FeCl3=Fe(OH)3↓+3NaCl

Ba(ОH)2+Na24=BaSО 4↓+2NaOH

Суда ерімейтін негіздердің термиялық ыдырауы олардың ерекше қасиеттері болып табылады

Cu(ОH)2→СuО+H2О-Q

Екідайлы негіздердің қасиеттері


Олар қышқылдармен әрекеттескенде тұз және су түзеді, негіздік қасиет көрсетеді.

Zn(ОH)2+H24=ZnSО4+2H20

Ал сілтілермен әрекеттескенде қышқылдың қасиет көрсетеді.

H2ZnO2+2NaOH=Na2ZnO2+2H2O

су + тұз сілті + екідайлы гидроксид+ қышқыл→тұз + су

Тұздар — қышқыл молекулаларындағы сутек атомдарының орны толықтай немесе жартылай металл атомдары не ОН топтарына ауысқан қосылыстар; қалыпты жағдайда иондық құрылымдағы кристалл заттар.

1812 жылы Я.Берцелиус тұздардың электрхимиялық теориясын құрды. Электролиттік диссоциациялану теориясы шыққаннан кейін, тұздардың суда ерігенде металл атомдары катиондарын және қышқыл қалдығы аниондарын түзетін күрделі заттар екені анықталды. Тұздар орта, қышқыл, негіздік, қос және кешенді болып бөлінеді.

  • Орта тұздар – сутек атомдары толық ауысса (Na2CO3, K3PO4, MgSO4);

  • қышқыл тұздар – сутек атомдары металл атомдарымен біртіндеп алмасса (NaHCO3, K2HPO4);

  • негіздік тұздар – құрамына гидроксил тобы енсе (MgOHCl, A1(OH)2Cl), қос тұздар – сутектің орнын бірнеше металл катиондары басса (KAl(SO4)2, NaK2PO4);

  • кешенді тұздар – құрамында кешенді катион ([Cu(NH3)4]SO4) немесе кешенді анион (K[Fe(CN)6]) болса түзіледі.

Тұздар көбіне халықаралық номенклатура бойынша аталады. Тұздар суда ерігенде иондарға ыдырап, ерітінділері электр тогын өткізеді.