Файл: Сабаты таырыбы Кіріспе орыт Байбрі баласы БамсыБайра туралы жырды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 48

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сабақ тақырыбы

Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі – заман қасіретінен туған шығарма

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.Т/Ж1 - әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Әңгіменің сюжеттік желілерін түсінеді, эпилог, прологтарды анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әңгіменің сюжеттік желілерін құрастырады, эпилог, прологтарды анықтайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Әңгіменің сюжеттік желілерін құрастырады, талдау жасайды.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: Семей полигоны туралы біледі.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Қарауыл, бала бейне, Ләйлә, Қатира, Құмар т.б.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: «Қасиетті жер еді, қадірден әбден жұрдай болды»

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Неліктен әңгіме «Мәңгілік бала бейне» деп аталған?

  2. Ләйлә неге Аймен сырласады?

  3. Мүгедек қыз монологін қалай түсінесіңдер?

  4. Қаралы жиынның мақсаты не?

Құндылықтарды

игерту

Мәңгілік Ел стратегиясындағы жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын білім берудің еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарымен ұштастыру

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, экология

Бағалау критерийі

  • Әдеби туындының сюжеттік желілерін құрастыра алады.

  • Эпилог, прологтарды анықтайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Алдыңғы білім

Семей полигоны туралы біледі


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы




1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Психологиялық ахуал

Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызу.

«Сөзді тап» тәсілі

Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, бір минутта ондағы сөздің атын атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді түсіндіруді жалғастырады (Семей, полигон, бомба, қасірет).

«Тақырыпты болжау»

Оқушыларға мәтін мазмұнынан хабар беретін суреттер беріледі.








  • Бұл суреттердің бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?

  • Екінші суреттегі бала ше?

  • Ал мына тұлға сіздерге таныс па?

  • Тұлғаның қазақ халқы үшін орны қандай?

  • Қоғамға қандай еңбегімен танымал?




Сабақтың ортасы



«Семей-Невада» немесе полигон туралы бейнежазба көрсету.

1-топ: Бейнежазбадағы оқиғаларды еске сақтайды;

2-топ: Бейнежазба кейіпкерлерін еске сақтайды?

3-топ: Оқиға орнын еске сақтайды;

4-топ: Әр көріністе пайда болған сезімдерін қағазға түсіріп отырады.

Топтардың қорғауы.

Енді осы қасірет туралы жазылған көркем шығармалар білеміз бе? Қандай?

Топтық жұмыс

Автор туралы мәліметпен жұмыс.

«Пікір алмасу» тәсілі

Әрбір топ тақырыпқа қатысты бес сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен алмасады. Топ басшысы стикердегі сұрақты оқиды, топ мүшелері жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және талқылып, дұрыс жауаппен салыстырады.

Кері байланыс

Автор туралы не білдік? Автор өмірбаянынан не білдік? Не үйрендік?

Топтарды бағалау. «Шапалақ» тәсілі

Ең ұтымды жауап пен сұраққа-төрт шапалақ, Ең қызықты жауап мен сұраққа- үш шапалақ, Ең дәлелді жауап пен сұраққа – екі шапалақ.

Ж/ЖЖ

«Болжам кестесі» әдісі

1-қадам. Мұғалім әңгімені бөліп оқиды.

2-қадам. Үзінді оқылып болған соң, мұғалім оқушылардан әрі қарай не болатынын сұрайды және жорамалын кестенің 1-бағанына жаздырады:


Мәтіннен 1-үзінді

Не болады?

Өз жауабыңызды 1-үзіндіге сүйеніп дәлелдеңіз

Шын мәнінде не болды?

Мәтіннен 2-үзінді

Не болады?

Өз жауабыңызды 2-үзіндіге сүйеніп дәлелдеңіз

Шын мәнінде не болды?


3-қадам. Оқушылар өз болжамдарын 1-үзіндінің мазмұнына сүйене отырып, кестенің 2-бағанын толтырады.

Жұмыс осы сызба бойынша жалғасады.

«DEAL» әдісі

1-топ: Мұндағы D – describe – баяндау, суреттеу (оқығандарыңды, көргендеріңді сипаттаңдар, сынаңдар);

2-топ: E – explain – түсіндіру (оқиға бойынша не білетіндеріңді, не білгендеріңді, не түсінгендеріңді суреттеңдер);

3-топ: A – annalise – талдау (ақпаратты талдаңдар, себептерін анықтаңдар, қорытынды жасаңдар);

4-топ: L – links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау үшін өздеріңде бар біліммен байланыстырыңдар).




Сабақтың соңы




Кері байланыс

«3-2-1»

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.





Сабақ тақырыбы

Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің идеясы мен пафосы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж2. Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады, өзіндік көзқарас білдіреді.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: Сюжеттік-композициялық жоспар құра алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Қазақстан – Семей – Полигон – Қасірет» осы сөздердің бір-бірімен қандай байланысы бар?

  2. Бұл қазақ халқы үшін қолдан жасалған нәубет пе?

  3. Оған кім кінәлі? Адам ба, заман ба, жоқ әлде қоғам ба? Олай ойлауға не себеп болды?

Құндылықтарды

игерту

Мәңгілік Ел стратегиясындағы жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын білім берудің еңбек және шығармашылық,ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарымен ұштастыру

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, экология

Бағалау критерийі

  • әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

  • өзіндік көзқарас білдіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жоғары ойлау дағдылары

Алдыңғы білім

Семей полигоны туралы біледі. «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің мазмұнын біледі.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы




1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Психологиялық ахуал. «Қасиет» ойыны

Оқушылар ортаға шығып, дөңгелене тұрады. Әр оқушы өз бойындағы жағымсыз қасиетті айтады. Ал балалар оны жағымдыға айналдырады. Мысалы Жанар: «Мен тым әсершілмін», – дейді.Ал балалар «әсершілдіктің» де пайдасы бар, алған әсерің өмір бойы ойыңда қалады,алға жетелейді, т.с.с ойларын айтады. Бір-біріне ілтипат, қолдау көрсетеді.

Оқушыларды топқа бөлу

Қазақстан, Семей, полигон, қасірет осы сөздерді айту немесе қимқағаздар тарату арқылы бөлуге болады.

«4444» тәсілі

Қазақстан – Семей – Полигон – Қасірет» осы сөздердің бір-бірімен қандай байланысы бар?




Сабақтың ортасы



Топтық жұмыс. «Креативті матрица» тәсілі

Оқулықтағы мәліметтерді және әңгіме идеясын пайдалана отырып, креативті матрицаны толтыру.

  1. «Қазақстан – Семей – Полигон – Қасірет» осы сөздердің бір-бірімен қандай байланысы бар?

  2. Бұл қазақ халқы үшін қолдан жасалған нәубет пе?

  3. Оған кім кінәлі? Адам ба, заман ба, жоқ әлде қоғам ба? Олай ойлауға не себеп болды?




Қоғам ба?

Заман ба?

Адам ба?









Себеп

Не себептен?










Топтардың қорғауы. «Жемістер» тәсілі

Бейнежазба көрсету

Мұғалім бейнежазбаны көрсетеді. «Мәңгілік бала бейнені» жазуға қаламгерге түрткі болған деталь туралы ой қозғайды. Тақырыптың өнер туындысының іргетасы болатындығына мән береді. Тақырып пен идея бір-бірімен тығыз байланысты. Шығарманың өн бойында автордың сезімі, жан тебіренісі жатады. Ол – пафос. Ләйлә үнемі аймен сырласады. Автор да үнемі бала күнінде аймен сырласып, тілдеседі екен.

Ж/ЖЖ/Т.

«Үш түрлі күнделікпен» жұмыс

1-қадам. Шығармадағы кейіпкерлерді анықтап, мәтінмен танысады.

2-қадам. Мәтінді оқу барысында жеке күнделік толтырады.


Әңгімеден ерекше әсер еткен жолдар

Шығарма идеясын ашудағы рөлі

Қандай ой туды?

Қандай сұрақ туды?













3-қадам. Жұмыс нәтижесін жұпта, топта талқылау.

Дескриптор:

- ерекше әсер еткен жолдарды жазады;

- идеяны ашудағы рөліне талдау жасайды;

- туындаған ой мен сұрағын жазады, жұпта, топта талқылайды.



(https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/1340/)

Сабақтың соңы




Рефлексия «Тазалық»

  • Тақырып бойынша алған керекті ақпаратты чемоданға салыңыздар.

  • Сабақтағы керек емес болған артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар.

  • Бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар.



1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




Сабақ тақырыбы

Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің кейіпкерлер әлемі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу.

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Көркем шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әңгіме кейіпкерлеріне жазушының тура және жанама мінездеулерін пайдалана отырып, мінездеме бере алады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Әңгіме кейіпкерлеріне жазушының тура және жанама мінездеулерін пайдалана отырып мінездеме береді, өзіндік пікір білдіреді.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: кейіпкерлерге мінездеме береді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: дерек, ой-пікір, сұрақ т.б.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

«Қасиетті жер еді, қадірден әбден жұрдай болды. «Жақсының арты жын» деуші еді. Шынымен-ақ адам естіп, көз көрмеген қасіреттің бәрі Абай ата басқан топырақтан шығып жатқан жоқ па? Алланың әмірі деген осы да!»

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Әңгіме кейіпкерлері кімдер?

  • Жазушының суреттеуінде қалай?

  • Кейіпкерлер қарым-қатынасынан оларды қалай тани алдыңдар?

Құндылықтарды

игерту

Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық,қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, экология

Бағалау критерийі

  • Жазушының тура және жанама мінездеулерін ажырата отырып, кейіпкерлерге мінездеме береді.

  • Өзіндік көзқарас білдіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жоғары ойлау дағдылары

Алдыңғы білім

Роза Мұқанова туралы «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу

Ресурс

Сабақтың басы


1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Психологиялық ахуал

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, «Жеті желкен» деп айту керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.

3. «Динамика», «Статистика» ойыны

Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы отырады. «Динамикалар» қозғала жүріп, «Статистикаларға» «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі бойынша сұрақтар қояды.

- Жаттығу қалай өтті? Не білдік? Не үйрендік?


  • Әңгіме кейіпкерлері жазушы қиялынан туған ба, жоқ әлде өмірде болған ба?

  • Қай кейіпкері ұнады? Егер кейіпкермен кездесіп қалсаңдар қандай сұрақ қояр едіңдер?




Сабақтың ортасы




  • Қатира қандай кейіпкер? Ләйләнің өмірінде алатын орны қандай?

  • Ләйләні жақсы көре ме, жоқ әлде жек көре ме?

  • Ләйләнің өліміне не себеп болды? Экологиялық апаттың салдары ма, жоқ әлде адамдар әсер етті ме? Олай ойлауға не себеп болды?

Оқушыларды санау арқылы 3 топқа бөлу:

1-топ: Ләйлә

2-топ: Қатира

3-топ: Құмар

Топтық жұмыс. «Қабырғадағы рөл» тәсілі

1-қадам. Әр топ флипчартқа адамның сұлбасын салады. Адамның ішіне, яғни жүрек тұсына кейіпкердің әрекеттерін, жазушының суреттеулерін жазады, екі аяғы мен екі қолына «қандай адам?» сұрағына жауап, адам сұлбасының сыртына кейіпкерге қойғысы келген сұрақтарды қояды.

2-қадам: Қабырғаға іліп қойып, топтар қорғайды.

Қалыптастырушы бағалау: «Галереяны шарлау» тәсілі. Топтара өзара бағалауды стикерге жазу арқылы жүзеге асырады.
«Сегіз қырлы ой»

Гарднер бойынша көп қырлы зияттың 8 жолы.


Сандар

Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады.

Сөздер

«Ойпыр-ай, не күн туған? He болған адамдарға?!» Қыздың қол-аяғы қалш-қалш етіп, көзі жұмылып бара жатты. Қарауылдың тұрғындары сол күні қақ айырылып, үңірейіп жатқан жерді көрді. Тартылған су мен тұтылған Айды көрді.

Адамдар

Жамандықтың белгісі болғым келмейді. Мені аяңдаршы. Мен ел көзіне оғаш, мүгедек болғаныммен, жақсылықты ғана аңсаймын. Мен тек жақсылықты...

Көңіл күй

Ақын көңіл -күйіндегі алаңдаушылықтың себебіне назар аудару

Табиғат

Мен Аймен кездесуге, сонымен сырласуға барамын. Жарық Айдан басқа жанымды түсінер жан таппаған соң терең сайға жүгіремін. Ол сәтте, мені іздемеңдер, менен сұрамаңдар, мені көрмеңдер!»


Әрекет

Кейіпкерлерге тән мінездемелерді тауып, талдау;

Дыбыстар

«Мен адамдар әулетінің рухымын», – дейді бейтаныс үрейлі үн сонау алыс бір жақтан дауыс салып. Терең сайға бет алған Ләйлә-қыз бұл сәтте беймезгіл рух тұрмақ, адамзат қасиетінің өзіне де сенуден қалған

Көзқарас

«Қасиетті жер еді, қадірден әбден жұрдай болды. «Жақсының арты жын» деуші еді. Шынымен-ақ адам естіп, көз көрмеген қасіреттің бәрі Абай ата басқан топырақтан шығып жатқан жоқ па? Алланың әмірі деген осы да!»


Екі идея:

  • оқушылардан әр бұрыштағы тірек сөздер мен тақырып сұрағын сәйкестендіру сұралады.

  • оқушы сегіз бұрышты өз сұрағын құрастыру үшін қолданады.


Жұптық бағалау




Сабақтың соңы




«5-5-1»

Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергені жайлы 5 сөйлем жазады.Одан кейін 5 сөйлем орнына 5 сөзге дейін қысқарады.Одан кейін 5 сөз 1сөзге қысқарады.Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сынып болып талқылайды.







Сабақ тақырыбы

Роза Мұқанова «Мәңгілік балай бейне» әңгімесіндегі автор бейнесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.А/И2 - автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау.

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Өлеңдегі автордың ойын білдіретін жолдарды табады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Анықталған үзінділер негізінде автордың образын анықтайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне талдау жасайды.

Тілдік

Мақсат

Оқушылар орындай алады: автор бейнесін жинақтай алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: дерек, ой-пікір, сұрақ т.б.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

«Қасиетті жер еді, қадірден әбден жұрдай болды. «Жақсының арты жын» деуші еді. Шынымен-ақ адам естіп, көз көрмеген қасіреттің бәрі Абай ата басқан топырақтан шығып жатқан жоқ па? Алланың әмірі деген осы да!»

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Әңгіме кейіпкерлері кімдер?

  • Жазушының суреттеуінде қалай?

Кейіпкерлер қарым-қатынасынан оларды қалай тани алдыңдар?

Құндылықтарды

Игерту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

Бағалау критерийі

  • Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне талдау жасайды.

  • Анықталған үзінділер негізінде автордың образын анықтайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Алдыңғы білім

Роза Мұқанова туралы «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі туралы біледі.




Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы



1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Психологиялық ахуал

3. Ширату

Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызу. Бір-біріне «ТӨДК» тәсілімен тілек айту. Бір оқушы «сәттілік» десе, екінші оқушы «қуаныш» дейді, үшінші оқушы «бүгінгі сабақта тек куаныш болсын!», төртінші оқушы қуаныш болу үшін тапсырмаларды сәтті орындайық!» т.с.с.
– Ал енді осы тәсілді «Мәңгілік бала бейне» шығармасына пайдаланып көрейік. Жалпы шығармада автор бейнесі қалай танылады?

Бірінші оқушы «шығарма автор қиялынан туған», екінші оқушы «өмірден болған Еңлік қыздың оқиғасы», үшінші оқушы «бәрібір де жазушы кейіпкерді өз бойынан өткізді ғой», төртінші оқушы «кейіпкердің жарық аймен тілдескені табиғат пен адам жанын егіздейді», т.с.с.

Оқушыларды топқа бөлу


Интербел

сенді тақта

Сабақтың ортасы



Ж/Т.

«Әдеби шеңбер» әдісі бойынша топ мүшелерінің әрқайсысына тапсырма беру:

1-оқушы – талқылаушы

1. Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі бойынша 3-4 сұрақ құрастырады.

2. Соңында сыныппен бөлісе алатындай өз тобының жауаптарын жазады.

2-оқушы – белгілеуші

1. Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің тақырыбына және оның маңызына қатысты 3-4 бөлігін белгілейді.

2. Бөліктерді өз тобына дауыстап оқиды және олардың маңыздылығын талқылайды.. Оқулық бойынша бетін, кейбір маңызды тіркестерді жазып алады, сыныппен бөлісуге бір немесе екеуін таңдайды..

3-оқушы – байланыстырушы

1. Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінде көтерілген мәселе мен шынайы өмір арасындағы байланыстарды табады..Бұған өзінің жеке өмірінен, басқалардың өмірінен, күнделікті жаңалықтардан, теледидар бағдарламаларынан дәлелдер келтіруіне болады. 2. Оларды тізіп жазады, тобымен бөлісіп талқылайды.

4-оқушы – қорытындылаушы

1. Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінен үзінді оқиды, идеясын, автордың айтайын деген ойын қорытындылайды

2. Маңызды жерлерін атап көрсетеді. Оларды қорытындыдан бөлек жазады..

5-оқушы – суреттеуші

1. Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі бойынша нақты немесе абстрактілі сурет салады.. Олар таяқшаларды, мультфильм бейнелерін, диаграмма, сызбаларды қолдана алады.

2. Салған суретіне сараптама жасай ала ма, мағынасын түсіндіре ала ма, ойланады.

Топтық жұмыс

Топтардың қорғауы
Жеке жұмыс


Автор көзқара

сын білдіре

тін үзінді

Өз пікірім

Кейіп

кер сөзі

Өз пікірім













Дескриптор:

  • әңгімеден автордың көзқарасын, пікірін

білдіретін үзінділерді анықтайды;

  • автордың көзқарасын өз пікірімен түсіндіреді;

  • кейіпкерлер сөзін келтіреді, тіліне талдау

жасайды.

Қалыптастырушы бағалау. Жұптардың бірін-бірі бағалауы.




Сабақтың соңы



Кері байланыс: «Кішкентай адам»

– Бас, қандай мағлұмат алдың?

– Жүрек, саған ұнады ма,ұнамады ма?

– Қол, бүгінгі сабақта не істей алдың?