Файл: аза тілі (оыту аза тілінде) жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 7сынып 20192020 оу жылы дістемелік сыныстар малімге, 7сынып білім алушыларына аза тіліі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 33

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология»





Оқу мақсаты

7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру 7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу




Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты


Білім алушы

  • Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады

  • Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай ақпараттық мақала құрастырып жазады


Жоғары деңгей дағдылары

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді мұқият оқып, мазмұны бойынша кем дегенде үш проблемалық сұрақ құрастырыңыз.
Домбыра туралы аңыз

Домбыра аспабының қалай пайда болғаны жайлы аңыз әңгімелер аса мол. А.Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде домбыра аңыздарына ерекше назар аударған. Соның бірі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданынан Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың баяндауындағы «Қос ішек» күйінің аңызы.

Ертеде биік таудың қиясын тұрақ еткен, бұғы-маралды аулап азық етіп күнін көрген бір аңшы жігіт болады. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын ақтарып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал тұс еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұр­ғанын аңғарады. Қарағайдың бұ­тақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сың­сып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді. Сол жерде аңшы жігіт қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады. 
2. Мектебіңізде домбырада ойнайтын оқушылар арасында сайыс болды деп елестетіңіз. Мектепшілік газеттің тілшісі ретінде тезистік жоспарға сүйене отырып, «Мектептегі домбырашылар сайысы» тақырыбында шағын ақпараттық мақала құрастырып жазыңыз.
Тезистік жоспар:

  1. Сайыстың тақырыбы, өткен мерзімі, не мақстапен ұйымдастырылғандығы туралы мәлімет;

  2. Сайысқа қатысушылар туралы ақпарат, олардың өнерлері, орындаған күйлері туралы сипаттамалық мәлімет;

  3. Сайыс қорытындысы, жеңімпаздарды марапаттау, қорытынды ой.




Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады

1

Сұрақтар құрастырады:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

Сұрақтар проблемалық сипатта болады;


1

1

1

1

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай ақпараттық мақала құрастырып жазады


2

Жағдаятты бойынша тақырыпқа сай жазады;

Тезистік жоспарды негізге алады;

Ақпараттық сипатта жазады;

Публицистикалық стильді сақтайды.


1

1

1

1

Барлығы

8

«Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Жоғары

Орта

Төмен

Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады


Мәтін бойынша проблемалық сипаттағы үш сұрақ құрастыруда қиналады



Мәтін бойынша проблемалық сипаттағы үш сұрақ құрастыруда қателеседі

Мәтін бойынша проблемалық сипаттағы үш сұрақ құрастырады

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай ақпараттық мақала құрастырып жазады


Тезистік жоспарға сүйеніп, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай ақпараттық мақала жазуда қиналады



Тезистік жоспарға сүйеніп, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай ақпараттық мақала жазуда қателеседі

Тезистік жоспарға сүйеніп, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай ақпараттық мақала жазады




3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология»





Оқу мақсаты

7.1.5.1 проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты


Білім алушы

  • Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап береді

  • Өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырады


Қолдану

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз. Сұрақтарға жауап беруде мәтіннен деректер келтіріңіз.

Сұрақтар:

  1. Бүгінгі қоғамда ғаламторсыз өмір сүру мүмкін бе? Қалай ойлайсыз?

  2. «Ғаламторды тиімді пайдалану» дегенді Сіз қалай түсінесіз? Оны тиімді етудің қандай жолдары бар?

  3. Ғаламторға тәуелділікті психологиялық мәселе ретінде қарастыруға бола ма?

  4. Адамның ғаламторға тәуелділігін қалай анықтауға болады?


Ғаламторды дұрыс пайдаланып жүрміз бе?

Дүние жүзіндегі адамдардың 90 пайызға жуығы ғаламторды пайдаланады екен. Яғни күннен-күнге интернет жүйесінің маңызы артып келеді. Ақпараттық технология заманында аталған ғылым жетістігі өміріміздің бір бөлшегіне айналғандай.

Ғаламтордың пайдасы қандай? Орнымен пайдалана білсең, ғаламторда пайдалы дүниелер аз емес. Ғаламтордан электронды кітаптарды (e-book reader) оқудың да мүмкіндігі бар. Іздеген кітабыңызды интернет арқылы тауып алып, смартфон (түрлі гаджеттер) арқылы оқи аласыз. Электронды кітап қағаз кітапқа қарағанда анағұрлым жеңіл, көлемі де шағын. Смартфонға жүзден астам кітапты жүктеуге болады. Сөйтіп, қалаған кіта­быңыз смартфоннан әп-сәтте табылады. Ал смартфондағы жазбаларды қалаған уақытыңызда оқи беруге болады. Сонымен қатар, ғаламторды тиімді пайдаланып, ақша табуға да мүмкіндік бар. Мәселен, қазір инстаграм әлеуметтік желісі арқылы жарнама жасайтын блогерлер көбейді. Ол үшін сіздің жеке парақшаңызда 10 мыңнан астам және одан да көп жазылушы болуы тиіс. Инстаграм игілігін біле­тіндер өзінің өнімін онлайн сауда жасап сата алады. Одан өзге, фейсбук, ВКонтакте желілерін қолданып кәсібіңізді дөңгелетуге болады. Сондай-ақ, ғаламторда түрлі онлайн курстарға жазылуға мүмкіндік бар. Мәселен, тіл үйренуге, ас мәзірін жасауға, іскерлік қабілетті шыңдауға арналған курстар. Біз тізген қызмет түрлері ғаламтордың аз ғана мүмкіндігі. Әлемдік желінің пайдалы тұстары өте көп. Алайда, оның зияны да аз емес. Ғалымдар қазіргі таңда адамдар арасында ғаламторға тәуелділік синдромы пайда болғанын айтып дабыл қағуда. Ғаламтор қолданушылардың бірқатары оны тағам мен су іспетті өмірлік маңызы бар дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі әлеуметтік мәселе ретінде қарастырады. Десе де, ғаламтордың зияны мұнымен шектелмейді. Компьютердің алдында ұзақ уақыт отырудың салдарынан көздің көру қабілеті нашарлайды. Соңғы уақытта ересек адам­дардан бөлек, балалар арасында миопия ауруы жиі кездеседі. Бір ғана дерек, көзі нашар көретін балаларға арналған бала­бақшалар мен мектептерге келушілер күрт көбейген. Компьютер алдында дұрыс отырмаудың әсерінен тірек-қимыл жүйесіне де зиян келеді. Ал жастайынан омыртқа ауруына шалдыққан баланың ағзасы көп уақыт емделуді қажет етеді. Сонымен қатар, медицина мамандары компьютерді ұзақ уақыт пайдалану бас ауруы, жүйкенің жұқаруы, ұйқының нашарлауы, шаштың түсуі, терінің қызаруы, аллергиялық іш ауруы секілді дерттің пайда болуына әкеліп соғатынын айтады. Ақпараттық технология ғасырын­да ғаламторсыз өмірімізді елесету қиын. Десек те, интернетке, компьютерге тәуел­ділік синдромына шалдықпау үшін оны шектеп пайдалануды әдетке айналды­рыңыз. Күнделік бастап әлемторға қанша уақытыңызды арнайтыныңызды жұмыс кестеңізге жазып қойыңыз. Тек қажеттілік туғанда ғана ғаламдық желіге жүгініңіз. Одан тыс уақытыңызды спортқа, өзіңізді дамытатын істерге жұмсауға дағдыланған жөн.
2. Жұбыңыздың сұрақтарға жауабын өз жауабыңызбен салыстырып, кері байланыс беріңіз. Келісетін не келіспейтін тұстары бар ма?







Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап береді


1

Сұрақтарға жауап береді:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

4-сұрақ;

Мәтіннен деректер келтіреді


1

1

1

1

1

Өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырады


2

Өз жауабын жұбының жауабымен салыстырады;

Келісу не келіспеу позициясын білдіреді;

Ойын жүйелі жеткізеді.


1
1

1

Барлығы

8


«Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Жоғары

Орта

Төмен

Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап береді



Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап беруде қиналады




Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап беруде қателеседі




Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап береді

Жауабының өзгенің жауабымен салыстырады

Жауабын өзгеніңі жауабымен салыстырып, келісу не келіспеуі туралы кері байланыс беруде қиналады

Жауабын өзгеніңі жауабымен салыстырып, келісу не келіспеуі туралы кері байланыс беруде

қателеседі

Жауабын өзгеніңі жауабымен салыстырып, келісу не келіспеуі туралы кері байланыс береді