Файл: аза тілі (оыту аза тілінде) жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 7сынып 20192020 оу жылы дістемелік сыныстар малімге, 7сынып білім алушыларына аза тіліі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 28

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Бөлім «Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология»





Оқу мақсаты

7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)

Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты

Білім алушы

  • Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан салыстырады

  • Құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселеге өз көзқарасы мен шешу жолдарын ұсынып эссе жазады


Жоғары деңгей дағдылары

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік ереркшелігі тұрғысынан салыстырыңыз.
1-мәтін

Нан

(әңгімеден үзінді)

...Олар сай қуалап, орылмаған бидайдың ішіне енді. Бұқпантайлап жүріп, өнімді де тиімді шаруаға кірісті. Әбден жетіліп, қауызынан дәні төгілген есіл бидай болымсыз желге судыр-судыр етеді. — Ой, апа! — деді Қонысбай, белеңге шыға келген салт аттыны көріп. Ойпаңдау жерге екеуі де зым-зия бұға қалды. Аттың дүбірі біртін-біртін бұларға жақындай берді, жақындай берді...

— Иә, балалар, жасырынбақ ойнап жүрсіңдер ме?.. Тұр орындарыңнан! Екі дос ырсылдап, пысылдап, күрсініп, аспай-саспай түрегелді. Жақсылық ағай екен! Протезін сықырлатып, ердің үстінде қисайып отыр. Сәл көңілсіздеу болғанымен, жүзі онша сұсты емес, сабырлы, инабатты. Бұл кісі биыл көктемде бір аяғын беріп, кемтар боп майданнан оралған. Ат үстіндс мықшиып отырған Жақсылық әрқилы ойда. Тесік тамақ үшін күнге күйіп, сары адырда сандалып жүрген мына шермік қарын жетімектерге қайтіп кемістік білдірмек? Қайтіп қолы бармақ? Тәртіп бойынша бұларға өз сыбағаларын жақсылап тұрып беру керек еді. Бірақ... Қорықшы ағай ауыр күрсінді. — Шырақтарым,— деді ол байыппен, атының жалын сипап жатып,— бұл үкіметтің астығы. Майдандағы көкелеріңе нан керек. Ашық аспан астында олар Гитлер фашизмімен соғысып жатыр. Кім үшін? Сендер үшін. Сендердің болашақ бақыттарың үшін!.. Біз ауылдамыз. Быламық ішсек те, талқан жесек те өлмейміз... Масақ тергілерің келсе, комбайн жүріп өткен аңызаққа барыңдар, бәріңе де жетеді... Екінші рет бүйтіп бейбастық жасамаңдар!.. Ол қойнынан бір нан алып балаларға берді. Сөйтті де атын шоқырақтатып жөнеп қалды. Оның оң аяғындағы ағаш протезі салақтап бара жатты.

Тоқаш Бердияров

2-мәтін

Ұлттық тағам – халықтар достығына жол

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай ұлттық жәрмеңке өткізді.

Қазақстан аумағында тұратын белгілі бір ұлттың асханасы мен мәдениетіне арқау болатын жәрмеңке әр екі апта сайын өтетін болады. Ал бүгінгі фестивальдің ашылуы қазақ ұлтының мәдениеті мен ұлттық асханасын, дәстүрі мен өнерін паш етуге арналды.

Қонақтар жастар ісі жөніндегі комитет белсенділерінің өз қолдарымен даярлаған қазақ ұлтының тағамдары мен тәттілерінен ауыз тиді. Мереке халық әндерін тамылжыта орындаған әншілердің, мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасын тапты.

– Әрбір ұлттың өзінің ерекшелігі бар, – дейді Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Ақбота Сарыбай. – Тәуелсіз еліміз ізгі дәстүрлер мен ерекше ұлттық тағамдарға бай. Менің ойымша, ұлттық тағамдар – халықтар достығына апарар жол бола алады.


1-мәтін

2-мәтін

Тақырыбы







Кімдерге оқуға арналған?







Қандай стильде жазылған?







Стильге тән тілдік құрылымдардан мысал келтіріңіз








2. Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобс «тамақты дәрі деп қабылдаңыз, әйтпесе дәріні тамақ орнына қабылдайтын боласыз» деген екен. Сіздің бұл пікірге көзқарасыңыз қандай? Ойыңызды жинақтап эссе жазыңыз. 






Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан салыстырады

1

Мәтіндердің тақырыбын анықтайды;

Мәтіндердің мақсатты аудиториясын анықтайды;

Мәтіндердің стильдерін анықтайды;

Стильге тән тілдік құрылымдардан мысалдар кетіреді;

1
1

1
1

Құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселеге өз көзқарасы мен шешу жолдарын ұсынып эссе жазады


2

Пікір бойынша көзқарасын білдіреді;

Дәлелді аргументтер келтіреді;

Стильдік бірізділікті сақтайды;

Эссенің құрылымын сақтайды;

Тілдің эстетикалық көркемдігін сақтайды.

1

1

1

1
1

Барлығы

9

«Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ____________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан салыстырады

Мәтіндерді тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшеліктері тұрғысынан салыстыруда қиналады


Мәтіндерді тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшеліктері тұрғысынан салыстыруда қателеседі

Мәтіндерді тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшеліктері тұрғысынан салыстырады

Құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселеге өз көзқарасы мен шешу жолдарын ұсынып эссе жазады


Пікір бойынша өз көзқарасын білдіре отырып, құрылымы толық сақталған эссе жазуда қиналады

Пікір бойынша өз көзқарасын білдіре отырып, құрылымы толық сақталған эссе жазуда қателеседі

Пікір бойынша өз көзқарасын білдіре отырып, құрылымы толық сақталған эссе жазады





4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология»





Оқу мақсаты

7.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, көркем әдеби шығармадан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау

Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты

Білім алушы

  • Әдеби шығармадан үзіндіде көтерілген мәселе мен автор көзқарасын талдайды


Жоғары деңгей дағдылары

15-20 минут

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі ойын анықтаңыз. Берілген жолдарда автор сол кезеңнің қандай мәселелерін көтереді? Сызбаны толтырып, жазғаныңызға сүйеніп баяндаңыз.
Бал ашамын деп бәлеге қалған…

Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал:

– Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сөзін. – Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас…

…Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:

– Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек құмалақты шашып кеп жіберіп:

– Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.

Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады.

Менің көзқарасым