Файл: аза тілі (оыту аза тілінде) жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 7сынып 20192020 оу жылы дістемелік сыныстар малімге, 7сынып білім алушыларына аза тіліі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Қазақ тілі

(оқыту қазақ тілінде)
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
7-сынып
2019-2020 оқу жылы

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тіліі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

 

 

 

 

 

Мазмұны


1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 4

Бөлім «Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика» 4

Бөлім «Көшпенділер мәдениеті. Орфография», «Денсаулық - зор байлық. Лексика» 7

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 11

Бөлім «Сүйіспеншілік пен достық. Морфология» 11

Бөлім «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология» 15

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 18

Бөлім «Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология» 18

19

Бөлім «Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология» 22

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 26

Бөлім «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология» 26

Бөлім «Ғылыми фантастика. Пунктуация» 30


1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика»






Оқу мақсаты

7.1.1.1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтін үзінділеріне сүйеніп, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжаммен жалғастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты

Қолдану

15-20 минут

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, үзілген тұсынан сұрақтарға өз болжамыңызбен жауап беріңіз. Түпнұсқаны тыңдаған сайын өз жауабыңызбен салыстырые, кері байланыс беріп отырыңыз.
Табиғат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу - Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.

Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады.

Сұрақ: Ол қандай өзгерістер боуы мүмкін? Мысал келтіріп көріңіз. Өзгерістердің барлығы адамзат қолымен жасала ма әлде табиғат құбылыстарының да әсері бар ма?

...

Мысалы, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып су алуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика, негізінен, механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.

Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады. Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар – күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық.

Сұрақ: Күн мен түннің ауысуы және Күннің тұтылуының себептері неде? Болжамды жауабыңызбен бөлісіңіз.

...

Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады. Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.




Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтін үзінділеріне сүйеніп, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжаммен жалғастырады

1

Өзгерістер туралы болжамын білдіреді;

Мысалдар келтіреді;

Табиғатттағы өзгерістердің себептері туралы пікірін білдіреді;

Күн мен түннің ауысу себептеріне болжамын білдіреді;

Күннің тұтылу себебіне болжамды жауабын айтады;

Жауабын түпнұсқамен салыстырады;

Кері байланыс береді.

1

1
1
1
1

1

1

Барлығы

7

«Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Мәтін үзінділеріне сүйеніп, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжаммен жалғастырады

Мәтінді тыңдап, сұрақтарға болжамды жауабын білдіруде, түпнұсқамен жауабын салыстырып, кері байланыс беруде қиналады



Мәтінді тыңдап, сұрақтарға болжамды жауабын білдіруде, түпнұсқамен жауабын салыстырып, кері байланыс беруде қателеседі




Мәтінді тыңдап, сұрақтарға болжамды жауабын білдіруде, түпнұсқамен жауабын салыстырып, кері байланыс береді





Бөлім «Көшпенділер мәдениеті. Орфография», «Денсаулық - зор байлық. Лексика»





Оқу мақсаты

7.2.3.1 кеңсе құжаттарының, қызметтік жазбалардың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, нұсқаулық құрастырып жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Құрылымы мен ресімделуі арқылы кеңсе құжаттары, қызметтік жазбалардың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады

  • Көркемдегіш құралдарды қолданып, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сәйкес нұсқаулық құрастырады




Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты

Білу және түсіну

Қолдану
15-20 минут


Тапсырма

1. Мәтіндерді оқып, оларды өзара құрылымы мен ресімделуі тұрғысынан салыстырыңыз.
1-мәтін

Сауықтыру орнына жіберу туралы қызметтік жазба
«Номад» ЖШС директоры
А.С. Төреқұловқа

Есеп және талдау бөлімінің бас маманы

М.С: Нөгербековадан
Қызметтік жазба
Мен, есеп және талдау бөлімінің бас маманы Нөгербекова Мадина Серікбаевна, денсаулық жағдайымды оңалту және сауықтыру мақсатында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Сарыағаш қаласының «Сарыағаш» емдік сауықтыру орталығына _2019_ жылғы «_11__» __қазаннан__ бастап _2020_ жылғы «_21__» __қазан__ аралығында ЖШС қаражаты есебінен еңбек демалысына жіберуіңізді сұраймын.
Нөгербекова

05.10.2019ж.

2-мәтін

Нұсқаулық 1. Оқушыларды сауықтыру бойынша мектеп бағдарламасын әзірлеу

1.1. Оқушыларды сауықтыру бойынша Мектеп Кеңесін құру. Әр мектепте оқушыларды сауықтыру бойынша Кеңес құру ұсынылады. Кеңес - оқушыларды сауықтыру бойынша мектеп бағдарламасын құруға жауапты топ. Кеңеске мектептің түрлі сегменттерінің өкілдері кіруі тиіс, оның ішінде, денсаулық сақтау саласының және дене шынықтыру мұғалімдері, тамақтану қызметінің қызметкерлері, оқушылар, оқушылардың ата-аналары, мектеп басшылығы, және мектеп мейірбикелері. Мектеп Кеңесі ай сайын жиналуы тиіс.

Оқушыларды сауықтыру бойынша Мектеп Кеңесі оқушыларды сауықтыру бойынша мектеп бағдарламасының саясатын, тәжірибелік қызметін және қорын басқару үшін Үйлестірушіні сайлауы тиіс. Кеңес Үйлестірушісінің қызметі:

● Оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапты мектеп қызметкерлерінің бірлескен жұмысына септестік ету;

● Аудандарда және басқа мектептерде денсаулық сақтау және қауіпсіздік бағдарламасына жауапты тұлғалар мен мектептің арасындағы байланыс құралы ретінде болу;

● денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласындағы басымдылықтар туралы мектеп директорына, қызметкерлерге, ата-аналарға және оқушыларға хабарлау;

● мектептегі денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласындағы қызметті қолдау үшін сенімді қаржыландыруда (субсидия алу) немесе басқа қормен қамтамасыз етуге көмектесу;

● сауықтыру бойынша мектеп бағдарламасының материалдық қорын басқару;

● мектептегі денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласының материалдарын дамытуда, сондай-ақ, оқу материалдарын таңдауда септестік ету;

● Оқушыларды сауықтыру бойынша Мектеп Кеңесін ұйымдастыру және өткізу;

● Мектеп қызмектерлері үшін кәсіптік даму бағдарламасын енгізуге септестік ету.


1-мәтін

2-мәтін

Құжаттардың ататулары (жанрлары)







Құжаттар қандай стильде жазылған?







Ұқсастықтары неде?







Айырмашылықтары қандай?








2. Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық орындар мен көшеде сақтау керек талаптардың нұсқаулығын жазыңыз.