Файл: 1 Ксіпорындар жне оларды тиімді басаруды экономикалы дістері.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Екінші нарықтық кеңістік - нарықтың шекарасының кеңеюі

Нарықтағы бар тауардың сақталғандығы нарықтың кеңеюі немесе экспенсивті стратегия. Бұл стратегияда тауардың жарнамасына және кәсіпорынның өзіне кететін шығындары бар. Қай жақта және қандай мүмкіндіктің бар екенін және келешекте қандай кедергілер кездесетінін білу керек, яғни тәуекелдікке бару.




Үшінші нарықтық кеңістік - тауарды өңдеу

Әйгілі нарықта жаңа өнімді өндеу стратегиясы немесе иновациялық стратегия. Бұл стратегия жаңа тауарға кеткен шығын мен және оны нарыққа қабылдатуға кеткен шығындармен байланысты түсіндіріледі.




Төртінші нарықтық кеңістік - диверсификация

Жаңа нарықта өнімді өңдеу (шығару) немесе диверсификация стратегиясы. Өте тиімді стратегия болып табылады. Бірақта жаңа өнімді өңдеуге, жарнамаға, жаңа нарықта тауардың таралуы үшін едәуір шығын кетеді.


Сурет 9 - «Ұсынылатын өнім- нарық» матрицасы

(Басқарушы идея)
Кәсіпорынның даму стратегиясы, әрине стратегиялық басқаруды талап етеді. Кәсіпорынды стратегиялық басқару деп мынаны түсінеміз

- оның дамуының ұзақ мерзімді бағытын анықтау және нарықтағы өзгерістердің әсерінен пайданың жоғарылау факторлары. Басқару стратегиясына кәсіпорынның ұзақ мерзімді даму бағыты оның іске асуы үшін жабдықтар мен ресурстар кіреді. Яғни кәсіпорынның потенциалдық мүмкіндігіне және сыртқы ортаны талдауда дамудың жаңа мүмкіндігін табу және де оны жүзеге асыру шарттарын белгілеу керек. Жаңа өнімге өту шегін, технологияны басқару жүйесін бүтін шаруашылық саясатты қарастыру керек. Нарықтық жағдайға байланысты кәсіпорынның өзгеру мүмкіндігі, қолайсыз әсер ететін кез-келген факторға төтеп беруі стратегиялық басқарудың міндеті б.т. Стратегия ұзақ болмауы керек. Ол мүмкін болған өзгерістерге қолайлы бейімделуі қажет. Басқару стратегиясын құруда және жүзеге асыруда мыналар қолданылады:

- сыртқы ортаның (нарық, жалпы экономикалық жағдай, бәсекелестік және т.б.) дамуының перспективті тенденциясын бағалау;

- сыртқы ортаның дамуында оларға қолайлы және қолайсыз тенденциялардың шығуы;


- кәсіпорынның дамуының ұзақ мерзімді бағыт - бағдарын құру;

- бағдарламаны айқындау және іс - жүзіне асыру бағыттары;

- жағдайды біліп отыру және қойылған мәселені өзгертуге болатындай етіп құру;

нарық шарты бойынша оның жалпы коньюктуралық стратегиясының тұрақсыздығы басқару стратегиясын кәсіпкердің қаржылық шаруашылық қызме-тінің тұрақтануына әсер етеді.

Кәсіпорынның кірісі тұрақты және сәтті болу үшін оның стратегиялық шешімінің сапасына байланысты. Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасында ұлттық экономиканың структуралық өзгеруі жиі болып тұрады. Экономикаға шет елдік инвестицияны тарту, өндірісті шикізатпен қамту, ішкі нарықтың бөлшектенуі, нарықтың және өнеркәсіптің дамуының тежелуі жиі кездеседі. Осы барлық құбылыстар көптеген әлеуметтік экономиканың өзгеруіне алып келеді, тәуекелділікті жоғарлатады, нақты кәсіпорынның даму перспективасына әсер етеді. Кәсіпорынның кірісінің дамуына әсер ететін барлық факторларды басқару стратегиясы жұмылдырады. Кәсіпорынның кірісінің дамуына әсер ететін факторлар:

- маркетингті зерттеуді енгізу;

- жаңа өнімді өңдеу және сапасын жоғарылату;

- кәсіпорынның басқару жүйесінің жетілуі;

- кадрлық саясат;

- кәсіпорынның қаржылық саясаты.

Стратегиялық басқару мақсатын құруда және жүзеге асыруда жоғарыдағы факторларды ескеру керек. Сонымен стратегиялық басқару ішкі және сыртқы ортаны талдауды, ондағы өзгерістерді бақылауды ұйғарады.


Сурет 9 - Кәсіпорынның дамуын стратегиялық басқару


Сурет 10 - Кәсіпорынның даму стратегиясы

(Шешім қабылдау алгоритмі)
Кәсіпорынның тауар саясаты - фирманың маркетингті қызметінің элементі тауар түрінің дамуына бағытталған, жаңа тауарды құру, тұтынушылық сұранысы жоқ тауарды өндіріс бағдарламасынан өшіру болып табылады.

Қаржылық көзқарас бойынша таурды шығару ақталған болса онда таурды нарыққа шығаруға болады. Іс жүзінде ұзақ мерзімді уақытта таурдың аз ғана бөлігі қолданыста болады. Тұтынушылардың сұранысы уақыт өте жаңа идеяның пайда болуына, мәліметтерге, сатыпалушылардың мүмкіндігіне байланысты. Барлық тауарлардың «өміршеңдік циклі» болады. Тауардың «өмір-шеңдік циклі» - уақыт периоды, осы уақыт аралығында тауар қолданыста болады, яғни нарықта орын алады, сұранысқа ие, өндірушілерге және сатушыларға кіріс әкеледі.


Тауардың өміршеңдік циклі келесі кезеңдерден тұрады:

1. тауардың кең саудаға түсуі;

2. сұраныстың болуының және өрлеуінің әсерінен тауардың сатылу көлемінің өсуі;

3. сату көлемінің ең жоғарғы шегіне жетуі, кемелденуі;

4. нарықта тауардың маңыздылығының төмендеуі, сұраныстың түсуі.

Тауардың өміршеңдік циклінде фирманың бәсекелестігінің парметрлері «төрт негізгі кезеңге» тәуелді болады:

1. енгізу;

2. өрлеу;

3. кемелдену

4. құлдырау.

Қорытынды
Басқару ісінің тиімділігі сондағы әркеттердің нақтылы жағдайға қарап ұйымдастырылуы сипатына байланысты болады. Көлденең еңбек бөлінісі дегеніміз — басқару процесіндегі әртүрлі қызметтерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелінуі, яғни, ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметтердің орын алуы.

Қазақстан Республикасы тоқыма және тігін өнеркәсібінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарын ұсыну үшін, бұл саладағы қатерлердің себептері мен салдарларына тоқтала кеткен жөн. Осы жерде себептерді өзара байланысты екі топқа бөліп көрсеттік.

Бірінші топтың себебі - қазақстандық тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындарының технологиялық деңгейі. Шетелдік тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсілорындарының деңгейіне сәйкестендіре отырып, осы топтағы жеті көрсеткішті анықтадық. Кәсіпорындардың мамандануы. Шетелдің көптеген тоқыма және тігін өнеркәсібінің кәсіпорындары өнім түрлері бойынша әмбебаптылығымен ерекшеленіп, әртүрлі талшықтар мен жіптерден маталар, тоқыма бұйымдарын, маталық емес өнімдер өндіріп, осы арқылы сұраныс пен сән беталысына оңтайлы бейімделе біледі. Біздегі тоқыма өнеркәсібіндегі фабрикалар талшықтар және маталар түрлері бойынша қатаң бөлінді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Алтынбаев Б.А, Истаев А.А.

Основы маркетинга/Учебное пособие-А.,Экономика,2002

  1. Есімжанова С.Р., Маркетинг/оқу құралы.- А.:Экономика, 2003

    1. Жолдасбаев Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы / Оқу құралы.- А.: Экономика, 2002

  1. Кнышова Е.Н., Маркетинг: Учебное пособие.- М.: Форум, 2004

  2. Котлер Ф., Маркетинг негіздері, А.: «Жазушы»,2002

  3. Маслова Т.Д., Божук С.Г., Ковашн Л.Н., Маркетинг- СПБ: П., 2002

    1. Сатыбалдыұлы С., Маркетинг- нарықтану: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық- А.: «Білім», 1999

    2. Шеденов ­Ө.Қ., Жинісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин Б.И., Жалпы экономикалық теория, А.-А., 2001

  4. Саясат-№1,2002

  5. «Халық кеңесі»-№72,1995